Әдебиеттік оқу әдістемесінің даму тарихын зерттеу


«Әдебиеттік оқу» әдістемесінің даму тарихын зерттеу
Жүргізілу түрі: Зерттеу және талдау тәсілі
Тапсырма: 1. Әдебиет ұғымы, қалыптасу кезеңдері.
2. Ы. Алтынсаринның мұралары
3. А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» құралы
Әдістемелік нұсқау: Қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын талдау, саралау. «Дала уәляты», «Түркістан уәляты», «Қазақ», «Тіршілік» газеттеріне шолу. Алаш азаматтарының еңбегі.
- Әдебиет ұғымы, қалыптасу кезеңдері.
«Әдебиет» деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан, «сөз, асыл сөз» деген мағынасы бар. Әдебиет - өнер, көп өнердің ішінде сөз өнері. Мүсіншінің құралы - саз-балшық, суретшінің құралы - бояу, әншінің құралы - үн, бишінің құралы - қимыл болса, әдебиетшінің құралы - тіл .
Әдебиет методикасы-педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Ғалым А. Көшімбаев «Әдебиет методикасының қамтитын обьектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабағы кезінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы болып табылады. Әдебиет методикасы педагогика сияқты мектеп, оқу тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде алып баяндайды» деген пікірінде әдебиет әдістемесінің жалпы педагогика ғылымымен байланыстылығын аңғартуы.
А. Байтұрсынов- қазақ әдебиеті әдістемесінің көшбасшысы.
«Тіл жұмсар »еңбегіндегі ойлар :баланың өздігінен білім алу жолдарын анықтау-әдістеменің басты қызметі мен міндеті. «Баяншы, «Әлифба астары» еңбектеріндегі әдістеме туралы ойлары. Мағжан баланы сұлу әдебиетпен таныстыруға мән берген. «Бастауыш мектептегі ана тілі» әдістемелік еңбегінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілін дамыту бойынша жаттығулар жүйесін ұсынуы.
Мағжан жасаған жүйе қазіргі әдебиеттік оқу курсына негіз болды .
Көрнекті методист ғалым В. В. Голубков : «Әдістеме дегеніміз уақытты үнемдей білу, оқушы күш -жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалының негізгі және басты мәселелерін таба білу, ұжым болып табылатын сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын ала ойластыру».
Әдістеме «не үшін, нені, қалай»деген негізгі үш сұраққа жауап береді. Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар Байтұрсынов, Мағжан, Аймауытов, М. Әуезов, С. Мұқанов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов, С. Сейітов; Қырқыншы тоқсаныныншы жылдар арасында С. Қирабаев, Ә. Қоңыратбаев, А. Көшімбаев, Ш. Кәрібаев, Қ. Жұмалиев, Ш. Аманов, Т. Әбдірахманова, Е. Ысмайылов, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Н. Ғабдуллин, Т. Ақшолақов, М. Мызахметов, Ә. Дайы-роа, Р. Нұрғалиев, А. Нұрхатов, Б. Сахариев, Ә. Дербісалин, Т. Жұмажанова, С. Мақпыров, Қ. Мырзағалиев, Б. Сманов. Ә. Дайырованың мақаласы, 1933 жыл-ғылыми-зерттеу институтының ашылуы.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 1991 жыл.
1. 1917 жылға дейінгі үш мектептік білім жүйесі:1. орта оқу мекемелері -ерлер мен әйелдер гимназиялары, түземдік училищелер, мұғалімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, приход училищелер, орыс қазақ орыс түземдік мектептер, ауылдық, болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық мектептері
3. Кәсіби оқу мекемелері - мұғалімдер семинариялары, мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылық, фельдшерлік және қолөнер мектебі. (Т. Тәжібаев «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту жұмысы мен педагогикалық ойдың дамуы») Әдіскер Ш. Кәрібаевтің (Әдебиет, класс, А., Қазмембас, 1935) еңбегі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.
2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985.
3. Дайырова Ә. Қазақ тілі мен әдебиеті, 1994, №2.
4. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп, 1993.
5. Тәжібаев Т. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту жұмысы мен педагогикалық ойдың дамуы А., Қазмембас, 1962, 507б.
6. Кәрібаев Ш. Әдебиет, А., Қазмембас, 1935 ж., 245б .
2. Ы. Алтынсаринның мұралары
Ыбырай Алтынсарин - «Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғысөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім», -деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығымен атқарды. Оқулықтың революцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте қайталап жарық көруі, оның өз кезегінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да, бүгінге дейін де талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы болып келгендігін көрсетеді. Бұл «Қазақ хрестоматиясының» қазақ мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны мен маңызын айқындайтын факт. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ орыс педагогтары мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Олар:жас жеткіншектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді, ата-ананы сыйлау, қадірлеу, өнер-білімді байлық-дәулеттен жоғары қою, тағы басқалар. Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық «Кел, балалар, оқылық!» -«Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер-білімі бар жұртқа» - терезесі тең, шаңырағы, мәдениеті озық елге айналып от ырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман - сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының өз дәуірінде жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! - деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық еңбек қалдырды.
«Қазақ хрестоматиясы» төмендегідей алты бөлімнен тұрады:
- «Өлеңдері» Бұған Оның көпшілікке танымал өлеңдері мен И. А. Крыловтан аударған үш мысалы енді.
- «Төл әңгімелері» деп аталады да, бұған жазушының хрестоматия оқулыққа жазған төлтуындылары жинақталады.
- «Аударма сипатты әңгімелері» бұл бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындыларынан, сондай-ақ орыс және Европа халықтары әдебиеті мен фольклорынан өзінше әңгімелеген шағын әңгіме мысалдары жинақталып берілді.
- «Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары» Оның ел аузынан жинап, сұрыптап, алғаш рет «Қазақ хрестоматиясында» жарияланған мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер орын алды.
- «Оқу-ағарту мәселелері жайында жазбалар» деп аталынып, бұған Ыбырайдың қазақ даласындағы оқу-ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып, енгізіліп отыр.
- «Хаттар». Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және тағы басқа жағдайларға байланысты жазған хаттары іріктеліп, берілді.
Кітап соңында Алтынсарин туралы естеліктер берілді. Бұл материалдар жас жеткіншектерүшін де, жалпы оқырман қауым үшін де ағартушы, педагог-жазушы Ыбырайдың өмірі мен әлеуметтік қызметінің тарихи маңызын, оның адамдық болмысын тереңірек түсініп, бағалауда айтарлықтай тағылымда деп санаймыз.
3. А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» құралы
«Әдебиет танытқыш» - Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz