Халық педагогикасы элементтерін қолдануда оқу сабақтарын ұйымдастырудың әдістемесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» комерциялық емес акционерлік қоғам
Жаратылыстану-математика факультеті
№1 межелік бақылау жұмысы
Тақырыбы: Халық педагогикасы элементтерін қолдануда оқу сабақтарын ұйымдастырудың әдістемесі
Орындаған: Советханов Ә. М.
Топ: МФ3-001
Тексерген: Желдыбаева БС
Семей, 2021 жыл
Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастыру және оның ақыл-ойын дамытудың бастау көзі ретінде - ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге және мұндағы адамның орнына көзқарастарды тірек еткен дүниетанымы алға шығады. “Арманы жоқ жас-қанатсыз қарлығаш” - дейді халық.
Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады.
“Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”, “Кітап-білім бұлағы”, “Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні көріп” деп халық мақал-мәтелдер арқылы ғылым-білімді зерттеп, ақыл-ойдың негізі-пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады.
Білімнің білігіне шығу үшін еңбек сүйгіштік, аса төзімділіктің қажеттігін мақал-мәтелдер арқылы топшылау жасаған.
“Оқу-инемен құдық қазғандай”-дей отырып білімнің өздігінен келмейтіндігін, көп ізденудің қажет екендігін осы мақал-мәтелдер арқылы көрсеткен.
“Ғалыммен жақын болсаң қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басың кетер” десе, “Ер төстік”, “Аяз би ертегілері арқылы ақыл-парасаты мол ақыл иелерін жастарға үлгі-өнеге ретінде пайдаланған.
Сондай-ақ Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы мынадай тұжырымдар жасаған.
Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл-таразысына салып, әбден өлшеу керек, - дейді.
“Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз…
Ақыл-мизам, өлшем қыл? - дейді.
“Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет”- деп сипаттайды Абай. Данышпан ақын дүние құбылыстарын ұғыну мәселесінде ғылымға мән берген толық адам болу үшін “ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керек” - дейді. “Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек” дейтін өлеңінде ақылға, қайратқа, жүрекке сипаттама бере келіп; “Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үшеуінің тілін білмек” - дейді.
Халқымыз: “Ақылдылар шымыр келер, ақымақтар қыңыр келер”, “Саналы адам сағыңды сындырмас”, “Ақымақтың ақылы білегінде, ақылдының ақылы жүрегінде”, “Ақылды адам батпан-ақ, ақылсыз адам сасқалақ” деп баға берген.
Ақыл-ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп білу керек. Білім мен ақыл егіз.
“Алтын шірімейді, ақыл арымайды”, “Ақыл-дария, алсаң да таусылмас”, Есті ірілік көрсетпес” деп ақылды, есті адамдарды халық үлгі етіп көрсетіп отырған.
Халық баланың ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтарды пайдаланады, түрлі аңыз әңгімелер мен ертегілерді үлгі-өнеге етеді, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Халық ақыл-ой тәрбиесіне, әсіресе даналық сөздер мен шешендік сөздерді жиі пайдаланады.
Ақыл-ой тәрбиесінің халықтық жүйесінің мәнділігі олардың кешенді міндеттерді шешуге қызмет ететіндігінде.
Дидактикалық талдауға алынған фольклор материалдары, мал өсіру, егін егу және өзге де кәсіп түрлерімен байланысты салттар, халықтық астрономиялық және фенологиялық қорытындылаулары бұл міндеттерге:
- Балаларда заттар, оқиғалар, қоршаған өмірдегі іс-деректер мен құбылыстар жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру;
- Балалардың сезімталдығы мен дүниені тиімділікпен танып білу процесін дамыту (түйсіну, қабылдау, ес, қиял, сөйлеу мен ойлауын) ;
- Балалардың ақыл-ой қабілеті мен ынталықтарын арттыру;
- Балаларды интеллектуальдық дағдылар мен икемділіктерге баулу екенін көрсетеді. Мұның өзі халықтың балаларға өмірге қажет білімдер жиынтығын игертудегі дидактикалық талаптары ғылыми педагогикаға жақындығының белгілері.
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметгік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әлеуметтік, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Адамгершілік тәрбиенің мазмұнын моральдық кодекс, сондай-ақ педагогикалық білімдердің өзіндік энциклопедиясы болып табылатын этикалық қалыптар жиынтығы құрайды.
Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде, өмірдегі кесір-қырсық, жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады.
Адамгершшікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға болады. Оның құралдары ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер, аңыздар мен аңыз-әңгімелер қызметті халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып табылады.
Халық педагогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz