Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
3-тақырып. Нормативті құқықтық қамтамасыз ету: инклюзивті білім беру үрдісін реттейтін нормативті материалдар.
1.Ведомствоаралық қарым қатынас: қоғамдық бірлестіктер, басқа да ведомствоаралық ұйымдармен қарым қатынас, БАҚ және т.б.
2.Әдістемелік қамттамасыз етілуі мен материалдық техникалық ресурстар.
3.Ақпараттық қамтамасыз ету.

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері
1. Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды;
- ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын талаптарды);
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді; - үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бейімдеуді көздейді.
2. Кадрлық қамтамасыз ету:
- инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету;
- педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу жоспарына Инклюзивті білім беру және Арнайы педагогика негіздері пәндерін қосуды;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді;
- ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды, арнайы психологты, сурдоаудармашыны қосатын арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді.
3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік, техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және қолжетімді кедергісіз орта құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді;
- білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.
4. Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:
- қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;
- әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзетупедагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді көздейді;
5. Жүзеге асырудың негізгі шарттары:
- нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру;
- ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа да ресурстардың шоғырлануы; - әлеуметтік-педагогикалық шарттарды құру; - ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасау; - балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды қамтамасыз ететін интерактивті оқыту.
4. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың күтілетін нәтижелері және кезеңдері
Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.
1. Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогик алық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу; - жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом); - білім берудің барлық деңгейлерінде кедергісіз орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; - жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялықпедагогика лық) қолдау қызметін ұйымдастыру; - арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру; - жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту.
2. Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру Инклюзивті білім беру жүйесіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Қазақстан республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру жолдары
Инклюзивті білім беруді енгізу
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Артпедагогика
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Пәндер