Ежелгі қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар

Ешбір халық өз дамуы барысында алғашқы қауымдық өндіріс тәсілін аттап өткен жоқ, өйткені өндіргіш күштер дамуының бастапқы сатысында жеке еңбек ету әлі мүмкін емес еді, өнім ендіру үшін адамдардың бірлескен еңбегі қажет болды.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Қола дәуірінде адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды.Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді.
Бұл өзгерiстер қоғамдық еңбекте үлкен бөлiнудi туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.Патриархаттық отбасылық қауымның бiрнеше сатыдан өткенiн айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бiрге өмiр сүрдi. Әрбiр патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бiрнеше үйлерден құралатын едi.Отбасылық қауым отбасылық-өндiрiстiк ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндiрiс құрал-жабдықтары мен өндiрiлген өнiм ортақ меншiкке айналды. Кейiн, әсiресе, соңғы қола дәуiрiнде кейбiр материалдық жағынан күшейiп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түстi, мұның өзi алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншiктiң пайда болуына әкелдi. Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлiк теңсiздiгiнiң шыққанын қорымдардың қалдықтарынан да көруге болады.
Сақ-массагет тайпалары

Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең - байтақ аумақта сақ деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа ертедегі тарихшылар оларды "азиялық скифтер" деп атаған. Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антик дәуірінің авторлары (гректер) - Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей және т.б.; 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары сақ атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды Азия скифтері деп атайды.
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Герадот " амюргия-сақтар" және "ортокарибантия-сақтар" деп атаған.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдарбар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия және Маргиана аумағында (Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауында) орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.

Лингвистикалық зерттеулердің мәліметіне қарағанда сақтардың Орталық Азияның көне иран тұрақтарынан б.з.д. І мыңжылдықта бөлектеніп шыққан ирандық, нақтырақ шығыс ирандық тайпалар тобына жататындығы байқалады.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер - Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар - Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар - Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар - Шығыс Қазақстан аумағын, қаспилер - Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер - Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.
Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы меңгерген.
Б.з.д. ҮІІІ - ҮІІ ғасырларда Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалардың Ассирия және Мидиямен, ал б.з.д. ҮІ ғасырдың ортасынан бастап құрылған Ахеменидтер тұсында Персиямен қарым-қатынас жасаған және сол кезеңдегі көптеген тарихи оқиғаларға араласып отырған.
Жазбаша және археологиялық деректер б.з.б. VІІІ-VІІ ғғ. Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеті - Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алады. Кейінірек Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болып жорыққа аттанады. Бірақ, оның жорығы қатты қарсылыққа кездесіп, соңында Кир бастаған парсылар сәтсіздікке ұшырап, әскерлері талқандалып, өзі қаза табады. Герадот мынадай аңыздық мәліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып, Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын! деп оған Кирдің басын салдырған.

Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын І Дарий (б.з.д. 521-486) жалғастырды. Б.з.б. 518 жылы І Дарий массагет-сақтарға қарсы жорық бастап, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиэн массагет-сақтардың парсыларға қарсы ерлікпен күрескендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіреді. Шырақ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға барып өзін сақ көсемдерінен зардап шеккен адам сипатында көрсетеді. Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қайтарғысы келетінін мәлімдеген Шырақ жауларын, яғни парсыларды сусыз шөл далаға апарып адастырады. Ал, ол жерде парсылардың көбі шөлге шыдамай қырылады. Өз жерін жат жерлік басқыншылардан қорғау мақсатында сақ жауынгері Шырақ осындай ерен ерлік жасады.
Б.з.б. VІ ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі Шығыста грек-парсы соғыстарының басталуына байланысты ірі-ірі саяси оқиғалардың болғаны белгілі. Сол тұста кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы маңындағы шайқасқа сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал, бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісе түседі, құл иеленушілер болса, бұдан шығудың жолдары шығысқа басқыншылық жорықтар ұйымдастыру деп түсінеді. Б.з.б. ІV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменидтік ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады. Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары табан тіресе ерлікпен қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-грек әскерлерін бірнеше дүркін талқандаған болатын. Үш жыл бойғы кескілескен соғыстан кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның арғы жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Александр Македонский өлгеннен кейін оның ұлан-байтақ империясы тығыз экономикалық және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардан біріктірілгендіктен дағдарысқа ұшырап ыдырады.

Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда-сақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы болды. Сақ мәдениеті - Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірі болды. Ол заманға қатысты қорымдардың көп болуы ерте кезден-ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) - 300 обадан, Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен - Төбе алқабында (Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған. Оларда адамдар әр түрлі уақыттарда жерленіп, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан.
Б.з.д. І мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауымның ыдырап, әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа сипатымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер жеке меншік, ал кейіннен отбасылық меншік түрінің шыққанын айқын байқатады. Сақ заманының қоғамдық құрылымын: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) - яғни, көшпелі қауым-тайпалар одағы деп атауға болады. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды. Ол бөліністер әулет басшысының есімімен аталды. Ал қоғамның жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни, әлеуметтік теңсіздіктің болғанының дәлелі болып табылады.
Ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың әскери-демократиялық одағы
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан - байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан әр түрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғұндар) әр түрлі тайпаларды біріктірген. Ғұндар туралы мәліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Олар Тынық мұхиты мен Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да таралып отырған саяси құрылым болып табылады. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды.Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде "шаньюй" деп аталған. Б.з.д. 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты. Ғұндар қытайлармен көп соғысты. Б.з.д. 3 ғасырда ғұндар шабуылының күшейгені соншалық, қытай императорын Ұлы қорғанды тұрғызуға мәжбүр етті. Б.з.д. 209 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарып, ол билік құрған алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде бастаған ғұндар өздерінен әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп-қонатын жерлеріне көз тігуінен бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөде шаньюйдың алдында бас иіп, онымен "өзара тыныштық және туыстық туралы шартқа" қол қояды. Бұл шарт бойынша Хань императоры шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беріп және жыл сайын салық төлеп тұруға міндеттеледі.
Мөде бастаған ғұндар кейін шығыстағы "шығыс ху" тайпаларын бағындырады, ал оның құрамына Керулен және Онон өзенінің алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Одан соң ғұндар батыстағы юечжи тайпаларына жорықтар жасайды. Бұл кезеңде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі кең аумақ ғұндардың қол астына өтеді, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына кірген тайпалардың мекені Байкалға дейінгі аумақты алып жатқан еді.
Ертедегі деректерге қарағанда ғұндар Саян-Алтай тайпаларына жорықтар жасаған. Б.з.д. 201 жылы сюннулердің солтүстік және солтүстік-батысқа қарай жорықтарын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырған. Олардың аумағы батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле өзенінің алқабына дейінгі жерлерді алып жатты.
Б. з. д. I ғасырдың ортасында ғұн қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айрылумен қатар бұрынғы бірлестік құрамында болған ғұндар б.з.д. 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігін Хуханье шаньюй, солтүстік бөлігін Чжичжи шаньюй басқарды. Оңтүстіктегілер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстіктегілер өз тайпаларының қысымына шыдамай Саян мен Байкал өңіріне ығысып, яғни солтүстік пен батысқа қарай қоныс аударды
Б. з. д. 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірақ оның бұл әрекетінен нәтиже шықпады. Өз күші жетпеген соң үйсін күнбиінен көмек сұрайды, бірақ үйсін күнбиі оған көмек беруден бас тартады. Осыдан кейін одақтассыз қалған солтүстік ғұндар оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мәжбүр болады.
Солтүстік ғұндардың билеушісі Чжичжи шаньюй солтүстік-батыс Моңғолиядағы Қырғыз-Нұр көліне таяу жерде өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады. Сөйтіп, б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи бастаған ғұндар Қазақстанның Жетісу аймағына алғаш рет көшіп келе бастады.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІҮ ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Олар Шығыс Рим империясының жерлеріне шапқыншылықтар жасайды. Әсіресе, Ү ғ. басында Ругила патшалық құрып тұрған кезде Рим мемлекетіне шабуылы күшейеді, Дунай жағалауындағы римнің иеліктерін жаулап алады. Паннония (қазіргі Венгрия аумағы) жерінде жаңа мемлекет - Батыс ғұн империясы құрылады. Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызады. 433 жылы Ругила қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі іс жүзінде Аттиланың (Еділ батыр) қолына көшеді. Ол 453 жылы қайтыс болғанға дейін Еуропаның көптеген халықтарын өзіне бағындырып, бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірді. Бірақ Аттила өлгеннен кейін Батыс ғұн империясы ыдырап кетті.
Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастар күшті болған. Елді шексіз билік иесі - шаньюй басқарған, оның жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді. Деректер ғұндарда малға және жерге де жеке меншік болғанын білдіреді. Ер азаматтардың барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн әскерінің негізін атты әскер құрады. Ғұндар жауынгер халық еді. Олардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар - бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.
Үйсін мемлекеті. Б.з.д. ІІ - б.з ҮІ ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін - қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дәлелдеуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды.
Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: "Үйсін мемлекеті дегеніміз - үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ - ҮІ ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы "Усунь" деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған археологиялық мұралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес"... Аталмыш "Үйсін" деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған "Тарихнама - Ши цзы. Хұндар тарауында" хатталған", - деп көрсетеді.
Үйсін мемлекетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Солтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Сақ - массагет тайпалары
Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Ғұн және Усун мемлекеттері
Мемлекет ұғымы (түсiнiгi ) және оның белгi-нышандары
Қазақстан аумағында мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы
Неотектоника
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Құқықтың маркстік теориясы
Пәндер