Й. Гайдннің симфониялық шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Пән атауы: Әлем музыка әдебиеті
Тақырыбы: Й.Гайдннің симфониялық шығармашылығы

Дайындаған: №2 Өнер мектебінің
3 "Д" сынып оқушысы Дәулетбек Аяжан
Тексерген: Кенжеғұлова А.К

Нұр-Сұлтан қ, 2021ж
Мазмұны:
1.Кіріспе
2. Й.Гайдн деген кім?
3. Й.Гайдннің өмірбаяны
4. Гайдн симфониялық шығармашылығы
5. Шығармашылық мұрасы
6. Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Симфониялық музыка- симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалықықалық шығарма.
С. м-ға хор, өнші-солистер қатысатын, алайда аспаптық жағы басым шығармаларда жатады. Симфониялық музыка деген түсінік жеке аспапқа немесе аспаптар мен оркестрге арналған шығармаларға да қолданылады. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: Симфония, увертюра (жеке концерттік пьеса немесе операға кіріспе), концерттер, сиюта, симфониялық поэма, фантазия, т.б. Сондай-ақ, Симфониялық музыкаға операның оркестрлік эпизодтары - симфониялық картиналар, интермеццо да жатады. 18 ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрінің қалыптасуына байланысты Симфониялық музыка кеңінен дамыды. Оның негізін салған композиторлар Й.Гайдн, А.Моцарт, Л.В. Бетховен; олардың шығармашылық еңбегімен Сифониялық музыка жанры жан-жақты өріс алды. Қазақтың кәсіби музыкалықыкасының Симфониялық музыка жанрында Е.Г. Брусиловскггй, Е.Рахмадиев, Ғ.Жүбанова,С.Мұхамеджанов,Қ.Мусин, М.Қойшыбаев, Қ.Қожамияров, М.Сағатов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті.
Й.Гайдн деген кім?
Йозеф Гайдн - Австрияның композиторы. Йозеф Гайдн 1732 жылы 1 сәуірде Төменгі Австрияның Рорау ауылында дүниеге келді. Ол - 104 симфония, 83 ішекті аспаптар квартеті, фортепианоға арналған 52 соната, 30-дан астам опера, 3 оратория және тағы басқа шығармалардың авторы. Йозеф Гайднды "Симфония мен квартеттің атасы" деп атайды. Камералық ансамбльдерге көптген концерртер жазған.
Й.Гайдннің өмірбаяны
Йозеф Гайдн (Франц атымен композитор өзін ешқашан атамаған) 1732 жылдың 31 наурызында туған граф Гарраховтардың иелігінде карета шебері Маттиас Гайдн (1699 -- 1763) отбасында дүниеге келген. Әке шешесі вокалмен айналысқан, музыканы жақсы көрген. Олар баланың бойындағы дарынды ертерек байқап, оны 1737 жылы туыстарына Хайнбург-на-Дунай қаласына жібереді, онда Йозеф хорлық ән айту мен музыканы үйрене бастайды. 1740 жылы Йозефті Веналық құдіретті Стефан атты собордың капелласының директоры Георг фон Рейттер байқап, дарынды баланы өзінің капелласына алады. Онда он жыл ішінде (1740 - 1749) Венадағы құдіретті Стефан соборында хорда ән айтып, аспаптарда ойнап үйренеді.
Кішкентай Гайдн үшін капелла жалғыз мектеп болатын. Оның дарынынын дамуы мөлшері бойынша оған күрделі партиялар бере бастады. Гайдн бұл хормен мерекелік іс-шараларға, тойларға, жерлеу рәсімдеріне, қалалық мерекелерге де қатысты. Осындай шаралардың бірі 1741 жылы Антонио Вивальдимен қоштасу болды.
Гайдн симфониялық шығармашылығы
Гайдн өз симфонияларын 50-ші жылдардан бастап 90-шы жылдардың орьасына дейін шығарды. Оның алғашқы симфониялары еуропалық симфонизмінің қалыптасу дәуіріне жатады, - және веналық мектептің стилистикалық негіздерінің анықталу процессіндегі елеулі кезең болып табылады. Ал Гайднның ақырғы симфониялары кемелді классикалық симфонизмды көрсетеді.
Егер Гайднның алғашқы симфониялары бөлімдері тек сырттай қайшы сюиталармен сабақтас болса, жетілген, дамыған симфонияларында төрт бөлім мінезі жағынан әртүрлі болып бір ортақ бейнелік шеңбердің дамуын білдіреді.
Бұлар 1786 жылғы Париждік симфонияларда және оның алдындағыларда көріне бастаған. Бірақ тақыраптық жағынан сараланып, толыққанды бейне жасау дарыны 12 Лондондық симфонияда айқын ашылды.
Лондондық симфониялардың барлығы (жалғыз до-минорлықтан басқасы) мажорлы сазда жазылғандығы көрнекті. Оларда оптимизмдік, дүниеге жарқын қарау қасиеті ашылды.
Сонаталық Allegro баяу кіріспеден басталады (Largo немесе Adagio). Ол келесі Allegro-мен қайшы, сонымен қатар оны дайындап тұрғандай. Allegro бірінші бөлім, ондағы негізгі партия мен қосалқы партияның арасында бейнелік контраст жоқ. Әдетте олар ән-билік мінезде жазылған. Тек тональдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН (1770-1827)
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Йозеф Гайдн - Австрияның композиторы
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылар
В. А. Стригоцкий-Пак – Е. Рахмадиевтің ізбасары
Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы
АРАМ ХАЧАТУРЯН ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Михаил Иванович Глинка творчествосы
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Музыка – эстетикалық тәрбие көзі
Пәндер