Қазақстандағы тәуелсіздік идеасының тарихи эволюциясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медецина Университеті КеЕҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы



Реферат
СӨЖ тақырыбы: Қазақстандағы тәуелсіздік идеасының тарихи эволюциясы

Орындаған:Рахметов Мұратбек
Тобы:ОМ-113
Тексерген:Карбозов Әлібек Ерденұлы

Нұр-Сұлтан 2021ж
 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 18 қаңтарындағы Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында Мәңгілік Ел ұлттық идеясын бастамасын көтеріп, оның жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы болып саналатындығын қадап айтты. Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Арғысын айтпағанның өзінде қазақтың ХХ ғасыр басындағы зиялылары тәуелсіз мемлекет құрып, халқын бір кездерде уысынан шығарып алған азаттыққа жеткізуді армандады, сол үшін аянбай күресті. Тәуелсіздік идеясы қазақ халқының да ХУІІІ ғасырдан бастап көкейкесті мәселелерінің бірі болды. Ресей бодандығын қабылдауға мәжбүр болған халықтың тәуелсіздік уақыт өте келе қол жетпес арманына айналды. Сол үшін де халық талай ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерге шығып, батырлары, ел қамын ойлаған азаматтары тәуелсіздік жолында өз өмірлерін құрбан етті. Ұлтжанды, елжанды жақсы мен жайсаңдары ат үстінен түспей күн кешіп, түн қатты. Бодандық қамытын киген халықты озбыр отарлау саясатына қарсы топтастыруға Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев, Райымбек Мәрсеков, Халел Досмұхамедов және тағы сол сияқты өз заманынан ілгері кеткен, еуропалық деңгейде білім алып, ойлай білетін, алдыңғы қатарлы зиялылар ұмтылды. Ұлт зиялыларының алдында тәуелсіз қазақ мемлекетін жаңғырту, мәдениетті көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, жер, әйел теңдігі, дін тәрізді мәселелерді шешумен қатар қоғамды өзгерту сияқты асқақ арман тұрды. Зиялылар санының аздығына қарамастан әлеуметтік, қоғамдық-саяси мәні зор сан қырлы, күрмеуі қиын істерді атқарып, ұлт мүддесінде еңбек етті. Осы мақсатта Қазақ газеті мен Айқап журналын шығарып, өздері өмір сүрген уақыттың ең өзекті мәселелерін көтеріп, бұқара халыққа насихаттады. Бостандық пен тәуелсіздіктің мәнін ұлт зиялылары Қазақ газеті арқылы халық санасына сіңіріп, елдің назарын осы мәселеге аударуға тырысты. Қазақ Елінің болашағы Алаш аяулысы Барлыбек Сыртанды ерекше толғандырды. Ол Жетісудың Қапалынан сонау Петербор қаласындағы Император университетіне оқуға түскен кезде шен, шекпен емес халқының тәуелсіздіг жолында көп ізденді. Өмірлік ұстанымы және халқының ұлттық идеясы ретінде Қазақ Елінің конституциясын жазуды мақсат етті. Ондағысы елі азаттыққа қол жеткізсе, оның жүретін жолы мен заңнамалық негіздері дайын болсын деген ниеті болатын. Ресей астанасының кітапханаларында сарыла отырып, көз майын тауысып, зерттеулерді ақтарып, оларды ой-зердесінен өткізіп жазған еңбектерінің бірі - "Қазақ елінің Уставы"(Жарғысы). Бұл шын мәнінде қазақ мемлекетінің Конституциясы еді. Еңбектің кіріспе бөлімінде тарихқа қатысты мынадай ойлар жазылған: "Қазақ елі көне ұлттардың бірі. Оның тарихының тамыры тереңге жайылған. Жеке ел болып өмір сүрді, елін, жерін қорғады. Ұрпақ жалғастырудан 7 миллионға жетті. Санымен Россияда үшінші орында...". Барлыбек егемен, тәуелсіз ел болу үшін жарғы қажет деп түсінді. Осы мақсатта конституция дайындады. "Қазақ елінің Уставы" төрт бөлімнен тұрды. Олар; "Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында", "Адам баласының хұқы турасында", "Қазақ жері турасында", "Сот турасында". "Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында" атты бөлімнің тарихи маңызы өте зор, өйткені онда айтылған ойлар қазіргі тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен толық орын алған. Өз кезегінде Барлыбек армандаған егемен республика жаһанға танылып, салтанат құрып келеді. Сол ұлт зиялысы тайға таңба басқадай жазып, өміршең болуын тілеген жарғының қазақтың жеке ел ретінде дамуы жөнінде айтылатын тұстарына назар аударайық. " ... Қазақ елінде ең басшы орыны Ұлт мәжілісі. Оған дауыспен өткендер Қазақ елінің басшы Президенті төрт жылға сайлайды.Бір Президенттің екі реттен асып ел билеуге хұқы жоқ. Президент Қазақ елін министрлер арқылы басқарады. Министрлерді Президент өзі таңдайды, бірақ Ұлт мәжілісі дауыспен шешеді. Министрлер өздері басқарған жұмыстарымен Президенттің һәм Ұлт мәжілісінің алдында есеп беріп тұрады. Қазақ елінде билік жүргізу закон шығаратын, орындайтын һәм сот болып тұрады. Үш билік бір - біріне бағынбайды, бассыздыққа жол бермеудің белгісі болып тұрады", - деп жазылған жарғының тармақшалары Барлыбектің құқықтық мемлекеттің белгілерін нақты көрсетіп бергендігін дәйектейді. Қазіргі кезде тәуелсіз Қазақстанда Барлыбек көрсеткен құқықтық мемлекеттің белгілері орын алған. Саяси билік үш тармаққа бөлініп, атқарушы, заң шығарушы, сот билігі түрінде өзінің функцияларын іске асыруда. Барлыбектің Ұлт мәжілісінің орнына қос палаталы парламент келген, ол Сенат және Мәжіліс арқылы барша қазақстандықтарға танымал. Жарғының ерекше көңіл бөлер тұсы - оның жер туралы айтылатын бөлімі. Барлыбек: " ... Қазақ елінің жері саудаға түспейді, құдай оны адам баласына пайдалану үшін жаратты. Жердің кені, орман, су, көлі һәм таулары қазақ елінің иесінде. Мал жаю, егін өсіру, үй салу, жерді өңдеу һәм жерді пайдалы іс мақсатында қазынаға қайтару хүкмет рұқсатымен болады", -деп жазған. Қазақ зиялылары үшін тәуелсіздік идеясы 1917 жылы аса өзекті болды. Ақпан төкерісін пайдаланып, зиялылар ұлттық мемлекеттікті жаңғырту, өз алдына тәуелсіз ел болуды мақсат етіп қойды. Тәуелсіздікке қол жеткізудің маңызын зиялылар Қайтсек жұрт боламыз деген атаумен жарияланған мақалада: Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз. Қайсысына түсетін болсақ та, ерік өзімізде. Бір жол құлдық - жолы... Екінші жол - жұрттық жолы. Осы бастан автономия алудың қамына кіріссек, милициямызды жасап алып, қарамызды көрсетсек, Алаш Орданы үкіметіміз деп тіресіп қорғасақ, бізді ешкім басынбайды. Үкіметі, әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі. Көріп отырғанымыздай, тәуелсіз ел болу үшін оның атрибуттарының қажет екендігін де зиялылар ескеріп қойған. ... Автономия болғанда қазаққа қай түрлі автономия қолайлы. Әуелі, мемлекеттік автономия болуға ма яки уалаяттық автномия болғанда жерге қарай болу ма, елге қарай болу ма... Біздің қазақ автономия бола аламыз десе, осылардың бәрін қарап, аржақ - бержағын тесе қарап, тексеріп барып боламыз деу керек - , деп тәуелсіздіктің тізгінін өзгелердің алып қоймау жағына терең мән берді. Алаштың арыстары тәуелсіздікке ұлттық автономия ретінде қарады. Тәуелсіздікке жетудің тағы бір маңызды факторын зиялылар халықтың бірлігі деп санады. Сондықтан да үнемі өз шығармаларында оны насихаттап отырды. Бірлік қылсаң, алашым, Ілгері қарай басасың. Қол ұстасып ұмтылсаң, Қатар жұрттан асасың - деген өлең жолдары айтқанымызды дәйектей түседі. Ә.Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының көсемі болуы оны теңдікке, ұлттық тәуелсіздікке жетудің басқа бейбіт, саяси жағын қарастыруға итермелеушіге, тұтас қазақ елінің мүддесін көздеушіге айналдырды. Теңдік пен ұлттық тәуелсіздіктің төте жолы деп Әлихан өркениетті елдердің мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп халықтың ұлттық мәдениетін өркендету, өнер білімін көтеру, ұлттық сана-сезімін оятуды санаған. Осы идеяны ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа стратегиялық бағыты етіп алған. Өзгелердің мәдениетін тану, ғылым - білімін үйреніп, өркениетке ұмтылу тәуелсіздікке бастайтын жол деп түсіндірді. Тәуелсіздіктің өзінен өзі келе қалатын құбылыс, табиғаттың сыйы еместігін, оған жетуде қажырлы қайрат, жігерлі әрекет керектігін бұқараға насихаттап отырды. Үгіт насихаттарын өлең, жыр түрінде жүргізді. Ұлттық тәуелсіздік идеясын ту етіп көтерген М.Дулатов оның табиғаттың сыйы емес, ол үшңн күрес жүргізу керек екендігін былайша жырлады: Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң, Ел боламын, тең боламын дер болсаң. Көктен теңдік келмей өзің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясы
Азаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі ғылыми мәселе
Сирский каганат
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы
Діндер жайлы
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Үшінші толқынның ерекшеліктері
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы жайында
ХХ ғ. батыс философиясының бағыттары
Пәндер