Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
Тақырып 56. Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы
Мартин Лютер Кинг - АҚШ-тағы билеуші реакционистік топтар жүргізіп отырған нәсілшілдік кемсітушілік пен сегрегация саясатына қарсы қозғалыстың көшбасшысы, АҚШ-тағы қара нәсілді халықтың азаматтық құқықтары үшін күрес жетекшілерінің бірі, бейбіт әрекет ету үлгісін ұйымдастырушы.
М.Л.Кинг 1929 жылы 15 қаңтарда Атлантада (Джорджия штаты) афроамерикандық отбасында дүниеге келді. Оның әкесі баптистік шіркеу пасторы болды. Орта мектепте оқып жүргенде, ол шешендік қабілетімен көзге түсіп, пікірталас тобына қатыса бастайды.
11-сыныпта оқып жүргенде М.Л.Кинг Дублиндегі (Джорджия штаты) шешендік өнер жарысынан бірінші жүлдені жеңіп алды. Автобуспен Атлантаға қайтып келе жатқан жолда, оған және оның мұғаліміне ақ нәсілді адамдарға орын беруге бұйрық беріледі. М.Л.Кинг алғашында бұл бұйрықты орындаудан бас тартады, бірақ мұғалімі оған бұл заңбұзушылық болады деп айтқаннан кейін ғана бағынады. Кейінірек ол осы жағдайды өз өміріндегі ең қатты қынжылған сәті ретінде еске алады.
15 жасында М.Л.Кинг Морхауз колледжіне оқуға түседі. Колледждегі оқуын бітіруге бір жыл қалғанда М.Л.Кинг шіркеу қызметшісі болғысы келеді. Ол шіркеу адамзатқа қызмет етуге деген ішкі арманын қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп ойлады. Кинг идеялар пен әлеуметтік қарсылықтың қастерлі қозғаушы күші болатын пайдалы уағыздаушы боламын деген ойда болды.
1948 жылы 19 жасар М.Л.Кинг өнер және әлеуметтану бакалавры дәрежесін алып, Морхауз колледжін бітірді. Бұдан соң ол Крозерв Честердің рухани семинариясына оқуға түседі, оқуы үздік, тәртібі жақсы болғандықтан, оны студенттік кеңестің басшысы етіп сайлайды. 1951 жылы М.Л.Кинг құдай сөзі бакалавры дәрежесі бойынша семинарияны аяқтайды. 1954 жылы ол оңтүстікке, Монтгомери қаласына (Алабама штаты) қоныс аударады. 25 жасында баптистік шіркеудің пасторы атанады. М.Л.Кинг оқуын одан әрі жалғастыруды қалап, Бостон университетіне жүйелі теология бойынша докторантураға түседі де, 1955 жылы философия дәрежесі бойынша диссертация қорғайды. М.Л.Кинг докторантурада оқып жүріп, баптистік шіркеуге дін қызметшісінің көмекшісі болады.
М.Л.Кинг АҚШ-тағы азаматтық құқық қозғалысының жетекшілігінде. 1955 жылы наурыз айында Монтгомериде 15 жасар қара нәсілді оқушы қыз, сегрегация бойынша орнаған АҚШ-тың оңтүстігіндегі жергілікті заңды бұзып, автобусқа ақ нәсілді азаматқа орын беруден бас тартады. Кинг соттық дауларды бақылайтын Бирмингем афроамерикалық қауымдастық комитетінің мүшесі болатын. Дәл осыған ұқсас жағдай 1955 жылы 1 желтоқсанда да орын алған еді, тағы бір қара нәсілді қыз автобуста ақ нәсілді адамға орын бермегені үшін тұтқынға алынып, айыппұл төлеген.
Осы екі жағдай Монтгомеридегі автобус желілеріне бойкот жасауға алып келді, бұл назарылықты М.Л.Кинг басқарды. Бойкот 385 күн бойы жалғасты, жағдайдың шиеленіскені сонша, оның үйіне бомба тасталды. Осы қарсылық барысында ол тұтқынға алынады. АҚШ аралық соты Монтгомеридегі қоғамдық көліктердегі нәсілдік сегрегация тәжірибесін конституцияға сай емес деп танығаннан кейін оны босатады. М.Л.Кингтің автобустарға бойкот жариялаудағы белсенділігі оны ұлттық қайраткер ретінде танытып, азаматтық құқықтар үшін қозғалыстың аса белгілі өкілі деңгейіне көтерді.
Нәсілдік сегрегация жүйесі христиан діні негіздеріне сай келмейді деп санаған М.Л.Кинг 1957 жылы азаматтық құқық жолындағы күрес үшін өзінің жақтастарымен бірге Оңтүстік христиандық жетекшілік конференциясы ұйымын құрды. Осы конференция күш көрсетпеушілік әрекеттер арқылы қоғам өмірінен сегрегацияны алып тастау үшін күрескен қара түстілердің жаппай демократиялық қозғалысына айналды.
1959 жылы М.Л.Кинг Адам ауқымы атты кітабын жарыққа шығарады, оған Адам дегеніміз не? және Толыққанды өмір өлшемдері атты уағыздары енді. Оның уағыздарында Адамның құдай сүйіспеншілігіне мұқтаждығы туралы айтылды және Батыс өркениетіндегі нәсілдік әділетсіздік көріністері сынға алынады.
1959 жылы М.Л.Кинг Үндістанға келіп, ұлы Махатма Ганди ілімімен танысады. Бейбіт түрде күресу жолдары туралы Гандидің ілімі, афроамерикандықтардың азаматтық құқық үшін күрес жолдарымен толықтай сай келді. Үндістанда болған соңғы күннің кешінде радиодан үндеу жасаған М.Л.Кинг: Үндістанда болып, бейбіт жолмен күресу езілген халықтың әділетсіздікке қарсы күресінің және адамзат абыройының ең күшті қаруы екеніне көзім жетті, - деп ойын жеткізді.
1960 жылы бейбіт күрес науқанының басталуымен АҚШ-тағы азаматтық құқық үшін күресі жаңа деңгейге көтерілді. Олардың ең басты нысаналары нәсілдік сегрегацияға, яғни мектептерде ақ нәсілділер мен қара нәсілділерді бөлек оқыту, қараларды ақтарға арналған көпшілік орындарға кіргізбеу секілді кемсітушілікке қарсылық болды.
Қара нәсілді американдықтар өздерінің азаматтық құқықтары үшін күрес әдісі ретінде жаппай шерулер мен жорықтар жасады, тек ақ түсті адамдарға арналған дәмханалар мен мейрамханаларға және көңіл көтеру орындарына жиналды.
Өзі құрған ұйымға сүйене отырып, М.Л.Кинг 1962 жылы Олбанидегі 1963 жылы Бирменгемдегі сегрегацияға бейбіт түрде өткен қарсылық шараларына жетекшілік етті. Азаматтық құқық үшін болған күрестің негізгі оқиғаларының бірі 1963 жылы 28 тамызда Вашингтонда жұмыс орындары және бостандық үшін марш болды. Бұл шеруге 300 мыңға дейін адам қатысты. Бұлар ақ және қара нәсілділер, католиктер, иудейлер және протестанттар болды. Ол шеру кезінде: Адамдарды терісінің түсіне қарап емес, олардың жан дүниесіне қарап бағалау керек, - мәлімдеді.
М.Л.Кинг маршқа қатысушыларға Менің арманым бар деген тақырыпта сөз сөйлеп, болашақта ақ пен қара түсті адамдар тең азаматтық құқыққа ие болатыны туралы ойын жеткізді. Құлдарға азаттық беру туралы Линкольннің Прокламациясының жарияланғанына 100 жыл толуына орай өткен шарада Кингтің Авраам Линкольннің мүсіні орналасқан баспалдақта тұрып сөйлеген сөзін барша прогрессивті адамзат қауымы ерекше әсермен қабылдады.
Әлемдік қауымдастық М.Л.Кингтің қайраткерлігін жоғары бағалады: 1964 жылы ол нәсілдік теңсіздікке қарсы бейбіт түрде күрескені үшін Нобель сыйлығына ие болды. М.Л.Кинг бұл сыйлықтың қаржысын АҚШ-тағы қара түстілердің азаматтық құқығын қорғау қозғалысына аударды. Салтанатты шарада ол: Бұл әлемде ең соңғы сөз қарусыз шындыққа және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz