Ағылшын әдебиеті және Шекспир драматургиясы


2- семинар тапсырмасы: Ағылшын әдебиеті және Шекспир драматургиясы
Ағылшын әдебиеті - Еуропадағы көне де бай әдебиеттің бірі. Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Вилям Шекспир 1564жылы 23апрелде Эйвон өзені бойындағы Стратфорт деген кішкентай қалада дүниеге келген . Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауатты қала тұрғыны еді.
Жас ақын осы туған қаласындағы “Грамматикалық мектепте” оқиды. Бұл мектеп негізінен латын тілін, қала берді грек тілін оқытушы еді. Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай 16-ға толар -толмастан-ақ жұмыс істеуге мәжбүр блады. Сөйтіп ол бірде ет сатушының шәкірті болса, енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады. Шекспирді жергілкті ірі памещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктердің деген сылтауымен жазалануға бұйырады. Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға қашады. Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театр айналасына жақындайды. Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарады. Содан бірте-бірте актерлікпен, одан әрі драмматургиямен шұғылданады.
Лондонға келген алғашқы күндерден-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады. Оның пьесалары алғашқы рет Лондондағы студенттер күшімен қойылып, соңында театрға ауысып отырады. Ол өзі жазған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді, сонымен қатар актер де болады. Шекспир өдігінен көп оқып, білімін үздіксіз арттырып отырған адам.
1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады да, 1616жылы 23апрельде қайтыс болып, осы қалаға жерленеді.
Шекспир өмірінен бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз. Оның бізге мәлім болған екі поэмасы Венера мен Адонис және Лукреция 154сонеті, 36 пьесасы бар. Поэмалары айтарлықтай болмаса да, сонеттерінің ойлылығы философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Мысалы, “Әсемдіктің солмауы үшін”сонетін алайық!
Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте, жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен,
Семгенімен солған гүлдер жапырағын,
Жас раушан сақтап оны, сәні еткен.
Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,
Бар нәріңді байғазы ғып, сорланған.
Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,
Жансыз жауыз, жауың енді қолға алған.
Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,
Шолақ көктем боз торғайы, алдайсың.
Болашақты сақтайсың да бойыңда, сараңдықты ысыраппен жалғайсың.
Ғұмыр тілеп, көре тықпа батырым,
Келер жылдар кереметтей дақылың!, -деп үлкен бір ой айтады. Шекспирдің тағы бір сонетін алып қарайықшы; сонет “қалай өссек”деп аталады.
Қалай өссек, солай біздер соламыз,
Ұрпақ қалсын, біз соларда боламыз.
Мұрагердің бойындағы күш-қуат,
Қаусып қалған менікі деп санаңыз.
Міне, солай, табиғаттың заңын ұқ,
Мұңсыз өмір өтер еді жабылып
өмір бітпей жерді жайлап кәрілік,
мына жалған құрыр еді қаңырап.
Жерге, өмірге сүйкімсіздер, обалсыз,
Түссіз, түлей -қайта оралмай жоғалсын
Табиғаттан қисапсыз сен сый алдың,
Мың есе енді қайтаратын боласың.
Шебер қолмен жасалған бір мөлдейсің
Ғасырларға өз белгіңді бергейсің,
Керемет емес пе? Сонымен әр бір жолында философиялық ой жатыр.
Оның “Отеллосы”, “Корол Лир ”, “Гамлет”, “Дауыл”, “Қысқы ертегі” пьесалары Шекспирдің үлкен ақын, драматург екендігін танытады.
Шекспир дәуірі
Шекспирден бастап Бернард Шоуға дейінгі қаламгерлерін Әуезов мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде-ақ оқып білді,
«Қазақ жағасы бір сәрі - Еуропа әдебиеттерінен көп дүниеге көз қадап көрдім»деп ағынан жарыла жазуының сыры осында. Әуезов «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» мақаласында: «XVI ғасырда Англияның патшасы Елизавета деген әйел болатын. Ағылшын театры Шекспир мен Елизаветаның тұсында бұрынғыдан көп ілгерілеп, көп ірілеп кетті деп тарих айтады, Шекспирдің Гамлетін ойнап жүрген театр мен сол замандағы театрдың жайын салыстырып көрсек, ескі театрдың таң қалдыратын үлгісі көрінбейді, Шекспир театрынан соңғы заманда жалпы Еуропа театры заман өткен сайын тұр тауып көркейе берді»деп, Шекспирдің әлемдік драматургиядағы орнына ерекше мән берді. Драматургия заңдарын «Глобус» театрының актеры болып жүріп терең ұғынған Шекспир соған сәйкестендіріп шығармалар жазуды қолға алды. Ол өзінен алдыңғы драматурттердей өмір мен күресті мифтік жағдайда емес, реалистік әдісте суреттеді, заманының ауыртпалығы шығармаларының көпшілігін трагедиялық сарында жазуына себепкер болды. «Еңлік - Кебектің» жазылуы «Ромео мен Джульеттаның» жазылуы сияқты, Еңлік пен Кебекке байланысты «қайғылы оқиға» Әуезов жазғанға дейін Шәкәрім мен Мағауияның жырлауында белгілі болса, Ромео мен Джульетта туралы Шекспирге дейін А. Брук дастан жазған. Шекспир шығармашылығынан шәкірт кезінде хабары бар Әуезовке бұл әдістің ықпал етуі әбден мүмкін. Бертін келе ол ұлы драматургтың «Огелло», «Асауға тұсау» атты екі шығармасын қазақшаға аударды. «Отеллоны» Б. Пастернак, А. Радлова орысшалаған. Әуезов ұлы жазушы Радлованың аударуындағы 1935 жылғы басылымын пайдаланды. Әуезовтің жеке кітапханасында Шекспирдің 1902-04 жылы «Ұлы жазушылар кітапханасы» сериясымен «Брокгауз-Ефрон» баспасы шығарған және 1937-49 жылы «Академиядан» шыққан толық жинақтары бар. Бұлар Шекспирді білуіне мол мүмкіндік берді. Ағартушылық дәуірінде Дж. Аддисон, Д. Дэфо, Дж. Свифт, Г. Филдинг дараланып шықты, бұлар бүкіл дүниеге танымал болды.
Дәуірдің екінші сатысы
Сэмюэл Ричардсон
Дәуірдің екінші сатысында романтизм жанрлық бағыты, ең үлкен қолданысқа иеленді. Прозада: С. Ричардсон, Т. Смоллетт, О. Голдсмит, Л. Стерн, драматургияда Дж. Лилло, Э. Мур, Р. Шеридан сынды жазушылар айрықша көзге түсті. Ричардсон шығармалары Мұхтар Омарханұлы Әуезовке ертеден таныс, «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деп аталатын мақаласында:
«Екі кісінің айтысуынан немесе екі кісінің жайынан туатын әңгімелер ертерек уақытта ағылшын әдебиетінде Грандисон, Ричардсон, Достоевский уақыттарында туған»деп жазды («Шолпан», 1923, №4) . Өйткені оның романтикалық бағыттағы, әсіресе, «Памела», «Кларисса Харлоу» романдары жас Мұхтардың ойына қозғау салған, ондағы романтикалық кейіпкерлердің суреттелу тәсілдері, сомдалуы өзі ойластырып, жазып жүрген шығармаларына жақын, сәйкес келетіндей болып көрінді. Бұл бағыттағы суреткерлер шығармашылығы алғашқы кездегі әңгіме-повесть, пьесаларын жазу кезінде ғана емес, кейінгі «Абай жолының» жол-жобаларын қарастырып, оның алуан қырлары мен сырларын іздестіріп жүрген шақтарында да ойын аударды. Әуезовтің еуропа әдебиеттерінен көп дүниеге көз қадап көрдім дейтіні де осы кезде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz