Жануарлардың инстинктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жануарлардың инстинктері.
Мақсаты: студенттерде жануарлар инстинктері туралы түсінік қалыптастыру.

1. Инстинкт туралы жалпы түсінік;
2. Инстинктердің классификациясы.

Инстинкт туралы жалпы түсінік.
Туа біткен қарапайым түрлі реакциялар топтасып, пайда болған
тітіркендіргішке әсер ретінде жауап беретін формаларға бірігеді. Бұндай
типті, генетикаға негізделген және осы типті жануарларға тән, белгілі бір
нервты орталықтардың тітіркеніунен пайда болған комплексті формалы мінез-
құлық түйсік деп аталады. И.П. Павлов бойынша түйсік – бұл шартты
рефлекстерге қарағанда (көзді ашып-жұму, жөтелу, түшкіру) күрделі, шартсыз
рефлекстердің тобы, яғни бірінен кейін бірі қатар келіп, бір-бірінің пайда
болуына түрткі болатын рефлекстер тобы. Түйсікті қарапайым шартсыз
рефлекстермен түсіндіруге болмайды, себебі олардың түп тамырында тек
физиологиялық қана емес, сонымен қатар санасыз психиқалық құбылыстар жатыр.
Туа біткен мінез-құлықтың күрделі әрі ғажайып түрі түйсіктер.
Түйсік бұл бағытталған әрі бейімделіге негізделген әрекет, туа біткен
механизмдерге негізделіп, биологиялық қажеттіліктерді өтеуге бағытталған
әрекеттер жиынтығы. Эволюциялық көзқарас бойынша, түйсік бұл келер ұрпаққа
арналған, өткен түрлердің организмде сақталып жеткізілген, биолгиялық
қажеттіліктерді өтеуге негізделген информация жиынтығы. Генетикалық кодта
сақталған мәліметтерді іске асыру ролі жүйке жүйесіне жүктелген. Жоғары
дірежелі жануарларды және жануарларда жүйке жүйесінің мұндай қызметін
гипоталамус атқарады. Ол ағзаның барлық жұмысын реттеп, биологиялық
қажеттіліктерді өтеуге негізделген.
Өкінішке орай өткен кезеңдерде түйсік көптеген түсініспеушілік пен
қызу таластарды тудыратын тақырып болып саналатын. Себебі ертеректе түйсік
бұл ағзаны түрлі әрекеттерге итермелейтін таңғажайып күш болып есептелген.
Қазір біз түйсіктің ешқандай тылсым күшісіз, тек ағзаның әрекетінен пайда
болытыны білеміз.
Түйсіктік мінез-құлық, басқа да қылықтар секілді белгілі бір
баңыттылыққа ие. Қылық түйсікке жатқызылу үшін оның беогілі бір сипаттары
болу керек, ол түрге сәйкессіздік, адаптациялық, Алайда бұл критерийлер
түйсіктің басқа қылық формаларынан ерекшелігін толық анықтамайды.
Жануарлардағы қылықтар туа біткен бе, әлде жүре пайда болған ба немесе
үйрену арқылы қалыптасқан ба екенін айту қиын. Мысалға, мысықтардың барлығы
тышқандарды ауламайды, бірақ бұл түйсікті әрекет деп қабылданған. Шын
мәнінде, марқаулар тышқан аулаудан бұрын, бұны үлкен мысықтар қалай
істейтінің көрң керек.
Түйсікті әрекеттің мәселесі жайлы Конрад Лоренцтың жұмыстарыан
кейін қайта әңгімелесе бастады. Оның ойтуынша ол, түйсіктің таза түрдегі
механизмі релизерлерді - жануарлардағы өз түріне жататындарда реакцияны
тудыратын элементті тапты. Осыған байланысты негізгі назарды туа біткен
әрекеттерге бөлді. Еуропалық этологтар қалыпты жағдайдағы әрекеттерді
зерделеп, олардан инстинктілі акттерді бөлуге тырымады.
Зерттеушілердің екінші тобы, негізінен америкалық психолог және
физиологтар аштық, шөлдеу, агрессия, қорқыныш, жыныстық әрекеттерге
негізделген әрекеттерге басты назар аударды. Зерттеу объектісі –
сүтқоректілер. Ғалымдармен бұл процестердің нейрофизикалық механизмі
зерттелген. Ең толық және ортақ теорияны этологтар ұсынды. Олар
инстинктілі әрекеттерді рефлекстерден ажырататын 2 маңызды элементке басты
назар аударды. Біріншіден, инстинктілі әрекеттердің организмнің ішкі
жағдайына тәуелді,мысалға жыныстық әрекеттердің көбі жыныстық гармондарға
тікелей байланысты. Екіншіден, тітіркендіргіштер түйсіктік әрекеттердің
триггералары болып табылады, олар іс әрекеттің толық орындалуына қажет
емес. Мысалы сұр қаздың жұмытқасы ұядан домалап шыққан жағдайында ол оны
тұмсығымен итеріп, қайта кіргізуге тырысады. Жұмыртқа басқа жакка ауып
кеткен жағдайдың өзінде, бұл әрекет ары қара жалғаса береді.
Ч.Дарвинның өзі түйсік деп жануарлардың белгілі бір түріне тән, және
сол түрде тұқымқуалау арқылы жауап, аса бертін іс әрекеттердің жиынтығы деп
түсінді. Дарвинның эволюциялық ілімі Павловтың жүйке жүйесінің туа біткен
функциялары атты ілімінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының даму тарихы туралы
Қарым-қатынастың адам өміріндегі психологиялық маңыздылығы
Адам өміріндегі психологиялық маңыздылығы
Психика және сана
Қарым - қатынас психологиясы. Даму психологиясы
Антикалық зерттеушілер жұмыстарындағы мотивация мәселелері
Мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы зеиінің психологиялық ерекшеліктері
Сана және бейсаналық
Жануарлар психикасының негізгі түрлері
Қарым қатынасқа байланысты топқа бөлу
Пәндер