Құрылтай құжаттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Құрылтай құжаттары

Жоспары:
1. Құрылтай құжаттары
2. Құрылтай шарты

Фирма құру оның ұйымдық нысанын таңдап алуды қажет етеді. Кәсіпкерлік іспен айналысу соның шеңберінде өтеді. Бұл таңдау мынадай обективті жағдайлармен белгіленеді : қызмет аясымен, кәсіпорын түрінің оңтайлы не қолайсыз болуымен, сондай ақ құрылтайшылардың талғамына да байланысты болады. Дұрыс таңдау жасау үшін нені таңдап алуды білу керек. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандарын назарларыңызға ұсынамыз.

Бұлар еліміздің азаматтық заңдарымен, соның ішінде 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен белгіленген. Бүгінгі таңда бұдан басқа :

1995 жылдың 17 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасының Президентінің « заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Жарлығы ;

1995 жылдың 2 мамырындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «шаруашылық серіктестіктер туралы» Жарлығы;

1995 жылдың 19 маусымындағы ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлығы және т. б. заң актілері басшылыққа алынады. Кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдық - шаруашылық нысандары осы актілерде белгіленген.

Қатысушылардың санына қарай шаруашылықтыңекі түрі ерекшеленеді : меншікті жеке дара иеленуге негізделген жекелік және ұжымдық : мұнда меншікке ұжымдық басшылық жасалады және мүлікке ұжым ие болады. Осымен байланысты кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар заңды тұлға болып құрылуы да, құрылмауы да мүмкін.

Азаматтық кодекстің 19 бабының 2- тармағында қарастырылғандай, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Ол сатып алынған патент негізінде әрекет жасайды. Бұл тіркеліп, кәсіп жасауға рұқсат алғанның куәлігі болып табылады. Азаматтық кодекстің 33 бабына сәйкес, дербес балансы (банкте есеп шоты), өз атауы жазылған мөрі, дербес мүлкі бар ұйым заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлғаның мақсаты табыс табу болуы мүмкін, онда олд коммерциялық ұйым деп аталады. Коммерциялық емес ұйымдар (қоғамдық немесе діни бірлестіктер, қорлар т. б. ) алдына басқа мақсаттар қояды.

Заңды тұлғалардың жүйесін мынадай кестемен көрсетуге болады.

Ұйымдық-құқықтық нысандар

құрылымдаремес құрылымдар

Мемлекеттік

мен кооперативтер

Шаруашылық бірлестіктер

кооперативі

Толық

шектеулі -

тіктер

Командитті серіктестікҚосымша жауап-Акционерлік

кершілігі барсеріктестік

серіктестік(қоғам)

Заңды тұлға фирманың «ішкі негізгі заңды» сияқты болып есептелетін еліміздің заңдары мен құрылтай құжаттары негізінде әрекет жасайды.

Жекелеген іс-әрекет түрлері, соның ішінде туризм лицензияны қажет етеді. Өйткені бұл қызмет түрі азаматтардың қауіпсіздігімен және денсаулығымен байланысты болып келеді. Лицензиялық қызмет түрлерінің тізімін заң актілері белгілейді. Фирманы ұйымдастырудың қандай да бір нысанын және оның құқықтық мәртебесін таңдау кәсіпкердің өз көзқарасы мен сыртқы жағдайлармен байланысты болады. Қай жағдайда да табысты қызмет жасау үшін барлық жағдайларды өлшеп-пішіп барып, іске кірісу қажет.

Коммерциялық ұйымдар құрылтай шарты негізінде немесе келісімшарт пен жарғы негізінде жұмыс істей алады. Заңды тұлғаның құрылтай шарты құрылтайшылар арасында жасалады және кәсіпорын мүшелерінің ара қатынасынан айқындайды, сонымен қатар серіктестік пен оған қатысушылардың арасында жасалады. Егер ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, шарт жасалмайды.

Жарғылықбірлестіктер жарғы негізінде құрылады, оның өзі тараптар арасындағы келісімді жоққа шығармайды.

Серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, компаниялардың ұйымдық нысандарына ассоциациялар, корпорациялар, консорциумдар, өнеркәсіптік делдалдық және басқада шаруашылық, делдалдық компаниялар мен фирмалар, бірлескен қәсіпорындар, тауар, қор биржалары, коммерциялық банктер мен сақтандыру қоғамдары, шағын кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар жатады.

Құрылтай шарты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке құрам бойынша ереже
ТҰЛҒА ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Заңды тұлғаның жарғысында
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігі
Кәсіпорынның басқару құрылымдары
Заңды тұлға құру
Заңды тұлғаны құру тәртіптері
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz