Қатты денелерде пайда болатын ақаулар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқcтaн Pecпyбликacының бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Ceмeй қaлacының Шәкәpiм aтындaғы yнивepcитeтi
кoммepциялық eмec aкциoнepлiк қoғaм
Бiлiм aлyды жaлғacтыpy фaкyльтeтi

CӨЖ
Тaқыpыбы: Қатты денелерде пайда болатын ақаулар

Opындaғaн: Советханов Ә.М.
Тeкcepгeн: ф.-м.ғ., доцент Нурбаева Г.У.
Тoп: МФЗ-002

Ceмeй 2021 жыл

Жоспар:
1.Кристалдардағы ақаулар.
2.Нүктелік ақаулар.
3.Сызықтық ақаулар.
4. Беттік жіне көлемдік ақаулар.

Кристалдар ақауы - кристалл торларының (идеал) периодты атомдық құрылымының ауытқуы. Кристалдағы ауытқулар сондай-ақ нейтрондармен, электрондармен, рентген сәулелерімен, ультракүлгін сәулелері мен сәулелендіру (радиациялық ақау) кезінде, реакциядан пайда болады.
Нүктелік ақауларға кристалдық тор түйіндеріндегі `'атом''ы немесе `'ион''ы жоқ бос орындар - вакансиялар, бөгде атомдардың негізгі атомдардың орнын басуы немесе олардың негізгі атомдардың арасына кірігуі жатады. Әр түрлі себептермен қалыпты жағдайдағы орнынан ығысқан кристалдың өз атомдары мен иондары да нүктелік ақауды құрайды. Ионды кристалдарда нүктелік ақаулар қосарланған түрде пайда болады. Қарама-қарсы таңбалы екі вакансия `'Шотки ақауын'' құрайды. Түйінаралық ионнан тұратын қос ақау мен олардың қалдырған вакансиясы (`'бос орны'') Френкель ақауы деп аталады.
Кристалдың әр түрлі бағыттағы бөліктерінің арасындағы шекаралары беттік (`'екі өлшемді'') ақауларға жатады. Мұндай ақаулардың көпшілігін дислокацияның қатарлары мен торлары құрайды. Кристалдың өсуі кезінде және пластик. деформация нәтижесінде сызықтық ақаулар (дислокация) пайда болады. Дислокация - кристалдың дұрыс орналасқан атомдық жазықтықтарының сызықтар бойымен және олардың төңірегінде бұзылуы. Дислокацияның қарапайым түрлері шекаралық және бұрандалық дислокациялар. Жетілген идеал кристалдарда көршілес атомдық жазықтықтар әрқашан бір-біріне параллель. Ал нақты (`'табиғи немесе жасанды'') кристалдарда атомдық жазықтықтар кристалл ішінде үзіліп шекаралық дислокация пайда болады. Бұрандалық дислокация - баспалдақтары жоқ бұралған сатыға ұқсас бір ғана атомдық жазықтықтан пайда болады. Көлемдік ақауларға қуыстар мен каналдарды жасайтын вакансия жиындары, бөгде фазалардың кірігуі (`'газдың және аналық ерітінділердің көпіршіктерінің бірігуі''), дислокациялар мен өсу аймақтарында қоспалардың жиылуы жатады. Температура едәуір жоғарылағанда кристалл фонондармен (`'жылулық кванттармен'') толтырылады да кристалдағы валенттік байланыстардың біразы жойылып электрондық ақаулар: `'бос электрондар'', `'кемтіктер'' және `'экситондар'' (`'электронды қоздыратын квазибөлшектер'') пайда болады. Кристалды әр түрлі элементар бөлшектермен, ауыр атомдармен және иондармен атқылау арқылы немесе оған энергиясы жоғары кванттық сәулелер түсіру арқылы К. а-н тудыруға болады. К. а. кристалдың физ. қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Олар оның пластик. қасиетін, серпімділік шегін, беріктігін, жылу және электр өткізгіштігін күрт өзгертеді. Шала өткізгіштегі ақаулар кристалдың электрондық, кемтіктік және жарық өткізгіштіктерін, жұту спектрін, сәуле шығаруын, люминесценциясын, оптик. қасиеттерін анықтайды. Жоғарыда аталған ақаулар статикалық ақаулар деп аталады. Кристалдық тордағы бөлшектердің жылулық тербелуіне байланысты периодты тепе-теңдік күйінен ауытқуын динамикалық ақаулар дейді. К. а-ның теориясы статист. термодинамика мен кванттық физикаға негізделген.
Кристалл ақаулары нүктелік, сызықтық және беттік болып ажыратылады.
Нүтелік ақаулар. Нүктелік ақаулардың мөлшері атомаралық ашықтықпен мөлшерлес. Нүктелік ақауларға: бос орын, түйін аралық және қоспа атомдар жатады.Бос орын деп кристалдық тордың бос түйінін айтады.
Түйін аралық атом деп түйіннен босап шығып, түйін аралығына орналасқан атомды айтады. Қоспа атомдар не тор түйіндеріне, не түйін аралығына орналасады. Сөйтіп олар осыған сай орын басу не ену қатты ерітінділерін түзеді.
Барлық нүктелік ақаулар кристалдық торды бұзады, криталдың электр кедергісін арттырады және белгілі бір дәрежеде кристалды берік етеді.
Нүктелік ақаулар тор ішінде үздіксіз орын ауыстырып отырады. Бос орынмен көршілес атом, сол бос ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктелген денелерде атомаралық байланыстың қирауы
Қатты денелердің жылулық қасиеттері
ҚАТТЫ ДЕНЕНІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қатты денелер жайлы
Қатты денелердің қасиеттері
Қатты денелер қирау табиғатын кинетикалық бағытта зерттеу
Тау жыныстарының жіктелуі туралы ақпарат
Атомдарды жақындатқанда электрон күйлерінің өзгеруі
Кристалл торы
Қатты денелердегі “электр өткізгіштік” бөлімін компьютердің қолдануымен орта мектепте оқыту
Пәндер