БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Филология факультеті

Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы

Ташметова Дилафруз Махмуджанқызы

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

7M01708-Шет тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері)

Түркістан-2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Инклюзивті білім беру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың пікірі
1.2 Ағылшын тілі сабақтарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдер

2 МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯ

2.1 Факторлық талдаудың теориялық негізі
2.2 Корреляциялық талдаудың теориялық негізі
2.3 Регрессиялық талдаудың теориялық негізі

3 SPSSБАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАЛДАУЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ

3.1 Факторлық талдау нәтижелері
3.2 Қалыпты шашылым нәтижелері
3.3 Корреляциялық талдау нәтижелері
3.4 Регрессиялық талдау нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Егер бала біз оқығандай
оқи алмайтын болса, демек
біз сол бала сияқты оқуымыз керек
Игнасио Эстрада
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ағылшын тілі сабағында жұмыс жасаудағы өзекті мәселе - инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша,мектеп,институт,мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру құқығына ие.
Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау үдерісі. Осы терминнің мәнін нақты анықтауда бірнеше мәселелер туындайды. Қазіргі заманғы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, бұл мәселемен әлемдегі педагогтар қоғамдастығы айналысады. Зерттеулер көрсеткендей, мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үдерісі әр елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Инклюзивті білім беру тарихи даму кезеңінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі көптеген кедергілерден, яғни жек көру позициясынан, осы категориядағы балаларды оқшалау жолынан өтіп, инклюзив позициясына жеткен. Қоғамның мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген идеологиясының қайта бағдарлануымен байланысты 18 ғасырдан бастап, жаңа заңдар, құжаттар қабылданып, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға құқық берілген [1].
Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық ерекшеліктеріне, тұрғылықты жерлеріне сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыру, оларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға интеграциялау; бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролінің маңызын арттыру. Инклюзивті білім берудің міндеттері: - ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуындағы заңдылықтарды зерттеу; - жалпы білім беру және арнайы білім беру жүйелерін зерттеу; - ерекше білімді қажет ететін балалардың ерекшеліктерін ескеретін білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыру; - жалпы білім беретін мектептердегі түзетушілік жұмыстардың мүмкіндігін анықтау және сәтті жүзеге асуын болжау; Бәріне бірдей мүмкіндік принципін ұстанатын инклюзивтік білім беру үдерісі арнайы білім берудің перспективалық дамуы болып табылады. Бұл термин Сапалы білім -барлығы үшін түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру [2].
Қоғамда ағылшын тілінің рөлі ерекше. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары балаларына жақсы білім алуына тырысып бағуда. Қазіргі күнде жалпы орта мектептерде де ағылшын тілі сабағында инклюзияны кіріктіру тәжірибеде қолданылып жатыр. Мұнда ең бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі балаларға тоқталып отыр. Мәселен, кейбір мектептер Даун синдромымен ауыратын балаларды ағылшын тіліне үйрету жауапкершілігін алып, күтілген нәтижені алды.
Осындай мектеп мұғалімдерінің бірі ағылшын тілін тіпті қарапайым деңгейде білудің өзі мұндай балаларға өз бетімен әрекет етуге, қатарластарымен қарым-қатынасқа оңай түсуіне көмектесетінін дәлелдеді. Осылайша, инклюзивті білім берудің негізгі тапсырмасы - мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуін қалыптастыру жүзеге асады.
Зерттеудің гипотезасы:
Н1: Инклюзивті сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің біліктілік деңгейі мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жасауға жеткілікті.
H2:Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдерді таңдау ерекше маңызға ие.

Зерттеудің мақсаты: Ағылшын тілі сабақтарында инклюзивті білім беруді және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қолданылатын әдіс-тәсілдерді талдау
Зерттеу пәні:
Ағылшын тілі сабақтарында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс
Зерттеу объекті:
Ағылшын тілі сабақтарында мүмкіндігі шектеулі оқушылар
Зерттеудің міндеттері:
Инклюзивті білім берудің мақсат-міндеттерін анықтау;
Ағлышын тілі сабақтарында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді салыстыру;
Зерттеу жұмысына байланысты сауалнама жүргізу, сауалнаманы SPSS бағдарламасы бойынша талдау.
Жобаның құрылымы:
Ғылыми жоба 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауында ағылшын тілі сабақтарында инклюзивті білім беруді талдау тақырыбы теориялық тұрғыдан зерттелді және де ғылыми жоба барысында төмендегі сұрақтар қамтылды:
Инклюзивті білім беру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың пікірі және ағылшын тілі сабақтарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдері қарастырылды.
Ғылыми жобаның екінші тарауы методологиялық тұрғыдан зерттелді зерттеу барысында факторлық, корреляциялық, регрессиялық талдаулардың теориялық негізі қарастырылды.
Ғылыми жобаның үшінші тарауы анализ тарауында жоба тақырыбына сай сауалнама алынды. Сауалнамаға 32 респондент қатысты, және осы қатысқан респонденттердің пікірі талданды. Сауалнама нәтижелері SPSS бағдарламасы бойынша талданды.

1 АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ПІКІРІ

Инклюзивті білім беру - ерекше білім қaжеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, бaрлық оқушылaрдың білім aлуынa тең қол жеткізуді қaмтaмaсыз ететін үрдіс. Ерекше білім қaжеттігі бaр оқушылaр - денсaулығынa бaйлaнысты білім aлудa ұдaйы немесе уaқытшa қиындық көріп жүрген, жaлпы білім бaғдaрлaмaлaрын қaжет ететін тұлғaлaр [3].
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалы қ қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;
* олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;
* мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
* балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;
* баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;
* көңіл - күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:
1. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.
2. Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.
3. Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.
4. Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.
Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар
* Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
* Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
* Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
* Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
* Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы;
* Инклюзивті білім берудің көпаспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
* Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
* Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
* Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
* Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
* Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау [4].
Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің негізгі ортасы болуы тиіс. Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады: - инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру; - ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқуәдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу; - мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту; - мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу; - инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу[5].
Ғалымдардың зерттеуі бойынша инклюзивті мектептердің болуы тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, қалыпты дамып келе жатқан балаларға да оң ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі құрбыларына көмектесе отырып, қалыпты дамып келе жатқан балалар білім беру және әлеуметтік іс-әрекеттерге белсенді қатысып қоймай, адамгершіліктің өмірлік сабақтарын да алып отырады. Бұл оң тәжірибе әлеуметтік саналылықтың, адамдар арасында айырмашылықтың болмауы, өзін өзі құрметтеу мен өзін өзі бағалау, өз ұстанымдарын қалыптастыру, ең соңғысы, шынайы достық пен қамқорлықтың өсуінен көрінеді. Шетелдік және отандық тәжірибелерге талдау жасай отырып, біз педагогтардың инклюзивті білім беру саласындағы біліктілігін көрсететін кәсіби көрсеткіштер тобын белгілеп көрсеттік:
:: инклюзивті білімнің нормативті-құқықтық негіздерін теориялық білу;
:: инклюзивті білім беру жағдайында оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін құрастырудың ерекшеліктерін білу;
:: инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникативті технологиялардың негіздерін практикалық білу;
:: барлық субъектілерді қатыстырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары арасындағы дұрыс қарым-қатынасты құрастыра білу қабілеті;
:: мүмкіндігі шектеулі балалар мен қалыпты дамып келе жатқан балалар үшін дидактикалық жобалау, психология, дефектология, логопедия және психологиялық заңдылықтардың негіздері туралы теориялық және әдістемелік білім алу;
:: мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру ортасында оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша өз бетімен кәсіби білім алуды жобалау және жүзеге асыру;
:: жалпыға бірдей білім беру үдерісінде этикалық нормаларды сақтау, толеранттылықты және кедергісіз ортаны қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерінің көрінуі [6].
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналар тобында да кейбір проблемалар туындауы мүмкін, мысалы ата-аналардың да мұғалімдер сияқты психологиялық дайындығының болмауы немесе арнайы білім алмауы, мүмкіндігі шектеулі баламен қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын толық меңгермеуі-көптеген қиындықтар туғызуы сөзсіз. Кіріктіру қазіргі заманғы инклюзивті білім беру кезеңі белгілі бір қиындықтармен байланысты, мысалы, кедергісіз ұйымдастыру мектептегі орта, оқу және әдістемелік материалдардың болмауы, дайындық мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер, көпшілік мектептерде қолдау қызметі мамандарының болмауы, ұйымдастырушылық және қарым-қатынас қиындықтар. Бұл проблемалардың болуы мүмкін ата-аналардан баланың мектепке бейімделу процесіне белсенді қатысуын, мұғалімдермен белсенді қарым-қатынасты талап ету ата-аналар көптеген стресстік оқу және оқудан тыс жағдайлардың көзі бола алады [7].
Н. Н. Малофеевтің психологиялық-педагогикалық зерттеулері дені сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың қарым-қатынасы мен өзара іс-қимылы инклюзивті білім берудің табыстылығының негізгі факторы екенін дәлелдейді [8].
Л. Ю. Беленкованың пікірінше, инклюзия әр оқушының академиялық және мектептің әлеуметтік өміріне өз үлесін қосуы , сондай-ақ оқушылардың оқшаулану деңгейінің төмендеуі мектеп ішінде болып жатқан процестерге тікелей қатысуы болып табылады [9].
Бір жағынан, білім беру жүйесі әлемдік үрдістерге сүйене отырып, қайта құрылуда, ал екінші жағынан, қоғам мұндай өзгерістерге әрдайым дайын бола бермейді. Бұл білім беру жүйесі субъектілердің мүдделерінің қарама-қайшылығын анықтайды. Қарама-қайшылықтар ата-аналар баланы оқытудың жоғары нәтижелеріне, білім беру процесінің қарқындылығына, емтиханда баласының жоғары ұпай жинауына деген сеніммен болса алайда үміттері ақталмаса қарама-қайшылықтар мектептегі білім беру жүйесінде сонымен қатар ата-ана мен мұғалім арасында да пайда болады. Т. А. Пономареваның айтуы бойынша, мемлекеттің тапсырмасын орындауға қоғам әлі дайын еместігіне көз жеткізе аламыз [10].
Мектеп шеңберінде даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен олардың сыныптастарының ынтымақтастығы және өзара іс-қимылы оқу іс-әрекеті аясында және оқудан тыс іс-әрекетте үлкен көмегін тигізеді. Кіші мектеп жастағы балалар үшін оқу процесі мұғалімнің беделімен сипатталады. Біздің ойымызша, коммуникативтік қарым-қатынас инклюзивті оқытудың негізгі іс-ірекеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі білім беру бағдарламаларын талдап қарайтын болсақ, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көп көңіл бөлінуі керектігін және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор екендігін айтады [11].

1.2 АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Мектептерге инклюзивті білім беруді енгізу міндеті бaрлық бaлaлaрдың мектеп қaбырғaсындa бірлескен қaрым-қaтынaс және әрекеттестік тәжірибесін жинaқтaуынaн, өзге aдaмдaрдың әлеуметтік жaғдaйынa, ұлтынa, денсaулығынa қaрaмaстaн, өз мүддесі мен олaрдың мүдделерін келістіруден тұрaды. Өйткені, білім aлу мүмкіндіктері мен сұрaныстaры әртүрлі оқушылaрды бірге тәрбиелеу мен оқытуғa бaрыншa жaйлы жaғдaйды қaмтaмaсыз ету қaжет.
Инклюзивті білім беруді енгізуге aрнaлғaн шaрттaр:
:: мектеп бaсшысының ниетінің болуы және ынтaсының ерекшелігі;
:: мектеп мұғaлімдерінің өз сыныбының құрaмынa денсaулық мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды (бұдaн әрі - ДМШ) қосуғa психологиялық дaйындығы, олaрдың инклюзивті білім беру философиясын, оның негізгі құндылықтaры мен мaқсaттaрын түсінуі және қaбылдaуы;
:: педaгогикaлық ұжымның инклюзивті білім беруді істәжірибелік тұрғыдa жүзеге aсыруғa әдістемелік дaйындығы, инклюзивті іс-тәжірибені ұйымдaстыру технологиялaры мен әдістерін меңгеруі;
:: мектеп ұйымындa қaжетті мaмaндaрдың (тьюторлaрдың, дефектолог мұғaлімдердің, логопед мұғaлімдердің, педaгог-психологтaрдың және т.б.) немесе психологиялық-педaгогикaлық түзету кaбинеттерімен, оңaлту ортaлықтaрымен және өзге ұйымдaрмен осы мектептегі ДМШ бaлaлaрғa кеңес беру, оқу-әдістемелік қолдaу және психологиялық-педaгогикaлық сүйемелдеу турaлы шaрттың болуы;
:: мектепте оқушылaрды оқыту және тәрбиелеу үшін aрнaйы жaғдaй жaсaу, соның ішінде қолжетімді, кедергісіз ортa құру;
:: педaгогтер біліктілігін aрттыру мүмкіндігі. Мұндaй сыныптaрдa жұмыс жaсaйтын мұғaлімдер міндетті түрде кәсіби дaйындықтaн өтуі керек [3, 30-31].

Ағылшын тілі сабағына инклюзивті білім беруді кіріктіруде мынадай әдістер кеңес беріледі:
* жаңа сөздердің есте сақталуы мен күнделікті тілде қолданылуы үшін лексикалық жаттығулар ұйымдастыру;
* балалардың ағылшын тілімен құлшыныспен айналысуына көмектесетін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану;
* жағымды психологиялық ахуал орнату;
* мұндай балаларға арналған CD-ға жазылған қарапайым тапсырмалар мен аудиматериалдарды қолдану;
* әр сабақта мүмкіндігі шектеулі балалардың кішкене нәрседен де қуануына дағдай жасау;

Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беру әдісін қолданудың жарқын мысалдарының бірі - көзі нашар көретін балаларды оқыту.Нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін адамдар басқалар секілді өз мүмкіндіктерімен, қабілеттерімен өмірлік тәжірибе жинайды, дамиды. Көптеген тәжірибелер көзі қалыпты көретіндердің миы мен көзі нашар көретіндердің миы ерекшеленеді деген пікірді теріске шығарды. Бірақ көзі нашар көретін және мүлдем көрмейтін балалар мен көзі жақсы көретін балалардың арасында айырмашылық бар. Осы сипаттамаларын және олардың себептерін біле отырып,шетел тілі мұғалімі ықтимал ауытқушылықтардың алдын алу үшін, оларды дұрыс дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әртүрлі тапсырмалар мен ойындар баланың өтілген ақпаратты оңай және тез есте сақтауына көмектеседі. Оларды шет тіліне үйрету үшін арнайы іс-шаралар және қажетті, нақты оқу-әдістемелік материалдар қажет.
Бірақ, осындай балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер көзі мүлдем көрмейтін балаларға ағылшын тілін үйрету үшін мектептерде қажетті материалдардың қол жетімді еместігін айтады. Сондықтан, көптеген тифлопедагогтар көзі мүлдем көрмейтін балалармен жұмыс жасағанда тыңдау әдісін қолданады. Өйткені тыңдау бұл олардың білім алуға және шетел тілін дамытуына жалғыз мүмкіндік. Әрине, ағылшын тілін тыңдау арқылы үйрену - айтарлықтай қиын тапсырма. Ағылшын тілін білетін мүгедек-мамандардыз аз екендігі - өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Дарынды, талантты балалар мен жастарға қолдау көрсету маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады. Бұл инклюзивті оқытумен тығыз байланысты. Педагогтардың ойынша, дарынды балалармен жұмыс жасағанда дарынды балалардың мына қасиеттерін есте сақтау маңызды: жақсы есте сақтау, ақылдылықтың жоғарғы деңгейі, сөздік қордың молдығы.

Естуінде ауытқуы бар балалармен тыңдау әдісін көп қолданған дұрыс. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Тыңдауға дайындалу;.
2. Тыңдау (бірнеше рет).
3. Естігенімізді бекіту үшін жаттығулар орындау.
Әрине, құлағы естімейтін балалар жақсы еститін балалар сияқты ағылшын тілінде нақты дыбыстай да, сөйлей де алмайды. Олардың туа пайда болған кемшіліктерін түсіне қарап, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамның бір толыққанды мүшесі ретінде қабылдай отырып ағылшын тілін үйрету керек. Инклюзивті оқытудың мақсаты олардың өзіне деген сенімін арттыру, олардың әлеуметтенуіне көмектесу. Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда денсаулығы жақсы қатарластарының арасында бейімделе алмаушылық, үйренуге көп уақытты талап ету мәселелері туындайды. Бұл мәселені тек мектепте немесе сыныпта емес, қоғаммен бірлесе отырып шешу керек.
Оқытудың қызықты және тиімді әдістерінің бірі ақпараттық технологияларды пайдалану. Компьютерді пайдалану заманауи оқытудың бөлінбес бөлігі. Ағылшын тілінде презентациялар мен бейнежазбалар, мультфилмдер көп пайдаланылады.
Есте сақтайтын жайт, компьютерді тек көңіл көтеру үшін фильмдерді көруге қолданбау керек. Бір өлшенеді, ақылға қонымды және тиісті бағдарлама.
Барлық материал ақылға қонымды, тиімді, тиісті, бағдарламаға сай болуа керек. Бейнежазбаның әсері болуы үшін бірнеше шарттарды орындау керек. Біріншіден, мазмұны оқушының тілдік деңгейіне сәйкестендірілуі керек. Екіншіден,бейнежазбаны көрмес бұрын,міндеттер мен нұсқауларды нақты тұжырымдау қажет. Үшіншіден, уақыт шегі қатаң қадағалануы керек. Осы көрсетілген шарттар материалды игеріп қоюға ғана емес, тақырыпты жақсы сіңіруге ықпал етеді [12].

Төменде естуінде қиындықтары бар оқушыларға арналған әдіс тәсілдерді және бірқатар ойындарды талдауға және салыстыруға тырыстық :
Дыбыстарды тыңдаңыз! Мақсаты: есту қабілетін дамыту; табиғат дыбыстарын есту арқылы қабылдау - жануарлар мен құстардың дауыстары. Ойын барысы: ойын серуенде өткізіледі. Парктегі ойын алаңында серуендеп, баланың назарын табиғаттың дыбыстарына аударыңыз-жел мен жаңбыр, жапырақтардың дауысы, судың күңкілдеуі, найзағай кезінде күн күркіреуі және т.б. сондай -- ақ, баланың назарын қалада тұратын жануарлар мен құстардың дыбыстарына-иттер мен мысықтарға, қарғаларға, көгершіндерге, торғайларға, үйректерге аударыңыз. Бала көру қабілетіне сүйене отырып, осы дыбыстарды жақсы ажырата білуді үйренгеннен кейін (бір уақытта естиді және көреді), көздері жабық дыбыстың көзін анықтауға кеңес беріңіз (тек есту арқылы):
Кімнің дыбысы? Мақсаты: есту қабілетін дамыту; жануарлар мен құстардың дыбыстарын есту арқылы қабылдау. Ойын барысы: ойын жазда қалада немесе ауылда өтеді. Баламен бірге үй жануарлары мен құстармен танысыңыз, баланы жануарлар жасаған дыбыстарды ажырата білуге және белгілі бір жануардың (жылқы, сиыр, ешкі немесе құс (үйрек, қаз, тауық, короз, тауық, күркетауық) дыбысын айтуға үйретіңіз. Тапсырманы қиындата отырып, баланы көздерін жұмып (немесе үйден шықпай) кімнің дыбысы екенін анықтауға шақырыңыз.
Кішкентай музыкант. Мақсаты: Есту қабілетін дамыту; балалардың музыкалық аспаптары шығаратын дыбыстарды есту арқылы қабылдау. Құрал-жабдықтар: балалардың музыкалық аспаптары: барабан, дап, металлофон, фортепиано, құбыр, аккордеон. Ойын барысы: алдымен баланы музыкалық аспаптардан дыбыстар шығаруға үйретіңіз, содан кейін оларды есту арқылы нақты ажыратуға үйрету керек. Баланың дыбыстарды қабылдау деңгейін тексеру үшін экранды қолданыңыз (балалар үстелінің төңкерілген жағын қолдануға болады) немесе баланың артына бұрылуын сұрауға болады. Мұғалім әр түрлі аспаптардан дыбыстарды кезекпен шығарады, ал бала не ойнағанын есту арқылы анықтайды. Жауап ретінде бала бұрылып, қажетті құралды көрсете алады, осы құралдың суреті бар суретті таңдап, көрсете алады немесе сөйлеу мүмкіндіктері жеткілікті дәрежеде болса, құралды сөзбен атай алады.

Сөйлеуінде кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларымен ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындарды айта кетсек:

Кім шақырды? Мақсаты: сөйлеу есту қабілетін дамыту-таныс адамдардың дауыстарын есту арқылы ажырату. Ойын барысы: ойын топта өткізіледі. Бала ойынның қалған қатысушыларын көрмеу мақсатында артқа қарап тұрады. (оқушы көзін жұмып тұрады). Ойыншылар кезекпен баланың атын атайды, ал бала мұқият тыңдап, оны кім шақыратынын білуге тырысуы керек. Ойынның кейбір талаптарын өзгертіп, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкестендіруге болады.
Суретті табыңыз! Мақсаты: сөйлеу есту қабілетін дамыту-сөздерді дұрыс қабылдау және саралау. Құрал-жабдықтар: әр түрлі ойыншықтар мен заттар бейнеленген балалар лотосынан алынған суреттер. Ойын барысы: Мұғалім баланың алдына үстелге бірнеше суретті қояды және ол қандай суреттерді атайтынын болжауды ұсынады. Мұғалім суреттерде бейнеленген заттардың бірін атайды, бала тыңдайды, содан кейін бұл суретті үстелден іздейді, оны көрсетеді және мүмкіндігінше сөзді қайталайды. Баланың жауабының дұрыстығын растау үшін ересек адам жұптық суретті алып, оны бала көрсеткен суретке қолданады. Суреттер санын біртіндеп көбейтуге болады. Кейінірек бір уақытта екі-үш тақырыпты атауға болады.
Ойыншықты көрсет! Мақсаты: сөйлеу есту қабілетін дамыту-сөздерді тыңдау қабілетін жақсарту. Құрал-жабдықтар: түрлі ойыншықтар мен заттар. Ойын барысы: бала мұғалімнен 2-3 метр қашықтықта отырады, ал еденде немесе үстелде түрлі ойыншықтар немесе заттар бар. Мұғалім тапсырманы түсіндіреді: - енді мен ойыншықтарды шақырамын, ал сіз мұқият тыңдап, мен атаған ойыншықты табуға тырысыңыз және маған беріңіз. Бұл тапсырманы келесі бағыттарда қиындатуға болады: ойыншықтар жиынтығын көбейту (2-3-тен бастап), ойыншықтардан басқа әртүрлі заттарды пайдалану; ойыншықтардың атаулары күрделі болуы мүмкін, дыбыстық құрамы ұқсас болуы мүмкін (алдымен сіз дыбыстық құрамы бойынша күрт ерекшеленетін қарапайым атаулары бар ойыншықтарды таңдауыңыз керек). Бөлмедегі кез-келген ойыншықтар мен заттарды атаңыз, нұсқаулық сөздерін сыбырлап айтыңыз, бала мен сіз арасындағы қашықтықты арттырыңыз [13].

2 МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯ

2.1 ФАКТОРЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Факторлық талдау дегеніміз нәтижелік көрсеткіштер мөлшеріне факторлардың әсерін кешенді, жүйелі түрде зерделеу және өлшеу әдістемесі. Факторлық талдау келесі реттілікпен жүргізіледі: факторлар іріктелінеді, факторды жіктеу және жүйелеу, нәтиже мен факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстарды модельдеу, нәтижелік көрсеткішке әсер ететін фактордың әсерін бағалау, факторлық үлгіні қолдану. Факторлық талдау - бұл - факторлық әсерлерді тез анықтауға және оларды сандық өлшеуге мүмкіндік беретін талдау. Факторлық талдау негізінде аналитикалық факторлық модель ұғымы жатыр, ол - талданатын нәтижелік және факторлық көрсеткіштердің арасындағы өзара тәуелділіктің формалды көрінісі. Аналитикалық факторлық модель ретінде нәтижелік көрсеткішті жұмыстық есептеу формуласы немесе оның модификациясы пайдаланылады. Нәтижелік көрсеткіш деп әрқашан тек тапсырма шарттары бойынша анықтау арқылы ықпал етуге болатын көрсеткіш алынады. Факторлық талдау әр түрлі әдістер көмегімен орындалады. Негізгілері келесілер: тізбектік алмастыру әдісі; абсолютті шамалар айырмасының әдісі; талдаудың индекстік әдісі [14].

Факторлық талдау оқытудың кешендік және жүйелік әдістемесі ретінде түсіндіріледі және нәтижелік көрсеткіштерге ықпал ету факторлары өлшемдері.Факторлық талдаудың келесі негізгі типтері: детерминировтік и стохастикалық; тура және кері; бірқатарлы және бірнешеқатарлы; статикалық және динамикалық; ретроспективтік және перспективтік (болжамдық). Детерминировтік факторлық талдауы факторлардың әсер етуін зерттеу Әдістемесімен түсіндіріледі, нәтижелі көрсеткіштерменбайланысы функционалдық сипатымен көрінеді, яғни бұл жағдайда нәтижелі көрсеткіштер көбейтінді, факторлардың жеке және алгебралық сомасы ретінде түсіндіріледі.Стохастикалық талдау нәтижемен байланыс толық емес, корреляциондық болып табылатын факторларды зерттеу әдістемесі ретінде көрсетіледі. Кері факторлық талдау - бұл индуктивтік зерттеу әдісі, бұл жеке факторларды және құбылыстарды оқытудан жалпыға өтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жекелерден кәсіпорын қызметінің жалпы көрсеткіштеріне өту. Мысалы, жеке көрсеткіштер бойынша жоспарды орындауды оқытудан (еңбек өнімділігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Артпедагогика
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Пәндер