Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі


Сұрақ: 1. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі.
2. Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін
жауаптлығы.
3. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі.
4. Пробация қызметінің түзеу жұмстары түріндегі жазаны орындау кезіндегі
өкілеттіктері.
5. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары.
Жауап:
Айыппұл ҚР ҚК - нің 40-бабында негізгі немесе қосымша жаза түрінде көрсетілген. Айыппұл деп заң белгіленген жағдайлары мен мөлшерінде соттың шешімімен салынып ақшалай өндіріліп алуын айтады. Айыппұл ҚР заңдарынан белгіленген жиырма бестен жиырма мың айлық есептік көрсеткіш есебімен немесе сотталғанның екі жетіден бір жылға дейін басқа кірісінен тағайындалады.
Айыппұл қосымша жаза ретінде заңда көрсетілген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Шартты соттау кезінде негізгі немесе қосымша жаза ретінде айыппұл түріндегі жазаны өтеуді тұрған жеріндегі немесе жұмыс істейтін орындағы немесе мүлігінің тұрған жеріндегі аудандық халық сотының жанындағы сот орындаушылары жүргізеді. Бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретіндегі айыппұл түріндегі жазаны өтеуді сотталғанның негізгі жазаны атқарып жүрген жеріндегі аудандық халық соттарының жанындағы сот орындаушылары жүргізеді.
Сот үкімін жариялағаннан кейін сотталғанға өз еркімен мемлекеттік жинақ банкісіне бір ай мерзімде айыппұл соммасын төлеуді міндеттейді, ал төлемеген жағдайда оған оны төлеуге мәжбүр етілетінін ескертеді.
Егер сотталғанның айыппұлды тез төлеуге жағдайы келмесе, ҚР заңдарына сәйкес айыппұлды төлеу ұзартылады немесе алты ай мерзімге дейін кейін қалдырылады.
Айыппұлды төлеуді ұзарту немесе кейінге қалдыру сотталғанның, оның қорғаушысының, сондай-ақ жақын туысқандарының сұрауы бойынша орын алуы мүмкін. Сот мұндай сұраудың себебін анықтауы тиіс: ауыр материалдық жағдайы, кішкентай балалар барлығы, сұрапыл апатқа ұшырауы т. б. сияқты. Сотталғанның дәлелдерін сот тексеруі тиіс. Сот орындаушысы өз бетімен үкімді орындауды ұзарта немесе кейінге қалдыра алмайды.
Егер айыппұл көрсетілген мерзімде өз бетімен төленбесе, онда айыппұл түріндегі жазаны орындау азаматтық сот жүргізу тәртібімен, сотталғанға берілген орындау парағы негізінде мәжбүр етіледі. Айыппұл сотталушының жеке мүлігінен немесе жалпы меншіктегі оның үлесінен өндіріліп алынады. Сот орындаушысы тиісті өндіріп алынатын айыппұл соммасының мөлшерінде мүліктің тізімін жасайды. Сотталғанның мүлігі жоқ болса, сондай-ақ мүлігі айыппұлына түгелдей өндіріп алуға жатпаса ғана оның еңбек ақысынан немесе басқа табысынан зейнетақысының немесе стипендиясынан ұстап қалынады.
Егер де төлеу мөлшері сотталғанның айлық еңбек ақысының немесе табысының, зейнетақы немесе стипендиясының 20% аспаса, онда мүлігінен ұстап қалынбайды. Айыппұл төлеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшін Заңмен жауапкершілік көрсетілген.
Айыппул белгiлi бiр лауазымдарды аткару немесе белгiлi бiр
кызметпен айналысу кyкыгынап айыру турiнлегi жазаны орындау.
Қосымша жаза тyрлерiн орындау Айыппул турiнлеріндегі жазаны орындау тәртiбi. Айыппyл толеуден
касакана жалтару. Белгiлi бiр лауазымдарды аткару немесе белгiлi бiр
кызметпен айналысу кұкыгынан айыру турiндегi жазаны орындау тэртiбiн
белгiлейдi. Белгiлi бiр лауазымдарды аткару немесе белгiлi бiр rqызметпен
айналысу кyкыгынан айыру мерзiмiн есептеу. Сотталгандар жұмыс iстейтiн
уйымдар акiмшiлiгiнiц мiндеттерi. Органдардыц белгiлi бiр кызметпен айналысуга берiлген рyксатыныц кушriн жою мiндеттерi. Белгiлi бiр
лауазымдарды аткару немесе белгiлi бiр кызметпен айналысу Кyкыгынан
айыру туралы сот үкімін орындамаганы yшiн жауаптылык. Арнаулы эскери
немесе құрметі атактан, сыныптык шеннен жане ллемлекеттiк наградалардан
аиыру туралы сот үкімін орындау. Мiндеттi жyмыстар турiнде
Түзеу жұмыстары - Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндіріп алу.
Түзеу жұмыстары еңбекке қабілетсіз деп танылған не тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орындарында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға тағайындалмайды. Түзеу жұмыстары сот үкіміне сәйкес жаза мөлшерін толық өтегенге дейін жәбірленушілерге өтемақы қорына жалақының (ақшалай үлестің) жиырмадан қырыққа дейінгі пайызын ай сайын аудара отырып, сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша орындалады. Ұстап қалу негізгі жұмыс орны бойынша, сотталған адамға наразылықтардың бар-жоғына қарамастан, жалақы төлеу кезінде әрбір жұмыс істеген ай үшін атқарушылық құжаттар бойынша жалақысының барлық түрінен жүргізіледі.
Түзеу жұмыстарына сотталғандар сот үкімнің көшірмесімен бірге соттың тиісті өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он бес күндік мерзімнен кешіктірілмей жазаны өтеуге тартылады. Пробация қызметі сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
сотталғандарға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
сотталғандардың жалақысынан ұстап қалудың дұрыстығы мен уақтылығын және ұстап қалынған сомалардың жәбірленушілерге өтемақы қорына аударылуын бақылауды жүзеге асырады;
сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
қажет болған кезде сотталғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;
жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден жалтарып жүрген не жұмысынан айырылған немесе еңбек шарты бұзылған күннен бастап үш ай бойы жұмысқа орналаспаған сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін қоғамдық жұмыстарға тартумен не қамаққа алумен, ал қылмысы үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыну енгізеді.
Түзеу жұмыстарына сотталған адам:
Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауға;
айына бір рет пробация қызметіне профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келуге;
пробация қызметіне жұмыс орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері; сотталған адамның жалақысынан ұстап қалуды Жәбірленушілерге өтемақы қорына уақтылы аударуға, бұл жөнінде айына бір рет пробация қызметіне растайтын құжаттарды ұсынуға;
үш жұмыс күні ішінде пробация қызметін сотталған адамның жазасын өтеуден жалтаруы туралы хабардар етуге;
пробация қызметін сотталған адамның басқа лауазымға ауысуы немесе жұмыстан шығарылуы туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттерді орындамауы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Пробация туралы" Заңы қабылданды. Жаңа заң ылмыстық-атқару жүйесі органдарының көпжылдық тәжірибесі, ҚК-нің (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, бұдан әрі ҚК), ҚІЖК-нің (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі, бұдан әрі - ҚІЖК), ҚАК (Қылмыстық-атқару кодексі, бұдан әрі - ҚАК) пробация мәселелері бойынша жаңа нормаларының талаптарына сүйенеді, сонымен қатар онда пробация саласындағы басқа елдердің тәжірибесі, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, Ішкі істер органдарының мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің, сарапшы-құқықтанушылардың ұсыныстары ескерілген.
Пробация - санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
Пробацияның мақсаты:
күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
сотталған адамды әлеуметке қосу;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:
пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;
бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.
Пробация қызметінің өкілеттіктері
Пробация қызметі - қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы.
Пробацияның қандай түрлері бар?
Пробацияның түрлеріне байланысты - заң оның төрт түрін ажыратады және бекітеді.
Сотқа дейінгі пробация - күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;
Сотқа дейінгі пробация мынадай күдіктілерге, айыпталушыларға:
кәмелетке толмағандарға;
мүгедектерге;
әйелдерге: елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге;
жүкті әйелдерге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz