Дінмұхамед Қонаев туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының сүйікті ұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық және сауда мекемелерінде жұмыс істеген.Дінмұхамед Ахметұлы 1930 жылы Алматы қаласындағы мектепті үздік бітіріп, 1931-36 жылдары аралығында Мәскеудегі түсті металл институтында білім алды. Қайраткер ұл жарты ғасыр уақытта бұрғылау станогінің машинасынан Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін көтерілді.
Дінмұхамед Қонаевтың бала күнгі арманы
Өзі жастайынан тау-кен инженері болуды армандағанын айтады. Ақыры осы арманының жетегімен инженерлік кәсіпті таңдады. Бұған сол заманда қазақтар арасынан инженердің шығуы сирек болғаны әсер еткен. Сондай-ақ, ұлт қайраткері тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевты бала күнінен ерекше құрмет тұтқан.

Димаш Ахметұлының жүрегін жаулап, сүйеніш болған әйел кім?
Димаш Ахметұлы сүйікті жұбайы Зуһра Шәріпқызымен тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан. Ол әйеліне деген махаббатын өмір бойы жанына жалау қылып, өле-өлгенше сыйласқан. Қос жұпты таныған жандардың айтуынша, Зуһра Шәріпқызы ешуақытта ұлықтың әйелімін деп өзімшілдік танытпаған. Керісінше ашық-жарқын болып, айналасындағыларды қонақжайлылығымен қуантқан. Әрдайым ибалы да инабатты мінезімен ата-енесіне, еліне сыйлы келін болған.

Анатолий Горяйнов Димаш туралы
Үкімет қызметінде жүрген кезде жұмысқа ешбір оққағарсыз, жаяу баруды жөн көрген. Бұл кезде коммунистік партия басшылары керісінше қос-қостан күзет ұстайтын. 17 жыл жанында жүріп Қонаевтың жеке күзетшілерінің басшысы болған Анатолий Горяйнов оның, расымен де, оққағарлармен жүргенді ұнатпағанын еске алады.
Шындығын айтқанда Димаш Ахметұлы қауіпсіздік шаралары дегенді жақтырмайтын. Сол себепті біз қызметімізді жасырын жүріп атқаратынбыз. Күзетті көргенде Мені жыртқыш құс құсатып жетектеп жүргендеріңді қаламаймын деп ренжитін, -- дейді ол.
Анатолий Горяйнов тек оққағар емес, қоғам қайраткерінің фотографы қызметін атқарған. Халыққа жеткен суреттердің көбін түсірген. Бүгінде олардың көп бөлігі музейде сақталып тұр.

Көпшілік естімеген әңгіме
Сондай-ақ, Дінмұхамед Қонаевтың оққағары болған Михаил Алексеев сұхбаттарының бірінде көпшілік естімеген әңгімені айтып берді.

Димаш Ахметұлын халық жақсы көрді. Ол кісіге ешкім жамандық ойламайтын. Біз Демекеңді қорғау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайын атасы
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Қазақ ұлтының кемеңгері, ұлт мақтанышы Д. А. Қонаев
Д. А. Қонаев
Қазақ халқының дара тұлға перзенті - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Қонаев және оның кезеңі
Пәндер