Жоғарғы ағын
8 Лекция. Жоғарғы ағын
Ең үлкен (максималды) ағын - бұл жоғары таскын су мен су тасу кезендеріндегі өзен ағыны. Оны зерттеу мен есептеу үлкен мәнге ие, себебі ең үлкен су ағынының көлемі өзендердің жиынтық жылдық ағынының 50-90% кұрайды. Ең үлкен су өтімі - жауапты және қымбат су тастау мен су өткізу гидротехникалык кұрылыстарын жобалау кезінде шешуші болып табылатыны өзінен-өзі түсінікті. Ең үлкен ағынды есептеулерде жіберілген қателердің салдары өте ауыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда ірі сутораптарындағы апаттардын 23 %-нің себебі есепті ең үлкен су өтімі шамаларын төмен есептеу болды, яғни су қашыртқыштың (тастағыш) өткізу кабілеті мен өлшемдерінің жеткіліксіздігі. Апаттар әсерінен орасан материалдық шығындар келтіріліп, көптеген адам шығындары тіркелуде. Ең үлкен өтімдерді тым жоғарылату гидротехникалык құрылыстардың өлшемі мен құнын өсіріп, сушаруашылық іс-шаралардың жалпы тиімділігін төмендетуге алып келетіні де жасырын емес.
8.1 Ең үлкен ағынның қалыптасу ерекшеліктері
Шығу тегіне қарай өзендердің ен үлкен ағынын 3-ке бөледі: көктемгі су тасу, жаңбырлык тасқын су және аралас (қар еру мен жаңбыр) ағын.
Көктемгі су тасу Қазакстаннын көптеген өзендеріне тән. Осы кезенде сужиғыға түсетін су көлемін анықтаушы негізгі факторлар - қар жамылғысының тығыздығы мен биіктігі, оның таралу сипаты мен ауданы.
Көктемгі су тасудың ағынына қар еру қарқындылығы едәуір әсер етеді, яғни уакыт бірлігінде пайда болатын еріген сулар көлемі. Ол күн радиациясына, ауа температурасына, жел жылдамдығына, ландшафт сипаттамаларына тәуелді. Қардың су беруі қар еруден біршама кешігіп іске асады. П.П.Кузьминнің мәліметі бойынша еріген судың топырак бетіне түсе бастауы - кар жамылғысындағы бастапқы ылғал корынын 15-тен 25% -ға дейіні еруіне сәйкес.
Су берудің ұлғаюына көктемгі жаңбырлар да көмектеседі. Оның әсері арқылы қардың кұрылымы бұзылып, жинақтау қабілеті азаяды. Қар еру нәтижесінде пайда болған судың бар-лығы өзен жүйесіне түспей, бір бөлігі (10%-ға дейін) қар мен еріген судың бетінен буланып, тағы бір бөлігі топыраққа сіңіп жоғалады.
Еріген қар сулары, беткей бойымен аға отырып, жер беде-рінің ойпат жерлерін толтырады және өзен алабының гидрографиялық жүйелері бойынша таралады. Сужиғы ауданы үлкен болған сайын оның жинақтау қабілеті мен су тасу ағының тегістеу әсері күшейетіні түсінікті. Осыған байланысты ең үлкен ағын модулі азайып, су тасудың ұзақтығы артады, ал гидрограф пішіні созылыңқы, біртегіс бола түседі.
Көлдер, тоғандар және су қоймалары еріген қар суларының бір бөлігін ұстап қалады, оның салдарынан көктемгі су тасудың ең үлкен ағыны кішірейеді. Еріген қар сулары орманда да жиналады, атап айтқанда, көктемгі су тасудың максимумы төмендеуі ормандылық дәрежесі, орман орналасуы мен алаптағы орман екпелері құрамына байланысты. Жазықта орналасқан аудандардың су тасуларының гидрографы, әдетте, біршыңды.
Таулы аудандардың өзендері, көпшынды су тасуларымен сипатталады. Жаңбырлық тасқындарды ұзақ жаңбырлар және нөсерлер тудырады. Ең үлкен жаңбыр ағынының қалыптасуына әсер етуші ең маңызды факторлар:
- жаңбыр қаркындылығы, оның ұзақтығы мен жаңбыр қамтыған ауданы, судың топырақка сіңуі, жаңбыр суларының алаптың арналықжүйесіне жетуі. Жаңбыр қарқындылығы і=һt - ең үлкен жаңбырлық өтімдердің қалыптастырылуындағы басты фактор (h-жауын-шашын кабаты, мм; t -жаңбыр ұзақтығы, мин). Жаңбырлық таскын судың максимумының қалыптасуында жоғары қарқындылықты нөсерлік ағынның гидрографының орталық бөлігі негізгі мәнге ие.
Қабылданған есепті ұзақтылығына байланысты нөсердің қарқындылығын (жауын-шашынды бақылау мәліметтері бар кезде) Г.А.Алексеевтің әдістемесімен тұрғызылған жауын-шашынның аудандык редукция қисықтары арқылы анық-тайды. Жаңбыр суының 70-80% -ға дейіні топыраққа сіңуге шығындалады, яғни 0,20-0,30 ағын коэффициентіне сай. Ал қарлық су тасуда ағын коэффициенті 0,30-0,50 -ден асып бір санына жақындауы мүмкін. Бұл кар еру және жаңбыр жауу кезендерінде топырақ ылғалдануының дәрежелері әртүрлілі-гімен түсіндіріледі.
Нөсерлік таскын сулардың қалыптасуына нөсерлік сулардың алаптың арналық жүйесіне жетуі факторы үлкен әсер етеді. Жаңбырлық ағыннын қалыптасуы физикалық-географиялық факторлардың (жер бедері, топырақ-геологиялық жағдай, көлденулік, батпақтану, ормандану және т.б.) әрекеті арқылы жүреді. Далалық аймактардагы өзендерде қалыптасқан жаңбырлық тасқын сулар гидрографтарының пішіні көбінесе біршынды.
8.2 Есепті ең үлкен су өтімдері
Ең үлкен су өтімдері өзендерде немесе уақытша су ағыста-рындағы көктемгі су тасу немесе жаңбырлык тасқын су өту уақытында бақыланатын лездік немесе орташатәуліктік су өтімдерінің әр жылдағы ен үлкен мәндері. Оларды өткізу үшін су қашыртқы және су өткізу гидротехникалық қүрылыстары-ның тесіктері есептелінетін есепті ең үлкен су өтімдерін анық-тау - сушаруашылық нысандарын жобалау кезіндегі жауапты міндеттердің бірі.
Есепті ең үлкен су өтімдерінің қамтамасыздықтарын (9-кесте), кұрылыстың сыныбын ескеріп тағайындайды. Шаруа-шылықтың мәндері мен пайдаланудың қалыпты режимінің бұзылуының мүмкін салдарына немесе бұзылуына байланыс-ты барлықтұрақты және уакытша гидротехникалык кұрылыстар сыныптарға бөлінеді (СНиП 2.06.01-86).
Кесте 9- Есепті ең үлкен өтімдердің жыл сайынғы асып түсу ықтималдығы (%)
Есепті жағдай
Гидротехникалық құрылыстың сыныбы
I
ІІ
ІІІ
IV
негізгі
0,1
1,0
3,0
5,0
сенімді
0,01
0,1
0,5
1,0
Негізгі есепті жағдай үшін есепті ең үлкен өтімді өткізу ка-лыпты тежелген деңгейде (ҚТД) қамтамасыз етілуі тиіс, сенімді жағдай үшін есепті ең үлкен өтімді өткізу су торабының барлық кұрылымдарымен техника-экономикалық есептермен негізделген тасқынды су деңгейінде (ТСД) қамтамасыз етілуі қажет. Бұзылуы зияны көп жағдайға алып келетін гидротех-никалық құрылыстардың асып түсу ықтималдығы 0.01% (10000 жыл) ең үлкен су өтімін өткізу мүмкіндігін тексерген жөн. Гидромелиоративтік нысандардың құрылым сыныбы мен сәйкес есепті ең үлкен өтімдерін суландыру және құрғату ауданы немесе мелиоративтік бағыттағы су қоймасы көлеміне байланысты тағайындайды:
Кесте 10.1 - Мелиоративтік жүйелердің гидротехникалық құрылыстарының суландыру және құрғату ауданы, мың га
Ауданның өзгеру аукымы
Құрылыс сыныбы
300-ден жоғары
I
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz