СОРҒЫШТАР ЖӘНЕ СОРҒЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ


- СОРҒЫШТАР ЖӘНЕ СОРҒЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ
1. 1. Жалпы мәліметтер және сорғыштың негізгі параметрлері
Сорғыш дегеніміз сырттан әсер ететін куш қуатына (механикалық, электрлік және т. б) байланысты су немесе басқа да сұйықты көтеруге және оны тиісті қысыммен тұтынушыга беруге арналған құрылғы .
Алгашқы үздіксіз су көтеруге арналған құрылдардың қатарына периметріне ожау ыдыстар орнатылған доңғалақтарды жатқызуга болады. Оларды адам қолымен немесе жануарлар күшімен айналдырылатын болған. Осындай доңғалақты су көтергіштердің біздің жыл санауымызға дейінгі 1000 жыл бұрын жасалған түрі Египет және Қытай жерлерінен табылған. Соның балшықтан жасалған қүмыралармен жабдықталған түрінде, доңғалақ айналған кезде, су өзеннен қүмыраға ілініп алынады да, ең жоғарғы нүктеден асқанда, яғни қүмыра төмен қарай еңкейген кезде, науаға қүйылады.
Сорғыштың өрт сөндіруге арналған алғашқы түрін жыл санаудан бұрынғы І-ші ғасырда гректің атақты ғалымы Герон жазған болатын. Бұл жазу бойынша сораптың ағаштан жасалған поршенді (піспекті) қүрылымы бүдан да бүрын белгілі екендігі айтылады. Поршенді сораптың ілгері дамуы XVIII ғасырдың екінші жартысында металл өндірісінің қарқын алуына және бу машиналарының пайда болуына сәйкес келеді.
Бүл сорғыштар өткен XX ғасырдың 20-30-шы жылдарынан бастап ортадан тепкіш және роторлы сорғыштарға ауыса бастады. Өйткені олар электр куатымен жұмыс істейтін, қүрылымы жағынан қарапайым, пайдалануға ыңғайлы болатын.
Жалпы, сырттан тебетін қүш қуатын пайдалану арқылы сұйық заттарды тасымалдауға болатын идеяны XV ғасырда өмір сүрген Леонардо да Винчи дәлелдеген. Осындай сораптан, спиралды корпустан және төрт қалақшалы жұмыс доңғалағынан тұратын алғашқы құрылымын француз ғалымы Д-Папен 1703 жылы ойлап тапты. Ол жасаған сорап «помпа» деп аталып кетті. Ортадан тепкіш және өстік сораптар кұрылымдарың жетілдіру мен олардың теориясын дамытуда атақты ғалымдар Л. Эйлер, О. Рейнольдс, Н. Е. Жуковскнй С. А. Чаплигин және т. б енбектері үлкен роль атқарды.
Күнделікті өмірде тағы да басқа әдістермен жұмыс істейтін сораптар көптеп кездеседі. Олардың біразы қысылған ауа энергиясын пайдалануға бағытталған (пневматикальгқ су көтергіштер, эрлифт, газлифт, т. б), ал келесі бір тобы ғидравликалық соққы күшін және су ағымын, жылдамдық тегеурінін пайдалануға арналған (гидротаран, ағынша сораптар, т. б) . Ағьнша және гидроциклонды - эжекторлы сорап қондырғыларын жетілдіру бағытында жасаған жұмыстар ішінде ғалымдар Г. Цейнер, Л. Д. Берман, К. Баулин, Е. Я. Соколов, ЛМ. Зингер, А. Н. Жангарин жэне басқалардьщ ғылыми
зерттеулері орын алады.
Мемлекеттік стандарттың бекітуі бойынша қолданылып жүрген барлық сораптар келесі екі топқа бөлінеді:
• Сорғыш - машиналар. Олар іске механикалық қозғалтқыштар арқылы қосылады.
• Сорғыш - аппараттар. Олардың жұмыс істеу принципі әр түрлі энергия көздеріне бағытгалған жэне айналмалы жүмыс
доңғалақтары жоқ.
Сорап - машиналарға негізінен калақшалы (ортадан тепкіш, өстік және диагоналды) сораптар жатады. Олардң жүмыс істеу ұстанымы (принципі) доңғалақ қалақшаларының тасымалданатын су ағынымен өзара әсірінің негізінде қалыптасқан. Су сору эрекеті жұмыс доңғалағы алқымында терең вакуум (ауасыз кеңістік) пайда болу әсерінен жүзеге асады. Ортадан тепкіш сораптарда су сору доңғалағына радиалды түрде, өстік сораптарда - өс бойымен, ал диогоналды сораптарда - жанамалап, яғни диагоналды жағдайда беріледі. Диагоналды сораптардың осы ерекшелігі жұмыс кезінде көтеру күші мен ортадан тепкіш күштің бірігіп әсер етуіне мүмкіндік туғызады. Сондыктан бұл сорап алғашқы екеуінің де кей параметрлерін көрсете алады.
Осы топқа жататын көлемдік сораптар жүмысы шектелген қуыс ішінде жиналған суды механикалық ығыстыру үстанымы негізінде атқарылады.
Сорғыш - аппараттарға жататындар - ағыншалы сорап (сұйық және сұйық түрінде, газды және сүйық қалпында), газлифтер, эрлифтер, ығыстыру сораптары (буға және газға арналған), гидротарандар. Ағыншалы сораптар жұмысы жоғарғы кинетикалық энергияға ие сүйық немесе газ көмегімен сорып алатын суды араластыру арқылы істеуге негізделген.
Сорғыш қондырғылары дегеніміз сораптьң, сору және тасымалдау құбырының және реттеуіш, өлшегіш қүралдарының бір жерге топтасқан жиынтығы.
Сорғыштардың негізгі жумыс параметрлері болып су беру көлемі-су өнімділігі (Q мЗ/с), тегеуріні (Н, м), қуаты (Н, квт) және пайдалы әсер коэффиценті есептеледі.
Су өнімділігі деп сораптың құбыр желісіне белгілі бір уақыт ішінде берілетін су көлемін атаймыз. Ол, жоғарыда көрсетілгеннен бөлек, л/с немесе мЗ/сағ. Өлшемдерімен де өлшенеді.
Сорғыш тегеуріні деп оның су кірер жерінен бастап, одан шығар жерге дейін тасымалданатын сұйықтың меншікті эиергия өсімін атайды. Тегеурін арқьшы сораптың су көтеру немесе тасымалдау мүмкіндігін анықтай аламыз. Сондықтан, ол метрмен өлшенеді.
Сорғыш цуаты деп қажетті тегеурінді жасауға жэне желі бойындағы барльщ шығындарды игеруге кететін энергия мөлшерін атайды. Ол квт-пен өлшенеді.
Пайдалы әсер коэффценті жұмыс параметрлерінің өзгерген жағдайында сорапты пайдаланудың тиімділігін анықтайтын корсеткіш. Ол механикалық энергияның су қозгалысы энергиясына айналуына байланысты болатын барлық шығын түрлерін есепке алады.
1. 2. Сорғыштарды жіктеу
Сумен қамтамасыз ету және жылыту салаларында қолданылатын сораптар негізінен динамикалық және көлемдік болып екіге бөлінеді. Динамикалъщ сорап деп сүйықтың
қибылдау камерасында, яғни сору және қысыммен шығару аралығында, сыртқы қосымша күш арқьлы жылжуын қамтамасыз ететін сорапты айтады.
Оларға жататындар:
- қалақшалы сораптар (ортадан тепкіш, өстік және диогналды) ;
- электромагнитті (кондукциялы, индукциялы) ;
- үйкеліс сораптары (құйынды, ағыншалы, бұрандалы, вибрациялы жэне басқалар) .
Көлемді сорғыштарға сұйықтың сору және сыртқа шығару аралығында сұйықтың жылжуын ондағы көлемді өзгерту арқылы қамтамасыз ететін сораптар жатады.
Олар үш түрлі болады:
- ілгері - кейін жылжымалы (поршенді, плунжерлі, диафрагмалы) ;
- қанатшалы;
- роторлы (роторлы - айналмалы, роторлы - жылжымалы, роторлы - бүрылмалы) .
Жалпы белгілеріне, орналасуына және қолдану ерекшеліктеріне байланысты сораптар келесі түрлерге де болінеді:
- орналасу түріне байланысты: көлденең, тік;
- жүмыс органдарының орнатылуы бойынша: консолды, моноблокты ;
- орнықтыру тірегіне байланысты : бөлек тіректі, ішкі тіректі ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz