Араб тілін үйренудегі сөздік қорды молайтудың оңай әрі тиімді жолдары


Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті
Исламтану мамандығының
4-курс студенті Ильясова Анеля Ғабитқызы
@anelilyassova1@gmail. com
Араб тілін үйренудегі сөздік қорды молайтудың оңай әрі тиімді жолдары
Араб тілі сонау ерте ғасырлардан бері адамзат өркениетіндегі ең басты тілдердің бірі болып келеді. Әсіресе орта ғасырларда араб тілінің маңыздылығы ерекше болды [2, 46 б. ] . Тарих, география, саяхат, философия, жаратылыстану пәндері, математика, астрономия, ботаника, химия, минералогия ғылымдары бойынша көптеген еңбектер араб тілінде жазылған. Араб тілі ислам келгенге дейінгі мерзімде және әділетте төрт халифа тұсында, Омеядтар мен Аббаси халифалықтары кезінде жазылған жоғары деңгейдегі өлең-дастандарға бай. Көптеген шиғрлар, бәйттер − араб тілінің ең көне ескерткіштері болып саналады. Олар ауыздан-ауызға сенімді рауилер арқылы таралып(VI-VII), тек VIII-IX ғасырларда ғана хатқа түсті.
Араб тіліндегі алғашқы кітап − Құран Кәрім. Араб тілінің әдеби формасын қалыптастыруда Құран маңызды роль атқарды. Құранды тәпсірлеу үшін нәсілі араб емес халықтарға арнап VIII ғасырда грамматика қалыптаса бастады. Грамматиканың екі бағыты қалыптасты: бірі басралық Халил мен оның шәкірті Сибауайхи қалыптастырған басралық мектеп. Сибауайхидің «Әл Китаб» еңбегі грамматика саласындаңы ең алғашқы классикалық кітап болып саналады. Ал екіншісі куфалық әл Қисайи мен оның шәкірті Ферра қалыптастырған куфалық мектеп болып табылады [1, 33-39 б. ] .
Әлем бойынша қолданылу жағынан 5-орында тұрған бұл тілді меңгеруге ұмтылатын жандар көп. Ендеше, алдағы уақытта араб тілін немесе кез-келген тілді оңай меңгерудің жолдарын қарастырайық.
Кез-келген тілді оңай меңгерудің жолы − сөздік қорды көбейту болып табылады. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің суденттерінен алынған сауалнама нәтижесі бойынша 100 студенттің тек 1%-ы ғана өздерінің сөздік қорларын 5000 сөзден асады деп бағалады.
Сөздік қорды молайтудың, жаңа сөздерді жаттаудың бірнеше оңай тәсілдері бар. Ең оңай әрі тиімді тәсілдердің бірі-мнемотехниканы қолдану. Армрестлинг қолды, білекті шынықтыратын спорт түрі, жүгіру немесе футбол аяққа күш салып, оның дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Дәл осы спорт түрлері сияқты миға да арналған жаттығулар бар. Миға арналған спорт түрін «мнемотехника» немесе «мнемоника» деп атайды. Мнемоника - табиғи ассоцияциялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.
Қарапайым ойлау арқылы өзге тілдегі сөздерді көз алдымызда суретке айналдыруға болады. Сурет арқылы біздің миымыз ақпаратты тезірек қабылдайды. Себебі, адамның жадысы кез-келген ақпаратты бейнелі түрде жаттайды. Мысалы, сізге балалық шағыңызда болған бір жайтты еске түсіріңіз десе, сіз мәтін емес, көз алдыңызда бір бейнелі суретті еске аласыз. [4, 13 б. ]
Мнемоника арқылы сөздерді жаттаудың біреше әдіс-тәсілдері бар:
- «Ұқсасын іздеу» тәсілі
Үйреніп жатқан жаңа сөзіңізге өз тіліңізде ұқсасын тауып, көз алдыңызда елестету. Мысалы, арабтың سلحفة (тасбақа) сөзін қазақ тілінде «сол ақ па?» деп ұқсатуымызға болады. Сондай-ақ, بئيس (бақытсыз, кедей) қазақ тілінде «пайыз» деп ұқсата аламыз. بستان (бақша) сөзін Американың Бостон қаласымен байланыстыруға болады.
- «Елестету тәсілі»
Араб тіліндегі نشر (жариялау, жаю, ағашты аралау) бұл сөздің бірнеше мағынасы бар. Қазақ тіліндегі «нашар» сөзін қолданып бірнеше жағдаятты елестете аламыз. Мысалы, а) Бүгін бақташы нашар ағашты аралап тастады; ә) жаңалық жүргізушісі жаңалықты нашар жеткізді.
سيف (қылыш) сөзі: қылышпен қылыштасу заманы өтіп кеткен себепті самурай оны сейфта сақтап жүр.
تعود (әдетке айналу) : тағы уәде беріп, оны жасаамауды әдетке айналдырған досыңызды елестетуге болады.
أصار (орындау) : ағайыныңыз үй салған кезде асарлатып орындап тастау деп елестетіп жаттауға болады.
- «Цицеронның тәсілі» немесе «Жады сарайы»
Ақылда белгілі бір заттарды елестету арқылы жаттау әдісі. Әдіс шындығында, өте қарапайым және тиімді. Ол “Рим бөлмесінің жүйесі” деп те аталады. Цицерон халық алдында сөйлеуге дайындық кезінде бөлмені кезіп жүріп, айтылу керек дүниелерді ойша сол бөлмеге орналастырады екен. Сондықтан бұл тәсіл «Цицерон тәсілі» деп аталып кеткен.
Цицерон тәсілі жадыда тіректі образдар жүйесін қалыптастыру үшін қолданылады. Ол жадымызда айналада орналасқан объекттердің байланысын қабылдау арқылы жүзеге асады. Есіңізге сізге таныс пәтер немесе үйді түсіріп, ол жердегі бөлмелерді беогілі бір тәртіпте есіңізге сақтап алыңыз. Өз ойыңызда бөлмелерді ойша аралап шығып, ол жердегі заттарға көңіл аударып шығыңыз. Әр затқа қарағанда бір сәт кідіріп оны ойша зерделеп қараңыз. Әр бөлмеден 10 зат таңдап, есіңізге сақтап алыңыз. Заттар қайталанбауы тиіс. Ойыңызда 10 затты сақтап, бірнеше рет қайталап шығыңыз.
Кез-келген ақпаратты белгілі бір стимул бар кезде ғана еске сақтай аламыз. Ойыңызда тіректі образдар бар болған себепті, сіз кез-келген уақытта жадыңызды қарап шыға аласыз. Сөзді естіген кезде біздің көз алдымызға автоматты түрде әртүрлі образдар елестейді. Образдарды рет-ретімен жады сарайыңызға бекітіп қойған 40-50 затқа байланыстырып жаттай аласыз. Кейін кез-келген уақытта көз алдыңызда жады сарайыңызды елестетіп, жаттаған сөздеріңізді қайталай алуға мүмкіндігіңіз болады. Цицерон тәсілі бойынша сөздерді бірнеше әдіспен жаттауға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz