1924-1925 жылдардағы Орта Азияны ұлттық-территориялық межелеу: біртұтас Түркістанның ыдырауы және қазақ жерлерінің ҚАКСР-ге біріктірілуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі

1. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу.

Кеңес өкіметі өзінің билігін Ресейдің империялық езгісін тартқан Орталық Азия мемлекеттеріне де орната бастайды. Ол кезде Орталық Азия мемлекеттері аумағының басым бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына бағынышты болатын.

1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық-территориялық межелеу жүргізілді де, Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақстанға қаратылды. Түркі дүниесіне өзгеріс әкелген бұл жағдай да талас-тартыс пен қарама-қайшылықтарға толы болды. Бөліну мен бірігу процесстері әр-түрлі бағытта жүріп жатты. 1924 жылы 10 наурызда Ташкентте өткізілген кеңесте Түркістан Коммунистік париясының Орталық комитетінің хатшысы А. Рахымбаев «Түркістанның ұлттық территориялық межеленуі туралы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол Орта Азияны ұлт республикаларына жіктеуді дұрысеп бағалады. Оны Н. Айтақов, С. Асфендияров, Қ. Атабаев сияқты қайраткерлер қолдады. Ал Орта Азиялық экономикалық кеңестің төрағасы М. С. Паскуцкий мен С. Қожанов межелеу ісіне келіспеді. Олар экономикалық және саяси-әкімшілік жағынан біртұтас Орта Азия Федерациясын құруды жақтады. Орта Азия республикаларын межелеу жөніндегі Территориялық Комиссияның 1924 жылы 17 тамыздағы пленумында, кейін Түркістан республикасының басшы ұйымдарының 1924 жылы 14 қыркүйек айында болған біріккен Пленумында С. Қожановтың Орта Азия Федерациясы туралы талаптарына тойтарыс берді. Сол уақытағы қазақ зиялылары қинаған мәселенің күрделісі - шекара бөлінісіне қазақтардың шала әзірлікпен келуі еді. С. Қожановтың «Дау тоқталып, іс басталсын» атты мақаласын осы жағдайдың дәлелі ретінде қарауға болады. Онда «Осы күнге дейін бір болып келген, шаруа жағынан жігі ашылмаған Түркістан енді тозып, төрт-бес мемлекет болып отыр. Басқалар Орта Азия шаруа бірлігін жасап, бірден бөлініп кетпестен, шаруа істерін бір жөнмен жүргізбек болып отырғанда, Орта Азиядан қазақ облыстары шықты саналып отыр. Арқа сүйеу болатындай Қазақстанның шаруа байлығының да, билеу түрінің де шамасы белгілі, Жетісу мен Сырдария шаруа жағынан, әлі де болса, Қазақстаннан гөрі, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты» - деп көрсетеді.

2. Біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі.

Орта Азия Республикалары аумағын межелеу - Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының жерлерін белгілеу үшін 1917 - 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нәтижесі. Ақпан революциясынан кейін, бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселесі алдыңғы орынға шықты.

Патша өкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы хандық мемлекеттілікті жоюға бағытталған әкімшілік-құқықтық реформаларының нәтижесінде және Кенесары ханның хандығы жойылғаннан кейін қазақ мемлекеттілігі жойылды. Ол туралы мәселе тек ХХ ғасырдың басында ғана қайта көтеріледі. Бұл жерде қазақ саяси элитасының бірінші және екінші Мемлекеттік Думадағы қызметін атап өтуіміз керек. Бұл қазақ саяси элитасының алғаш тәжірибе жинаған саяси күрестің майданы еді.

Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі аралығындағы саяси элитаның қызметі кең құлаш жайып, Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы құрылған еді. Алайда билікке ұмтылған большевиктер бұл уақытша болса да, өмір сүріп, мемлекеттілігімізді қысқа мерзімге болса да жаңғыртқан Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясын жойып жіберді.

3. Қазақ жерлерінің ҚАКСР құрамына біріктірілуі.

Қазақ жерлерінің ҚАКСР құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж) .

Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган - Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1918-1925 жылдардағы Түркістан өлкесі: Кеңес билігінің орнауы, ұлт-азаттық қозғалыстар және ұлттық-территориялық межелеу
1917-1925 жылдардағы Біріккен Түркістан республикаларының ұлттық-аумақтық бөлінуі мен құлдырауы: қазақ жерлерінің межеленуі және әкімшілік-аумақтық өзгерістер
1924-1926 жылдардағы ұлттық-мемлекеттік межелеу: Сырдария мен Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуы
Қазақстан мен Орта Азияда Кеңестік мемлекеттің құрылуы: ұлттық-территориялық межелеу мен әкімшілік-әкімшілік өзгерістер (1917-1936)
1917-1925 жж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу және Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуы: тарихи-құқықтық талдау
1917-1925 жылдардағы Қазақстан: Ақпан мен Қазан революциялары, азамат соғысы, ЖЭС және ұлттық-мемлекеттік құрылыс
Азамат соғысынан кейінгі кезең: Жаңа экономикалық саясат және 1920-1925 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Сәкен Сейфуллиннің 1917-1924 жылдардағы қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі
1917-1924 жж. Түркістан АКСР-індегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі және ұлттық ояну
1921-1925 жылдардағы қазақ баспасөзі: журналдар мен газеттердің қоғамдық-саяси рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz