Халыққа қызмет көрсетудің аумақтық жүйелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
9-Зертханалық сабақ

Халыққа қызмет көрсетудің аумақтық жүйелері

1. Қызмет көрсетудің салалары, оның әлеуметтік экономикалық рөлі мен қоғам өміріндегі маңызы.

Қызмет көрсету -- заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, т.б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда Қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Материалдық Қызмет көрсету жағдайында материалдық зат өндіріс нәтижесі және тұтыну нысаны болып табылады. Қызмет көрсету аясының ілгерілеуі үшін іргелі негізі болып табылатын материалдық өндірістің дамуы, сондай-ақ қызмет көрсету аясындағы еңбек бөлінісі қызмет көрсету түрлерін кеңейте түседі. Қызмет көрсету мазмұнына қарай жеке адамға үйде қызмет көрсету (аспаздар, үй қызметшілері, т.б.), жаңа бұйымдар жасайтын қызмет көрсету (халықтың жеке тапсырыстары бойынша тұрғын үйлер салу, киім-кешекті не аяқ киімді жеке-дара тапсырыс бойынша тігу, т.б.), бұрын пайдаланылған тауарлардың тұтынылу қасиетін қалпына келтіру (тұрғын үйлерді, тұрмыстық техниканы, т.б. жөндеу), зияткерлік қызмет көрсету (жаттықтырушылық, жарнама, т.б.), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет аясындағы қызмет көрсету, көлік, пошта телекоммуникация көрсететін қызмет, банктер мен сақтандыру қоғамдарының Қызмет көрсетуі, сауықтыру мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсетуі түрлеріне жіктеледі. Тұтынушы үшін қоғамдық тұтыну қорларын бөлу тұрғысынан қызмет көрсету ақылы (Қызмет көрсетуге тұтынушы ақы төлейтін) және ақысыз (бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін) Қызмет көрсету түрлеріне бөлінеді. Қызмет көрсету өндірістік қатынастардың сипатына қарай түрлі әлеум.-экон. нысанда болуы мүмкін. Тауар ретінде Қызмет көрсету екі жақты құрылымға ие болады: арнайы тұтыну құны (нақты еңбектің пайдалы нәтижесі) мен құн (Қызмет көрсетудегі қоғамдық қажетті еңбек) сипатында көрініс табады. Демек, Қызмет көрсету аясы өзінің тіршілік етуі мен дамуына қажетті қорды өзі ғана ұдайы өндіреді, ал осы аяға жұмсалған еңбек Қызмет көрсету өндірісіне қатысушылар табысының көзі болып табылады, бірақ ол материалдық өндірісте жасалған құнды
Қызмет көрсету аясының пайдасына қайта бөлу нәтижесі болып табылмайды. Қоғамдық еңбек бөлінісі құрылымында қызмет көрсету аясы экономиканың "бірінші" секторына жататын ауыл шаруашылығы мен "екінші" секторына жататын өнеркәсіптен өзгеше түрде заттай тауарлар сияқты жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құрамына кіреді. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі қызмет көрсету аясының үлесі елдің экономикалық дамуы деңгейінің өзіндік көрсеткіші болып табылады.
Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады:
өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады;
елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 30% -дан астамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады, т.б.
1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының ақылы қызмет көрсету саласындағы басты келісімі іске асырылды.
Келісімнің мақсаты халықаралық нарықта барлық ақылы қызмет көрсету түрлерін ынталандыру және құқықтың қамтамасыз ету.
Қызмет көрсетулер біртекті топтар түрінде жіктеледі. Бұл топтарға мыналар жатады:
Тұрмыстық радиоэлектронды аппараттарды, электр машиналары мен приборларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
Авто-мото транспортқа техникалық қызмет керсету және жөндеу.
Сұйық отынмен және газбен жанатын аспаптарды жөндеу.
Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметі.
Тұрмыстық-экскурсиялық және қонақ үй қызметі.
Жолаушыларға көрсетілетін көлік қызметі.
Жиһаз жасау және жөндеу.
Байланыс қызметі.
Киімді тігу және жөндеу.
Аяқ киімді жөндеу, бояу және тігу.
Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді.
Дамушы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, өндірістің күрделенуі мен нарықта тауар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде қызмет көрсету саласына деген сұраныс артуда. Неғұрлым қоғам экономикалық тұрғыдан әлсіз болса, соғұрлым оның шарушылық қызметі материалдық игіліктерді өндірумен шектеледі. Экономикалық деңгейі, индустриалды негізі, еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары қоғамның шарушылық қызметі күрделенеді: шаруашылық құрылым өзгеріп, қызмет саласына бағытталған еңбек қызметінің маңыздылығы өседі.
Адамзат өмірін жеңілдету мен жақсартуда, оның материалдық және рухани игіліктерін қамтамасыз етуде қызмет көрсету саласының орны ерекше. Қоғамдағы әрбір әлеуметтік топтың мүддесін ескере отырып, қызмет көрсету саласы материалдық, еңбек, сонымен қатар қаржы ресурстарын үнемдеуге, жұмысшының бос уықытын тиімді жоспарлап, оны көбейтуге, ал атқарылатын жұмысының шығармашылық негізін молайтып, адамдардың өмірін неғұрлым жайлы және жағымды жасауына мүмкіндік береді.
Әлем елдерінде қызмет көрету саласының даму деңгейін салыстырсақ: Индия офшорлық программалау мен ақпараттық қамсыздандыру саласында әлем бойынша жетекші орынға ие; Дубай туризмдік орталыққа айналды; Сингапур Азияның барлық елдерінен келген пациенттерге халықаралық медициналық клиникалар желісін кеңейту шараларын жүргізуде; Филиппин Республикасы колл-центрлерді белсенді дамытуда.
Сонымен, қызмет көрсету саласы экономиканың айтарлықтай қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып саналады. Қазіргі таңда экономиканың қызмет көрсету саласын дамытудағы Қазақстанның мүмкіндігі зор.
Қазақстандағы қызмет саласын құрайтын секторлардың үлесі дамыған елдерге қарағанда өзгешелеу болып келеді. Негізінен, қызмет саласының басым бөлігін құрайтын төрт түрлі сектор бар, олар - сауда-саттық (25%), кәсіби қызметтер және қозғалмайтын мүлікпен байланысты қызмет (24%), көлік және телекоммуникация (14%) және құрылыс (11%). Ал қаржы қызметтері, денсаулық сақтау және ойын-сауық сияқты қызмет түрлерінің үлесі дамыған елдермен салыстырғанда анағұрлым аз.
Қазақстандық қызмет көрсету саласының тағы бір ерекшелігі - бұл сала, негізінен, ішкі нарыққа ғана қызмет көрсетіп келеді, сыртқы нарықтың үлесі өте аз. Олай дейтініміз Қазақстандағы қызмет экспортының жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі небәрі 2 пайыз, ал жалпы экспортқа шаққанда 5 пайыз ғана екен. Ал бұл көрсеткіштердің әлемдегі орташа мәндеріне келер болсақ, қызмет экспортының жалпы ішкі өнімге шаққандағы орташа үлесі әлемде 6 пайыз, ал жалпы экспортпен салыстырғандағы үлесі орташа есеппен 20 пайыз болады. Олай болса, Қазақстанның қызмет саласының елдегі жалпы экспорттан алатын үлесі әлемдік орташа көрсеткіштен 4 есе төмен деген сөз.
Қызмет көрсету саласының ел экономикасын әрі қарай дамыту жолындағы рөлін ескере отырып, 2014 жылы Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламада қызмет көрсету саласының сапасын, қолжетімділігін, өнімділігі мен экспортын арттыру жолымен бәсекеге қабілетті қызмет саласын қалыптастыру мақсаты алға қойылған болатын. Бағдарламаның іске аса бастағанынан бір жылдан астам ғана уақыт өткеніне қарамастан, оң нәтижелер байқалады. Айталық, 2013 жылы қызмет көрсету саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 53% болса, 2015 жылғы нәтижемен 55,5%-ға жеткен. Сондай-ақ қызмет көрсету саласы елдегі халықты жұмыспен қамтуда да айтарлықтай рөл атқарады. 2015 жылғы мәліметтер бойын - - ша экономиканың барлық саласында қызмет жасап жатқан халықтың 60%-дан астамы қызмет көрсету саласын - да жұмыс - пен қамтылып отыр. Ал бағдар - лама қабылданғанға дейін бұл көрсеткіш 50% болатын. Олай болса, бұл қызмет көрсету саласы халықтың табыс көзіне тікелей ықпал ететін сала болып қала беретініне дәлел болады.
Қазақстандағы қызмет саласының басым бөлігін сауда-саттық саласы иеленетін болғандықтан, сауда-саттық түрінің көбеюіне байланысты қызмет саласы сапа жағынан емес, сан жағынан тезірек өсуде. Ал әлем тәжірибесі қызмет саласы сапасы жағынан өсуі қажеттігін дәлелдеуде. Ол үшін бұл саладағы технологияны, телекоммуникацияны, инженерлік-құрылыс, білім беру, туризм, консалтингтік қызмет, аудиторлық қызмет сияқты қызметтің басқа түрлерін дамыта түсу қажет.
Әлемде сауда-саттықты дамыту арқылы да қызмет саласын өркендетіп келе жатқан елдер бар. Алайда олардың дамыту саясатының бірыңғай механизмі жоқ. Әрқайсысының өзіндік тәжірибесі қалыптасқан. Солардың бірі - Түркия. Бұл ел сыртқы саудаға еркіндік беріп, мемлекетnік сауда-саттық жасайтын кәсіпорындарды жекешелендіру және салық жеңілдіктерін ұсыну арқылы соңғы 30 жылдан астам уақытта айтарлықтай жетістікке жетті. 1980 жылдары сауда-саттық саласындағы еңбек өнімділігі басқа салаларға қарағанда 4 есе аз болған екен. Елде жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету үшін импортқа жоғары баж салы - ғын салып келген. Алайда оның дамуға кедергі келтіретінін түсінгендіктен, елге шетелдік саудагерлерді көбірек тартуға назар аударыла бастады. Сөйтіп, бәсе - келестікті ынталандырып, бизнес тиім - ділігін арттыру мақсатында импорт - тың баж салықтары төмендетіле бастады. Сондай-ақ 1980-1990 жылдары эконо - миканың дамуына қолдау көрсету үшін пайдаға салынатын салықты төлеуге субсидия берді. Экспортқа өнім шығару - шыларды қосымша құн салығынан босатты. 1990-1996 жылдар аралығында кәсіпорын пайдасына салынатын салық ставкасы 46%-дан 25%-ға дейін төмен - детілді. Қазіргі кезде Түркиядағы пайдаға салынатын салық ставкасы 20%.
Ал Швеция сауда-саттық саласын дамыту үшін оның даму жолындағы кедергілерді жойды. Нақтырақ айтсақ, 1992 жылы Швеция үкіметі муниципалитеттердің жеке бизнеске ықпалын азайту үшін зоналау саласындағы заңға өзгеріс енгізіп, ірі дүкендердің жер телімдерін алуына кедергі болып отырған мәселені шешті. Сонымен қатар Швеция үкіметі жеке саудада бәсекелестікті дамыту қажеттігін насихаттай отырып, шетелдік инвесторлар - дың келуіне жағдай жасады. Сөйтіп, 15 жылдың ішінде шетелдік компанияларда жұмыспен қамтылғандар саны 8,5 есе өсті. Сонымен қатар бұл ол саладағы еңбек өнімділігін арттыруға да ықпал етті.
Қазақстанда қызмет көрсету саласын дамыту шаралары Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын да - мытудың 2020 жылға дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы нарықтық әлеуметтік қызмет жағдайлары мен проблемалары
Қазақстан Республикасының қызмет көрсету сферасы
Зейнетақымен қамтамасыз ету
Халыққа қызмет көрсетудің аумақтық жүйелері туралы
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби міндеттері
Әлеуметтік медициналық сақтандыру
Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандырудың жүйесі
Халықтың денсаулығын сақтау әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты ретінде
Мелекеттік кірістер комитеті бойынша жалпы түсінік
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік жұмыстың ажырамас бөлігі
Пәндер