Алғашқы қоғам және Ежелгі Шығыс тарихы, кезеңдері, тарихнамасы, негізгі проблемалар
1 апта
Тақырып: Алғашқы қоғам және Ежелгі Шығыс тарихы, кезеңдері, тарихнамасы, негізгі проблемалар
Дәріс №1
Дәріс мазмұны:
1. Алғашқы қоғам түсінігі. Антропогенез процесі. 2. Ежелгі Шығыс және Антика ұғымы. Курстың мазмұны мен мәселелері. Хронологиясы мен географиялық шегі.Ежелгі 3.Алғашқы қоғам және Шығыс тарихы туралы деректер мен зерттелу тарихы.Ежелгі Шығыс цивилизацияларының даму ерекшеліктері.
Қазіргі кезеңде тарихшылар адамзат тарихын қоғамдық-экономикалық бес формацияға бөліп қарастырады. Олар: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік және коммунистік қоғам. Адамның пайда болуынан бастап, мемлекет құрылғанға дейінгі кезеңді қамтитын алғашқы формацияның шығуы, гүлдену және ыдырау процесі алғашқы қоғам тарихының зерттейтін пәні болып табылады. Алғашқы қауымдық қоғам тарихының маңызды міндеті - алғашқы қауымдық қоғамның негізгі ерекшеліктерін қалыптастыру, оның қалыптасуының, гүлдену және ыдырау процесінің жалпы заңдылықтарын анықтау, оның таптық қоғамға айналу прцесін зерттеу болып табылады. Тапқа дейінгі қоғам тарихын зерттеу адамзат дамуындағы бастапқы кезеңнің жалпы заңдалықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл дүниежүзілік тарихтың ең ежелгі заманының тарихын зерттеудің зор теориялық маңызымен қатар практикалық мәні де бар. Жеке меншіктің, таптардың, діннің пайда болуының тарихи жағдайларымен себептерін білу оларды жоюдың нақты жолдарын табуға жәрдемдеседі.
Алғашқы қауымдық формация адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең болды. Алғашқы қауымдық қоғам тарихын жалпы дәуірге бөлу мәселесін алғаш рет 1870 жылы белгілі американ этнографы Льюис Генри Морган өз алдына мақсат етіп қойды. Ол өндірістік күштердің даму деңгейіне сүйене отырып, алғашқы қауымдық қоғам тарихын - тағылық, варварлық және өркениет - деген дәуірлерге бөліп, оның алғашқы екеуін үш сатыға - төменгі, орта, жоғарғы - бөлді. Тағылықтың төменгі сатысы - адамның пайда болуынан, ортаңғы сатысы - балық аулаудың және отты қолданудың басталуынан, жоғарғы сатысы - садақтың пайда болуынан басталады. Варварлықтың төменгі сатысына ауысу керамиканың таралуынан, ортаңғы - егіншілік пен мал шаруашылығын игеруден, жоғарғы - темірдің қолданылуынан басталады. Әріптік жазу - альфавиттің - пайда болуынан өркениет дәуірі, яғни таптық қоғам басталады.
АҚҚ тарихы түп деректері сан алуан, олар арқылы тарихтың белгілі бір бөлімі зерттеледі. АҚҚ негізінен жазып қалдырылмаған кезең болып есептеледі. Түп дерек түрлері: археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық, палеоботаникалық, палеозоологиялық, палеоклиматологиялық және т.б. болып бөлінеді.
Тарихи түп дерек дегеніміз не? Тарихшылар арасында тарихи түп деректер мәселесі бойынша ұзақ уақыт бойы талас туып келеді. Бұл дискуссия әлі күнге дейін жалғасып келеді? Ондағы басты мәселе - тарихи түп деректер тек жазбаша мәліметтер ме, әлде олардың қатарына адамзат баласының өткен тарихы туралы мәлімет беретін басқа да заттай деректерді де жатқызуға бола ма?!
Тарихи түп дерек деп зерттеу объектісіне қарай тарихи мәлімет алуға болатын дерек көздерін айтуға болады. Бұл: антропологиялық, географиялық және палеогеографиялық, геологиялық, физикалық, химиялық деректер.
Тапқа дейінгі қоғамды зерттеу үшін археологиялық және этнографиялық деректер аса құнды болып табылады. Ежелгі дәуірден бері сақталған заттай деректер немесе археологиялық ескерткіштер маңызды болып табылады. Материалдық ескерткіштер - еңбек құралдары, қару-жарақ, қоныстар мен елді-мекендердің қалдықтары, әшекейлер, діни-ғұрып заттары т.б. сол кезеңнің экономикалық даму бағыты мен дәрежесін сол қалпында көрсетуге көмектеседі. Алайда олар алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы мен рухани дамуын толық жеткілікті түрде көрсете алмайды.Археологиялық түп-деректермен салыстырғанда этнографиялық түп-деректер алғашқы қоғам халықтарын, оның ішінде олардың шаруашылық және қоғамдық құрылысын, отбасы-неке қатынастарын, дінін жан-жақты зерттеу үшін қажетті дерек көзі болып табылады.
Палеоантропология, лингвистика, фольклор, геология, палеоантология, палеоклиматология т.б. деректер болмайынша рулық құрылысты жан-жақты және тереңірек зерттеу мүмкін емес. Палеоантропология - түрлі кезеңде қазып алынған адам қалдықтарын зерттейтін антропологияның бір бөлігі. Қоғаммен бірге пайда болып, бүгінгі күні дамып отырған түрлі тілдерде жаңа мағынандағы ескі сөздер жиі кездеседі. Сөздің бастапқы мағынасын анықтай отырып, лингвистикалық түп-деректер тілдің даму жолын және алғашқы адамдар өмірінің кейбір жеке жақтарын білуге көмектеседі. Мысалы, орыс тіліндегі стрелять сөзі стрела сөзінен шыққан, яғни бұл сөз мағынасы садақ пайда болған дәуірге жатады.
Антропогенез - антропологияның негізгі бір саласы; адамның шығу тегін зерттейтін ғылым (гректің антропос - адам, генезис - шығу деген сөзінен құралған). Шұғылданатын басты мәселелері: адамның сүт қоректі жануарлар ішінде алатын орны, тұңғыш шыққан жері алғаш пайда болған мезгілі, адамды адам еткен факторлар. Адам тәріздес маймыл мен адамның тегі өте жақын екенін Ч.Дарвин мен Т.Гексли толық дәлелдеді. Антропогенездің негізгі факторы тұрпайы құрал пайдаланылған қоғамдық еңбек екенін Ф.Энгельс Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі атты зерттеуінде көрсетті. Антропогенездің еңбек теориясының мәнін Ф.Энгельстің Адамды адам еткен - еңбек деген қанатты сөзімен бейнелеуге болады.Ч.Дарвин табиғи және жыныстық сұрыпталуға неғұрлым көбірек мән берді де, әлеуметтік факторларды есепке алмады.
Адамның алғашқы шықққан жері ғылымда әлі нақты анықталмаған. Оның әуелгі пайда болған мекенін іздегенде, сол іздеу салынатын құрлықтардың қатарына Австралия кірмейді. Өйткені ол Азиядан бөлінген дәуірде ғана онда жоғары сатылы сүтқоректі жануарлар пайда болған. Көне тас құралдардың көп табылған жері - Оңтүстік Азия, Африка мен Европа. Қазбадан табылған маймылдардың адамға ең жақын келетіні - австралопитек (Оңт. Африка) пен Хомо хабилис (Шығыс Африка).
1. Биологиялық эволюция факторлары.
2. Палеолиттік еңбек құралдары. Әлеуметтік фактор.
Биологиялық эволюцияның басты факторы - табиғи сұрыпталу болып табылады. Ол бір түрдің сәйкесінше екінші түрде сұрыпталған ерекшеліктердің сақталуымен түсіндіріледі. Ірі антропоидтардың ежелгі адамдарға айналуы және ежелгі адамдардың одан әрі дамуы ең алдымен жеке сұрыпталу ықпалымен жүрді. Ежелгі адамдардың қоршаған ортаға бейімделуінің негізгі формасы - еңбек құралдарын пайдалану қызметі болды. Белгілі бір деңгейде бұл индивидтердің морфологиялық ұйымдарының өзгеруінсіз де қоймай, сонымен қатар басқаларды үлгіге алу жолымен де күшейіп отырды. Осының барлығы қарапайым табиғи сұрыпталусыз жүзеге асты.
Алайда еңбек құралдарын пайдалану қызметінің дамуы индивидтердің морфологиялық ұйымының мұндай өзгерісі болашақта мүмкін емес еді. Индивидтердің еңбек қызметінің жетілдірілуі болашақта табиғи сұрыпталу ықпалымен жүзеге асты. Еңбек құралдарын пайдалану қызметінің одан әрі дамуы - олардың еңбек құралдарын дайындау мүмкіндігінің пайда болуына алып келеді.
Сондықтан да алғашқы адам еңбек арқылы табиғатты өзінің мақсатына қызмет етуге мәжбүр етті. Маймылдар дүниесіне адамға өтудегі шешуші қадам тік жүру болды, соның нәтижесінде алдыңғы аяқ босап, ол еңбек құралдарын жасауға икемделді. Еңбек олардың топтасуына ықпал етті.
К.Маркс кез келген тарихи кезең еңбектің қандай да болмасын әртүрлі формасына қарамастан үш маңызды нәрсе ерекше орын алады, ол: еңбек, еңбек заты, еңбек құралы. Ф.Энгельс осыны жалғастыра отырып, еңбектің құралдарды жасаудан басталатынын атап көрсетті.
Энгельсің тұжырымдарын батыс европалық, американдық антропологтар да, археологтарда толық қолдайды.
Еңбек процесінің барысында адамның қолы біртіндеп жетілді, одан кейін бас сүйегі, оның ми бөлігі, сосын бет бөлігі жетілді.
Алғашқы қоғамға өту ойлаудың және сөйлеудің пайда болуынсыз мүмкін емес еді. Сондықтан жануарлар бірлестігінен алғашқы қоғамға өту ойлаудың, сөйлеудің басталуымен, өндірістік қызметтің шартты рефлексті арылуының, оның мақсатқа бағытталған, саналы әрекет болып басталуымен сәйкес келеді деп есептеуге болады.Сондықтан да Ф.Энгельс адамзат дамуында тілдің, ет тағамының алатынын орнын да атап көрсетті.
Сондай ақ приматологиялық зерттеулер (В.Келер, И.П.Павлов, Э.Г.Вацуро т.б.) еркіндіктегі, тордағы, лабораториядағы, қорықтардағы маймылдарды зерттегенде Д.Шаллер тағам өнімдері жеткілікті жерде өмір сүретін топқа құралдарды пайдалану аса қажет емес деп көрсетті, олар даяр өнімді пайдаланды. Қаруларды қолдануға неғұрлым қатал орта ықпал етті деп көрсетті. Ф.Борд өзінің Адамдағы физикалық эволюция және технологиялық эволюция: параллельділік еңбегінде тас индустриясы дамуының бірнеше деңгейін бөліп көрсетеді. Бірінші деңгейінде өңдеуші иесі тек кез-келген тастың қырлы өткір жақтары бар екенін ғана біледі. Бұл деңгейде тасты өңдеу процесі оған белгілі бір форма беруге бағытталмаған. Тас тек оның өткір қырлары қалыптасқанға дейін өңделеді. Бұл деңгейге ежелгі кескіштерді жатқызады.
Нағыз қол кескітердің пайда болуы келесі екінші деңгейге өту кезеңінің басталғандығын білдіреді. Оған тастың тек қырлары болу ғана емес, ол мақсатқа бағытталған әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бұл деңгейде миы үлкен питекантроптар пайда болды. Алғашқы жүйеге келтірілген құралдың неғұрлым жарқын үлгісі - қол кескіштер болып табылады.
1. Архантроптар дәуірі - адамзат қоғамы қалыптасуының бастапқы сатысы.
2. Палеоантроптар дәуірі - адамзат қоғамы қалыптасуының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz