Инклюзивті білім беру туралы


Инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыру үшін барлық балалардың, олардың қабілеттері мен мүмкіндіктеріне тәуелсіз білім алу сұраныстарын қанағаттандыруға икемді білім беру ортасын құру қажет. Қазіргі заманғы педагог білім алушылардың толыққанды дамуы және өзін-өзі дамытуы, ата- аналармен, мамандармен, медициналық қызметкерлермен, қоғамдық және арнайы ұйымдардың өкілдерімен өзара әрекеттесе алуы үшін жағдай жасай отырып, олардың жеке сұраныстарына икемделуге дайын болуы қажет. Осыған байланысты оның кәсіби құзыреттілігіне талаптар өсуде.
Педагогтың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі оның кәсіпқойлығының басты көрсеткіші және тиісінше білім беру процесін тиімді ұйымдастырудың негізін қалаушы шарты болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік педагогтың кәсіби құзыреттілігінің жалпы құрылымындағы құрамдас элементі болып табылады, ол сондай-ақ коммуникативтік құзыреттілікті, риторикалық құзыреттілікті, когнитивті құзыреттілікті, кәсіби-техникалық және кәсіби-ақпараттық құзыреттілікті қамтиды.
Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік мәселелерімен Ю. П. Азаров, Ш. А. Амонашвили, Г. Г. Горелова айналысты.
Психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктің мәні мен мазмұнын ашу үшін «педагогтың кәсіби құзыреттілігі» ұғымын терең қарастыру қажет.
Ғылыми әдебиетте педагогтың кәсіби құзыреттілігі мәселелерін зерттеу кеңінен ұсынылған, өйткені қазіргі білім беруде ең өзекті құзыреттілік тәсіл болып табылады.
- «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес, ол мотивациялық, әлеуметтік және мінез- құлықтық, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды) құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;
Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік құрылымындағы педагогтың маңызды қасиеттерінің ішінде С. М. Шингаев рефлексия, эмпатия, икемділік, коммуникабельділік, ынтымақтастыққа қабілеттілік, сенситивтілік қабілетін ерекшелейді. Бұл автордың пікірі бойынша икемділік қажет, өйткені
педагогикалық іс-әрекет барлық уақытта өзгереді және мұғалім туындаған педагогикалық жағдайларды шығармашылықпен шешу қажет.
Мұғалім мамандығы оқушылармен ғана емес, сонымен қатар ата- аналармен, әріптестермен, әкімшілікпен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен қарым-қатынас жасаумен және өзара іс-қимылды ұйымдастырумен байланысты, сондықтан, әрине, коммуникабельділік білім беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара қарым-қатынасты құруға мүмкіндік бере отырып, маңызды орын алады.
Осылайша, психологиялық-педагогикалық құзыреттілік - бұл интеграцияланған ұғым, яғни педагогикалық және дамытушы қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тұлғаның психологиялық- педагогикалық білімінің, іскерліктері мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын кәсіби құзыреттіліктің негізі.
Инклюзивті білім беру үдерісінде мұғалімнің психологиялық- педагогикалық құзыреттілігін қарастырайық, ол келесі құзыреттіліктерді қамтиды:
- мұғалімнің әрбір тұлғаның құндылығын сезінуі және қабылдауы;
- денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларды сәтті әлеуметтендіру үшін инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсіну;
- инклюзивті білім беру процесін жүзеге асыруға терең қызығушылықпен қарау;
- білім алушы ұжымында мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның тең құқылы мүшелері ретінде сенім, мейірімділік атмосферасын құруға ұмтылу;
- арнайы педагогика мен психологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін, жеке әдістемелерді, білім алушылардың даму деңгейінің диагностикасын білу;
- инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың негізгі тұжырымдамаларын, технологияларын және ерекшеліктерін, туындайтын психологиялық-педагогикалық проблемаларды, кедергілер мен тәуекелдерді білу;
- ерекше даму мүмкіндіктері бар балалардың психологиялық, жас және жеке ерекшеліктерін, ауытқушылық түрлерін білу;
- вариативтік тәсіл негізінде арнайы технологияларды, педагогикалық қызметті жобалау және ұйымдастыру әдістерін білу;
- инклюзивті білім берудің педагогикалық міндеттерін шешу үшін қажетті ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және жетілдіру қабілеті;
- инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық іс-әрекеттің рефлексиялық қабілетін меңгеру;
- инклюзивті мектептің тұтас педагогикалық процесінде нақты кәсіби міндеттерді шешу қабілетінің болуы;
- білім алушы ұжымының даму деңгейін, жеке тұлғаның дамуын, жеке білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу, тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктерін, отбасы мен социумның микроклиматын, инклюзивті білім беру жағдайында жалпы педагогикалық процестің жағдайын диагностикалауды жүзеге асыру қабілетінің болуы;
- білім алушылардың, ата-аналардың, пән мұғалімдерінің, әкімшіліктің, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қажеттіліктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық қызметті құрастыру қабілетінің болуы;
- инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық процесс субъектілерімен өзара конструктивті іс-қимылды жүзеге асыру қабілетінің болуы;
- оқу бағдарламаларын ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктеріне бейімдей білуі;
- мүмкіндігі шектеулі балалармен өзара қарым-қатынас орната білуі;
- ерекше білім беру мүмкіндіктері бар білім алушылардың жетістіктерін бағалай білуі;
- ерекше білім беру мүмкіндіктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу процесінде арнайы әдістемелік құралдарды меңгеруі;
- арнайы білім берудің коррекция әдістемелері мен технологияларын меңгеруі.
Жоғарыда аталған мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруі инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық қызметті жүзеге асыруға кәсіби дайындығын анықтайды.
Біз жалпы педагогтің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қарастырдық, оқытудың бейініне және басқару деңгейіне байланысты
педагогтардың кейбір психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін қосқымыз келеді.
Білім беру мекемесінің басшысынан бастайық, өйткені оның құзыреттілігі, басқару қызметінің тәжірибесіне, деңгейіне және білім беру процесінің тиімділігіне байланысты. Бұл жерде жетекшінің басты міндеті инклюзивті білім беру ортасын құру арқылы ақпараттық-талдау қызметін қалыптастыру және ұйымның басқару жүйесін жаңарту болып табылады.
Бұл процестің маңызды сәті инклюзивті білім берудің теориялық- әдіснамалық, әдістемелік аспектілеріне, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға, оның отбасына, пән мұғалімдеріне және барлық педагогикалық ұжымға көмек көрсету жолдары мен тәсілдеріне байланысты инновациялық ақпаратты тез тарату, қабылдау, талдау.
Ақпараттық-аналитикалық қызметтен басқа білім беру мекемесінің басшысы педагогикалық ұжымды инклюзияны жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты ұйымдастыруға міндетті.
Білім беру мекеме басшысының өзі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге мүдделі болуы тиіс, ал ол үшін оған арнайы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік қажет, атап айтсақ:
- білім беру мекемесін инклюзивті білім беру ортасын құруға бағыттау;
- білім беру мекемесін сәулеттік өзгерту, білім беру бағдарламаларын бейімдеу, әдістемелік құралдарды қолдану мүмкіндіктері мен қажеттілігін түсіну;
- инклюзивті білім беру саласындағы шетелдік және отандық нормативтік-құқықтық құжаттарды білу;
- инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерін білу;
- инклюзивті білім беру процесінде педагогикалық ұжымның қызметін ұйымдастыра білу;
- жалпы білім беретін мекеменің педагогикалық процесіне ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қосуды ұйымдастыру негізінде педагогикалық ұжымға қолдау көрсете білу (мотивациялық, педагогикалық, әдістемелік, психологиялық, басқарушылық) ;
- инклюзивті білім беру процесін ұйымдастырудың табыстылығын талдау, диагностикалау, түзету, бақылау жасау іскерлігі;
- инклюзияны іске асыру барысында қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қарым-қатынас жасай білу, келіссөздер жүргізу, кикілжің жағдайларды шешу, ұжымдағы әріптестерді конструктивті ұсыныстарға, шешімдерге ынталандыру және т. б. ;
- инклюзивті процестерді жүзеге асыруға және көмектесуге қабілетті білікті педагог кадрларды, мамандарды тарта білу.
Мектеп директоры орынбасарларының психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктері :
- инклюзия идеясын қабылдау, білім беру жүйесін реформалау жағдайында оның құндылығы мен қажеттілігін сезіну;
- инклюзивті білім беру саласындағы шетелдік және отандық нормативтік-құқықтық құжаттарды білу;
- инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерін білу;
- балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;
- қауіпсіздік техникасы негіздерін білу;
- білім беру бағдарламалары мен технологияларының бейімделуіне әрекет жасау және мұғалімдерге көмек көрсету;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және олардың ата- аналарын әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
- инклюзивті білім беруді насихаттау, педагогикалық ұжым, ата- аналар, қоғам арасында оны жүзеге асырудың ерекшеліктері мен тәсілдері бойынша ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру, өзін-өзі реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін инклюзивті білім беру үдерісіне қатысушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру және жүзеге асыру қабілетінің болуы;
- барлық білім алушылар үшін кедергісіз орта құруға мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, үйірмелер мен секция басшыларының кәсіби қызметін үйлестіре және бағыттай білу;
- инклюзивті білім беру процесінің сапалы ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асыра білу.
Жалпы білім беру мекемелерінде директордың бірнеше орынбасарлары болғандықтан, лауазымдық функциялардың ерекшелігін ескере отырып, олардың құзыреттіліктерін қарастырамыз:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
- барлық білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ кестесін дұрыс құрастыра білу (мысалы, бұл сыныпта тірек- қимыл аппараты бұзылған бала бар екенін біле отырып, дене шынықтыру сабағын бірінші немесе соңғы сабаққа қою немесе ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін басқа сабақпен алмастыру мысалы: дефектологпен қосымша сабақ немесе медициналық емшаралар және т. б. ) ;
- пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілердің, мамандардың іс- әрекеттерін үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыра білу;
- білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауды бақылай білу, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т. б. ұйымдастыру;
- жіберілген/ауыстырылған сабақтардың есебін жүргізе білу, уақытша болмаған мұғалімдердің орнын алмастыруды ұйымдастыра білу;
- білім алушылардың оқу жүктемесін бақылай білу, білім беру мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды бағалау (мысалы, балада сөйлеу мен есту қабілетінің бұзылуы болатын болса, онда оған жазбаша тапсырма және т. б. ұсынылады) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz