Сауда кәсіпорнындағы бухгалтерлік есеп



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

1.1 Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы тәртібі ... ... ... ... ... ..5
1.2 Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың қозғалысының есебі және
тауарларды қабылдап алу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ. БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу ... ... ...19
2.2 Саудадағы айналым шығындарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

1.1 Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы
тәртібі ... ... ... ... ... ..5
1.2 Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың қозғалысының есебі және
тауарларды қабылдап алу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ. БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық
салу ... ... ...19
2.2 Саудадағы айналым шығындарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .24

ПАЙДАЛАНҒАН әдебиеттер
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Тауарлар нарығы тек саудамен шектелмейді. Сонымен қатар тауарлар
нарығы инфрақұрылымы мағынасына енгізуге болатын кәсіпкерліктің бірнеше
түрі бар. Сауда өзіндік шаруашылық сала және экономикалық әрекет түрінің
жолы арқылы қызмет жасайды, яғни ол тауар алмастыру, алып-сату және де
тауарларды сатып алу кезінде, сатып алушыларға үлгілі қызмет көрсету, оны
жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау, олардың тауарды
көтерме және жекелеп сату айырмашылықтарын белгілеу болып табылады.
Көтерме сауда - бұл тауарларды ірі партиямен сауда-саттық жасау, яғни
ірі сатып алушыларға, тауар қолданушыларға айтарлықтай мөлшерде немесе
оларды кейінірек жекелеп сатушыларға сату.
Бөлшек сауда - бұл тауарларды коммерциялық емес негізде тұтынушы
қолдануына көп емес мөлшерде біртіндеп сатып алынатын сауда.
Бұлардың барлығын өндірушіден тұтынушыға тауарларды тасу әрекетінде
тікелей қызмет көрсету біріктіреді. Тауар нарығындағы инфрақұрылым мен
тұтынушылардың кері байланысын сұраныс пен ұсыныстың классикалық
тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Тауар алмастыру операциясы ұдайы өндіріс процесіндегі бір тар үзбесі
болып табылады. Бұл факт жергілікті көзқараста әділ сылтау ретінде
негізделген оғаш қорытынды. Экономикалық реформа саясатындағы өзгеріс,
бұрын болған өзара байланыстағы шаруашылықтың бұзылуы болды. Сол уақыттан
тек қана монополизм және ықылассыз бәсекелестік шарттар ғана сақталған.
Тауардың айналып жүру процесі сарапшылардың санын көбейтті. Рационалдық
емес тасымалдау көлемі, бағасы, шығындары ұлғайды. Делдалдық сауда әрекеті
көбінесе, жүйелі сипат алып жүр. Тұтынушының төлем қабілеттілігі төмен
болғандықтан тауар қозғалысының "бағыты" өзгеріп, қойма операциясы
қайталанып отыр.
Тауар нарығын ұйымдастыруға алдын-ала бәсекелесушінің шарты бойынша
қабылданған бағамен ерекет ететін биржа, көтерме жәрмеңкелері, аукциондар
және т.б. сауда кәсіпорын формаларына кіреді.
Көтерме және ұсақ көтерме сауда кәсіпорындары нарықтың жаңа
жетекшілері болып табылады. Оның жұмысының жақсаруына ең алдымен жергілікті
үкіметтің қолдауы керек. Тауар нарығын ұйымдастырушылардың нақты формадағы
қолдауы көтерме және ұсақ көтерме сауда нарығының аймақтық үлгіде
орналасуы, олардың типтік құжаттарын ұйымдастыру мен жұмыс істеу, сондай-ақ
саудаға аудан бөліп беру, саудаға потенциалды қатысушыларға түсіндірме
жұмысын жүргізу болып табылады. Ұсақ көтерме сауда нарығының арасындағы
бәсекенің ұлғаюы сауда байланысының санитарлық стандарттан орынды
қадағалануы ұсақ, көтерме сауданы ұйымдастырушыларына берілетін, сонымен
қатар кетерме сауданың қалыптасуына хабары бар занды тұлға мен кәсіпкерлер
сатушы немесе сатып алушы ретінде саудаға қатысуына рұқсат етіледі. Мұндай
саясат көтерме және бөлшек операциясының тым нақты бөлінуіне, көтерме
үзбедегі сауда шығынының төмендеуіне (үнемдеу есебінің масштабы арқасында),
ескерілмеген қолма-қол айналымның қысқартылуына мүмкіндік туғызады.
Көтерме делдалдардың жаңа кешенді формалары көлік-өтімінің
(транспортно-сбытовых) орталығы ашылды.
Қызмет көрсететін кәсіпорындар қоймалары және көлік терминалы мен
көтерме делдалдар кәсіпорынның қоймаларының байланысын нығайтуда, олардың
тауар қозғалысын ұйымдастыру интеграциясы тауарлар мен өнімдердің қоймаға
жеткізу мен сақтау статияларының қысқартуын береді.
Курстық жұмыстың мақсаты – сауда кәсіпорында бухгалтерлік есебін
жүргізу тәртібін, тауар қозғалысының есебін, шығындардың есебін жан-жақты
қарастырып мәнін ашу.
Негізгі мақсатқа жету үшін алдыда келесі міндеттер қойдылады:
- тауарлар қозғалысының есебі және тауарларды қабылдап алу тәртібі
қарастыру;
- бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу көрсету;
- тауарлық шығысын есепке алу, алдағы шығындар мен төлемдер резервінің
есебін жүргізу;
- саудадағы айналым шығындарын талдау.
Қазіргі тауар нарығы құнды және оперативтік мәліметсіз болуы мүмкін
емес. Дегенмен, Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін шын мәнісінде
тауар нарығының жетілуі мен негізгі мәліметтер күйі жоқ ешкімде оны әлі
мәліметтермен жабдықтау үшін құрылымдастыру әрекетін жасап көрген жоқ.
Бірде бір фирма, кәсіпорын, маманданушы, мәліметтерді таратушы, бірде бір
ұйымдастырушы құрылым, сұраныс туралы мәліметке, ұсынысқа, бағаға,
бәсекелік қабілеттілікке, сату шарттарында қызмет көрсету үлгілеріне толық
және сенімді мәлімет бере алмайды.

І. САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП.
1.1 Сауда кәсіпорындарын лицензиялаудың жалпы тәртібі

Көптеген халық қайта құру саясаты жүргізген кезде, сауданың жекеменшік
қолға өтуі, бірден барлық мәселелерді, яғни сауда орындарының тек қана
сапалы тауарларымен толуы ғана емес, оған қоса халықты алдап-арбау, артық
ақша алу т.б. сияқты сауда кемсіктері жойылады деп сенген еді. Бірақ жаңа
шарттар ескі мәселелерді шешіп қана қоймай, оған қоса жаңа жолдардың
шығуына негіз болды. Негізінде меншікке айналу, халықтың жұмысбастылық
құрылымындағы өзгерістер саудаға үлкен мөлшердегі кәсіпшілік дайындығы жоқ
адамдар ағысын алып келді. Енді сауда ортылығында тек қана ықылассыздықтан
ғана емес, тағы квалификациясы жоқ, іс-әрекеттерден қорғану қажет болды.
Шын мәнісінде де кәсіпорындардың ең басты негізгі мақсаты өнімнен үлкен
пайда түсіру, ал ол үшін тұтынушының көңілінен шығатын өнімдердің сапасы
мен бағасы сай келуі қажет екенін енді түсіне бастаған сияқтымыз. Міне
сондықтан да қазір сауда жасауға лицензия өте қажет.
Лицензия мемлекеттік іс-әрекеттерді тәртіпке салушы жаңа шарттардың
бір түрі. Оның ең басты міндеті сауда орталығына сапасы жоқ тауарлар мен
кәсіби және материалды дайындығы жоқ кәсіпкерлердің қызметінен, сонымен
қатар сауда орталығынан тәртіпті бұзушылардың, ережені сақтамаушылардың
көзін жою болып табылады.
Лицензия мемлекеттік ортадағы, сауданы тәртіпке салу жолындағы
демократиялық әдіс, өйткені, ол тұтынушылардың, өнеркәсіптің және
мемлекеттің құқығын бірігіп қорғауға мүмкіндік береді. Тұтынушылар
лицензиясы бар кәсіпорындарға барып толық кепілді квалификациялық қызметті
көре алады. Ал кәсіпорын болса ықылыссыз бәсекеліктен сақталып қалады.
Лицензия өнеркәсіптің дамуыны шек қояды деген мағлұматтаты жиі ести
бермейміз. Лицензияны әркімге бере бермейді. Бірақ олардың санында шек жоқ,
сондықтан да қандай да болса кәсіпкер, егерде бизнесі толығымен қажетті
талаптарға сай келсе, онда ол лицензия ала алады. Сейтіп, лицензия
өнеркәсіп квалификациясының дамуына жағдай жасайды. Егерде оның өсуі
шектелген болатын болса, онда көптеген меншік иелеріне жақсы болып қалар
еді. Сол немесе басқа сауда әрекетіне берілетін лицензияның мөлшері оның
қандай өріс алғанына байланысты.

1.2. Саудадағы тауарлар мен ыдыстардың қозғалысының есебі және тауарларды
қабылдап алу тәртібі

Көтерме жабдықтау көптеген сан түрлі нарық операцияларының нәтижелері
көрсетеді.
Тауарларды көтерме баға бойынша сатып алу процессі 2 этаптан тұрады:
1-ші этапта көтерме кәсіпорындар сатып алушының сұранысын зерттеп,
өндіріске белгіленген ассортиментпен, нақты өнім санын өнеркәсіптік
кәсіпорындар тапсырысымен, нарық конъюнктурасы есебімен көрсетіп, өңдейді.
2-ші этапта жабдықтаушылардан түскен тауарлар мен оларды қоймаға
қабылдап алу және тұтынушыға жіберумен байланысты операциялар жүзеге
асырылады.
Тауарлардың келіп түсуі жабдықтаушылардан қабылдап алу әдісімен
анықталады. Сауда кәсіпорындары өз тауарларын материалды-жауапты тұлғамен
өз қоймаларында, аэропортта, темір жол станцияларында немесе
жабдықтаушылардың қоймасынан қабылдап алынуы мүмкін.
Жабдықтаушылардың қоймасынан тауар сенім хат арқылы беріледі. Сенім
хат сатып алушыға тауарды өз бетінше алған жағдайда қажет. Сенім хаттың
міндетті реквизиттері болып, кәсіпорынның аты, есеп айырысу шотының нөмірі
және ол қай банк мекемесінде орналасқандығы, сенім хаттың жарамды мерзімі,
оның кімге берілгендігі, ол тұлғаның қуәлігінің нөмірі және сонымен
берілген ТМҚ аты, саны, сенім хат алған, берген тұлғалардың қолының үлгісі.
Сенім хаттың жарамды мерзімі үш жылдан аспауы қажет. Егер де оның мерзімі
көрсетілмеген жағдайда, ол берілген күннен бастап бір жылға дейін жарамды
деп есептеледі. Сенім хат жазылған тұлға уәкіл етілген іс-әрекеттердің
барлығын өзі іске асыруы қажет. Тауарларды босату жөніндегі материалды-
жауапты тұлға сенім хат реквизитінің барлығын тексеруі қажет. Егер тауар
алдын-ала төлеу бойынша жіберілуі керек болса, материалды-жауапты тұлға
бухгалтериядан оның растығын анықтау қажет. Егер тауарды келісім-шарт
бойынша есеп айырысу кейінге қалдырылған жағдайда сенім хат міндетті түрде
болуы керек.
Келісім-шарт бойынша меншіктің өту уақыты мен сатып алушы кәсіпорынның
қоймасына нақты келіп түсу уақытының арасындағы айырма маңызды болуы
мүмкін. Әсіресе, қалааралық жеткізу кезінде. Тауарлардың кәсіпорын
балансына кіріске алынуы оның өз меншігіне өту негізі болып табылады.
Сату-сатып алу келісім-шартында тауарларды жеткізу сатушының міндеті
екені көрсетілмеген жағдайда тауарларды тасушыға немесе сатып алушыға
жеткізетін кәсіпорынға өткізу уақыты болып саналады. Бұл дата тауарлардың
жолдама құжаттарында қойылады (тауарлы-транспортты, темір жол,
авианакладной, кеме арқылы).
Сатып алушы кәсіпорынның балансына сату-сатып алу келісім-шарты
бойынша алынған тауарлардың кіріске алу датасы, келісім-шартқа сәйкес тауар
меншік құқығына өту уақытына сай келуі керек. Бұл ереженің сақталмауы, яғни
егер накты кіріске алу датасы мен меншікке өту датасы әр есепті кезеңде
болса, ол тауарды бағалаудың бұрмалауына алып келеді.
Алынған тауарлардың кіріске алынған тауарлардың есебі бухгалтерлік
есепте "Тауарлар" счетында жүргізіледі. Тауарларды оларды сатып алу бойынша
шығындарын есепке ала отырып бағалайды. Бұл шығындарға транспорттық
шығындар тауардың бағасына кіргізілген ыдыстар мен қаптауға, орауға кеткен
шығындар жатқызылады.
Тауарларды алумен байланысты шаруашылық операциялар кіріс құжаттары
негізінде, келесі кестеде көрсетілгендей бухгалтерлік есепте проводкалармен
беріледі

Кесте 1. Тауарларды алумен байланысты шоттардың бухгалтерлік есеп

операцияларында көрінуі
Операциялардың мазмұны Дебет Кредит
11 Тауар кіріске алынды (бөлшек саудада 1330 3310
ҚҚС-мен бірге) 1420
22 Жабдықтушының шоты төленді (ҚҚС-мен бірге)3310 1040
33 Көтерме сауда кәсіпорындарда кіріске3130 1420
алынған тауарға ҚҚС есептелді
44 Жетіспеушілік анықталды 6280 1330
Келісім міндеттемелерінің 7110 3310
5 жабдықдықтаушылардың сақтамағаны үшін өсім
мен айыппұлдарды есептеу
66 Жабдықтаушылардың өсімі мен айып 3310 1040
пұлдары төленді

Кейбір жағдайларда тауарларды жеткі ретінде қосылған құнға салынатын
салыққа жеңілдіктері бар кәсіпорындар болуы мүмкін.
Бөлшек сауда кәсіпорындарда ҚҚС есептеу тәртібі өзгермейді. Ал,
көтерме сауда кәсіпорындарда ҚҚС айналым және өндіріс шығындарына жататын
материалдық ресурстарға жабдықтаушылармен нақты төленген салық сомасы мен
сатып алушылардан өткізілген өнім үшін алынған салық сомасының айырмасы
ретінде анықталады.
Демек, берілген жағдайда, тауар өндіруші кәсіпорындар ҚҚС-нан
босатылса, сатып алушы кәсіпорындар барлық сатылатын тауарлардың құнынан
бюджетке төленетін ҚҚС есептейді.
Көтерме сауда кәсіпорындардың шоттар жоспарына сай бухгалтерлік есепте
көрсетілуі келесі кестеде.

Кесте 2. ҚҚС-сыз келіп түскен тауарлар жене оларды өткізумен байланысты
операцияның бухгалтерлік есепте көрсетілуі

№ Операциялардың мазмұны Дебет Кредит
1 Жабдықтаушылардан келіп түскен тауар 1330 3310
кіріске алынды (ҚҚС-сыз) 1420
2 Жабдықтаушылардың шоты төленді (ҚҚС-сыз) 3310 1040
3 Есеп айырысу құжаттарымен сатып1210 6010
алушыларға тауар жіберілді
4 Сату құны бойынша тауарларды есептен шығару7010 1330
5 20% ставкамен жіберілген тауар үшін ҚҚС 1210 3120
есептелді
6 Сатып алушыға жіберілген тауар үшін 1040 1210
қаражаттар алынды

Айдың соңында құны төленген, бірақ жолда қалып қойған тауарлар
(қоймаға келіп туспеуі), 1330 шоттың дебеті және 3310 шоттың
"Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу" кредитінде көрсетіледі
(бұл тауарларды қоймада есепке алынбайды). Келесі айдың басында бұл
соммалар ағымдағы есепке 3310 шоттың дебиторлық қарызы есебінде есептеледі.
Қоймаға келіп түскен тауарлар мен ыдыстарды кіріске алу 1330 шотының
дебеті мен 3310 шоттың кредитімен корреспонденцияланады.
Тауарларды қоймаға қабылдап алу жұмыстары.
Тауарлардың қоймаға келіп тусуі үлкен дайындық жұмыстарын талап етеді.
Тауарлардың келіп түсуін ұйымдастыруда тауарлардың қай уақытта және қандай
мөлшерде келіп түсуін анықтау үлкен роль алады. Тауарларды қоймаға қабылдап
алу жұмысын ұйымдастыруға келесілер кіреді:
- сақтау қоймасына жақын орналасқан көлік құралдарын қою орнын
анықтау;
- тауарларды түсіру және орналастыру бойынша қанша жұмысшы керек
екенін анықтау;
- тауарларды түсіру бойынша жүк машиналарының түрі мен санын анықтау
және оларды дайындау;
- алдын-ала орнын анықтау.

Тауарларды қабылдап алу, өткізу жұмыстары бойынша құжаттарды дайындау.
Әртүрлі көтерме компанияларда тауарларды қоймаға қабылдап алу әртүрлі
жүргізіліді, ол жабдықтаушыларға, тауарлардың түрі, қоймаға келіп түсуге
байланысты екендігі айтылды. Сонымен, бұл операцияларды жүзеге асыру үшін
жалпы жұмыс түрлерін анықтауға болады. Оларға жататындар:
- тауарларды түсіру;
- тауарлар саны бойынша тексеру;
- қабылдап алынған тауарлар бос қоймаға ауыстыру;
- тауарларды қаптау;
- тауарлар сапасы бойынша тексеру;
- тауарларды сақтау орнына жеткізу;
- қабылдап алу, өткізу құжаттарын толтыру;
- қабылдап алынған тауарларды тіркеу.

- тауарларды қабылдап алу және тексеру

Әдетте тауарлардың жолда жүруі мен олардың қабылдап алу-өткізу
құжаттары көлік жүргізішілерге жүктеледі. Тауарларды түсірген соң, көлік
жүргізушісі көтерме кәсіпорынның қабылдап алушысына (контролер, қойма
диспетчері) жүк наклоднойын береді. Осы жүк наклоднойы арқылы тауар саны
анықталады. Ыдыстардағы тауарлар жүк (тауар) орнымен қабылдап алынады.
Тауар қабылдап алынғаны туралы жүк наклоднойында тауар қабылдап алған тұлға
қолымен расталады. Сол кезден бастап тауар сақтығы көлік жүргізушіден
қабылдап алған адамға жүктеледі. Түсірілген тауар саны жүк наклоднойында
берілген мәліметтермен тура келмесе, сонымен қатар контейнерлердің немесе
қаптаулардың бұзылғаны анықталса, онда жүк наклоднойында белгіленеді.
Тауарлардың сапасын қаптауларды (ораулар) ашқан соң ғана тексеруге
мүмкіндік бар. Қабылдап алынған тауарлар тіркелуі керек. Қабылдап алған
тауарларды тіркеу журналы қоймаға келіп түскен тауарларды растайтын құжат
болып табылады. Қабылдап алынған тапсырысты журналға тіркеу нөмірімен
жазылады. Сонымен қатар тіркеу нөмірі жүк наклоднойларында немесе тауарды
қабылдап алу квитанцияларында жазылады және ол қоймадағы тауарларды қайта
жасау бойынша келешекте жасалатын операциялары бойынша анықтама ретінде
қызмет етеді.
Тауарларды тексеру әдістері
Бұл операциялардың негізі көтерме кәсіпорындарының тауарларға берген
тапсырысы бойынша нақты келіп түсуінде. Мұндай тексерулер келіп түскен
тауар саны мен сапасын анықтауға және осы тексерулердің нәтижесін
салыстыруға мүмкіндік береді.
Біздің практикамызда тауарларды тексерудің келесі әдістері
қолданылады:
- накладной бойынша тексеру;
- соқыр тексеру әдісі;
- толық емес соқыр тексеру әдісі.
Наклодной бойынша тексеру әдісі - тексерудің нәтижелері
жабдықтаушылардың накладнойымен тексеріліп, салыстырылуымен сипатталады.
Соқыр тексеру әдісі наклодноймен жұмыс істемейді және тауар санын
анықтаумен алынған мәліметтердің қабылдау журналында тіркелуін және тауар
қабылдап алғаны жөнінде есеп берумен рәсімделеді.
Толық емес соқыр тексеру әдісі - наклодной арқылы тек тауар түрі
бойынша тексеру (саны тексерілмейді). Тексеру жүргізілгеннен кейін олардың
саны накладнойға жазылады. Бұл әдіс арнайы накладноймен жұмыс істеуді талап
етеді. Бұл накладнойда жабдықтаушы жіберілген тауар түрін жазады (саны
көрсетілмей). Қойма меңгерушісі келіп түскен тауарлардың накладноймен
сәйкестігін тексеріп, санын есепте жабдықтаушы накладнойына жазып береді.
Накладной бойынша тексеру
Жабдықтаушы өз тауарларын жібермесе сатып алушыға накладнойының
көшірмесін жібереді. Ал жүкті қабылдап алушы адам оны тауарды жеткізу
тапсырысымен салыстыруы үшін қажет. Сатып алу жұмысымен айналысатын сауда
агенті қоймаға накладнойды тауарды қабылдап алу үшін жібереді. Тауарды
қоймаға қабылдап алған тұлға накладнойға тауар келіп түскен соң қол қойып
сауда агентіне жүк накладнойының көшірмесімен бірге береді. Агент жүк
накладнойын тексеріп оны бухгалтерияға төлемдерді өтеу үшін жібереді. Қойма
меңгерушісі келіп түскен тауарлардың накладнойға сәйкес еместігін анықтаған
жағдайда, оны сақтау қоймасына жеткізбес бұрын тағы бір қайталап тексеруі
қажет. Бұл әдістің кемшіліктері болып тауарды қабылдап алуға жауапты адам
толық жабдықтаушы накладнойына сенім білдіріп, тауардың нақты санын, түрін
тексермеу табылады.
Накладнойды жіберу кезінде ол жыртылып не оқуға мүмкін емес жағдайлар
туындайды. Бұл да әдістің кемшілігіне жатады. Бірақ накладной бойынша
тексеру әдісі басқа әдістермен салыстырғанда нактырақ және жылдам тексеру
болып табылады. Егер накладной жоғалған немесе болмаған жағдайда
жабдықтаушылар соқыр тексеру әдісін қолданады.

Толық емес соқыр тексеру әдісі

Бұл әдіс алғы 2 әдісті қиыстырудан туындайды. Мұнда тауарлардың
ұқсастығы, бірақ саны (көлемі) көрсетілмеген тауарларды жазуға арналған
арнайы наклодной қолданылады. Тауар ұқсатып, саналған сау тауар қабылдап
алуға жауапты адам наклоднойда әр тауардың түріне сәйкес санын көрсетіп
жазады. Осындай формадағы наклоднойды тауар алушы жабдықтаушыдан талап
етуге құқысы бар. Бұл әдіс кемшілігі оны қолдануда есеп сол уақытта алып,
тексеру операциясын тоқтату.

Тауардың сақтау орнын анықтау және сақтау қоймасына ауыстыру.

Әр тауар қабылдап алынып, тексеруден өткізіліп сақтау қоймасында
белгіленген бос орынға ауыстыру қажет. Тауарларды сақтау қоймасына жіберу
үшін келесілер талап етіледі:
- тауардың көлемінің қаншасы қойманың актив бөлігіне және
қаншасы резервте сақтау керек екенін білу;
- қойманың актив және резерв бөлімдерінде тауарды орналастыру үшін
қанша орын қажет екенін білу;
- тауарды маркалары бойынша орналастыру;
- тауарды сақтау орнын анықтау;
- тауарды сақтау қоймасында белгіленген орынға орналастыру.
Тауардың сақталу орнын белгіленген кезде олардың саны мен келіп түсу
аралықтары ескеріледі. Тауарларды актив немесе резервте сақталуын анықтау
тауардың әр түріне қарастырылады. Қойманың практикасында активтік зонада
резервтік зонадан алынған қорлар, ал резервтік зонада жаңадан келіп түскен
тауарлар сақталады. Тауарлар түріне қарай әр жерде сақталуы мүмкін: бункер,
арнайы бункер немесе сөрелерде. Қабылдау бөлімінің бақылаушысы тауарлардың
қоймада орналасу схемасын жасау керек.
Қойма жұмысшылары тұтынушылардың тапсырысын жинақтай отырып тауардың
әр түрінің сақталу орнын білу қажет. Тауарды іздеу жұмысын жеңілдету үшін
контейнер немесе стеллаждардың дербес маркасы әр жерде сақталатын тауардың
бір түрінің есебіне арнайы карточкалар ашылады. Белгіленген зонада
тауарлардың қозғалысы ешқандай қиындық туғызбауы қажет. Қойма меңгерушісі
қоймада сақталатын тауар саны мен ассортиментін білуі керек және ол
қоймадағы тауарларға материалды-жауапты адам болып табылады.
Тауарды қабылдап алу кезінде қолданылатын құжаттар.
Қабылдау бөліміне өтетін тауарлардың есебі мен бақылауын жүргізу үшін
әртүрлі формадағы құжаттар қолданылады. Оларда тауардың түсуінен бастап
қоймада орналасуына дейінгі іс-әрекеттер рәсімделеді.
Бұл құжаттардың нақты бар болуы тауарларды қабылдап алу бойынша барлық
жұмыстардың құжатталуын қамтамасыз етеді. Құжаттардың бұл тобының есептік
мағынасы болғандықтан көтерме кәсіпорынның жалпы есептік құжаттарына да
кіреді. Бұл құжаттар қоймаға келіп түскен тауарлардың есебін мұқият жүргізу
үшін белгіленген. Тауарларды қабылдауда рәсімделетін құжаттардың дұрыс
толтырудың маңызы зор. Бұл құжаттарда жіберілген қателер технологиялық
процессте болатын тауарларды қоймада өндеу операциясына кері әсерін
тигізеді. Ол құжаттар келесідей:
- орауыш парағы;
- коносамент;
- транспорт накладнойы;
- жүк накладнойы;
- қабылдап алынған тауарларды тіркеу журналы;
- тауарларды қабылдап алу туралы квитанция;
- қайтарылған тауарларды тіркеу журналы;
- қайтарылған тауарларды қабылдап алғаны жөнінде справка;
- накладной;
- тауарды сатып алу жөнінде тапсырыс.
Орауыш парағы. Бұл құжат жабдықтаушылармен құрастырылады. Мұнда
жіберілетін тауарлардың барлық түрі жазылады. Әдетте бұл парақ конвертке
салынып, орауыштардың біреуіне тапсырылады. Егер жүк бір вагон немесе бір
жүк машинасын құраса, онда есікке жақын орналасқан тауар орауышына
тапсырылады.
Коносамент. Коносамент - жүкті жеткізу бойынша тасымалдау қызметінің
жауапкершілігін бақылайтын құжат болып табылады. Бұл құжатты жабдықтаушылар
құрайды. Өйткені, осы құжатты құрастыру үшін толтырылатын мәліметтерді тек
жабдықтаушы бере алады. Коносаментте жүктің жалпы сипаттамасы, көлемі, әр
тауардың салмағы жазылады. Коносамент құжатына тасымалдау қызметінің өкілі
қол қояды. Бұл жабдықтаушыдан жүкті қабылдап алғанын растайды. Осы жұмысты
дұрыс ұйымдастыруда коносамент жабдықтаушы мен тасымалдау қызметінің өкілі
арасындағы келісім-шарт болып табылады.
Транспорт накладнойы. Транспорт накладнойы тасымалдау қызметінің
өкілімен толтырылады. Бұл құжатта жүктің жеткізудің бастапқы, аралық, соңғы
пункті көрсетіліп, қозғалыс маршруты жазылады. Бұл құжат тасымалдау
қызметінің жүкті жеткізуге құқығын растайтын және жеткізудің қажетті
нұсқауын құрайды.
Жүк накладнойы. Бұл құжатта тасымалдау қызметінің өкілімен
толтырылады. Ол коносомент құжаты сияқты жүктің жалпы сипаттамасы жазылады.
Қабылдау қоймасының қызметкері түсірілген тауарларды санап, тексеріп болған
соң жүк накладнойына қол қояды. Бұл накладнойда көрсетілген тауарларды
алғанын растайды. Ал, қабылдап алған кезде шыққан айырмашылық
(жетіспеушілік не артықшылық) осы жүк накладнойында жазылуы керек.
Тасымалдау қызметі үшін қол қойылған жүк накладнойына жүк жіберушімен
немесе жүк алушымен есеп айырысудың негізі болып табылады.
Көтерме кәсіпорынның тауарды қабылдап алу бөлімі жүк накладнойының
көшірмесін алып қалады.
Тауар бұзылған немесе жоғалған жағдайда бұл жүк накладнойының
көшірмесі тасымалдау қызметіне қойылатын талаптың зандылығын көрсетеді.
Қабылдап алынған тауарларды тіркеу журналы. Тіркеу журналы қабылдау
бөлімінің қызметкерімен жүргізуші, келіп түскен тауарлардың мәліметтерін
құрайды. Келіп түскен тауарлардың әр партиясына жүк накладнойында, тауарды
қабылдап алу туралы есеп беруде немесе жабдықтаушы накладнойында
көрсетілетін тіркеу нөмірі беріледі. Тіркеу журналында келесі мәліметтер
көрсетіледі: тауардың аталуы, жеткізу күні мен уақыты, жабдықтаушы,
жеткізуші, контейнер саны немесе жүктің алатын орны, әр контейнердің үлес
салмағы және жүктің жалпы салмағы, жүк тарифы, тауардың күйі, тауарды
қабылдап алған адамның аты-жөні.
Тауарды қабылдап алу туралы есеп беру. Бұл құжат келесі мәліметтерді
құрайды: есеп нөмірі, тауарды жеткізу уақыты, тауарды қабылдап алған
бақылаушының аты-жөні, жабдықтаушы, жеткізуші, тауарлардың әр атауы бойынша
сипаттама, тауардың күйі мен саны. Бұл есеп беру тауардың есебін жургізуде
негізгі құжаттардың бірі болып және жабдықтаушы накладнойы немесе жүк
накладнойымен төлемді өтеудің негізі болып табылады.
Қайтарылған тауарларды тіркеу журналы. Бұл журналда тұтынушылар мен
қайтарылған ақау тауарлар тіркеледі. Бұл журнал қабылдап алынған тауарларды
тіркеу журналынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Практикада бұл журналдан басқа
справка да қолданылады. Онда тауарлардың неге, қай себеппен қайтарылғаны
жазылады.
Қабылдау бөлімі осындай справкаға қол қойылған жағдайда ғана
тауарларды қайта қабылдап алуға құқығы бар.
Накладной. Накладнойда жабдықтаушының сатып алушының тапсырысының
орындалуы бақыланады. Накладной сатып алушы тауарды жеткізуге берілген
тапсырыс мәліметтерін құрайды. Накладной - бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар қозғалысының бухгалтерлік есебі
Түгендеу комиссиялары түгендеуді белгіленген тәртіп пен уақьптылы жүргізуді сақтау
Кәсіпорындағы қаржыны жоспарлау
Кәсіпорнында ақша қаражаттарының қозғалысы мен есебінің тәртібін зерттеу
Tass - Media ЖШС атқаратын негізгі қызметтеріне сипаттама
Тауарды несиеге сатудың есебі, қолма - қол, қолма - қолсыз есеппен сатудың теориялық аспектісі
Көмекші өндіріс шығындарының есебі
Қазақстандағы бухгалтерлік күйге келтірулердің сипаттамасы
Кәсіпорынның маркетингтік саясатының түсінігі, құрылымы және мақсаттары
Коммуникациялық саясат маркетинг саласында
Пәндер