Жұлын. Бас-ми



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Тарих және педагогика факультеті
КАФЕДРА Психология және арнайы педагогика

Баяндама

Тақырыбы: Жұлын. Бас ми.

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы
ТП-18-2к1
Қабылдаған: Абдукаримова Улжан Ануаровна

Жұлын (medulla spіnalіs) -- адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі.
Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцетниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы - адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 - 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда жұлынның ұзындығы 41 - 45 см-дей, салмағы 26 - 28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы "Н" әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жұлын жүйкелері

Жұлын жүйкелері (лат. nervi spinales; nervus -- жүйке, spinalis -- жұлын) - жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Жұп жұлын жүйкелері адамда жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) және артқы (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің, ал жануарларда жоғарғы (сезімтал жүйке талшыктарынан құралған) және төменгі(қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктері арқылы шығады.
Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Бұлардың құрамында симпатикалық жүйке талшықтары да болады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлын жүйкелерінің дорсальды тармақтары (адамда -- артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда -- омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда -- алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8-жүп, құйрықта 5-6 жүп, қалған бөлімдерде адам мен жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы (қол) және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды (адамда -- алдыңғы) тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бас миы

Ми.
Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі - ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V - үшкіл, VI - бұру, VII - бет, VIII - дыбыс, IX - тіл-жұтқыншақ, X - кезеген, XI - қосымша, XII - тіласты жүйкелері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.
Иіс және көру (I, II) нервтерінің орталықтары алдыңғы ми сыңарларымен байланыста болса, көз-қимыл және шығыр (III, IV) нервтері -- ортаңғы мимен; ал үшкіл, әкеткіш, бет және кіреберіс-ұлу (V -- VI -- VII -- VIII) нервтері -- артқы мидың көпір бөлігімен, тіл-жұткыншақ, кезеген, қосымша және тіласты (IX -- X -- XI -- XII) нервтері -- сопақша мимен байланыста жатады.
Ми нервтері құрамы мен атқаратын жұмысына қарай сезімтал, қозғалтқыш және аралас нервтер деп бөлінеді. 12 жұп ми нервтерінің I, II, жұп нервтері соматикалық -- сезімтал, III, IV, VI, XI, XII жұп нервтері соматикалық -- қозғалтқыш, ал қалған (V, VII, IX, X) нервтері -- аралас нервтер қатарына жатады.
I -- иіс нервісі -- сезімтал нервтер, ол (16 -- 20) иіс нерв талшықтарынан түзілген. Иіс талшықтары мұрын қуысының кілегей қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне тор сүйегі арқылы еніп, иіс жолының нейрондары жатқан иіс жуашығына жетеді. Бұл нейрондардың талшықтары иіс жолы арқылы иіс бұрышына, одан белдеу, теңіз жылқысы қатпарының ілмегіне (иіс орталығына) келіп аяқталады
II -- көру нервісі -- сезімтал нервтер, бұл көз алмасының торлы қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне сына сүйектің көру каналы арқылы енеді. Онда көру нервтерінің кейбір талшықтары айқасып (оңнан-солға, солдан-оңға), көру айқасын түзіп, көру жолы арқылы қыртысасты көру орталықтарына барып аяқталады. Қыртысасты көру орталықтары ортаңғы мидың жоғарғы қос төмпешігінде, сыртқы тізелі денеде және көру төмпегінің көпіршігінде орналасқан. Қыртысасты көру орталығындағы кезекті нейрондар талшықтары үлкен мидың шүйде бөлігіндегі тепке қатпарының аймағына (жоғарғы көру орталығына) барып аяқталады.
III -- көз-қимыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұлын-ми сұйықтығының циркуляциясы туралы ақпарат
Ми қабықтары Перифериялық жүйке жүйесі
Ликвор өндірілу
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МОРФО-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жүйке жүйесі туралы
Жұлын, сопақша ми, артқы ми құрылысы және қызметі
Аралық ми. Орталық жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Сомалық және вегетативтік нерв жүйелері
Жұлын омыртқасы
Пәндер