Механика бөлімінен есептер шығару әдістемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқcтaн Pecпyбликacының бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Ceмeй қaлacының Шәкәpiм aтындaғы yнивepcитeтi
кoммepциялық eмec aкциoнepлiк қoғaм
Бiлiм aлyды жaлғacтыpy фaкyльтeтi

CӨЖ
Тaқыpыбы: Механика бөлімінен есептер шығару әдістемесі

Opындaғaн: Советханов Ә.М.
Тeкcepгeн: п.ғ.к. дoцeнт м.a. Жeлдiбaeвa Б.C.
Тoп: МФЗ-002

Ceмeй 2021 жыл

Жоспар.
1. Физикалық есептер дегеніміз не?
2. Есептердің жіктелуі .
3. Механика бөлімінен есептер шығару әдістемесі
4. Қорытынды.

1. Есеп шығару - оқыту үрдісінің маңызды элементы. Есептер қандай да бір нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материалдар береді. Сондықтан есептердің оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көруде үлкен маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімнің практикалық маңызы болмайды. Есептер шығару физикалық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді, оқушылардың қызығушылығыноятады, өзіндік жұмыс дағдыларын игеруге көмектеседі, әрі өзіндік ой қорытудың бірден-бір құралы болып табылады. Физикалық есептердің мазмұны оқушылардың табиғат пен техника жөніндегі білім шеңберін кеңейтеді. Сондай-ақ, есептер шығару - қайталаудың, пысықтаудың, оқушылардың білімін тексерудің маңызды құралы.
2.Физика есептері мазмұны мен дидактикалық мақсаттарына сай алуан түрлі. Оларды түрлі мазмұндағы көптеген есептер үшін неғұрлым типтік қасиеттерін бейнелейтін әртүрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады.
Есептерде қамтылған ақпараттың берілу тәсілі бойынша; шығарудың негізгі тәсілі - есепте қойылған сұрақтың жауабын табу бойынша; мазмұны мен басқа белгілері бойынша классификацияланады. Физикалық есептерді айтылу тәсіліне қарай төрт түрге бөлуге болады:
мәтіндік;
эксперименттік;
графиктік;
сурет-есеп.

Олардың әрқайсысы өз кезегінде сандық (немесе есептеу) және (немесе сұрақ-есептер) болып бөлінеді. Сонымен қатар есептің негізгі түрлерін қиындық дәрежесіне қарай оңай және қиын, жаттықтыру есептері мен шығармашылық есептер және басқа типтерге бөлуге болады.
Физиканы оқыту процесінде мәтіндік есептер жиі қолданылады. Бұл есептер - шартты сөзбен берілген, дәлме-дәл, шартында физикалық тұрақтылардан басқа қажетті мәліметтер бар есептер. Шығару тәсілдеріне қарай оларды сұрақ есептер және есептеу есептері деп бөледі.
Сұрақ-есептер - бұл шығару кезінде қандай да бір физикалық құбылысты түсіндіруге (есептеулерді орындамай) немесе белгілі бір жағдайларда құбылыстың қалай болып өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. Әдетте, мұндай есептердің мазмұнында сан мәліметтер болмайды.
Сұрақ - есептерді шығару кезінде есептеулердің болмауы оқушылардың назарын есептің физикалық мағынасына аударуға мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушылыларды пайымдауға,физикалық зандардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.
Сұрақ-есептерді шығару,есептің графиктік материалы болатын жағдайларынан басқасында, әдеттегідей, ауызша орындалады. Жауаптар суреттермен де берілуі мүмкін. Мысалы, мына есепке жауап тек суретпен беріледі: Тығыздығы шар затының тығыздығынан екі есе артық болатын сұйықтың бетінде жүзіп жүретін шардың суретін салыңдар.
Сұрақ-есептер мен сурет-есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша жауап беру немесе есепке қойылған сұраққа жауап болатын суретті салу талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінің, бақылағыштығын және графиктік сауаттылығын дамытуға әсер етеді.
Сандық есептер - бұл есептерде қойылған сұрақтардың жауабын есептеулерсіз алуға болмайды. Мұндай есептерді шығарғанда сапалық талдау да қажет, бірақ оны процестегі қандай да бір сандық сипаттамаларды санау арқылы сапалық талдаумен (анализмен) толықтырады. Сандық есептер қиындығына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай есептер деп күрделі емес анализ бен жай есептеулерді қажет ететін, әдетте бір-екі амалмен шығарылатын есептер аталады. Мұндай есептерді шығару (азғантай мөлшерде) енді ғана оқып үйренілген заңдылықты нақтылау үшін қажет. Олардың неғұрлым оңайларын ауызша шығаруға болады.
Сандық есептерді шығару үшін: арифметикалық, алгебралық, геометриялық, графиктік тәсілдер қолданылады.
Есеп шығарудың арифметикалық тәсілінде арифметикалық амалдар қолданыладыжәне есептеудешамамен арифметикадан есеп шығарғандай жүргізіледі. Есептерді шығарудың алгебралық тәсілі формулалар мен теңдеулерді қолданумен шектеледі. Геометриялық тәсілде - геометриялық теоремалар, ал графиктік тәсілде графиктер пайдаланылады.
Мәтіндік есептердің қатарына абстрактілі есептерді жатқызуға болады, бұл күнделікті өмірде бақыланған құбылыстар мен процестер сөз болатын есептер, өндірістік - техникалық мазмұнды есептер және тарихи мазмұнды есептер. Кейде мәтіндік есептер қатарына қызықты есептер (занимательные) де жатқызылады.
Есептердегі эксперимент түрліше қолданылады. Кейбір жағдайларда демонстрациялық столда жүргізілетін тәжірибеден немесе оқушылардың өздері орындаған тәжірибелерінен есептер шығаруға қажетті мәліметтерді алады. Бұл жағдайда есепті тәжірибесіз шығаруға болмайды. Екінші бір жағдайларда есептің шартында көрсетілген мәліметтерге сүйеніп, есепті тәжірибесіз де шығаруға болады. Мұндай жағдайларда тәжірибені есепте айтылған құбылыстар мен процестерді иллюстрациялау үшін пайдаланылады. Бірақ егер эксперимент тек қана есепті тексеру үшін қолданылса, ондай есепті эксперименттік деп атауға болмайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Физикадан факультативтік курстар
Тұтас орта механикасы
Физиканы оқыту
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Тұтқырлық үйкеліс күші
Физикадан шығармашылық есептер
БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
8-сыныпта «жылу құбылысы» бөлімін оқытуда компьютерлік технологияны қолдану
Жаңартылған білім беру бағдарламасының молекулалық физика бойынша жаңа әдістемесі
Пәндер