Сот бақылауы
Сұрақ: 1. Сот бақылауы.
2. Ведомстволық бақылау.
3. Мемлекетік бақылау.
4. Қоғамдық бақылау.
5. Қоғамдық байқау комиссия қызметі, мүшелерінің құқықтары мен
міндеттері, қызметінің нысандары, қызмеін тоқтату.
Жауап: Сот бақылауы адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының жүзеге асырылуының құралы ретінде
Қазіргі таңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының күшеюінің тенденциясы ескеріле отырып, қылмыстық іс жүргізуде сотқа шағымдану мəселелері сотқа дейінгі өндіріске соттық бақылауды кеңейту мəселелері шеңберінде кең талқыланып жатыр.
Қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының қажетті кепілдіктерінің бірі болып қамауға алудың арнайы санкцияланған режимі табылады. 2007 жылдың 21-мамырына дейін ҚР-ның Конституциясының 16-бабының 2-бөлігінде заңда көзделген реттерде ғана тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға жəне қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі деп бекітілген норманы басшылыққа алып келдік. ҚР-ның Конституциясының 16-бабы елеулі өзгеріске ұшырап, қамауға алу соттың санкциясымен жүргізілетін болды
Осы күннен бастап қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасы құқықтық мемлекет мақсатына жауап беруге бір қадам жоғарылады деп айтса болады.
ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 жəне 81-баптарын ресми талқылау туралы №13 Қаулысына сəйкес сотпен қамауға алуды жəне тұтқындауды санкциялау, лауазымды адамдардың құқыққа қайшы əрекеттеріне, Конституцияның 76-бабының 2-бөлігінен туындайтын мемлекеттік органдардың заңсыз актілеріне қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының шағымдарын (наразылықтарын) қарауы қылмыстық іс жүргізуде адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғаудың құралы болып табылады. Соттың көрсетілген өкілеттіктері Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 29 наурыздағы Конституцияның 76-бабының 2-бөлігін талқылауға қатысты сотқа заң негізінде адам жəне азаматтың кейбір конституциялық құқықтарын шектеуді болдырушы шешімдер, үкімдер жəне басқа да қаулылар шығаруға, лауазымды адамдардың құқықсыз əрекеттеріне шағымдарды қарауға, Конституцияда жəне Республиканың заңдарында бекітілген жағдайларда мемлекеттік органдардың заңсыз актілерін жоюға құқық берілген деп көрсетілген қаулысымен расталады.
Бұл жерде ҚР-ның Конституциясының нормалары (16-баптың 1-б., 75, 76-бб. жəне өзге де) сотқа жедел-іздестіру шараларын жəне тергеу əрекеттерін санкциялау бойынша өкілеттік көрсетілмеген. Тергеу əрекеттерін, жеделіздестіру шараларын, ұстауды, қамауға алумен тұтқындауды санкциялау Конституциямен бекітілген прокуратураның жедел-іздестіру қызметін, анықтау жəне тергеу, сондай-ақ қылмыстық қудалауды прокуратурамен жүзеге асыруда заңдылықты жоғары қадағалаудың бір нысаны болып табылады. Бұлардың жүзеге асырылуы кезінде де, біздің ойымызша тəуелсіз орган ретінде сот тұруы қажет. Осыған байланысты Конституцияда бекітілген адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуші тергеу əрекеттерінің де, атап айтқанда тінту; почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды тексеру мен алу; хабарды жол-жөнекей ұстау; сөйлесулерді тыңдау мен жазудың сотпен санкциялануы шынайы құқықтық мемлекет болудың бір кепілі деп пайымдауға мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, қылмыстық іс жүргізуде сот шағымдану институтының регламентациясы əркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығын бекітуші ҚР-ның Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне толық сəйкес келеді. Қазақстан Республикасында сот бақылауының проблематикасының пікірталастық бастамасы оның прокурорлық қадағалаумен ара қатынасы туралы мəселеден туындайды. Осыған орай, азаматтардың негізгі құқықтарын шектеуші процессуалдық əрекеттерге санкцияны тек бір ғана орган беруі қажет деп ойлаймыз.
Бүгінгі таңда прокурор қылмыстық іс бойынша адамның кінəлілігіне немесе кінəсіздігіне қарамастан, ақтау үкімінің шықпауына мүдделі, өйткені санкция беруден бастап ол өзін осы іспен байлап қояды. Прокурордың қылмыстық қудалауды жүргізумен қатар, тағы басқа бағыттары бар, соның бірі сотта мемлекеттік айыптауды жүргізу. Осыған байланысты да, тəуелсіз орган ретінде сотқа жүгіну қажеттігі туындап отыр.
Сот прокуратураға қарағанда айыптауға тəуелді емес. Сот сот билігінің өкілі ретінде тəуелсіз, айыптау функциясын атқармайды, алдын ала тергеуге басшылық жасамайды, оның сапалылығына жауап бермейді, тек сот төрелігін жүзеге асырады. Бірақ адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуші процессуалдық əрекеттерді санкциялауды сотқа берудің де көңіл аударатын мəселелері жоқ емес. Атап айтқанда, бұрынғы тоталитарлық режимнің қалдығы ол бірінші кезекке мемлекет мүддесін қою, судьямен берілген санкцияның дұрыстығына күмəн туғызбай, адамның құқықтары мен бостандықтарын екінші кезекке қою.
Десе де, сот бақылауы институтының қажеттілігі туралы халықаралық практика айтады; осындай түрдегі бақылау адамның құқықтарын жəне негізгі бостандықтарын қорғау туралы Европалық конвенцияның 6-бабында көрсетілген.
Бұл қазақстандағы құқықтық жүйеге де қайшы келмейді. Сот бақылауы, шын мəнінде, алдын ала тергеуде бəсекелестік негізінің күшеюімен байланысты, жəне бұл қылмыстық іс жүргізуді тиімдірек, оның қатысушыларының құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
Дұрыс қойылған сот бақылауында прокурорлық қадағалау кейбір жағдайларда артық болып қалады. Бір бақылау функциясын əртүрлі органдардың атқаруына қажеттілік жоқ. Сондайақ прокурорлық қадағалауды толығымен алып тастауға дəлелді негіз жоқ - сот шешімінсіз жүргізілетін тергеу əрекеттеріне қатысты ол сақталуы қажет.
Мұндай көрініс Ресей құқықтық жүйесінде де қалыптасып отыр. Кейбір ресей ғалымдарының көзқарасынша алдын ала тергеуде қателерден жəне қиянаттардан қосарланған тосқауыл қоюдан еш мағына жоқ. И.Л. Петрухин де соттың қарауына азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеуші кейбір тергеу əрекеттерінің жүргізуіне рұқсат беруді ұсынады [2, 14]. В. Бозров сот бақылауын алдын ала тергеу органдарының бұлтартпау шарасы ретінде тек қамауға алудың қолданылуының заңдылығына ғана емес, сондай-ақ азаматтардың конституциялыққұқықтарыменбостандық тарын елеулі шектеуші өзге де процессуалдық жəне жедел-іздестіру шараларына да кіргізу қажеттігі туындап тұр деп көрсеткен [3, 19].
Бұлтартпау шарасының аса қатал түрі айыпталушыны (сезіктіні) қамауға алуда сот бақылауы бекітілген. Қылмыстық-процессуалдық кодекспен сотқа шағымдану институты жəне бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың заңдылығын жəне негізділігін соттың тексеруі бекітілгені бəрімізге мəлім. Қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының қажетті кепілдіктерінің бірі болып қамауға алудың арнайы санкцияланған режимі табылады.
ҚР-ның ҚІЖК-нің 110-бабына сəйкес айыпталушы, сезікті, олардың қорғаушысы, заңды өкілі, жəбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа оның жарияланған кезінен бастап үш тəулік ішінде шағымдануға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы. Соттың қаулысына шағымдануға, наразылық білдіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымы, наразылығы бар іс бұл туралы айыпталушыға, сезіктіге, олардың қорғаушысына, заңды өкіліне, жəбірленушіге, оның заңды өкіліне, өкіліне жəне прокурорға хабар беріле отырып, облыстық немесе оған теңестірілген сотқа кідіріссіз жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезден бастап үш тəуліктен кешіктірмей, айыпталушыға, сезіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысының заңдылығын жəне негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Қамауға алуды қолдануға санкцияның заңдылығы деп қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының қолданылуының жəне оның мерзімін ұзартудың тəртібін регламенттеуші қылмыстықпроцессуалдық заңның барлық нормаларының сақталуын, ал негізділігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz