Педагогикалық әдістер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану математика факультеті
Межелік бақылау
Тақырыбы: Педагогикалық әдістер .
Орындаған: Советханов Ә. М.
Тобы: МФЗ-001
Тексерген: Желдыбаева Б. С.
Семей-2020
Жоспар
Жоспар:
- Педагогикалық әдістер түсінігі.
- Педагигикалық әдістердің жңктелуі.
- Педагогикалық әдістердің кең тараған түрлері.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек.
Педагогикалық әдістер- тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, Педагогикалық әдістер қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан - салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар Педагогикалық әдістержан - жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.
В. А. Сластенин, Ю. К. Бабанский т. б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе Педагогикалық әдістердегеніміз - тәрбиешінің оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез - құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
Екінші, сөзбен айтқанда, Педагогикалық әдістертәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.
А. С. Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтер адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен тұрады:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет - дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Педагогика әдістерінің жіктелуі. Педагогика әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:
- жалпы және жеке;
- негізгі және кездейсоқ;
- теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;
- мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;
- әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір - бірімен байланысын айқындай түседі.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н. И. Болдырев, Н. К. Гончаров, Ф. Ф. Королев т. б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т. А. Ильина, И. Т. Огородников т. б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез - құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г. И. Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ - жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы) .
Екінші топ - іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым - қатынас жасау және қоғамдық мінез - құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ - іс-әрекет пен мінез - құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ - іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген Педагогикалық әдістерекі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез - құлықта қарым - қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.
Педагогика теориясында тәрбие әдістерінің методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс - әрекеттің ролі туралы ілімнің қағидалары алынған. Бала жеке адам тек іс - әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс - әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол іс - әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс - әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет.
Тәрбие әдісінің бірінші тобы - оқушылардың санасына, сезіміне, ерік - жігеріне жан - жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс - әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі - өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.
Мұндай көзқарасты, жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана - сезіміне, еркіне, мінез - құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.
Сендіру дегеніміз - оқушылардың ақыл - ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан - жақты әсер етуді айтамыз.
Сенім - тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез - құлық, іс - әрекетінің тұрақты жетекшісі.
Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке бастың психикалық сапасы - тәрбиенің жемісі, нәтижесі ретінде анықталады; екіншіден, сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құрал ретінде анықталады.
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі - ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады.
Сендіру - оқушының тек қана санасына, сезіміна ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез - құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.
Сендіру әдісі жалпы адамзаттық моральдың нормаларын, ережелерін кеңінен түсіндіру, оны іс - әрекетпен байланыстыруды көздейді. Тәрбиеленушілердің белсенді позицияда болуын өз көзқарастарын қорғай білу, өзінің де, жолдастырының да мінез - құлқына, іс - әрекетін дұрыс баға беруді, талқылауды қамтитын әдіс. Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасына әрі сезіміне, көңіл - күйіне ықпал етуді бірімен - бірі ұштастырылған жағдайда жоғарлай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды.
Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:
- қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т. б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
- әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады;
- нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізіарқылы айқындайды.
Тәрбие әдістерін қолдануда педагогикалық және психологиялық талаптар ескеріледі:
- сөздің өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;
- оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;
- жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын ролін айқындау;
- оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез - құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;
- мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата - ананың әңгімесіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;
- әр баланың көңіл - күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін - өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;
- сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз қолданғанда және балалардың сана - сезімі, тәжірибесі, білімі көзқарасы мен жас өзгешеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады;
- үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.
Тәжірибелі педагогтер тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді.
Түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар - намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта - ықылас, ерік - жігер т. б. туралы түсіндіріледі.
Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.
Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі - этикалық әңгімелер.
Этикалық әңгімелер - мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс - әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.
Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік адамгершілік немесе эстетикалық, еңбек т. б. салаларының әр қырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек.
Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны танымдық, саяси, эстетикалық мәселелерге арналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz