ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты


1927 жылы ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Н. Нұрмақов, Ж. Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Сол 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады. Бұл зор ауқымды шараларды қауырт түрде іске асыру идеясы, авторларының көздеген басты мақсаттарының бірі - қоныс аударушыларға молырақ қазақ жерлерін босатып беру болды. БОАК-тың 1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мөлшерден артық жерлерін кесіп алу көрсетілді. Осылайша Кеңес үкіметі қазақ жерін отарлау ісіне жаңа қарқын берді. Бұдан кейін қабылданған шешімдер мен қаулылар патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады.
2. ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.
Қоныс аудару саясаты: XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің бастамасымен 1868 жылы 1883 жылға дейін қолданыста болған жерде, қоныс аударушыларға бірқатар жеңілдіктер берілді: жан басына шаққанда 30 десятина мөлшерінде жер бөлу (ер адамдарға), салықтан босату және әр түрлі міндеттерді 15 жыл мерзімге атқару, 100 рубльге дейін несие беру. Патшалықтың қоныс аудару саясатының нәтижесінде негізгі құнарлы жерлер орыс шаруаларына берілді, ал қазақтар сусыз, жарамдылығы аз жерлерге айдалды. Қазақстанның демографиялық бет-бейнесі өзгерді. 1897 жылғы жалпы халық санағының деректеріне сәйкес Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы 87, 1% - ға дейін қысқарды . 4 471, 8 мың тұрғынның ішінде қазақтар - 3 399, 5, орыстар мен украиндар - 532, 7, татарлар - 55, 4, өзбектер - 73, 5 мың, ұйғырлар-56 мың қоныс аударушылар негізінен стратегиялық пункттерде қоныстандырылып, атыс қаруларымен қаруланған. 1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді. 1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді. 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді. 1870-1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1, 4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.
Себептері:1. 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болып қалды. 2. Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. 3. патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Столыпиннің аграрлық реформасы - патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П. А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. 1906 - 15 жылдары аралығында Қазақстанда қоныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
3. 1882 жылы Шымкентте сантонин зауыты іске қосылды. Бұл ендіріс орны-ның өнімін Англия, Америка, Германия, Үндістан мен Жапония сияқты ел-дерге экспортқа шығарып отырған. Шымкент пен Тұркістанда мақта таза-лайтын зауыттар, Верныйда екі темекі кәсіпорны жұмыс істеді. Сол тарихи кезенде көлік, пошта, қатынасы да дами бастады. 1880 жыл-дан бастап Ертіс, Балқаш, Іледе тұрақты кеме қатынасын жолға қою әрекеті жасалды. 1874-1876 жылдары Орынбор теміржолы салынды. Самара- Орын-бор жолы Торғай, Орынбор облыстарын Ресейдің орталық аудандарымен байланыстырды. Теміржол жүйесінде Транссібір магистралінің де маңызы зор болды. Оның Ақмола арқылы ететін батыс белігі 178 шақырымға созыл-ды. Бұл теміржолдың құрылысын бастау туралы жарлық 1891 жылы шыққан болатын. Қазақ жерімен ететін жалпы ұзындығы 482 км теміржол салынды. XIX ғасырдың соңында теміржол, су жолы, пошта-телеграф байланыстары Қазақстанды Ресейдің орталығымен, Сібірмен, Алтаймен, Орта Азиямен байланыстырды. Ресейдің мемлекеттік банкісі де өз бөлімшелерін Орал, Петропавл, Се-мей, Омбы, Верный қалаларында ашты. Көлемді несие беретін қаржы ме-кемелері Ақмола облысында орналасты. Сондай-ақ Қазақстанда Сібір сау-да банкінің жеті бөлімшесі, Орыс сауда-өнеркәсіп банкінің бес белімшесі жұмыс істеді. Капиталистік қатынастар сауданыңдамуына тікелей әсер етті. Қазақ халқы ушін XIX ғасырдың өзінде де сауданың непзп нысаны мал болды. Мысалы, Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездерінен Ресейге жыл сайын 60 мың ірі қара мал, астық, 200 мың қой айдап апарылып отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz