Құжат деректемелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Құжат деректемелері - құжаттар үшін қолданыстағы ережелерде не заңдарда көзделген міндетті деректер. Актіде не өзге де құжаттарда (мысалы, шартта, вексельде) мұндай деректер (мысалы, құжаттың атауы, толтырылған күні, төленуге тиісті сома, төлемшінің аты-жөні) болмаса, олар жарамсыз болып саналады.

Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады.Латын тілінен аударғанда тиісті, қажет деген мағынаны білдіреді. Деректеменің екі түрі болады: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты деректеме баспаханалық жолмен дайындалған біріңғай формаға немесе фирмалық бланкі деп аталатын қағазға түсіріледі. Ауыспалы деректеме құжатты жасау кезінде түсіріледі.

Құжаттардың деректемелерінің құрамы.
Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады:
01-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
02-ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі):
03-жоғары тұрған органның ресми атауы;
04-ұйымның ресми атауы;
05-ұйым туралы анықтамалық деректер;
06-құжаттың түрінің атауы;
07-құжаттың күні;
08-құжаттың тіркеу нөмірі;
09-кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;
10-құжаттың құрылған немесе басылып шығарылған жері;
11-құжатқа қол жеткізуді шектеу белгісі;
12-хат алушы;
13-құжатты бекіту белгісі;
14-бұрыштама;
15-мәтіннің тақырыбы;
16-бақылау туралы белгі;
17-құжаттың мәтіні;
18-қосымшасы бары туралы белгі;
19-қойылған қол;
20-құжаттың келісілу белгісі;
21-құжаттың келісілу рұқсатнамасы;
22-мөр;
23-көшірменің куаландырылғаны туралы белгі;
24-орындаушы туралы белгі;
25-құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;
26-құжаттың ұйымға келіп түскені туралы белгі;
27-құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.

4. Құжаттардың деректемелерін ресімдеу.
1.Хат алушы (12 деректеме).
Хат алушы ретінде ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімдері, лауазымдық және жеке тұлғалар бола алады.Ұйымның, құрылымдық бөлімнің атауы атау септікте көрсетіледі. Құжатты бағыттауда хат алушы деректемесінің құрамында почта мекен-жайы көрсетіледі. Құжатты заңды тұлғаға бағыттауда мекен-жайы хат алушыдан кейін көрсетіледі.
Мысал:
Көкшетау электромеханика зауыты
Жабдықтау және өткізу бөлімі
Ақсұңқар зауытының директоры
А.Мырзахметұлына

Жеке тұлғаға жіберілген құжатқа мекен-жай міндетті түрде қойылады.
Мысал: 480060, Көкшетау қаласы
Сәкен даңғылы, 55, 54-пәтер
Қ. Дүйсенбекқызына
Егер құжат бірнеше бірдей ұйымдар мен бөлімшелерге жіберілсе, оларды жалпылап көрсетеді.
Мысал:
Арай фирмасы қызметтерінің
бастықтарына

Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы, оларды толтырудың біркелкілігі нақты жұсысқа көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл - құжаттарға мүлде көңіл бөлмеу керек деген сөз емес. Фирманы басқарудың жазба құжаттардың үйлесімді жүйесі бірте - бірте қалыптасады және ол тұрақты түрдегі заңдылықты жолға қояды.
Деректемелер мен формуляр үлгілері.
Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады.
Құжаттардың міндетті деректемелеріне мыналар жатады:
- Ұйымның атауы - құжат авторы;
- Ұйымның коды - құжат авторы;
- Құжаттың (хаттардан басқа) атауы;
- Тақырыбы;
- Құжат түрінің коды;
- Құжатты толтыру мерзімі;
- Индексі;
- Мәтіні;
- Бұрыштамасы;
- Қойылған қолы;
- Құжаттың орындалған және іске тіркелгендігі туралы белгі.

Жеке құрам бойынша ереже

Бұл құжат дәстүрлі түрде Ішкі еңбек тәртібінің Ережесі деп аталады. Онда жұмысшыларды жұмысқа алу, босату тәртібі, кәсіпорын мен қызметкерлердің негізгі құқықтары, міндеттері, кәсіпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады. Құжат еңбек туралы заңға негізделеді, жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қатынасын реттейді.
Құжаттың үлгісі мынадай деректерден тұрады: кәсіпорынның атауы, құжаттың аты, күні, нөмірі, шығарылған орны, мәтіннің тақырыбы ( жеке құрам туралы ), бекіту белгісі ( гриф ), құрастыру - шылардың бұрыштамасы ( виза ), құжаттың еңбек ұжымымен келісілгені туралы белгісі.
Жалпы ережелерде ереженің құқықтық негізі анықталады, мамандардың санаттары белгіленеді ( басшы қызметкерлер, қыз - меткерлер, жұмысшылар).
Жұмысқа алу бөлімінде түрлі санаттағы қызметкерлерді жұмысқа алудың тәртібі мен мерзімі, еңбек қатынастарын ресім - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Бухгалтерлік құжаттар, құжаттардың деректемелері
Жеке құрам бойынша ереже
Құжат құрылымы. Деректемелерді рәсімдеу ережесі.
Құжат нысандары мен деректемелері
Анықтама және оның түрлері
Атқару құжаттарын қабылдау бойынша талаптар
Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі
Ісқұжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясында құқықтық қатынастар саласы
БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
Пәндер