Кун-Цзы құрған Моральдың алтын ережелер


Ақпараттық жоба тақырыбы: Кун-Цзы құрған «Моральдың алтын ережелері»
Кун Цзы ілімі бойынша өмірдің мәнін адамды моральдық тұрғыда жетілдіру жолынан іздеу керек. Ол адаммен қоршаған әлемнің үйлесімдік идеясын жетілген адам концепциясы арқылы түсіндіріледі. Кун Цзының пайымдауынша адам табиғаты жақсылық пен жамандыққа бейтарап болады, ал жақсыға не жаманға бейімділік әлеуметтенудің барысында пайда болады. Мұны ойшылдың мына сөзі дәлелдейді: «Табиғат әркімді басқамен жақындастырады, ал әдет оларды бір-бірінен алыстатады». Демек, адам өзінің мәнін тәрбиенің, білім алудың, басқарудың арқасында иеленеді. Конфуцийлік моральдық концепциялар - классикалық гуманистік идеялар. Бұл концепцияларда жеке адамның қабілеттілігін жетілдіруге, оның өзін-өзі тәрбиелеуі мен жетілдіруіне баса назар аударылады. Ғұлама жеке адамды моральдық тұстан жетілдіруді сол адамның жеке ісі ретінде ғана емес, тұтас қоғамды жетілдірудегі негіз ретінде қарастырды. Жеке адамның өзін жетілдіруін, отбасын нығайтуды, мемлекеттегі тәртіп пен Аспан асты еліндегі бейбітшілікті бір тізбектің буындары ретінде қарастырған. Осы төрт мәселе Кун Цзы ілімінің негізін құраған. Бірақ адамға тән құндылықтар бірінші орынға шығып, өзгелері соған бағынышты болған. Сондықтан конфуцийлік моральдық концепциялар адам тұлғасын жетілдіруде маңызды рөл атқарғанын жоққа шығара алмаймыз. Кун Цзы адамның қоғамдағы беделін шығу тегімен емес, моральдық қасиеттерімен байланыстырады. Ол өз ілімінің моральдық категорияларына сәйкес жетілген адам бейнесін қалыптастырады. Бұл «цзюнь-цзы» («парасатты ер»), оған тоғышер адам «сяо жэнь» қарсы қойылады. Кун Цзы айтты: - Парасатты ер үш жағдайда үрейді сезінеді: көк Аспан қаһарына ұшырағанда, ұлы адамдар алдында және даналардың сөзін естігенде іштей жиырылады. Тоғышер адам көк Аспан сұсын ұқпай, оның алдында толқыған үрейді сезінбейді, ұлы адамдардан именбейді және даналардың сөздерін елең қылмайды. Тоғышер адам моральдық қасиеттерден жұрдай болады. «Парасатты адам моральды сақтауға басымырақ көңіл бөледі; тоғышар адам мекен-жайын ғана ойлайды. Парасатты ер заң бұзылмаса екен дейді, тоғышер адам қайырымдылықты ғана күтеді»Цзюнь-цзы негізгі екі қасиетімен ерекшеленген - адамгершілік және парыз сезімі. Ұлы ойшыл Жэнь адамгершілік ұғымына ауқымды анықтамалар берген, бұл кем дегенде бес түрлі қасиеттердің жиынтығы: ізеттілік, риясыздық, шыншылдық, парасаттылық, мейірімділік. Адамгершіліктің ең қарапайым және жалпы анықтамасын Кун Цзы өзінің шәкірті Фан Чидің адамгершілік туралы сұрағына қайтарған жауабында берген. Ұстаздың жауабы: «Ол -адамға деген махаббат». Кун Цзының адамгершілікті жоғары бағалайтыны оның мынандай келесі сөздерінен аңғарылады: «Адам үшін адамгершілік от пен судан да маңызды нәрсе». Осыған орай, ойшылдың пікірінше, адамгершілікке ұмтылудың өзі игілік саналады: «Адамгершілікке қарай ұмтылудың өзі жамандықтан құтқарады». Кун Цзының айтуынша, адамгершіл адам басқа адамдарға қатысты дұрыс, объективті көзқараста болады: «Адамгершілігі бар адам ғана басқа адамдарды жақсы көріп, олардан жиіркене алады». Адамгершілік, ғұламаның пайымдауынша «басқаға өзіне тілемейтінді жасамау» қағидасы. Адамгершілік мүліктік шектеуге тәуелді емес: бай да, кедей де, адамгершілікті болуы мүмкін. Ғұлама бұл пайымдауларын былай тұжырымдаған: «Адамдар бір күн бойы барлық күш-жігерін адамгершілікке жұмсай ала ма? Мен бұл үшін күш-жігері жетіспейтін адамдарды көрген жоқпын. Мүмкін осындай адамдар бар шығар, бірақ мен оларды кездестірген жоқпын. Бірақ осы тұжырымдамасына ғұлама қарама-қайшы ойды да келтіреді: «Мен адамгершілікті жақсы көретіндерді көрген емеспін және рақымсыздықты жек көретіндерді де көрген жоқпын». Бірақ бір-біріне қарсы осы екі тұжырымдаманы, адамгершілік жалпы адамзатқа тән жасырын қабілет деген түсінік негізінде сәйкестендіруге болады. Парсатты ерге тән этикалық қасиеттердің бірі - бұл Кун Цзы ілімінде «и» (парыз) деген атқа ие болған. Парыз материалдық пайдаға қарсы тұрады. Ұстаз айтты: - Парасатты ер тек парызды ойлайды, тоғышер адам пайданы ғана ойлайды [«Луньюй»ІV, 16] . Кун Цзы туғанға дейін жүз жыл бұрын пайда болған «хэ» принципі елдің саяси мәдениетінің даму процесінде барған сайын айқын құрылымдық рөл ойнай бастады. «Хэ» ұғымы б. з. д. VІІІ-VІІ ғ. табиғаттың объективті заңдылығы ретінде қалыптасқан қарама-қайшылықтардың күресі түсінігінен шыққан еді. Сол кезде тараған космогониялық көзқарастар бойынша екі полярлы бастама (инь және ян) өзара қарама-қатынасқа түсіп, бес элемент пайда болады: жер, су, от, ағаш, металл. Оларды ары қарай өзара байланыстары нәтижесінде бүкіл тірі табиғат пайда болды. Бірліктің өмір сүруінің негізгі шарты ретінде қарастырылған екі бастамалардың күресі идеясы қоғамға және саясатқа көшкен еді. «Хэ» термині алғашқыда қақтығыс арқылы, екі жақты мүдде мен көзқарастарды өзара анықтау арқылы жететін бірлік деген мағына береді [1, 150] . Кун Цзы цзюнь-цзы және сяо жэнь айырмашылықтарын анықтаушы фактор ретінде, хэ принципін қолданған. «Ұстаз айтты: - Парасатты ер бірлікке тіл алушылық (тун) арқылы емес, әртүрлі пікір (хэ) арқылы жетуді көздейді. Тоғышер адам бірлікке әртүрлі пікір арқылы емес, тіл алғыштық арқылы жетуді көздейді» [«Луньюй»XІІ, 20] . Кун Цзы бұл іліммен теория жүзінде де, тәжірбие жүзінде де таныс болған. Сондықтан хэ принципінің өз іліміне алып келер мүмкіндіктерін жақсы түсінген. Бұл принципті өзі құрған мемлекет пен қоғам үлгісіне үнемі әрекет етуші фактор ретінде енгізу олардың тұрақты қызмет етуі мен ары қарай дамуының сенімді кепілі болған. Өзінің ілімінің негізі және мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар сипатын анықтаушы цзюнь-цзы концепциясы болғандықтан, Кун Цзы «хэ принципін» «жетілген адам» қалыптасуының негізгі құнды критерийіне айналдыруды жөн көрді. Хэ принципі жетілген адамға жаңа қасиеттер берді: ойлау дербестігі, белсенділік, екінші жақтың ойын ескере отырып, мәселелердің шешімін табу қабілеті [1, 152] . Мемлекет басқаруда және Аспан асты елінде бейбітшілік пен тәртіпті сақатауда парасатты ерге үлкен үміт артылады. Билік жүргізудің идеалды формуласын Кун Цзы келесідей тұжырымдаған: - Әмірші әміршінің өзі, шенеунік - шенеуніктің, әке - әкенің, бала - баланың өзі болуы керек. Кун Цзының пікірі бойынша басқарушылар цзюнь-цзы деңгейіндегі адамдар болу керек. Олардың жоғары адамгершілігі мен ізгі қасиеттері өзгелер үшін үлгі болу керек. Мемлекетті отбасымен салыстырсақ, мемлекеттегі цзюнь цзы отбасындағы әке арасында ұқсастықтар бар. Мемлекетті басқаруда Ұстаз айтты: - Басқаруды қайырымдылыққа сүйеніп жүргізу, - Құс жолына ұқсайтындай. Ол темірқазықтай өз орнында, ал қалған жұлдыздар оны айналып қозғалады.
Басқарушылар үшін Кун Цзы төрт түрлі қағиданы анықтаған:
1. Өз-өзін сыйлау. Оның пікірінше тек өзін сыйлай білген адамдар ғана, белгілі бір шешімдер қабылдағанда халықты сыйлай алады.
2. Жауапкершілік сезімі. Басқарушы өзі басқаратын халқы үшін жауапкершілікті сезіну керек. Бұл қасиет те цзюнь-цзыға тән.
3. Халықты тәрбиелеудегі мейірімділік сезімі. Мейірімділік сезіміне ие басқарушы, халықтың моральдық қасиеттерін, білімділігін көтере алады, яғни бүкіл қоғам үшін прогресті қамтамасыз ете алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz