Дипломатиялық стиль
Дипломатиялық стиль
Ресми іс қағаздар стиліне іс қағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету. Тіл тәсілдері: кітаби, ресми сөздер мен сөйлемдер.
Іс қағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай іс қағаздарды жазу онша қиынға соқпайды, ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.
Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми іс қағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
мазмұнының қысқа, тұжырымды баяндалуы;
тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
сөздердің тура мағынасында пайдалануы;
терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
терминдердің қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы [1, 12-13 бб.].
Ресми-іскери стильдің бірнеше түрі бар, біз өз мақаламызда дипломатия стиль түрінің ерекшеліктерін қарастырамыз.
Дипломатия - халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешетін құрал өнері. Дипломатия сондай-ақ, халықаралық қатынастарға үйлесімді ықпал ететін және белгілі дәстүрлер мен ережелерге бағынатын техника мен шеберлік. Дипломатия тілі - бұл екі түрлі ұғымдарды белгілеуде қолданылатын айтылым. Біріншіден, бұл тілде ресми дипломатиялық қатынастар орнатылып, халықаралық шарттар бекітіледі. Екіншіден, бұл жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын арнайы терминдер мен фразалардың жиынтығы [2]. Қазіргі таңда ресми дипломатиялық қатынастарды жүргізуде және халықаралық шарттарды бекітуде бірыңғай міндеттелген тіл жоқ, алайда бұрын француз тілі басым болған. Заман өзгеріп, бірте-бірте тілдердің теңдік қағидасы орнатылды. Тек ерекше жағдайларда Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік органдары, әсіресе дипломатиялық құжаттармен алмасуда, ресми хат алмасуларды өз ұлттық тілдерінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады [3]. Дипломатиялық тілдің екінші ұғымына келетін болсақ, арнайы терминдер мен фразалардың жиынтығы ретінде, жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын (мысалы, добрые услуги, третейское разбирательство, модус вивенди, статус-кво, вето және т.б.), онда осындай терминдердің дипломатиялық құжаттарда саны аса көп емес. Дипломатиялық құжаттар тілі, стилі жөнінде неміс ғалымы X. Вильднердің Дипломатия техникасы кітабында елеулі назар аударатын бірқатар пікірлер айтылған. X. Вильднер:
Дипломатический стиль - должен отличаться прежде всего простотой и ясностью; под этим подразумевается не простота ремесленнического способа выражения, а классическая форма простоты, которая умеет выбирать для каждого предмета единственное подходящее при данных обстоятельствах слово [4]. Демек, дипломатиялық стиль ең алдымен, классикалық қарапайымдылығымен және айқындылығымен ерекшеленуі керек екен. Дипломат тіл маманы өкілі ретінде де танылады, дипломаттың кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптарды талдап көрсек: Ең маңызды қасиеттері - байқампаздық, сенім білдіре алатын және сенімге кіре алатын.
Абыройлы сөзімен сенім арта алатын, жүрістұрыс стилі белгілі мемлекеттердің қарым-қатынастарының жалпы контурына үйлесімді кіретін дипломат, сенімді дипломат - деп белгілі саясаткер және дипломат А.Н. Ковалёв дипломаттың қасиеттерін анықтайды. Дипломатия - бұл халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу өнері. Кардинал Ришельенің Саяси мұра ретінде қалдырған Тұрақты келіссөздердің теориясы атты еңбегі қазіргі дипломатияның негізін салуға елеулі әсер етті. Халықаралық конференциялар мен келіссөздерге қатысудан басқа, салтанатты іс-шаралар мен ресми қабылдаулардан басқа, сырт көзден толық жасырын болып келетін, дипломаттарға кең ауқымды міндеттер жүктелген. Дипломатия саласындағы ең маңызды орын алатын дипломатиялық жұмыстардың бір түрі дипломатиялық құжаттарды құрастыру, жүргізу болып саналады.
Мемлекеттің сыртқы істер саясатындағы дипломатиялық қызметінің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда дипломатиялық хат алмасулар негізгі нысандарының бірі болып табылады. Мемлекеттің дипломатиялық қызметінің басқа нысандарының түрі:
халықаралық конгресстерге, конференцияларға, отырыстарға қатысуы, яғни әртүрлі деңгейдегі мемлекет өкілдерінің тұрақты кездесулері;
мемлекетаралық қатынастардың әртүрлі мәселелерін регламенттейтін көпжақты және екіжақты, халықаралық шарттар мен келісімдерді дайындау және бекіту;
елшіліктер мен миссиялар атқаратын, мемлекеттің шетелдегі тұрақты өкілдігі, келген елдің дипломатиялық ведомствосымен саяси және басқа да келіссөздер жүргізуі;
халықаралық ұйымдардың, жалпы саяси және аймақтық қызметтерінде мемлекет өкілдерінің қатысуы;
түрлі сыртқы саяси мәселелер бойынша мемлекеттің ұстанымын жария ету, ресми ақпараттардың жарияланымы;
халықаралық актілерді және құжаттарды ресми жариялау.
Дипломатия тәжірибесінде келесі 5 дипломатиялық хат алмасу түрі анықталды:
Жеке ноталар
Вербальді ноталар
Жаднама жазба.
Меморандумдар
Жартылай ресми түрдегі жеке хаттар Дипломатиялық нота (латын тілінен - nota белгі, ескертпе; ағылшын тілінен - diplomatic note) - халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі. Дипломатиялық нота - бір мемлекеттің үкіметі атынан екінші елдің үкіметіне дипломатиялық ресми үндеу жолдау.
Дипломатиялық нота вербальді және жеке болып бөлінеді.
Дипломатиялық тәжірибеде вербальді но- та жиі қолданылады (латын тілінен - verbalis - ауызша), жазбаша нысанда әртүрлі сипаттағы мәселелер жазылады. Вербальді ноталар үшінші жақта құрастырылады, ноталық бланкіде басылады және қол қойылмайды, оған сыртқы істер ведомствосының немесе дипломатиялық өкілдіктің мастикалық мөрі басылады және мекенжайы көрсетіледі.
Жеке ноталар әдетте маңызды қағидатты мәні бар мәселелерге қатысты немесе болып жатқан елдің дипломатиялық протоколдың бекітілген талаптарына сәйкес белгілі бір оқиға туралы ресми ақпарат немесе жеке нотаға жауап ретінде жіберіледі. Мұндай нота хаттық нысанда болады, қол қоюшының атынан бірінші жақта құрастырылады, ноталық бланкіде басылады, мекенжайы көрсетіледі және мөр басылмайды.
Жеке және вербальді ноталарда жазылатын мәселелер нақты реттелмейді. Бұл жерде болып жатқан елдің салт-дәстүрлері және қолданыстағы тәжірибесі басшылыққа алынады [1, 126 б.].
Халықаралық дипломатиялық тәжірибеде ноталармен алмасу халықаралық келісімшарттар жасау нысандарының бірі болып саналады.
Жеке нотаның мәтіні қаратпа сөзбен басталып, құрмет формуласы комплиментпен, яғни трафаретті құрмет фразасымен аяқталады. Вербальді ноталар да сыпайы формулалармен басталып, аяқталады.
Жаднама жазба. Дипломатиялық тәжірибеде 2 түрі кездеседі: 1) жеке жіберілген; 2) дипломатиялық шабарман арқылы жіберілген.
Дипломатиялық стиль түрінің тілдік ерекшеліктері Лексикалық. Дипломатия сөздігінің өзіндік ерекшелігі - халықаралық дипломатиялық және халықаралық құқық терминология түрлерін қолдану болып саналады. Негізінен, латын, француз сөздерінен шыққан, мысалы: консул,конвенция, атташе, демарш, коммюнике. Орта ғасырларда дипломатия тілі болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz