Саяси жүйе - аса қажетті механизм


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Саяси жүйе

4 САЯСИ ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ

Қазіргі таңдағы саясаттануда «Саяси жүйе» түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси жүйе қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.

Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.

Отандық және шетелдік саяси әдебиеттерде саяси жүйе түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр.

Қоғамның саяси жүйесі жөнінде де бірқатар теориялар бар. Олардың қатарына американдық ғалым Д. Истонды, американдық саясаттанушы Г. Алмондты, Т. Парсонстың теориясын, К. Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясаттанушылар М. Г. Анохинның, Ф. М. Бурлацкийдің, Р. А. Матвеевтің және басқалардың теорияларын жатқызуға болады. Американдық ғалым Д. Истон саяси жүйе теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Ол саяси жүйені ресурстар мен құндылықтарды бөліп беретін қоғамдық билікті қалыптастырушы және жұмыс істететін механизм деп қарастырады. Тағы бір американдық саясаттанушы Г. Алмонд саяси жүйені бір жағынан, тұрақтылықты қолдау кезінде қоғамдағы жаңғыртуды жүзеге асыруға көрсетілетін қабілеттілік, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттайды. Бұл ретте әрбір элемент бүкіл жүйеге қажетті маңызды қызметтерді атқарады(мемлекет, партия) .

«Саяси жүйенің» тұжырымдамасы Ресей мен Қазақстан қоғамтанушыларының күшімен таяуда ғана жасалынды. «Саяси жүйе» термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар - «жүйе», «саясат», «қоғам».

Біріншісі- жүйелік сипаты бар, белгілі бір тұтастықты көздеген қоғамдық көрініске көңіл аударуды мақсат тұтады. Оның құрамындағы элементтер өзара байланысты, бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Жүйе түсінігінің өзі қоршаған ортамен үздіксіз бірлікте болудың қажеттілігін, олардың арасындағы өзара тәуелділікті білдіреді.

«Саяси» деген сөз зерттеліп отырған жүйенің сипатын көрсетеді. Сонымен саяси жүйе дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси жүйесімен оның тығыз байланыста болатындығын білдіреді. «Қоғам» түсінігі саяси жүйенің деңгейін көрсетеді.

Саяси жүйе- бұл әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін анықтайтын институционалдық білімнің жиынтық кешені, ол тиісті аймақта жария билікті жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-әрекетті қалыптастырады және ұйымдастырады.

Саяси жүйе- аса қажетті механизм. Тек соның тікелей әсер етуі арқылы ғана толық билік пен халықтың егемендігі жүзеге асырылып, қамтамасыз етіледі.

Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін аиқарады. Саяси жүйе саяси үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын, саяси биліктің құрылуы мен қызмет істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.

Қоғамның саяси жүйесі бірқатар құрылымдық элементтерден немесе негізгі жүйешелерден тұрады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу.

Саяси қарым-қатынас - бұл саяси және мемлекеттік билікті қалыптастырып құру мен оның қызмет етуін реттеу жөніндегі саяси өмірдегі субъектілер арасындағы қарым-қатынастар. Саяси принциптер мен құқықтық нормалар- қолданылып отырған саяси жүйе шеңберінде саяси қарым-қатынастарды тәртіпке келтіре отырып, оларды реттейді. Саяси институттар- саяси мекемелер болып саналады, яғни бүкіл саяси жүйенің матариалдық негізін құрайды.

Саяси сана - бұл саяси қарым-қатынастар мен мүдделердің көрінісі, белгілі бір түсініктер, идеялар, көзқарастар, теориялар түрінде баға беру: ол әлеуметтік ақақактты сипаттайды; оқиғаларды сезіліп қабылдайды, қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістердің болашақтағы мүмкіндіктерін саралайды.

Саяси мәдениет- саяси танымның, нұсқаулар мен аса құнды бағыт- бағдарлардың, дәстүрлер мен саяси іс-әрекеттер рәміздерінің қоғамға арналған неғұрлым қарапайым үлгілерінің біртұтас жиынтығы. Ол сонымен қатар саяси жүйенің тұрақтылық факторы секілді рольді де атқарады.

Саяси тұрғыда қатысу- саяси жүйені қолдаудың белгілі бір дәрежесін

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.

«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т. б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды.

Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері бар. Д. Истон мен Г. Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді:

Топтар мен жеке адамдардың жүріс - тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;

Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;

Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т. с. с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;

Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.

Саяси жүйе қызметтері:

- Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету;

- Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат - мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады;

- Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады;

- Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау;

- Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау;

Саяси жүйенің жіктелуі:

Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ.

У. Ростоу пікірінше адамзаттың даму тарихы мынадай төрт сатыдан тұрады:

- Дәстүрлі қоғам (алғашқы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігі)

- Өтпелі қоғам (өндірістік революция)

- Алға басу қоғамы (70-80 жылдардағы капитализм)

- Индустриялдық қоғам (2000 жылдардағы капитализм)

Саяси жүйені оның тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі. Либералдық демократия - ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады. Коммунистік жүйе - ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды . Дәстүрлі саяси жүйе - ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді. Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады. Авторитарлық - консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады.

Батыс саясаттанушылардың арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын - америкалық, құрлықтық - еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым - жартылай индустрияланған, тоталитарлық. Тоталитарлық қызмет түрлерінің жиынтығы- саяси жүйенің аса маңызды тұғыры болып саналады. Қызмет түрлерінің жиынтығы дегеніміз, жүйенің тұрақтылығы мен өміршеңдігін қолдауға бағытталған кез- келген іс-әрекеті. Саяси жүйенің атқаратын қызметі қоғамға саяси басшылық жасау міндеттерін шешеді. Шындығында да қоғамды дамытудың мақсаттары мен бағдарламалары, жеке адамдар мен топтардың мүдделерін анықтау мен келісу, олардың талап-тілектерін білдіру міндеттері- саяси деңгейде талқыланып жасалады және айқындалады.

Адамдарда әлеуметтік- саяси қызметке тарта отырып және оларды үстем мұраттар мен құндылықтарға бағыттау арқылы саяси жүйе қоғамдық қатынастарды қайта жасаудың құралына айналады, әлеуметтік- қайта жаңғыру міндеттерін орындайды. Шындығында да, билік пен саяси тұрғыда қалыптасудың көмегімен ескірген нысандар мен ұстанған бағыттар жойылады да, оның орнына қоғамды алға бастыруға арналған қолайлы жағдайлар жасалынады.

Американдық ғалымдар саяси жүйелердің барлығын қуатты және әлсіз деп бөліп келген еді. Олар егер заңдылық, ұйымшылдық пен тұрақтылық біртұтас болса, онда сол жерде саяси жүйе де қуатты болады, ал бұл жоқ жерде- ол қуатынан айырылып, әлсірейді дегенді алға тартады. Ал енді басқа бір ғалымдар соның негізі етіп оларда өмір сүріп тұрған қоғамдық құрылысты, капиталдистік, социалистік және дамушы елдердің қоғамдық құрылымын алуға тырысады. Саяси жүйенің типологиясы билік сипаты мен қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру қағидаты бойынша аса кең тарағаны рас. Бұдан басқа тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық саяси жүйелер де өзінше ерекшеленеді.

Тоталитарлық саяси жүйелер былайша сипатталады: басқару қатаң орталықтандырылады және бірыңғай билік орталығының бақылауында болады;

саяси істерге қатысуы, демократиялық іс-әрекеттерді(процедуралары) көбінесе формальды сипатқа ие болады;

билік құрылымдарының механизмі жеке дара басқаратын жетекшісі (лидер) бар бір партиялық негізде құрылады;

билік құрылымдары билеуші партияға және оның лидеріне бағынады;

әлеуметтік-мәдени жүйеде таптық, ұлттыұ немесе аймақтық құндылықтарға ие болады;

экономикалық өмір біртұтас орталықтан реттеледі

плюрализмнің, оппозицияның, барлық нысандарының жойылуы азаматтардың жеке өміріне араласуы;

біртұтас ресми идеологияны күштеп тықпалайды, жат пікірдегілер мен сынға қысым жасалады;

Авторитарлық саяси жүйенің негізгі сипаттары мыналар:

барлық саяси билікті бірыңғай орталыққа шоғырландыру;

азаматтардың саяси бостандығын шектеу, оппозицияны басып-жаншу;

атқарушы өкіметтің құзырын мейлінше кеңейту;

басшы кадрларды жоғары биліктің қалауы бойынша орналастыру мен олардың халық алдында есеп бермейтіндігі;

өкілетті органдардың сайланымдылығын жою және басқалар.

Демократиялық саяси жүйеге тән сипаттар:

қоғамды көпшіліктің басқаруы, азаматтарды саясатқа көптеп тарту;

өкіметті сынау мен оған оппозицияның болу бостандығы;

халықтың саясатқа қатысуының бәсекелес түрі және басқарудың көппартиялық нысандары;

басқарудың парламенттік нысаны;

заң шығарушы органдардың төменнен жоғары қарай сайлануы мен есеп берушілігі;

демократиялық саяси мәдениет.

Саяси жүйелердің типологиясы осы аталған үш түр арқылы шектеліп қалмайды. Үкіметті саяси партиялар арқылы құруға байланысты қазіргі таңдағы саяси жүйелердің типологиясы да кең түрде белгілі бола бастады. Осындай белгілер бойынша қоғамның бір партиялық, қос партиялық және көп партиялық саяси жүйелері болады.

Белгілі бір әлеуметтік- экономикалық және саяси құрылыстан екіншісіне өткен кезде пайда болатын ауыспалы саяси жүйе туралы да сөз етуге болады. Оған Қазақстан, Ресей Федерациясы мен бұрын КСРО - ның республикалары болған басқа де мемлекеттер мысал бола алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билік бөлінісі принципі
Эволюция және революция
Саяси жүйе - саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны
Саяси жүйе ұғымы туралы түсінік
Егемнді мемлекеттік билікпен құқықтық мемлекеттік мүшемен білдіру, егеменді билікті мемлекетпен қоса бағынуды хабардарлау түрінде себебі
Саяси жүйелердің негіздері ұғымы мен мәні
Қазақ қоғамының саяси жүйесі
Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру
Мемлекеттік құқық теориясының негіздері
Қазақстанда саяси ойдың қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz