Теміржол сигналдарының түрлері мен шамдық көрсеткіштерінің мағыналары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Бағдаршамдар

Кіру - поезға аралықтан станцияға жүріп өтуіне рұқсат беруші немесе рұқсат тыйым салушы;

Шығу - поезға станциядан аралыққа жөнелуіне рұқсат беруші немесе тыйым салушы;

Маршруттық - поезға станцияның бір ауданынан екіншісіне жүріп өтуіне рұқсат беруші немесе тыйым салушы;

Өтпелі - поезға бір блок-телімнен қосынаралық аралықтан екіншісіне жүріп өтуіне рұқсат беруші немесе тыйым салушы;

Қоршау - теміржол желілерінің бір деңгейде басқа теміржол желілерімен, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен, және жолнұсқауышының қатысуымен өтілетін ажырамалы көпірлермен және телімдермен қиылысатын жерлерін қоршау үшін;

Бөгегіш - теміржол өтпелерінде, ірі жасанды құрылыстарда және көшкінді жерлерде қозғалысқа қауіп төнгенде, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды тексеруге және жөндеу үшін құрамдарды қоршау кезінде тоқтауды талап ететін;

Ескертпелік - негізгі (шығу, өтпелі, бөгегіш және қоршау) бағдаршамының көрсетуі туралы ескертпелейтін;

Қайталағыш - жергілікті жағдайларға байланысты негізгі бағдаршамның көрінімділігі қамтамасыз етілмеуі кезіндегі шығу, маршруттық және дөңестік бағдаршамның рұқсаттық көрсетулері жөнінде хабарландыру үшін;

Локомотивтік - поезға аралық бойынша бір блок-телімнен екіншісіне жүріп өтуіне рұқсат беру немесе тыйым салу, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсетулері жөнінде ескерту үшін;

Маневрлік - маневрлер жүргізуге рұқсат ететін немесе тыйым салатын;

Дөңестік - вагондарды дөңестен тарқатуға рұқсат беретін немесе тыйым салатын.

Кіру бағдаршамдары

Бір жасыл шам - «поезға станцияға басты жолмен белгіленген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат беріледі; келесі бағдаршам «маршруттық немесе шығу ашық» (а-сурет) ;

Бір сары жыпылықтаған шам - «поезға станцияға басты жолмен белгіленген жылдамдықпен жүоуге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам (мартшруттық немесе шығу) ашық оны азайтылған жылдамдықпен өтуді талап етеді» (б-сурет) ;

Бір сары шам - «поезға станцияға басты жолмен тоқтауға әзірлікпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық» (а-сурет)

Екі сары шам, олардың үстіңгісі жыпылықтаған - «поезға станцияға азайтылған жылдамдықпен бүйірлік жолға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық» (б-сурет)

Екі сары шам - «поезға станцияға азайтылған жылдамдықпен бүйірлік жолға және, тоқтауға әзірлікпен жүруге рұқсат беріледі; келесі бағдаршам жабық» (а-сурет)

Бір қызыл шам - «тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады» (б-сурет)

Бір жасыл жыпылықтаған және бір сары шамдар және бір жарқыраған жасыл жолақ - «поезға станцияға 80км/сағ аспайтын жылдамдықпен бүйәрләк жолға жүруге рұқсат беріледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оны 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді.

Шакыру бағдаршамдары

Бір жасыл шам - «поезға станциядан жөнелуіне және белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат беріле; алдыда екі немесе одан астам блок-телімдерюос» (а-сурет)

Бір сары шам - «поезға станциядан жөнелуіне және тоқтауға әзір болып жүруге рұқсат беріледі; келесі бағдаршам жабық» (б-сурет)

Екі сары шам, оның жоғарғысы жыпықтайды - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен жөнелуіне рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» (д-сурет)

Екі сары шам - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» (е-сурет)

Бір қызыл шам - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» (в, г-сурет)

Шығу бағдаршамдары жартылай автоматты блоктау мен жабдықталған телімдерде мынадай сигналдарды береді:

Бір жасыл шам - «Поезға станциядан белгіленген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; аралық келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос» (а-сурет)

Бір қызыл шам - «Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады» (б-сурет)

Екі сары шам - «Поезға станциядан азайтылған жылдамдықпен жөнелуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқумен жүреді; келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос» (в-сурет)

Екі сары шам, оның жоғарғысы жыпықтайды - «Поезға станциядан азайтылған жылдамдықпен жөнелуіне рұқсат етіледі; поезд бағыттамалық бұрма бойынша ауытқумен жүреді, аралық келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос, келесі станцияның кіру бағдаршамы ашық» (г-сурет)

Өтпелі бағдаршамдар

Бір жасыл шам - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; алда екі немесе одан көп блок-учаске бос» (а-сурет)

Бір сары шам - «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етеді; келесі бағдаршам жабық» (б-сурет)

Бір қызыл шам - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»(в-сурет)

Өтпелі бағдаршамдар жартылай автоматты блоктаумен жабдықталған телімдерде мынадай сигналдарды береді:

Бір жасыл шам - «белгіленген жылдамдықпен қозғалыс рұқсат етіледі; аралық келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос» (а-сурет)

Бір қызыл шам - «Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады» (б-сурет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктерді таңбалау: түрлері, ережелері және мағыналары
Теміржол стансаларының түрлері мен жұмыс технологиясы
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары: түрлері және оқыту әдістемесі
Қазақ тілінің лексикасы мен синтаксистік қатынастары: сөз түрлері, мағыналары және қолдану аясы
Электр сигналдарының таралуы: электромагниттік толқындар, модуляция мен демодуляция, шектелген спектрлік сигналдар
Теміржол станцияларының түрлері және аралық станциялардың ұйымдастырылуы
Теміржол станциялары мен аралық станциялардың түрлері және қызметтік-функционалдық ерекшеліктері
Абай өлеңдеріндегі кірме сөздердің қолданылу ерекшеліктері мен мағыналары
Телефондық дыбыс сигналдарының сандық өңдеуі және аналогты-сандық түрлендіргіштер
Қазақ тіліндегі шақ көрсеткіштерінің функционалды-семантикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz