Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелерді бағалау: қағидасы мен ережелері.
Дәлелдемелерді бағалау-қылмыстық істі дәлелдеу және шешу нысанасына кіретін мән-жайларды анықтау үшін әрбір дәлелдеменің қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, мәні және олардың жиынтығының жеткіліктілігі туралы белгілі бір қорытынды, пайымдау мақсаты бар ойлау, логикалық қызмет.

Дәлелдемелерді бағалау еркіндігі принципі.

Судья, алқабилер, сондай-ақ прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді қылмыстық істегі бар дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады.

Дәлелдемелерді еркін бағалау немесе дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау принципі соттың тәуелсіздігі қағидатынан туындайды, дегенмен ол прокурорға, тергеушіге және анықтаушыға да қолданылады. Біріншіден, бұл дәлелдемелерді бағалау кезінде процеске қатыспайтын адамдардың кез-келген сыртқы пікірлерін, сондай-ақ тараптардың және сот ісін жүргізуге қатысушылардың дәлелдерге негізделмеген пікірлерін ескеруге тыйым салуды қамтиды. Екіншіден, бұл принцип соттың заң шығарушыға қатысты тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол әр түрлі дәлелдерге әртүрлі, алдын-ала белгіленген күш берілетін заңдар қабылдауға құқылы емес.

Ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

Дәлелдемелерді бағалау субъектілері тек іс бойынша іс жүргізуге жауапты және іс бойынша шешім қабылдауға құқылы процесс субъектілері деп аталады. Әрине, процестің барлық қатысушылары дәлелдемелерді бағалайды және осы негізде айыптауға қатысты өз ұстанымдарын анықтайды (айыпталушы, оның қорғаушысы, жәбірленуші). Алайда, осы субъектілердің дәлелдемелерді бағалауы заңды мәні бар шешімнің мазмұнын анықтамайды деген мағынада заңды мәнге ие емес.

Әрбір дәлелдеме қатыстылығы, жол берілуі, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

Прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемені күдіктінің, айыпталушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша жол берілмейтін деп тануға құқылы. Жол берілмейтін деп танылған дәлелдеме айыптау қорытындысына немесе айыптау актісіне енгізілуге жатпайды.

Сот дәлелдемені тараптардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша ҚР ҚПК-нің 112-бабында белгіленген тәртіппен жол берілмейтін деп тануға құқылы.

Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректер

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-не сәйкес нақты деректер, егер олар процеске қатысушыларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе қысым көрсету жолымен немесе істі тергеу немесе сот талқылауы кезінде қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзу арқылы алынған нақты деректердің анықтығына, оның ішінде қылмыстық іс жүргізудің өзге де ережелерін бұзу арқылы ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін ҚІЖК талаптарын бұза отырып алынған болса, дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деп танылуға тиіс:

1) азаптауды, зорлық - зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттерді қолданып;

2) қылмыстық процеске қатысатын адамның өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты түсіндірілмеуі, толық немесе дұрыс түсіндірілмеуі салдарынан туындаған жаңылысын пайдалана отырып жүргізіледі;

3) осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу әрекетін жүргізуіне байланысты;

4) қарсылық білдірілуге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;

5) процестік әрекетті жүргізу тәртібін елеулі түрде бұза отырып жүзеге асырылады;

6) белгісіз көзден не сот отырысында анықталуы мүмкін емес көзден;

7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтіндігін, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде оларды шектеулі пайдалану мүмкіндігін процесті жүргізетін орган өз бастамасы бойынша немесе Тараптың өтініші бойынша белгілейтінін атап өткен жөн.

Егер күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, оларды айыптау негізіне жатқызуға болмайды.

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және оларды айыптау негізіне жатқызуға, сондай-ақ кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдалануға болмайды.
Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме-қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының, қылмыстық процтегі әдістемелік-құқықтық негіздерін зерттейтін бөлімі. Дәлелдеу туралы ұғымда әр түрлі ғалымдардыңжетістіктері пайдаланылады, оның ішінде логиканың, психологияның, крминалистиканың, сот медицинасының, психиатрияның жәнебасқалардың.

Қылмыстық істі тергеу және сот талқылауы жүргізілетінқылмысты өзінше өтіп кеткен оқиғалар мен фактілерді анықтайды. Кез келген қылмыс, қоршаған әлемніңқұбылысы ретіндеәртүрліобьектілерде айқын із, ал адам санасындаөте онды іздер - көрген оқиғалармен фактілер туралы есте қалдырады.

Бұдан шығатын қорытынды дәлелдеме дегеніміз -бұл белгіленген жағдайнегізінде қандай да бірмән-жайдың бар екенін тұжырымдайтын немесе жоққашығаратыной жүгіртудіңбелгілі бір логикалық тәсілі.

Дәлелдеу затын игерудіңнегізгі әдісі материалситікгносеология, яғни таным теориясы, ол мынандай түсініктеледі:

а) әлем обьективті өмір сүреді;

б) ол танылады;

в) адам шынайыаққат заңдарын ашуға қабілетті;

г) бүкілматерия белгілі бір қасиетке ие, мәні бойынша тітіркенушілікпен, бейнелеу қасиетімен.

Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуінің мақсаты іс бойынша ақиқаты айқындау болып табылады. Флософиядағы ақиқат- бұл обьективті бар нәрсеніңсанадағы қабылдануыныңтура бейнесі. Қысқаша, ақиқат дегеніміз-шындықтың дәл өзі.

Дәлелдеудің негізінде іс бойыншаақиқатты анықтауғажататындығы туралы жағдайымойындау ақиқатты табупроцесіндегі танымның орнын білуді обьективті түрде талап етеді.

Профессор Б.Х.Төлеубекованың пікірі бойынша: "Қылмыстық сот өндірісіндегі аққат өткен оқиғаны дәлелдеу процесіндематериалдандырып, дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу".

Қылмыстық процестегісот зерттеуінің пәні, яғни нақты іс бойынша ақиқаттыанықтау мақсатын көздейтін анықтау-тергеу органдарының, соттың және сараптау мекемелерінің бүкіл қызметі адамдардың қылығына қатысты, олар қоғамға қауіптіқылмысты деген болжамдары бар оқиғалардан тұрады.

Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері

Дәлелдеу процесі - іске қатысы бар, іс жүргізуқұжаттарындатіркелген нақтымәліметтердіжинақтау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалаубойынша қылмыстықіс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеусубьектілерініңқызметі түрінде көрінеді.

М. С. Строговичтің пікірі бойынша: "дәлелдеу процесідәлеледемелерді табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіпбекітуден, тексеруден және бағалаудан тұрады".

Дәлелдемелік құқығы және оның дәлелделер теориясындағы орны.
Қылмыстық іс бойыншадәлелдеу процесі - бұл шартты түрде дәлеледемелердіжинақтау мен бекіту, дәлелемелерді тексеру, дәлеледемелерді бағалау тәрізді төрт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалық қызметтің органикалық бірлігі.

Дәлелдеу субьектілері. Қылмыстық іс жүргізузаңдарында (ҚІЖК 62-67 баптар) көзделген жалпыережелер бойынша ісүшін маңызыбармән-жайларды дәлелдеуміндеті төмендегілерге жүктеледі:

іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға;
өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерінқорғайтын процескеқатысушыларға;
қылмыстық процескеқатысушы бақса адамдара.
Бұл органдар мен адамдар фактілермен дәлелденгеннемесе дәлелденбегендеп тануға іс бойыншатергеудің кез келген сатысында дәлелдеу қорытындысыншығаруға солбойынша соңғышеші қабыладуға құқылы.

Дәлелдемелерді жинақтау мен тексеру жауап алу,беттестіру, тануға апару, алу, тінту, тексеру, эксперимент, сараптамажүргізу арқылыжәне заңда көзделген басқа тергеу мен сотәрекеттерібойыншажүргізіледі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіндедәлелдеу процесініңэлементтері баптардың аталуымен көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (125-бап); дәлелемелердібекіту (126-бап); дәлелдемелерді зерттеу (127-бап); дәлелдемелердібағалау (128-бап).

Дәлелдеу процесіндезаңда көзделген тәртіппен дәлелдеме болып табылатын төмендегі нақты мәліметтер жиналады, зерттеледі және бағланады:

а) өтіп кеткен қылмыс оқиғасыныңорны ар екені туралы мәліметтер;

б) қоғамға қауіпті іс- әрекеттің осы әрекетті жасаған кінәлі адамныңбар немесе жоқ болуы, істі дұрыс шешу үшінмаңызы бар басқа да мән-жайлар;

в) куәнің, жәбірленушінің, күдікті мен айыпталушының жауаптары, сарапшыныңқорытындысы, заттай дәлеледеелер, тергеу және сот әрекетінің хаттамалары және басқа да құжаттар.

Сонымен іс бойынша қорытынды шығаруғанегіз болып табылатын нақты мәлеметтер жиынтығынаөзінің табиғаты мен тәсілібойынша әртүрлі бүкіл дәлелдемелік процесс пен онықұрайтын элементтерсипаттамасы жөнінде ескерілуге тиіс мән-жайлары тергеу мен сотты қызықтыратындаймәліметтер енеді.

Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз- шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу.Кең мағынасындағы " дәлелдеме" қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез-келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен ж. а. Тар мағынасында - бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындысының тізбегі.

Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру жолымен алынған іс жүргізушілік емес ақпаратпен арақатынасы.
Соныен философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды: а)дәлелдеме - шындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә)дәлелдеме- тану мен бағалаудың статистикалық объектісі. ҚІЖҚ-ғы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымыныңекінші мағынасытән, қылмыстық сот ісін жүргзу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу" терминімен белгіленеді, оның мақсаты туралы дербес тарауда айтылады.

"Дәлелдеме" ұғымыныңҚІЖ-ң мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А.И Трусов былай деп жазды: "...Сот дәлелдеуде жалақ ойлар мен ғана емес,ең әуелі фактілер мен жұмыс істейді.

Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәнітуралы жалпы түсінік шындықты тану процес імен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме- ҚІЖ құқығыныңаса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің бастр сипати. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдармен органдардың бүкіл ызметі бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.

Дәлелдемелердің белгілері мыналар болып табылады:

дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
дәлелдемелерде анықталатын жағдайға қатысты (болмағандығын) бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әректтің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана қарауына беру;
жасады деп айып тағылып отырып әрекетке адамдардың кінәлі екендігін не кінәсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының,жәбірленушінің,куәгер діңжауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар; іс жүргізуждің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің

25-бабында қылмыстық іс жүргізу заңында ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайтыны көрсетілген.Ол мына принциптерге негізделінген:

-іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді, заттай айғақтарды соттың, прокурордың ,тергеушінің, анықтаушының еркін бағалауы;

-соттың өз тұжырымдамаларында қылмыстық ізге түсу органдарының бағалау пікірлері мен байланысты болмауы;

Қылмыстық іс жүргізуде заттай айғақтар дәлелдеме қатарына жатқызылған.Сондықтан да заттай айғақтар дәлелдеме міндеттерін атқаратыны айқын болып табылады.

Кінәсіздік презумпциясы принципі бойынша кінәлінің айыбын құқық қорғау органдарының қызметкерлері заттай дәлелдемелер арқылы заңдылықты сақтай отырып дәлелдеуге тиіс.

Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:

а) тектік сипаттағы философиялық ұғым;

ә) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.

Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы "дәлелдеме" қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен затгарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Тар мағынасында бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.

Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:

а) дәлелдеме-шындықты анықтаудың процесі не әдісі;

ә) дәлелдеме-тану мен бағалаудың статистикалық объектісі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу" терминімен белгіленеді.

"Дәлелдеме" ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А. И. Трусов былай деп жазды: "...Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі нақты фактілермен жұмыс істейді".

А. И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:

а) соттық дөлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;

б) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;

в) соттық дәлелдемелер арқылы занда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.

Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме -- қылмыстық іс жүргізу қүқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
Әкімшілік процесте
Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме ұғымы
Дәлелдеу және дәлелдеме: түсінігі және белгілері
Соттық дәлелдеудің мақсаты және субъектілері
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен ғылыми көзқарас тұрғысында қарастыру
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері
Куәнің жауаптары
Қылмыстық іс жүргізу тәртібі
Пәндер