Ғылымның қажеттілігі: қоғамның дамуы және этикалық мәселелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану математика факультеті

Эссе

Тақырыбы: Ғылымның қажеттілігі

Орындаған: Советханов Ә. М.

Топ: МФЗ-001

Тексерген: Мұқатаева А. А.

Семей, 2020


Қазіргі заман мəдениетінің негізін құратын жетекші форма - ғылым мен білім. Ғылыми- техникалық революция заманында ғылым - мəдениеттің шын мəніндегі жетекші формасы, онсыз қазіргі материалдық жəне рухани игіліктерді өндіру мүмкін емес. Тарихтың белгілі бір кезеңінде қоғамдық байлықты өндіру адамның ғылыми білімдер жиынтығын игеру деңгейіне тікелей тəуелді болады деген Маркстың ойы ХХ ғасырда шындыққа айналып отыр.

Ғылым дегеніміз - дүниені танудың қайнар көзі. Ғылымның мəнін түсіну үшін ең алдымен ғылым мен білімнің арасындағы айырмашылыққа назар аударсақ, білім - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы нақты мəліметтер жиынтығы жəне олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Білімнің өзі қарапайым жəне ғылыми болып екіге бөлінеді. Қарапайым білім іс-əрекет пен тіршілік барысында жинақталады. Ол құбылысты тек сипаттап, оқиғаның қалай өтіп жатқандығын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды, ол құбылысты тек сипаттап қоймай, оның себебін, өткені мен болашағын түсіндіріп, олардың ішкі табиғатын, мəнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып, оның даму заңдылықтарын айқындайды.

Ғылыми білім жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдастырылуымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылым көптеген қиындықтар мен қайшылықтарға толы мол ізденістер мен шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындады. Ғылымның даму тарихына келсек, танымдық форма ретінде оның өз тағдыры мен тіршілігі бар.

Ғылымның дамуы ғылымдағы мəліметтер көлемінің ұлғаюымен сипатталмайды, оның дамуы глобалдық сипатқа ие. Əрбір кезеңде оның мазмұны мен мақсаты, қоғамдағы маңыздылығы, таным логикасы өзгеріске ұшырап отырады. Ертеректе ғылымдардың ғылымы жəне патшасы саналған философия Көне Үнді, Қытай жəне Грек елдерінде пайда болған. Барлық білім салалары философияға қатысты болып, философия барлық білім салаларының басын біріктіріп, жүйелеген. Ерте заманда, суықтан, аштықтан және жыртқыш аңдардың шабуылдарынан қорғану үшін, адамдар әртүрлі амалдар іздей бастады. Осылайша, дүниеге ғылым келді. Ғылым - әлеуметтік прогресстің қуатты қозғалтқышы. Біз оның арқасында өмірімізді ұзартуға, денсаулығымызды нығайтуға, түрлі ауруларды емдеуге, қоғамды сумен және тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз. Қоғамды ақпараттандыру жоғары деңгейге жетті, кез-келген ақпаратты ғаламтордан табуға мүмкіндік бар. Компьютер мен ұялы телефондар үйреншікті жағдайға айналды. Ғылым біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қоғамның дамуы, ғылымның дамуымен тығыз байланысты. Олар әрқашан бірге жүреді. Әр адам оған өз үлесін қоса алады. Ғылымның негізгі қажеттілігі осы деп ойлаймын. Ол дегеніміз адамның үздіксіз дамуы, өзіндік жетілдіру арқылы қоғамды, өмір сүру салты мен адамзаттың басқа да қажеттіліктерін қамтамассыз етуді жақсарту жолындағы мақсатты процесі деп білемін.

Мен ғылымның соңғы жетістіктеріне қуанамын және мүмкіндігінше көп ашулар болғанын қалаймын . Әрине, оның барлық жетістіктері біз үшін пайда әкелген жоқ. Менің ойымша, атом бомбасын ойлап табу - адамзаттың ең үлкен қателігі. Сондықтан, ғылыми білімді тек жақсы ниетпен пайдалану керектігін әрқайсымыз түсінуіміз керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымның қажеттілігі және қоғамдағы рөлі
Ғылымның генезисі, тарихи дамуы және зерттеу аспектілері
Ғылымның құндылықтары мен дамуы: генезисі, дәстүрлері және жаңалықтары
Жастарға дене тәрбиесін беру: қоғамның әлеуметтік қажеттілігі мен теориялық-әдістемелік негіздері
Тәуелсіз Қазақстандағы мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Мәдениет: қоғамның рухани және материалдық дамуы
Ғылымның тарихы мен философиясы: теориялық негіздер, әлеуметтік-мәдени аспектілер және Қазақстандағы дамуы
Интенсивті терапия мен өлім алдындағы күтімдегі медициналық-этикалық және құқықтық мәселелер
Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары: бағыттар, мәселелер және тәрбие рөлі
Ақшаның қажеттілігі, формалары және қызметтерінің қазіргі заманғы дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz