Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
1 тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.

1. Экономикалық ғылымының пайда болуы және даму кезеңдері.
2. Экономикалық теория пәні және экономикалық заңдар.
3. Экономиканы ғылыми танудың әдістері және қызметтері.

Мақсаты: Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін
қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және
дамуындағы рөлін көрсету.

1. Экономикалық ғылымының пайда болуы және даму кезеңдері.
Экономика ұғымы ежелгі грек сөзінен (ойкос - үй, үй шаруашылығы,
номос - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылығын жүргізу және басқару
заңдылықтары дегенді білдіреді.
Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның
алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен
Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше
нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас,
ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар
экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика
деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда үй шаруашылығын жүргізудің өнері
деген мағынаны білдіреді.
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек
отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп,
басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ
өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын
болды.
Экономикалық теория жеке ғылым ретінде XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың
басында қалыптасып, Саяси экономия деген атпен дамыды. Ол грек тілінде
полис - мемлекет, ойкос - үй шаруашылығы, номос - заң деген мағынаны
білдіреді. Яғни, саяси экономия – бұл қоғамдық шаруашылықтың қызымет ету
заңдылықтары туралы ғылым.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда
меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі мерканте - саудагерлер көпес,
сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі
материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан
аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту
арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға
болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады.
Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл
ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген
қағида ең бірінші физократтар мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде
пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының
еңбегінде деп есептеді.
Физио - табиғат, кратос - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл
шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп
есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго,
Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо,
Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың
құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен
реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді:
марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов).
Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары.
К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация,
капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда
болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген
еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды,
абсолюттік рентаны, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің
басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.
Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы
бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Маржинализм экономико-математикалық
тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін
негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның
негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл,
А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың
субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет
атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның капитализмді
реттеу теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің
араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел,
М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын
құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі.
Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік
бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы
мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

2. Экономикалық теория пәні және экономикалық заңдар.
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін
қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды
пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:
– микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік
капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда
жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет
атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
– макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық
экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне
жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады.
(Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген
оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе
қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы
қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға бөліп
қарауға болады:
1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына
жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты
тарихи дамуының заңдары.
3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар
барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп
байланыстырады.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік
қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

3. Экономиканы ғылыми танудың әдістері және қызметтері.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің
әртүрлі әдістерін қолданады.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Жалпы әдісте:
1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз,
өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып
көрсету процесі.
2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына
ажыратылады.
3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.
4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.
5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.
6. Позитивті – экономикалық құбылыстардың өзара байланысын және дамуын
анықтауды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактлерді суреттеп
баяндау жүйеге келтіру негізінде экономикалық заңдар мен категорияларды
ашуды, тәжірибені қолдануды талап етеді.
7. Нормативті – экономиканың тиімділігін анықтауда қолданылатын әдіс. Ол
неғұрлым жоғары үнемділік принциптеріне негізделген практикалық
әрекеттерді талдауды талап етеді.
Жеке әдістер:
1. Экономикалық эксперимент – жан-жақты дайындықты, терең болжауды,
дәлелдеуді, ғылыми сынақ өткізуді талап етеді.
2. Математикалық моделдеу – графиктер мен математикалық теңдеулер
көмегімен бейнеленеді.
3. Экстраполяциялық - бұл әдіс алғашқы болжамдарды жасауда және негізгі
бағыттарды жобалауда қолдануға ыңғайлы.
Экономистер фактлерді талдап, болжамдар ұсынғанда жалпылама қорытынды
жасап, экономикалық заңдарды ашады. Түрлі құбылыстар мен оқиғалардың дамуын
анықтау экономиадағы позитивті бағытқа жатады. Ал экономиканың тиімділігі
жөнінде сөз болғанда, онда бұл нормативті экономикалық ғылым болып
табылады. Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар
мен категорияларға бағынышты.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды
терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың
сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың
болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді
әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен
түсіндіреді.
5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми
жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Экономикалық саясат - мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі
және оның механизмін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық теорияның
зерттелуі мен қорытындылары жүргізіліп жатқан экономикалық саясатты жүзеге
асыру, стратегиялық болжаулар жасауда түрлі бағдарламалар құру үшін қажет.
Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық теорияны жаңа
сатыға көтеретіндей тұтас экономикалық жүйе дамиды.
Экономикалық саясаттың негізгі міндеттері:
1. Экономикалық еркіндік - экономикалық субъектілерге шаруашылық
практикасында іс-әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігін беру
2. Экономикалық өсу - барлық халықтың өмірі мен әл-ауқатын жақсарту
3. Жұмыспен қамту -жұмыссыздықты табиғи деңгейде ұстап тұру
4. Баға тұрақтылығы - инфляцияны азайту және қаржы саласындағы
тұрақтылықты қамтамасыз ету
5. Қоршаған ортаны қорғау - экономикалық даму талаптарын және экологиялық
қауіпсіздік нормаларын сақтау
6. Әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер - әлеуметтік қорғалмаған
азаматтардың өмірлеріне қалыпты жағдай жасау
7. Әділ салық салу - табысы төмен тұрғындар топтары үшін салық
жеңілдіктерін енгізу
2 тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері

1. Қоғамдық өндірістің құрлымы
2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлар.

Мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде
қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын,
негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады.

1. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол
өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті
құрайды.
1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар
өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық
игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге
тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер
жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің
дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық
жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы
болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес
өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс
болып табылады.
Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті
игіліктерді өндіреді (Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материал дық-техникалық
жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және
т.б.).
Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани
құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады (Денсаулық
сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық
мекемелер, басқару органдары).
Ұдайы өндіріс - деп өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруын, өндіріс
процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын атайды.
Ұдайы өндірістің типтері:
1. Жай өндіріс
2. Ұлғаймалы өндіріс.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз
өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене
үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.

2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлар.
Ресурстар - дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы
болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер
жасауға қолданылады.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық
шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын
қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су
ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өндірістің нәтижесі болып табылатын,
құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның табиғи, материалдық және
еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында
бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш
күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп
қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы
мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат
күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі
құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы
күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе
экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық
игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, мұнда өндіріс факторы
табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл
шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы.
Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, қаржылық,
ақпараттық.
Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөл атқарады.
Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер.
Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске
қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы.
Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар
көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
1. Жер өндірістік факторлар ретінде екі жағынан қаралады:
➢ жер беті ретінде
➢ экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде
Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа
технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын
жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі
жылдан жылға қысқаруда.
2. Капитал:
➢ Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.
➢ Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда
ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа
мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол
байланыс қызметі).
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы
қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып
алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға
айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбек екі жақты түсіндіруге болады:
– адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.
– өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек
ресурстары.
Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік
немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі.
Білім деңгейіне қарай:
– көп дайындықты қажет ететін еңбек,
– көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,
– ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбекдеп бөлінеді.
4. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді
пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі. Оған мынадай
қасиеттер тән болуға тиіс.
1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның
білім деңгейі жоғары болуы керек.
2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.
4). Тәуекелшіл болуы тиіс.
3. тақырып. Меншік және экономикалық жүйе

1. Меншіктің қатынастарының мазмұны.
2. Меншікті ұлттандыру, мемлекетсіздентіру және жекешелендіру.
3. Экономикалық жүйе түсінігі, типтері және жіктелуі.

Мақсаты: Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке
меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін
көрсету. Студенттерде кәсіпкерліктің негізгі экономикалық жағдайын: нарыққа
тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қазметтердің алуан түрлерін түсіндіру.

1. Меншіктің қатынастарының мазмұны.
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне
жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын
және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын
қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұ рыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен
салыстыру қажет.
Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы
берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін
құрайды. Меншік және иемдену деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке
танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар
жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену – шаруашылық өмірдің
жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда
адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген.
Қоғамдық қатынас екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың
дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы
қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар
өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады.
Ағылшын заңгері А.Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің толыққанды кешенді
құқықтарын ұсынды. Оны бір буда құқық немесе Оноре тізбесі деп атайды
және ол 11 элементтен құралады:
1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін алуға деген
құқығы.
3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай
шешетіндігі жөніндегі құқығы.
4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай да бір
нәтижеге жете алу құқығы.
5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою құқығы.
6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы
ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы.
8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздіқ құқығы.
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау
құқығы.
10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге
игіліктермен жазалау мүмкіндігі.
11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шарала-рын қалпына
келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Меншіктік түрлерінің өзгеруінің екі жолы бар: эволюциалық
(бәсекелестік негізде) және революциалық (зорлықпен иемдену). Меншіктің
барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты.
Иемденуге байланысты меншік түрлері- бұл:
- жеке - жеке қосалқы шаруашылық; еңбек шаруашылығы; жеке еңбек
қызметін көрсету; жеке меншік;
- ұжымдық – кооперативтер; ұжымдық, жалгерлік кәсіпорындар;
серіктестіктер; акционерлік қоғамдар; ассоциациялар;
- мемлекеттік – жалпы мемлекеттік; миниципалдық; мемлекет аумағындағы
әкімшілік құрылымдар.
ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес меншік формалары мынадай түрлерге
бөлінеді:
- жеке меншік: азаматтардың, заңды тұлғалардың:
- мемлекеттік: республикалық, облыстық, муниципалдық;
- жалпы: біріккен, үлестік.
Меншік субьектілері: жеке азаматтар, ұжымдар, мемлекет және т.б
Меншікті объектілері: өндірілген өнім, жұмыс күші, жер, табиғи
ресурстар, тұрғын және өнеркәсіптік ғимараттар, құнды қағаздар және т.б.
Бұлар меншік субьектісінің белгілі бір затты пайдалануға, иемденуге ерекше
құқығы барын сипаттайды. Нарыққа өтудегі негізгі мақсат - ол меншікті
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру болып табылады.

2. Меншікті ұлттандыру, мемлекетсіздентіру және жекешелендіру.
Мемлекет иелігінен алу - меншік сипаты өзгермейді, тек шаруашылықты
тікелей басқаруда мемлекеттің қызметі жойылып, бұл қызмет кәсіпорын
деңгейіне беріледі.
Жекешелендіру - меншікті сату немесе белгілі бір шарттар арқылы басқа
экономикалық тұлғаларға беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл экономикалық
тұлғалар енді меншік иесі болып табылып, оны шаруашылық қызметіне
пайдланады және нәтижесінде толық мүліктік жауапты болады. Жекешелендіру
экономикалық мақсаттардан туындайды.
Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін
жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің
тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
итермелейді.
Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.
2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды)
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу
процесі Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта
жүргізіледі.
1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және
халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше
маңызды кәсіпорындары.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу
процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық
экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады.
Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік
иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз
түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен
конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы
нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру
жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын
қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті
сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын
қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік
деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды
мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар
мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты
мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін
арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен
бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық
негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске
қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің
негізгі мақсаты мынада:
– шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын
қалыптастыру;
– бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды
қамтамасыз ету;
– шағын және орта бизнесты дамыту;
– жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
– бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым
жүйесін дамыту және нығайту.

3. Экономикалық жүйе түсінігі, типтері және жіктелуі.
Экономикалық жүйе – экономиканың өзара байланысқан элементтерінің
жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі
сыныптамасы бар:
1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:
1) Жабық экономикалық жүйе – бұл барлық іскерлік белсенділік
операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың
ұйымдастырылуы.
2) Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың халықаралық экономикалық
қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық
валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
2. Меншік қатынастары бойынша:
1) Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған салт-
дәстүрлерге негізделген қатынастар. Бұл жүйенің сипатты белгілері:
- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге
негізделеді;
- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс
қарқынының тым төмен болуы;
- техникалық прогресстің шектелуі;
- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан
тұрақты түрде артып отыруы;
- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
2) Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтанды-рылған
жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын
алуына негізделген қатынастар. Сипатты белгілері:
- өндіріс құрал-жабдықарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;
- экономиканы орталықтан жоспарлау;
- өндірушілердің монополиялануы;
- ресурстардың орталықтандырылған қоры.
- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
3) Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін
бәсекелестіккке негізделген қатынастар. Сипатты белгілері:
- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
- кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;
- шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;
- шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;
- өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелес-тік,
бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.
4) Аралас экономикалық жүйе – нарықтық тетіктер мен экономиканы
мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар. Сипатты
белгілері:
- әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;
- көптүрлі меншіктің болуы;
- күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы;
- мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.
3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогрестің даму
деңгейі бойынша:
1) Индустриалдыққа дейінгі жүйе – қол еңбегіне негізделген натуралдық
шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген
жүйе.
2) Индустриалдық жүйе – тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты
ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.
3) Постиндустриалдық жүйе – басты саласы – экономикалық-өндірістік
емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс
ретінде саналатын жүйе.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты
міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке
қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы
және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы
монополиясыздандыру.
5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы
бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз
ету.
4 тақырып. Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша.

1. Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәні.
2. Тауар және оның қасиеттері. Құн теориялары.
3. Ақшаның мәні және қызметтері.

Мақсаты: Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда
болуы тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру.

1. Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәні.
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға
бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық.
Натуралды шаруашылық сипаттамасы
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады.
Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.
Тауарлы шаруашылық сипаттамасы
1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.
2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.
3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс.
Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.
Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама
беруге болады.
Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі
болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының
қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік
береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа
шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін
өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілері мыналар:
– өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
– өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей
көлемде өндіріледі.
Алайда өндірдік- тұтындық - приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес
екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің
әлемдік нарықтан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді,
сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты.
Тауарлы шаруашылық - деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер
мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын
шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім
шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі,
яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
Олардың негізгі белгілірі мыналар:
- жеке меншіктің болуы;
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары
арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы
қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Тауарлы өндірістің даму
сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.
• жеке меншіктің пайда болуы;
• тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабілеттілігі;
• еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
• қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы
сатуға арналды;
• экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

2. Тауар және оның қасиеттері. Құн теориялары.
Тауарлы шаруашылықтың нәтижесі – тауар болып табылады.
Тауар дегеніміз бұл – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі.
К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:
– адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
– басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін
қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға
айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге
жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын
өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын
пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, нақты нәтижесімен көрінеді.
Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның
жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты
түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы
еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.
Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық
еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның
мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен
өлшенеді.
Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының
көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік
ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

3. Ақшаның мәні және қызметтері.
Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен
тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір
немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен
бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын,
тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе
бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа
тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деп
аталды.
Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда
монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині
Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы
монета сарайы сонда болған.
Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен
тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін
несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда
басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады.
1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің банкнот деп аталатын қағаз
ақшаларын шығара бастады.
Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды: яғни
• металдық
• номиналдық
• сандық теорияларына байланысты болады.
Ақшаның металдық теориясы - капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды,
яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде,
әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері меркантелистер
мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты.
Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша
тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын
мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ.
Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ
экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр
ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін
қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі
айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.
Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп, олардың айырбасында
аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент Кез келген тауар өзінің
құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:
- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
- Пайдалануға өте ыңғайлы
- Мүлтіксіз сақталынуы
Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.
Баға - деп тауар құнының ақшалай көрнісі.
Ақшаның атқаратын қызметтері.
1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен
тұрады.
2. Айналым құралы – ақша тауар айырбасы процесінде аралық қызмет атқарады.
Т – А – Т. Осы қызметті ақша қолма - қол түрінде атқарады, себебі олар
нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды.
3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта
отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын,
жалақылы, дивидендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие
қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды:
вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка,
электрондық ақша.
4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және
жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге
пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін
қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің
белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық
кездейсоқтығынан сақтандырады.
5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты
валюта болып табылады.

5 тақырып. Нарық және бәсеке

1. Нарықтың мәні және түрлері.
2. Бәсеке: түсінігі және түрлері.
3. Нарық инфрақұрылымы және негізгі элементтері.

Мақсаты: Нарық туралы толық түсінік қалыптастыру, нарық элементтерін
және олардың мәнін ашып қарастыру.

1. Нарықтың мәні және түрлері.
Нарық – бұл өндіріу, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу
арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.
Нарықтың негізгі элементтері сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке.
Сұраныс - бұл тауарларға қажеттілік, яғни сатып алушылардың өздеріне
қажетті тауарлар мен қызмет түрлеріне ақша төлеу қабілеттілігі.
Ұсыныс - бұл өндірушілердің белгілеген бағалар бойынша сатуға
дайындаған тауарларының жиынтығы.
Баға - тауарға деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты нарықта еркін
қалыптасады.
Бәсеке - нарықтық қатынасқа қатысушылардың тауар өндіру, оны сату,
сатып алудың ыңғайлы жағдайлары үшін экономикалық сайысы.
Нарықтың сипаты оның субьектілері мен олардың іс-әрекетін талдаумен
байланысты.
Нарықтықтың субьектілері:
- үй шаруашылығы - тауар мен қызметтерді сатып алады, өндіріс
факторларына ие, өз меншіктерін фирмалар мен үкіметке сатады
- мемлекет – заңдық және саяси билікті жүзеге асыратын үкімет мекемелері
- фирмалар - өндіріс факторларын пайдалану арқылы тауар мен қызметтерді
өндірушілер
Нарық обьектілері - материалдық игіліктер мен қызметтер, өндіріс
факторлары, өндіріс ресурстары, ақша, бағалы қағаздар және т.б. жатады.
Нарықтың атқаратын қызметтерді:
1. Реттеушілік - тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі, яғни не өндіру
керек, кім үшін өндіру керек және қалай өндіру керек деген мәселелер
шешіледі
2. Баға белгілеу - өндірушілер мен тұтынушылардың тауар мен қызметке деген
сұранысы мен ұсынысының өзара әрекетінің нәтижесінде нарықтық баға
қалыптасады
3. Делдалдық - нарық өндірушілер мен тұтынушылар арасында делдал бола
отырып, оларға сауда саттықтың тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік береді
4. Ынталандырушылық - баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді
қысқартып, жаңа техника-технология енгізу, еңбекті ұйымдастыруды
жетілдіру арқылы шығындарды азайтуға ұмтылады
5. Ақпараттық - баға арқылы тауар өндірудің технологиялық дәрежесі мен
шығындары, шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы
экономикалық ақпарат беріп отырады
Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
– өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
– кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
– экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
– экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
– өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Нарықтың өзіне тән артықшылықтары мен кешіліктері болады.

Артықшылығы

– өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;
– шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды
оперативті қолдану;
– шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың
тәуелсіздігі;
– әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен
қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері

– нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
– қоғамда теңсіздікті туғызады;
– тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;
– нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің
қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

2. Бәсеке: түсінігі және түрлері.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені
нарықтың - Көрінбейтін қолы деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық
субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін
тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы
арқылы нарық қалыптасады.
Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни
қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары
үшін кәсіпкерлердің өзара күрес экономикалық жарысы. Бәсеке екі түрге
бөлінеді:
1. Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен
сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы
мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның
бағасын бақылай алмайды.
2. Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі
ерекше өндірушінің пайда болуы.
Жетілмеген бәсекенің түрлері
Монополия (monos – біреу, poleo – сатамын) – бір жеке адамның, топтың
немесе мемлекеттің бір экономикалық әрекетке ерекше құқығы яғни бір
сатушының ерекше шаруашылық жағдайы. Монополияны ұйымдастырудың бірнеше
түрі бар: картель, синдикат, трест, концерн, конгломет
Монопсония (monos + opsoniа - өнім сатып алу) – бір сатып алушының,
өзінің қойған шартына сәйкес өнімнің бір түрінің барлығын сатып алуға
мүмкіндігі бар ерекше жағдайы.
Олигополия (oligos – аз, poleo – сатамын) – тауардың бір түрін өндіру
мен өткізудегі бірнеше ірі фирмалардың үстемдігі.
Олигопсония – нарықтағы бірнеше сатып алушылардың үстемдігі.
Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге
болады:
1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс
факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын,
энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда
болады.
3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының
ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі - өндірістің және капиталдың
шоғырлануы.
Монополияны ұйымдастырудың түрлері
Картель - тауар қызет көрсету бағасы, шығарылған өнім мен өткізу
нарығын бөлу, өндіру мөлшері туралы монополистік келісім.
Синдикат - өнімді бірлесіп өткізу мақсатында бір саланың
кәсіпкерлерінің бірігу
Трест - меншікті біріктіру, өндірісті жалпы басқару және тауарды
өткізу негізінде бірігу.
Концерн - өндірістік, ғылыми-техникалық даму, сондай-ақ инвестициялық,
қаржылық, сыртқы экономикалық және басқа да қызмет функцияларын ерікті
түрде орталықтандыру негізінде құрылған кәсіпорындар бірлестігі.
Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі
жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

3. Нарық инфрақұрылымы және негізгі элементтері.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады.
Нарықтың инфрақұрлымы - дегеніміз нарықтағы тауарлар мен қызметтердің
еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттар
жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі жабдықтау,
өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар.
Нарықтың экономикалық құрылысы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
– меншік формалары бойынша: (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
– шаруашылық субъектілернің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес
салмағына байланысты тауар өндірушілердің құрылымы (мемлекеттік,
арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары);
– тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
– шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және
жекелендіру дәрежесімен;
– осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ
Экономикалық ілімнің пәні және зерттеу әдістері
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті шарттар мен жағдайлар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Пәндер