Бостандыққа жету жолымыз


Бостандыққа жету жолымыз
Қазақ елі ықылым заманнан бері тәуелсіздікті аңсап, еркіндік үшін талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Ата-бабаларымыз кең байтақ жерімізді қорғап, ереуіл атқа мініп, от кешіп жүріп бүгінгі тыныш, бейбіт күнімізді алып берді. Бұл біздің ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қарым-қатынаста болып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын, кез-келген елмен бәсекелесе алатын тәуелсіз мемлекет атану болатын. Халқымыздың тұрмысы жайлы, түтіні түзу, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты елдер қатарынан болуы еді. Осы ізгі арманды ақиқатқа айналдыру жолында шешуші рөл атқарып, бабалар мұратын бір мақсат, бір мүддеге сыйғызып, мәңгілік ел болуға жол көрсеткен - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі жарияланып, ел тарихының жаңа кезеңі басталған болатын. Қазақстан Республикасының шекарасы белгіленіп, мемлекеттік нышандар бекітілгеннен кейін, 1991 жылдың 17 желтоқсанында Алматыдағы Республика алаңында өткен жиында Елбасы: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін», - деген екен. Ол мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін табуда өзіндік даралығымен бірден әлем назарын аудара білді. Содан бері мемлекетіміздің іргесі нығайып, әлемдік аренада танылу жолында айқын шешімдермен нық қадам басып келеді:
Армандарды ақиқатқа айналдыру жолында Мәңгілік Елдің іргетасын қалаған қазақ елінің елеулі әрекеттерін толассыз жалғастыра беруге болады . . .
Қазақстан дамуының өзіндік моделі туралы Елбасымыз: «Біз бір рет таңдап, содан бері одан таймаған өзіміздің қазақстандық даму жолымен келеміз. Әлемдік тәжірибені сараптай және зерттей отырып, біз эволюция жолын таңдадық. Біз демократияның жедел, әсіресе сырттан енгізілуіне қарсымыз. Біз ешкімге де еліктеуге тырыспаймыз, біздің мемлекетімізге, біздің халқымызға керегін жасап жатырмыз және бұл қолымыздан келіп жатыр», - деді.
Еліміздің басты тұлғасы таңдап алған бұл байыпты бағыт Қазақстан үшін стратегиялық бағдарға айналды. Бүгін біздің болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін - «Мәңгілік Ел» идеямыз бар.
Енді біз ХХІ ғасырдағы қарқынды дамыған ел қатарындағы белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар қатарынан болуымыз шарт. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Осындай басым бағыттардың табысты жүзеге асуы - мемлекетіміздің әлем елдерімен теңесу мүмкіндігін күшейтеді. Расында, біздің тәуелсіз мемлекетіміз «Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасының аясында елбасымыз нақтылап берген әр саланың дамуына біртіндеп қол жеткізіп келеді.
Біріншіден, қабылданған барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығы қағидатына сай, айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге бейімделуде.
Екіншіден, өзара тиімді ашықтық қағидатымен біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартудамыз.
Үшіншіден, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты бойынша қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болып есептеледі.
Төртіншіден, бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мәнге ие. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей алып шығар тұғырлы идея екендігін осылайша уақыт дәлелдеп келеді. Оны біз бүгін жаһандану дәуіріміздегі бағзы болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуіміздің кепілі деп білеміз. Осы ақиқат біздің мемлекетімізде өмір сүрген барша халықты Елбасымыздың төңірегіне, бағдарлы бейбіт болашағын діттеген ұлы жолына біріктірді. Ол жеріміздің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін нығайтып, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтере білді. Тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді. Сондықтан Қазақстан үшін елін өркениетке жетелеген, әлеуетті мемлекеттердің қатарына қосқан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының орны ерекше. Оның тәуелсіздігімізді қалыптастырудағы рөлі орасан зор.
Өз заманында тарыдай шашылған қазақ руларын бір тудың астына жинаған Абылай ханның қызметі қандай болса, тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалауда Елбасының еңбегі де сондай маңызды. Бұл туралы Елбасының Абылай ханның 300 жылдығында айтқан мына сөздері бар: «Абылай, Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ ордасын еңселі ел ету ісіне саналы ғұмырын арнады. Оның қазақ халқының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап, осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, дипломатияның күшін де жұмсаған заманының аса көрнекті ханы болғанына тарих куә . Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Байтақ өлкеміздің шекарасын заман талабына сай халықаралық нормалармен бекітіп, әлемдік қауымдастықты мойындаттық. Сол арқылы көршілерімізбен мәңгілік достыққа, өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени байланыстарға негіз қаладық. Бұл күнде ешқандай елдің Қазақ жеріне қатысты дауы жоқ. Ең бастысы, біз бабалар аманат еткен киелі жерімізде құрған мемлекетімізде ынтымағымызды сақтай білдік. Соның арқасында берекелі бірлігіміз төрткүл дүниеге мәлім болды. Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретінде танылдық
Енді Елбасымыздың төлтумасы аталып кеткен астанамыз айшықты Нұрсұлтан туралы зерделей кетсем: 1994 жылдың 6 шілдесі күні Қазақстан Респубилкасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысына қатысқан Н. Ә. Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеясын ұсынып, оны нақты әрі мықты фактілермен депутаттардың алдында дәлелдеп шығады. Бұл жайында Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында:
1994 жылдың 6 маусымында Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал, ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi. Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды» - деп жазады.
Елбасымыз жаңа астананы таңдауды 32 өлшем бойынша жүрізген. Соның ішінде аса маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Ал, сол барлық өлшемнің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше инфрақұрылымның болуы. Барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққан еді. Мемлекет басшысы өзінің жоғарыда аталған «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазғанындай, бұл бiрiншiден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Астана Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, яғни Еуразия құрылығының қақ ортасында, мұхиттардан бiрдей қашықтықта орналасқан. Еуропалық және азиялық дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен Шығысқа да, Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады.
Екiншiден, бұл шешiмде қауiпсiздiк мәселесi де елеулi рөл атқарды. Тәуелсіз елдiң астанасы сыртқы шекаралардан мейлiнше қашық және елдiң орталығында болуы тиiс едi. Үшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн де қажет болды. Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге көшiре отырып, бiз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, дiндер мен конфессиялардың қақтығыссыз тату өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiндегi бағытымызға адал екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк, - деп жазады .
Осындай жасампаз істерімен Қазақстан мемлекеті іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс мойындатқан Тәуелсіз мемлекетке айналғанын көріп отырмыз. Енді бүгінгі өскелең ұрпақ мәңгілік ел құндылықтарын бойына сіңіріп, мемлекетіміздің одан әрі қарқынды өркендеуіне үлес қосатын патриот болуға тиіспіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz