Заң шығарушылық стиль


Заң шығарушылық стиль
Мемлекеттік тіл - маңызы Қазақстан Республикасының рәміздері - Мемлекеттік Туымен, Мемлекеттік Елтаңбасымен, Мемлекеттік Әнұранымен бірдей саналатын қастерлі нышан. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеріп, осы тілде ауызекі қарым-қатынас жасап қана қоймай, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде ресми қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етуге, яғни оның барлық салада өз дәрежесінде қызмет етуіне атсалысуы қажет.
Қазіргі кезде қазақ тілінің қоғам салаларындағы қолданысының кеңеюіне байланысты қазақ ресми-іскери стилінің функционалдық стильдер қатарындағы жеке стильдік тармақ ретіндегі орны мен рөлі күн санап артып келеді.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің тарихы Р. Сыздық, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, Б. Әбілқасымов және т. б. сияқты қазақ ғалымдарының еңбектерінде қарастырылды. Ғалымдардың зерттеулерінде қазақ ресми тілінің тарихы «жазба кітаби тіл» материалдарынан басталады [1] . Біздің ойымызша, біріншіден, қазақ ісқағаздарының тарихын руна жазбаларынан бастаған жөн сияқты. Өйткені онда жазылған ақпараттың иесі (адресат) белгілі, қандай да тарихи мәлімет берілген, кімге арналғаны (адресант) да айқын жазылған. Екіншіден, би-шешендеріміздің ауызша ресми тілі қалыптасқаны да ісқағаздарының дамуына үлкен ықпалын тигізді деп ойлаймыз. Қазақ ісқағаздарының келесі бір үлгісі - қазақ хандарының өзара немесе басқа мемлекеттердің басшыларымен жазысқан хаттары. Ал қазақ ісқағаздарының даму тарихындағы қазіргі кең таралып отырған үрдіс орыс тіліндегі құжаттарды аудару екендігі баршаға мәлім. Сондықтан бұл үрдісті қазақ ісқағаздарының төртінші қалыптасу көзі деп санаймыз.
Ғалымдар ісқағаздарын жанрлық жағынан түрліше топтастырады. Мысалы, бір оқу құралында ісқағаз үлгілері мақсат-мазмұнына қарай үшке бөлінсе: 1) кеңселік ісқағаз үлгілері ( өмірбаян, өтініш, арыз, бұрыштама, сенімхат, қолхат, түсініктеме ) ; 2) іскерлік ісқағаз үлгілері ( түйіндеме, мінездеме ) ; 3) қызметтік хаттар үлгілері (өтін іш хат, ресми хат, ұсыныс хат, сұраныс хат, жолдама хат, баяндау хат, ақпарат хат, циркуляр хат, жеделхат, телефонхат, анықтама, бұйрық, бұйрықтан көшірме, хаттама, хаттамадан көшірме, келісімшарт ) [2, 5-8], екінші бір еңбекте іс құжаттары былайша жіктеледі: 1) мазмұны бойынша: әкімшілік мәселелер; материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері; жоспарлау; бухгалтерлік есеп; кадрлау даярлау; сыртқы сауда қызметі және т. б. ; 2) шығарылуына қарай: ресми және жеке құжаттар; 3) атауы бойынша: актілер, сауалнамалар, ведомостер, хаттамалар, нұсқаулықтар, есептер, бұйрықтар және т. б. [3, 20-21] .
Қазақ тіл білімінде ісқағаздар жанрын терең зерттеген профессор Л. Дүйсембекова оларды түрлеріне байланысты төмендегіше топтастырады:
1) мазмұны мен қызметіне қарай: жеке адамға қатысты және қызметтік ісқағаздары . Жеке адамға қатысты ісқағаздарына мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, хат, төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік т. б. Төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік сияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына береді. Қызметтік ісқағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан, ал жеке ісқағаздары жеке азаматтар атынан жазылады. Қызметтік ісқағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады. Мысалы, қызметтік хаттардың барлығы, бұйрық, хаттама т. б. ;
2) жасалу орнына қарай: мекеменің ішкі ісқағаздары және сырттан келіп түсетін ісқағаздары ;
3) формасына қарай типтік, трафареттік және еркін мәтінді . Типтік ісқағаздарына қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын ісқағаздары жатады. Мысалы, арыз, өтініш т. б. Трафареттік ісқағаздары деп мәтінінің белгілі бір бөлігі алдын ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз. Мәтінінің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Еркін мәтінді ісқағаздарына белгілі бір мәселе, ғылыми немесе әдеби еңбек, өнер туындысы т. б. туралы ресми түрде жазылатын құжаттар жатады;
4) шығу, жасалу сатысына қарай: түпнұсқалық және көшірмелік . Түпнұсқалық ісқағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады. Ал көшірмелік ісқағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Көшірмелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т. б. ), дубликатын жатқызуға болады. Үзінді - құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы. Дубликат - құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі;
5) мазмұнына қарай: ұйымдық, өкілеттік және анықтамалық-ақпараттық . Ұйымдық құжаттарға мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар, мысалы, штат кестесі, ішкі тәртіп ережесі, жарғы, қызметтік нұсқау т. б. жатады. Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар, ал анықтама-ақпараттық құжаттарға хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мәлімхат, акт, анықтама және т. б. қызметтік хаттар жатады.
6) қолдану орнына қарай: мекемеішілік, мекемеаралық, мемлекеттік және халықаралық » [4, 15-19] .
Іс құжаттары мемлекетаралық қатынастарда, мемлекеттің өз азаматтарымен және олардың бірлестіктерімен, сондай-ақ мекемелер мен кәсіпорын ішіндегі азаматтар арасындағы ресми қатынастарда және шаруашылық субъектілерінің арасындағы қатынастарда қолданылуына орай іс жүргізу құжаттары стилі дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу сияқты түрлерге жіктеледі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz