Балабақшада жаңаша инновациялық бағытта әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Балабақшада жаңаша инновациялық бағытта әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

Жумалиева Ардак Елеусизовна

Орал қаласы, №40 Болашақ бөбекжайының әдіскері

“Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса
назар аударған жөн”
Н.Ә Назарбаев
Мектепке дейінгі тәрбие –баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып
дамытатын орталық. Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі
тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке
тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Заман талабы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне,
оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне
жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
Қаулысына сәйкес Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын негізге ала отырып балалардың өмірін
толыққанды ұйымдастыру балабақшаның міндеті. Міне, осындай жеке тұлғаны
қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін балабақшада оқу-тәрбие жұмысын жаңаша
ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана
бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен байланысты.
Осы орайда қазіргі таңда балабақшалардың алдына қойған міндеті де
жоғары. Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы
мектепке дейінгі мекеме табалдырығында қаланады.Соңғы уақыттағы
демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, әдіскерлердің шығармашылық
қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Тәрбиешілерге ,пән мұғалімдеріне
баланың жан-жақты дамуына жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау
міндеті жүктелді.
Ал ол міндетті шешетін де, жүзеге асырушы да шебер тәрбиеші немесе пән
мұғалімдері. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалану
үшін олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне
бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс
ұйымдастыра білу- әдіскер ретіндегі үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап
етеді.
Балабақша әдіскерінің негізгі міндеттері білімділік, зерттелушілік,
ендірушілік, ақпараттық, кеңес берушілік, сараптамалық, бағалаушылық
бағытта анықталады.
Инноватор тәрбиешілер дайындау үшін әдіскер жұмысы үнемі жаңарып,
инновациялық бағытта дамып отыруды талап етеді. Балабақшадағы тәжірибеде
бұрыннан қолданып келген жүйені өзгертіп, педагог мамандармен жүргізілетін
жұмыстарға жаңалықтар енгізу; Балабақшада жүргізілетін көптеген жұмыстар
білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді.
Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған
әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс
жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ
қабілеттерін анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби
деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады.
Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін
жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің
жоғарлағандығын көрсетеді.
Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту
үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы
тәрбие сағаттарын пайдалануда

Мысалы:



Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер

Компьютерді қолдануда

және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір
сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын,білімі мен машықтарын көрсете
алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе
алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста
әдістемелік кабинеттің әдіскері – тәрбиешілер үшін жол көрсететін шамшырақ
деуге де болады.Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да,
тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады.

Мақсаты:

- Педагогикалық үрдістің үздіксіз жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау;

- Инновациялық білім беру ортасын, педагогикалық және басқару

кадрларының потенциалын дамыту арқылы мектепке дейінгі білім берудің,

балабақшаның кешендік жетілуіне көмектесу.

Міндеттері:

- әдістемелік бірлестіктер, мастер-класстар, мәселелік тәжірибелік
семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ж. т.

-) педагогикалық шеберліктің дамуына бағытталған жұмысты жүргізу.

- Жаңа педагогикалық технологиялардың енгізілуіне қолдау жасау

- Педагогтардың тәжірибелерін жалпылауға және таратуға көмектесу:

- Оқыту-тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы құралдарды қолдану

Әдістемелік кабинет әдіскер жұмысының құрылымы:

а)бақылау, бағалау, ынталандыру, қолдау, бағыттау

ә)үздік тәжірибе тарату шараларын ұйымдастыру

б)педагогикалық шеберлік дамуына бағытталған шараларын ұйымдастыру

в)сайыстарға, конференцияларға семинарларға,,жобаларға қатыстыру

г)оқу үрдісінде заманауи құралдарды қолдану

д)тәрбиешілер біліктіліктерінің арттыру

е)оқу-әдістемелік кешендермен оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.

Балабақша сапалы білім мен тәрбие беруі қажет. Ол үшін әр тәрбиеші
күнделікті жоспарларын жазумен шектеліп қоймай өз-өін дамытып, өз жұмысына
жоғары жауапкершілікпен қарап, шығармашыл болуы тиіс.

Осыған байланысты әдіскердің міндеті:

-тәрбиешілерді ынталандыру, шығармашыл педагог болуына көмектесу

-жаңа технологияларды насихаттау барысында семинарлар өткізілуі тиіс.

Мысалы:

Жобалық жұмыстар, Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудағы жаңа
тәсілдер . Бейнелеу өнерінен дәстүлі және дәстүрден тыс технология,

Отбасы мен балабақша,Жаңа инновациялық технологиялар және т. с.

Әдіскер семинардың ұйымдастырылуын қадағалайды:
мақсаттарын, міндеттерін айқындап, жоспарын құрады немесе құруға
көмектеседі.
Үздік тәжірибе таратылуын қамтамасыз ете отыра,
тәрбиешілердің зейінін арттыруға бағытталған, семинар мазмұнына
байланысты болатындай ойындар, викториналар, сергіту сәттерін өткізілуін
ұсынады.
Әдіскер жұмысының міндеті – шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру,
нәтижелілігін қадағалау.
Шығармашылық топ жұмысы әр әдіскерге үлкен көмек тигізеді.
Сан алуан қызықты ойлар,пікірлер ,балабақша жұмысын ұйымдастыруда жаңаша
әдіс-тәсілдер ойлап табуы мүмкін.
Шебер педагог – не ойды, не технологияны дайын күйінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МДҰ әдістемелік кабинет
Бөлім тәрбиешінің балалармен еңбек іс – әрекетінің ұйымдастыру және тәрбиешімен атқаратын жұмыстар жүргізу
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Білім берудегі инновациялар
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Бастауыш сыныпта Тәй - тәй технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыру
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер