Фармакология бойынша


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

-

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Садвакасова С. К.

« 28 » тамыз 2017 г.

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пәні: Фармакология

ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»

ӘЗІРЛЕДІ:
ӘЗІРЛЕДІ:: Лауазымы
Қолы
ТАЖ
Күні
ӘЗІРЛЕДІ:: Оқытушы:
С. К. Садвакасова
«28» тамыз 2017 г.
ӘЗІРЛЕДІ:: КЕЛІСІЛДІ :
ӘЗІРЛЕДІ:: CМЖ бойынша жауапты маман:
Б. А. Исмаилов
«28» тамыз 2017 г.
ӘЗІРЛЕДІ:: Пәндік әдістемелік бірлестігінде
Г. Ж. Тасымбетова
«28» тамыз 2017 г.
ӘЗІРЛЕДІ:: Жалпы кәсіптік ПӘБ:
К. А. Кусаинова
«28» тамыз 2017 г.

г. Сарыагаш

ОӘК құрылымы

ОӘК мазмұны:

- оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны

-тақырыпты меңгеру мақсаттары мен міндеттері

-тақырып сұрақтарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

-тақырыптың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі (әдебиет: негізгі және қосымша)

-тақырыптың материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етілуі /оқу процесінде/

-пайдаланатын қажет оқыту құралдарының тізбесі және оларды қолдану тәсілдері

Ақпараттық блок:

-дәріс конспектісі

-тақырып бойынша сұрақтар тізбесі

-тақырып бойынша тәжірибелік дағдылар тізбесі (нені білу және үйрену керек)

Оқушылардың өз бетімен жұмысы:

-сабақ жоспарлары (технологиялық карталар)

Пәнді меңгеру бойынша оқушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар оқу ісінің түрлі сипатын және оқытудың ұсынылатын тәртібін ашады.

Өз бетімен жұмыс бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құрал. (Пәнді меңгеру үшін қажет уақытты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ұсынымдар, әдебиеттер және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша ұсынымдар) .

Бақылаушы блок:

-бақылауды іске асыру бойынша материалдарға мыналар кіреді:

а) тақырып бойынша тесттілік бақылау

б) бақылаушы тарату материалдары (есептер, тапсырмалар, іс-әрекет стандарттары, графологиялық құрылымдар)

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1 Харкевич Д. А. Фармакология

2. Майский В. В. Фармакология с рецептурой

Бөлімдер мен тақырыптар
Барлығы
Дәріс
Тәжірибе
Бөлімдер мен тақырыптар: 1 . Бөлім. Жалпы түсінік
Барлығы: 10
Дәріс: 4
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар:
  1. Тақырып. Қазақстан Республикасындағы акушерлік- гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және құрылымы жөніндегі жалпы түсінік. Босануға көмек көрсететін ұйымдардағы инфекциялық бақылау.
Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар:
  1. Тақырып. Әйелдердің әр жастағы анатомо- физиологиялық ерекшеліктері. Репродуктивті денсаулықты сақтаудағы медбикенің ролі.
Барлығы: 2
Дәріс: 2
Тәжірибе: -
Бөлімдер мен тақырыптар: 2. Бөлім. Акушериядағы медбикелік күтімі
Барлығы: 72
Дәріс: 14
Тәжірибе: 48
Бөлімдер мен тақырыптар:

2. 1. Тақырып . Жүктілік физиологиясы.

Жүктілікті триместр бойынша жүргізу. Дәлелді медицина негізіндегі тиімді және қауыпсіз перинатальды көмек.

Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар: 2. 2. Тақырып . Жүктілік патологиясы. Ерте кезеңіндегі токсикоз. Гипертензиялық жағдайлар. Мерзімінен ерте және мерзімінен ұзарған жүктілік. Жүктілік кезіндегі инфекциялар. Ана мен үрықтың изосерологиялық қарама-қайшылығы.
Барлығы: 14
Дәріс: 2
Тәжірибе: 12
Бөлімдер мен тақырыптар:

2. 3. Тақырып . Босанудын физиологиясы:

- босану биомеханизмі

- кезең бойынша босану ағымы және жүргізу

Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар: 2. 4. Тақырып . Босану патологиясы, кезең бойынша босанудағы ана мен нәрестенің қиын-қыстау жағдайының диагностикасы. Нәрестенің бұрыс келуі. Оперативті акушерия.
Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар: 2. 5. Тақырып . Босанғаннан кейінгі кезеңінің физиологиясы мен патологиясы. Босанған ана мен нәрестеге күтім көрсету. Емшектен емізу. Босанғаннан кейінгі септикалық асқынуларда медбикелік күтім ұйымдастыру.
Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар: 2. 6. Тақырып . Жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кетулер. Геморрагиялық шок. Шұғыл көмек, медбикелік күтім.
Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар: 2. 7. Тақырып Экстрагениталды патология және жүктілік. Жанұяны жоспарлау. Контрацепция
Барлығы:

8

8

Дәріс:

22

2

Тәжірибе:

6

6

Бөлімдер мен тақырыптар: 3 Бөлім. Гинекологиядағы медбикелік күтім
Барлығы: 28
Дәріс: 6
Тәжірибе: 22
Бөлімдер мен тақырыптар: 3. 1. Тақырып. Гинекологиялық ауруларды тексеру. Репродуктивті жүйенің қызметінің бұзылуы. Қабыну аурулары. Бедеулік. Заманауи көмекші репродуктивті технологиялар.
Барлығы:

8

8

Дәріс:

22

2

Тәжірибе:

6

6

Бөлімдер мен тақырыптар: 3. 2. Тақырып. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізімі бойынша әйелдер қауымының скринингі. Диспансеризация.
Барлығы: 4
Дәріс:
Тәжірибе: 4
Бөлімдер мен тақырыптар: 3. 3. Тақырып. Қатерлі ісік алды аурулары. Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерлі емес ісіктері.
Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар: 3. 4. Тақырып. Гинекологиядағы іштеспе. Гинекологиядағы ота. Ота алдындағы дайындық, отадан кейінгі күтім, медбике үрдісін ұйымдастыру.
Барлығы: 8
Дәріс: 2
Тәжірибе: 6
Бөлімдер мен тақырыптар: ьтб Барлығы
Барлығы: 100
Дәріс: 24
Тәжірибе: 76

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ МАЗМҰНЫ:

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ»

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ»:

№ 1 дәріс . Қазақстан Республикасындағы акушерлік- гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және құрылымы жөніндегі жалпы түсінік. Босануға көмек көрсететін ұйымдардағы инфекциялық бақылау.

:

4 -курс 7-семестр

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ»:

Оқытушы : Кудиярова А. М.

:

Оқыту: студенттерге анализ жасауды, қорытынды шығаруды, шешім шығаруды үйрету;

Тәрбиелік: жауапкершілік сезімді тәрбиелеу;

Дамыту: ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекті құралдар: плакаттар, фантомдар, муляждар

Сабақ тарауының атауы

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут

Сабақ тарауының атауы:

Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру) .

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

5 мин

Сабақ тарауының атауы:

Кіріспе. ҚР акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

15 мин

Сабақ тарауының атауы:

Акушербикенің құқығы мен міндеттері

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

10 мин

Сабақ тарауының атауы:

Акушериядағы деонтология

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

10 мин

Сабақ тарауының атауы:

Қалыпты -құқықты құжаттар

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

15 мин

Сабақ тарауының атауы:

Қазақстан Республикасында өңірлі перинаталдық көмекті ұйымдастыру

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

20 мин

Сабақ тарауының атауы:

Ахуалдық есептер

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

10 мин

Сабақ тарауының атауы:

Студенттердің түсініктерін бағалау

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

5 мин

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастырушы кезең.

Амандасу, студенттерді түгендеу.

Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарының бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

Кіріспе. ҚР акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу

Акушерия және гинекология -медицина саласындағы өзінің даму тарихы бар ғылым бағыты.

Гинекология деген ұғым гректің «gynе»- әйел, ал «logos»-ғылым, деген сөздерінен шыққан, әйел туралы ғылым деген ұғымды білдіреді.

Оның мақсаты- әйел жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктерін, жыныс мүшелерінің ауруларын, олардың емдеу, алдын алу жолдарын зерттеу.

Акушерия осы гинекологияның бір саласы, ол француздың «accoucher »- туу, босану деген сөзінен шыққан. Оның негізгі міндеті- әйелдің жүктілікке, босануға және босанғаннан кейінгі кезеңдеріне байланысты кездесетін физиологиялық және патологиялық өзгерістерді емдеу, алдын алу жолдарын қарастыру.

Гинекологиялық көмек көрсетудің негізгі принциптері:

1. Гинекологиялық көмектің барлық науқастарға бірдей болуы;

2. Гинекологиялық көмек 100% барлық жүкті болған әйелдерді және гинекологиялық ауруларды қамтамасыз ету;

  1. Ең негізгі маңызды мәселе-гинекологиялық аурулардың алдын алу және созылмалы ауруларды емдеп, әйелдің репродуктивтік жүйесінің қызметін қалпына келтіру.
  2. Гинекологиялық көмек әр уақытта да ғылым жаңалықтарына сүйенеді және оның жетістіктерін күнделікті тәжірибеге енгізіп, іске асыру;
  3. Медициналық көмектің ауыл, қала тұрғындарына бірдей деңгейде болуын қамтамасыз ету және соған байланысты көмекті ұйымдастыру түрлерін жетілдіру.

Акушерлік- гинекологиялық мекемелердің профильдік түрлері

1. Фельдшер-акушерлік пункт (ФАП) - алғашқы дәрігерлікке дейінгі ауыл тұрғындарына профилактикалық ем және санитарлық -эпидемиологиялық көмек көрсететін медициналық мекеме: жүкті әйелдерді тізімге алу, жүкті әйелдердің денсаулығын бақылау және олардың денсаулықтарының жағдайының бақылауын қамтамасыз ету, гинекологиялық науқастарды бақылауын және жанұя жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырады.

2. Жанұя дәрігерлік амбулаториясы (ЖДА) - алғашқы медико-санитарлық көмектің негізгі номенклатуралық медициналық мекемесі. ЖДА науқас медициналық көмекке келгенде алғашқы дәрігермен қарым-қатынаста болатын мекеме. ЖДА-бұл ересектерге, жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға дәрігерлік ем және профилактикалық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық мекеме.

3. Базалық әйелдер консультациясы- тұрғындарға амбулаторлы акушерлік-гинекологиялықкөмек көрсететін мамандырылған мекеме. Базалық әйелдер кеңес үйі-перзентхананың, орталық аудандық ауруханасының, консультативті диагностикалық емханасының тәуелсіз бөлімі және жоғарғы қауіпті топтағы әйелдерге мамандандырылған көмек көрсететін екінші этап болып табылады.

4. «Неке және жанұя» кеңес үйі немесе Адам репродукция орталығы- әйелдер кеңес үйінің бөлімі немесе тәуелсіз мекеме болуы мүмкін және некелік қатынастардың бұзылуына келтіретін жағдайларда және ауруларда консультативті, профилактикалық емі көмек көрсетеді.

5. Перзентхана-ауылдық, қалалық, облыстық, ауруханаларының акушерлік, гинекологиялық бөлімдері- әйелдерге мамандандырылған дәрігерлік, акушерлік-гинекологиялық стационарлық көмек көрсететін мекеме болып табылады.

6. Перинатальді орталық- қала, облыс ішінде, ауылдық және қалалық тұрғындарға мамандандырылған арнайы көмек беретін консультативті ұйымдастыру-методикалық, емдеу және оқу мекемесі.

7. Республикалық ана және нәресте денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу орталығы. ҚР профилактикалық ем көмек көрсететін және акушерлік -гинекологиялық қызметін жетілдіретін, ғылыми зерттеуді үйлестіретін, жоғары квалификациялық мамандарды дайындайтын және халықаралық қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін бас мекеме.

Әйелдер кеңес үйінің мақсаты: осы аймақта тұратын барлық әйелдерге амбулаторлы профилактикалық ем көмек көрсету.

Міндеттері:

  1. Жүкті, босанған әйелдерді жәнегинекологиялық науқастарды тізімге алу және профилактикалық ем көмек көрсету.
  2. Жанұя жоспарлау жұмысын жүргізу.
  3. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
  4. Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға диагностикалық және емнің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу.
  5. Әлеуметтік-құқықты көмек.
  6. Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарды зерттегенде басқа мекемелермен қатысты қамтамасыз ету.
  7. Перзентхана мен балалар емханасымен, жедел жәрдем станциясымен, санитарлы-эпидемиологиялық мекемемен және басқа мекемелермен (тері венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық) ұдайы байланыста болу

Әйелдер кеңес үйінің құрылысында болу керек: шешінетін жер, тіркеу орны, күтім бөлмесі, жүкті, босанған әйелдерді, гинекологиялық науқастарды қабылдайтын бөлмелер, манипуляциялық бөлме (гинекологиялық емдеу процедуралары үшін) процедуралық бөлме, жануя жоспарлау кабинеті, клиникалық зертхана, УДЗ- бөлме.

Ірі кеңес үйлерінде болады: терапевт, стоматолог, генетик бөлмелері, жатыр мойнының аурулары және бедеулік, жүктілікті сақтай алмағандағы әйелдерді қабылдайтын бөлмелер.

Әйелдер кеңес үйінің негізгі көрсеткіштері:

  1. Ана өлімнің көрсеткіші
  2. Перинатальді аурулардың және өлімнің көрсеткіші
  3. Жүкті әйелдердің ерте келуі( 12-аптаға дейін) . Аймақта жүкті әйелдер диспансерлік тізімге 12-аптаға дейін 70 және одан көп пайызда алынса жаксы көрсеткіш болып саналады
  4. Берілген аймақтағы репродуктивті жастағы әйелдердің аборт пайызы
  5. Тізімде тұрған жүкті әйелдің терапевтке қаралған пайызы
  6. УДЗ-ге міндетті түрде қаралған пайызы
  7. Мерзімінен бұрын туудың пайызы
  8. Ауыр гестозтардың жиілігі
  9. Септикалық асқынудың жиілігі
  10. Экстрагенитальді аурулардың жиілігі (жүкті әйелдің денсаулық индексі)

Әйелдер кеңес үйінде акушерканың міндеттері:

  1. Жүкті, босанған (перзентханадан шыққаннан кейін) әйелдерге қызмет көрсету.
  2. Нәрестені антенатальді қорғау
  3. Әйелдердің арасынан жоғарғы қауіпті топтарды анықтау және оларды тізімге алу.
  4. Белсенді патронаж өткізу
  5. Басқа мекемелермен ұдайы байланысты қамтамасыз ету
  6. Жанұя жоспарлау жұмысын жүргізу
  7. Гинекологиялық науқастарға көмек көрсету
  8. Денсаулық сақтау және басқа медициналық сұрақтар бойынша санитарлық ағарту

жұмысын жүргізу.

Перзентхана құрамы:

Перзентхана- ең ірі медициналық мекемелердің бірі, оның негізгі мақсаты жүктілікті сақтау, босану, босанғаннан кейін сәби мен ананың денсаулығын қорғау.

Перзентхана бөлімшелер 3 блоктан құралады:

1-ші блок- клиникалық: қабылдау бөлім(физиологиялық, обцервациялық, физиологиялық бөлімі өзінің босану бөлімімен, обсервациялық бөлімі өзінің босану бөлімімен, босанғаннан кейінгі бөлім (ана, нәресте бірге болатын бөлімшелерімен), жүктіліктегі патология бөлімі, жаңа туған нәресте бөлімі, операциялық бөлім, реанимациялық және интенсивті терапия бөлімі, гинекологиялық бөлімінен тұрады.

2-ші блок- лабараториялы-диагностикалық. Заласыздандыру бөлімі. Автоклав бөлімі. УДЗ-кабинеті. Физио-кабинеті. Барокамера

3-ші блок- Әкімшілік -емханалық

Ана өлімі (АӨ) - жүктілік, босану кезеңдеріндегі және босанғаннан кейінгі 42 кун аралығындағы өлім жатады.

Жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі

Ана өлімі, %= (42кун аралығында) өлген әйелдердің саны х 1тірі

туылғандар саны

Ана өлімінің көрсеткіші- жылына өлген аналардың 1 мың тірі туылғандардың санымен анықталады. Емдеу профилактикалық мекемелердің негізгі сапалы көрсетімдерінің бірі-ана өлімінің деңгейі.

ҚР ана өлімі себептерінің құрылымы

Себептері:

1. Басқа себептері

2. Қан шығыны( патологиялық)

3. Түсіктер

3. Гестоздар

4. Сепсис

5. Жатырдан тыс жүктілік

Басқа себептері:

-Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдермен байланысты

1. Өкпе артериясының және ми қантамырларының тромбоэмболиясы

2. Дәрілік анафилактикалық шок

3. Жатырдың жыртылуы

4. Қағанақ суының эмболиясы

5. Анестезиологиялық тәсілдердегі асқыну

-Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдермен байланысы жок

1. Асқазан-ішек аурулары

2. Өкпе аурулары

3. Жүрек-қан тамыр аурулары

4. Онкология аурулары

5. Инфекциялық аурулар

Перинаталдық өлім- өлі туылған және ерте неонаталдық өлімнен тұрады. 1941 жылы тұңғыш рет американ ғалымы Пеллер енгізген, біздің елде 1965 жылы енгізілген.

Өлі туылғандар: а) Антенаталды- жүктілік кезіндегі нәресте өлімі .

ә) Интранаталды -босану кезіндегі нәресте өлімі.

Өлі туылғандар деп - жүктілік немесе босану кезеңдерінде тыныс алмай туылған нәресте өлімін айтады.

Перинатальдық өлімнің көрсеткіштері әр мәліметте әр түрлі 12-50% аралығында, оның деңгейі дәрігерлік көмектің сапасына, ұйымдастыруына, халықтың әлеуметтік жағдайына, әйелдің жалпы денсаулығына байланысты.

Перинаталдық өлім көрсеткіші туылған 1000 нәестенің 24-26, 4% -ін құрайды; дамыған капиталистік елдерде 6-15%-ке тең.

Перинаталдық өлімнің себептері: тікелей және негізгі болып екіге бөінеді.

Тікелей себептердің ішінде бастысы - нәрсете асфиксиясы (58, 4%), босану жарақаты (13, 1%) , туа пайда болған даму ақаулары (12%), гемолитикалық және септикалық аурулар (10, 2%) . Соңғы жылдары жатырішілік инфекция(пневмония ), респираторлық бұзылыстар синдромы аруда.

Негізгі себептері: босанудың асқынуы (22%), кеш гестоздар

(20% ), плацента, ананың созылмалы аурулары (10, 2%), резус қайшылықты жүктілік (3, 2%), басқа себептер (19% ), себептер (16, 8%) .

Перинаталдық патологияның «қауіп-қатер»деректері

Перинаталдық ауру, өлім, белгілі бір жүкті, босанушы әйелдер тобында жоғары болады, бұл топты жоғары «қауіп-қатер»тобы дейді. Бүкіл жүктілер арасында бұл топтың жиілігі 30-40% аралығында, перинаталдық өлімнің 2\4 бөлігін құрайды. Сондықтан бұл топтағы аналарға ерекше көңіл бөлу.

Принаталдық патологияның «қауіп -қатер »деректері:

1. Әлеуметтік - биологиялық деректер

2. Акушерия - гинекология мәліметтерінің ерекшеліктері

3. Ананың жыныс мүшелерінің тыс экстрагениталды аурулары

4. Жүктіліктің асқынуы

5. Босану кезеңдеріндегі асқынулар

6. Ұрықтың фетоплацентарлық жүйесінің жетіспеушілігі

Жүкті, босанған, босанғаннан кейінгі әйелдердің және жаңа туған нәрестелердін негізі құжаттары

  1. Жүкті әйелдің алмастыру картасы (№113/ у-02 формасы)
  2. Жүкті әйелдердің жеке бас картасы (№111 формасы, әйелдер кенес үйінің архивінде қалады)
  3. Туу тарихы (№096/у-02 формасы)
  4. Жүкті, босанған, босанғаннан кейінгі әйелдердің тізім журналы (№002/у формасы)
  5. Стационардағы босанғандарды (№110/у формасы)
  6. Жаңа туған нәрестенің даму тарихы (№097/у-02формасы)
  7. Нәрестенің туу куәлігі (№131 формасы)
  8. Туу туралы медициналық куәлік (№103/у- 02 формасы) неке тіркеуіне беріледі
  9. Жаңа туған нәрестенің жылу тіркеуі және медициналық көмек көрсету журналы (№102/у формасы)
  10. Өлім туралы фельдшерлік куәлік (№106-1/у формасы)

Асептика және антисептика туралы түсінік

Асептика (зарарсыздандыру) - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар тамырларға, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп, қызарады және қатты ауырады. Егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепсис дамиды.

Антисептика (микроб жойғы) - жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде:

- хлорамин ерітіндісі

- йод тұнбасы

- спирт сутегі қолданылады.

Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі (анаэробтар) анаэробтық немесе газдық инфекция аса қауіпті. Жараға топырақпен бірге сіріспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультракүлгін сәуле де өлтіреді.

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады.

- Йод тұнбасы

- этил спирті

- хлорамин

- риванол

- калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады.

Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін.

Биологиялық антисептиктер жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.

Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.

Глоссарий:

Перинаталдық өлім- өлі туылған және ерте неонаталдық өлімнен тұрады.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Гинекология дегеніміз не?

2. Перинаталдық өлім дегеніміз не?

3. Механикалық антисептика дегеніміз не?

Тарататын материал: ситуациялық есептер

Сабақтың жабдықталуы: оқу - жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тесттер.

Қолданатын әдебиеттер:

1. Акушерствоподредак. Проф. В. Е. Радзинского, Москва, «ГЭОТАР-Медиа», 2008 г.

2. А. Н. Нагнибеда, Л. П. Павлова

Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии на догоспитальном этапе. Справочник. Санкт-Петербург «Спецлитература», 1998 г.

3. О. И. Линева, О. В. Сивогчаловва, Л. В. Гаврилова

Акушерство, Москва, изд. центр «Академия», 2009г.

4. В. Н. Бодяжина, К. Н. Жмакин, А. П. Кирющенков.

Акушерство, Курск, 1995 г.

5. И. К. Славянова

Сестринское дело в акушерстве и гинекологии Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007г.

6. Л. А. Лысак

Акушерство, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003г.

7. Нұржанов Х. Н. және басқалары

Гинекологиядан клиникалық дәрістер, Алматы, 19

8. Р. С Бейсембаева, Ә. Т. Раисова, Р. Е. Нұрқасымова, Акушерия, Алматы, «Білім» 2006ж.

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ»

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ»:

№ 2 дәріс . Тақырыбы:Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі.

:

4 -курс 7-семестр

Пән: «Акушерия және гинекологиядағы МІ»:

Оқытушы : Кудиярова А. М.

:

Оқыту: студенттерге анализ жасауды, қорытынды шығаруды, шешім шығаруды үйрету;

Тәрбиелік: жауапкершилик сезимді тәрбиелеу;

Дамыту: ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекті құралдар: плакаттар, фантомдар, муляждар

Сабақ тарауының атауы

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут

Сабақ тарауының атауы:

Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру)

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

5 мин

Сабақ тарауының атауы:

Сыртқы және ішкі жыныс мүшелері

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

15 мин

Сабақ тарауының атауы:

Қалыпты еттеккірлік цикл

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

10мин

Сабақ тарауының атауы:

Әйелдер өміріндегі кезеңдер және жасқа байланысты ерекшеліктері

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

10 мин

Сабақ тарауының атауы:

Сүт безінің құрылымы, функциясы

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

15 мин

Сабақ тарауының атауы:

Әйел жамбасы, оның өлшемдері, нәресте басының өлшемдері және босану обьектісі

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

20 мин

Сабақ тарауының атауы:

Ахуалдық есептер

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

10 мин

Сабақ тарауының атауы:

Студенттердің түсініктерін бағалау

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут:

5 мин

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Жалпы фармакология
Ішті айдайтын дәрілер
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Гипофиз гормондары
Препараттың токсикалық әсері
Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы барысында емдеуге қолданылатын заттар
Сульфаниламидтік препараттар
Фармакологияның мазмұны, мақсаттары, тарихи даму жолдары
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz