Delphi ортасында электрондық оқулық ұйымдастыру тәсілдері


Delphi ортасында электрондық оқулық ұйымдастыруға болады.
1. Атауы: Delphi 7. 0
2. Құрастырушы: Borland International Company
3. Операциялық жүйе: Windows XP
4. Міндеттері:
- көп терезелі пайдаланушылық қолданбаларды құрастыру;
- жалпы міндет жүктелген көп функционалды жүйелерді жасау;
- кез келген күрделіліктегі мәлімет базалары және басқару құралдарын жобалау;
- мәтіндік, графикалық, видео ақпарат пен дыбысты өңдеу жүйелерін құрастыру;
- графикалық операциялық қоршамды жасау;
- қосымша программалар мен динамикалық құрастырудың кітапханаларын жазу;
- бір немесе көп пайдаланушысы бар интерфейстер жасау;
- жүйелік қолданбаларды жасау; мультимедиялық қолданбаларды құрастыру және мультимедиялық қолданбаларды құрастыру құралдарын жасау;
- Internet құралдарын пайдалану арқылы программаларды жасау және т. б. ;
Белгілі бір графикалық интерпретациясы бар, экранда объекттер жинақталады, кез келген тілдегі программадағы сияқты, код қосылады. Бір сөзбен айтқанда, Delphi программалаудың визуалдық қағидасын іске асырады. Сондықтан оларды салыстыру дұрыс болып табылмайды.
Бірақ, сонымен қатар, Delphi жүйесі программалау мақсатына сәйкес келеді. Сонымен Delphi, жай ғана редактор немесе компиляр емес. Бұл қолданбаларды құрастыратын адамдардың міндеттерін біршама жеңілдететін, құрастырудың күшті ортасы.
Көптеген жылдар бойы, қолданбаларды құрастыратын адамдарды, редакторы, компиляторы, жөндеушісі бар, программалаудың әдеттегі түрі қанағаттандыратын. Action, Multimedia, Tool Book сияқты, Windows - құрастырудың бағдарлану жүйесі, бұл топтамаға программалардың интерфейстерінің визуалдық әдісін және сәйкес программалық кодтың автоматикалық генерализациясын қосты. Delphi, бұл нышандарды өзіне қосып алып, одан әрі қарай дамыды. Мысалы, қосымша программалаудың интерфейсі (АРІ), Delphi интеграциялық құрастыру ортасына қосылатын утилиттерді жазуға мүмкіндік береді. Бұл өзгелерде жоқ ерекшелік.
Көптеген тілдер мен қолданбаларды құрастыру ортасы, жалған объектілік - бағдарланған болып табылады, олар объектілер мен әдістерді пайдаланып, бірақ, инкапсуляция, мұралау сияқты, программалаудың объектілік - бағдарланудың негізгі қағидаларын ұстанбайды. Ал Delphi-де бұл кемшілік жоқ. Бұл нағыз объектілік - бағдарланған тілі, ол мәліметтер мен кодты бір класқа біріктіруге, құрылымдық кластар жасауға, ұрпақ - кластарға және аталық кластарға жүгінуге мүмкіндік береді.
Delphi - дің объектілік - бағдарлану ортасы, құрауыштар кітапханасын өте икемді жасайды. Егер объектіге қосымша қасиет немесе, құрауыштардың мінез - құлқын өзгерту керек болса, кітапханада сақталған құрауышты, оған жаңа қасиет беріп, мұралауға болады.
Қазір, программалау тек қана құрауыштар мен объектілерді алмастырып - қосудан тұратын болғанда, бұл міндетті тіптен жеңілдететін, үлгілер пайда болды. Delphi бұл үлгілердің төртеуімен әрекеттеседі: формалар, қолданбалар, құрауыштар мен кодтар. Үлгілер, қолданбалар мен формалары бұрындары жасалған объектілер коллекциясын не бір бөлек программаларда, не болмаса, жаңа программа негізі ретінде қолданылады. Код үлгісі - жаңа құрал, ол кодтың қайталанатын фрагменттерін қайта енгізу қажеттігін азайтады.
Жүз пайыздық компиляциялауды пайдалану, тағы бір артықшылықты береді, ол құрауыштар кітапханасында кез келген құрауышты сипаттай алатын, динамикалық құрастыру кітапханаларын (DDL) жасау мүмкіндігін береді. Одан кейін, кітапханаларды Delphi-дің өзінің қолданбаларында қолдануға болады немесе, басқа программаларға тәуелсіз құрауыштар ретінде таратуға болады.
Сонымен қатар, қателіктерді өңдеуге арналған жаңа әдістер де жасалды. Басқа тілдерде программалайтын, көпшілік құрастырушылар алдында, қателіктерді өңдеуге және ресурстарды қорғау қажеттілігі пайда болды. Мәселені шешудің бұрынғы әдістері, нәтижені талдап, функцияларды орындаудан тұрды. Операцияның ойдағыдай аяқталу кодын алғанда, белгілі бір әрекеттер жасалып, нәтижені қайтадан талданды. Бұл программаның бастапқы коды бітпегенге дейін жалғаса береді. Ал Delphi қателіктерді табу мәселелерін, ерекше жағдайлар қағидасын іске асыру арқылы, өте оңай шешеді. Әрбір қадам қателікке әкеледі деген болжаммен жұмыс атқарудың орнына, Delphi барлық операторлардың сәтті аяқтауына негізделіп, сәйкес программаны жасауға мүмкіндік береді. Қабыл алмау жағдайында, Delphi ерекше жағдайларды шақыртады, оны жалғыз бір ерекше жағдайларды өңдеуші өңдейді. Бұндай әрекеттер, программаға қателіктерге толық жауап беруге мүмкіндік береді, ал құрастырушы тарапынан, оған аса көп іс-әрекет қажеттілігі болмайды.
Сонымен қатар, Delphi-де мәліметтер базасының басқару құралдары мен құрастыру құралдары да жақсы дамыған. Статистика, қолданбалардың басым көпшілігі, қалай да болса, мәліметтер базасына қатысты болып табылады. Бұл таң қаларлық жай емес, өйткені, компьютер дәл осы, мәліметтерді жинақтау, өңдеу, табыстау салаларында өзінің қажеттілігін аса айқын көрсетеді. Егер мәліметтер көп болса, оны сақтау орны ретінде, құрастырушылар, мәліметтер базасын таңдайды. Delphi осындай қолданбаларды жасауда жұмыс көлемін әлдеқайда азайтатын, құрауыштар мен объектілерді пайдаланушыға қолдануға ұсына алады. Бұның анық мысалы, Delphi көмегімен мәліметтер базасын жүргізу программасын, программалық кодтың бірде-бір жолын жазбастан жасауға бола алатындығы.
Delphi - визуалды программалаудың ақырғы жетістігі болуында емес, сонымен қатар, бірқатар беделді баспалар оны ең жоғары сапалы өнімі деп танып, бірнеше рет сыйлық алғанында да емес, тіпті мәселе, жүздеген мың құрастырушылар мен жай пайдаланушылар бірауыздан осы программалау жүйесін өзінің қолданбаларды жасау үшін пайдаланатынында да емес. Ал мәселе, Delphi айқын көрінетін, бірде-бір кемшілігі жоғында. Дәл осы анықтама, электрондық оқулықтарды жасаған кезде, шешуші болып табылды.
ToolBook II Assistant бағдарламасы. ToolBook II Assistant бағдарламалық өнімі қандай да бір бағдарламалаусыз локальды вариантта да, сонымен қатар интернет үшін желілік вариантта да қарапайым оқыту бағдарламасын құру мен таратуға бағытталған. ToolBook II Assistant шаблондарының көмегімен басқарылатын интерфейс бар. Ол оқытуды сатылы жүргізуге мүмкіндік береді. Жасаушылар осы өніммен жұмыс жасауды арнайы жасалған модуль Book Specialist арқылы бастауына болады. Оларды қосымша жасаудың негізгі сатысы бойынша жүргізеді. Оқу бағдарламасына бейне, дыбыс, графика және интерактивті функцияларды қосу, сәйкес файлдарды жай ауыстыру (drag-and-drop) арқылы жүреді. Нәтижесінде оқытушымен бірге дәстүрлі сабақтарда, сондай-ақ компьютерде дистанттық оқу барысында қолданылуға мүмкін болатын оқу қосымшасы алынады. Жасалған оқу бағдарламасын желіде сақтауға, дискіге орналастыруға немесе CD-ROM-да жазуға болады. Алынған қосымшаны қосымша беттерді салу арқылы келесі жасаушы толықтыруы мүмкін. Мұндай бағыттың артықшылығы болып оқытушылардың өздері компьютерлік оқытудың жеке бағдарламаларын құруға болатындығы табылады.
ToolBook II Assistant пакеті басты терезенің жоғарғы жағында орналасқан және келесі пунктерден тұратын стандартты менюді иеленеді: File (файл), Edit (редакциялай), View (түрі), Page (беті), Object (объект), Text (мәтін), Draw (суреттеу), Help (көмек) . Төмендегі 7 және 8 суреттерде стандартты меню пунктері келтірілген.


ToolBook II Assistant пакетінде объектілердің белгілерінің диалогтық терезелерінде (9 сурет) құралдар панелі көзделген. Олар соңғы өзгерістерді алып тастау командасын шақыру ретіндегі әрекеттерді қамтамасыз етеді.
9 -сурет. ToolBook II Assistant соңғы өзгерісін алып тастаудың диалогтық терезесінің пункті.
Бақылау объектілер мен өзге объектілерді, мультимедия үшін соңғы өзгерістерді қайталау командасы. Кеңейтілген белгілер (10-сурет) диалогтық командасын шақыру.
10-сурет. ToolBook II Assistant пакеті менюінің кеңейтілген белгілерінің диалогтық терезесінің пункті.
Жалпы белгілер салу келесіні құрайды:
1) сұрақ атауы;
2) өзара әрекеттесуді шектеу:
2. 1) жауапқа уақытты шектеу;
2. 2) ұмтылысты шектеу;
3) сұрақты автоматты түрде тастау;
4) интернет опцияларын қолдауды қосу.
ToolBook II Assistant пакетіндегі электрондық оқулықтардағы гипер байланыс диалогтық терезесі арқылы құрылады. Бұл жерде байланыс түрі, байланыстың соңғы мақсаты (келесі бет, өткен бет, қайта келу, алғашқы бет, соңғы бет, электрондық мекен-жай) сәйкес гипер байланыстың әсері көрсетіледі.
Бір немесе бірнеше электрондық оқулықтардың шеңберіндегі навигация барысын қамтамасыз ету үшін, гипер байланыс диалогтық терезесін шақыру, ауыстыру анимациясы опциясын шақыру, негізгі және еншілес объектілердің белгілеріне өту үшін.
ToolBook II Assistant пакетіндегі объектілердің каталогы ToolBook II Assistant пакетіндегі объектілердің каталогын (10-сурет) пайдалану.
11-сурет. ToolBook II Assistant пакетіндегі объектілерінің каталогы.
Бұл каталог екі себеппен түсіндіріледі: біріншіден - мұндай объектілердің әртүрлігі (әр объектінің әрекеті OpenScript тілінің көмегімен қолданушы тек бұл әрекетті арнайы диалогтық терезе арқылы толықтырады) және графикасын бір базада орналастыру тиімді; екіншіден - осы мультимедиялық пакеттің авторлары қолданушыны OpenScript тілінде бағдарламалаудан босатады. Ол Multimedia ToolBook пакетін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлы бағдарлама жасау жүйесін құруға жол ашты.
Графика оның барлық жағдайында объектінің мынадай графикалық көрінісін бекітуге мүмкіндік береді: қалыпты, инвертирленген, ажыратылған және аралас. Бұл әртүрлі жағдайда объектінің жекелеген жағдайын қолданушының анықтауына мүмкіндік береді. Графиканың кеңеюі (Streth the graphic) арнайы опциясы объектінің барлық жоғары жағында көріністі кеңейтеді.
Шектеу салынуы беттегі объектінің мөлшері мен жағдайын қолдан бекітуге мүмкіндік береді. Бұл ToolBook II Assistant пакетінің айрықша белгісі.
Шрифт (12- сурет) таңдалуын, стилі мен мөлшерін қамтамасыз етеді. ToolBook II Assistant пакетінде әріп диалогтық терезесі сақталғаныменен шрифт объектінің белгілерінің диалогтық терезесінен шықпай-ақ шрифті өзгертуге мүмкіндік береді.
12- сурет. ToolBook II Assistant пакетінің объектісі белгілерінің шрифт диалогтық терезесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz