Қазақстан мен әлемдік және аймақтық қауіпсіздік мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Описание: Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті: «Физика-техникалық»

Кафедрасы: «Плазма және компьтерлік физика»

СӨЖ

Тақырыбы: «Қазақстан мен әлемдік және аймақтық қауіпсіздік мәселесі»

Орындаған: Нақыпбек Әсел

Тексерген: Кумганбаев Жандос

Алматы, 2021ж

Қазақстан мен әлемдік және аймақтық қауіпсіздік мәселесі

Қазакстан тәуелсіздік алғаннан кейін барлық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын жақсарта білді және өзара түсіністік орнату үшін көптген қадамдарға барды. Оған ең бірінші дәлел ретінде Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынысы бойынша КСРО құлаған сәттен бастап-ақ еліміздің ядролық қарудан бас тартуын айтуға болады. Семей жеріндегі ең қиын апат болған полигонды жабу арқылы қазақ елі өзінің қандай жағдай болмасын мәселені оңтайлы, бейбіт жолмен шеше алатынын көрсетті, Елбасымыздың бұл көреген шешімі әлемді тамсандырды десе де болды. Бірлікті ту еткен еліміз осы кезден бастап-ақ көптеген бітімгершілік шешімдерге ұйытқы бола білді. Оған мысал ретінде, халықаралық масштабта Түркия мен Ресей арасындағы жанжалды реттеу, Сирия Араб Республикасындағы азаматтық соғысты тоқтату жөніндегі Астана процестерін атап өтсек болады.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1992 жылы қазан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының жиынында алғаш рет сөйлеген сөзінде планетамыздағы бейбіт қатар өмір сүру мәселелерін атап өтіп, оның ішінде Азия құрлығындағы қауіпсіздікке де жете мән беруімізді баса айтқан еді. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы бастама біздің ел басшылығы тарапынан сол кезде көтерілді. Жылдар өте келе Қазақстанның табандылығы арқасында аталған кеңес 2002 жылы алғашқы саммитін өткізіп, халықаралық деңгейдегі өзіндік орны бар елге айналды. Қазіргі таңда оның мүшелігінде Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан сияқты ТМД елдерімен қатар Азияның көптеген мемлекеттері бар. Ұйымның мүше мемлекеттері төрт жылда бір рет жиналып, тек аймақтық қана емес, әлемдік деңгейдегі мәселелердің шешімін тауып келеді. Біріккен Ұлттар ұйымынан бастап халықаралық басқа да мекемелермен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп жатқан аталмыш ұйымның хатшылығы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

1973 жылдан жұмыс істеп келе жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) Қазақстан 1992 жылдың қаңтарында мүшелікке кірген болатын. Бұл ұйым да өзінің жұмыс жасаған уақытында көптеген мемлекеттер арасындағы мәселерді шешіп, халықтар арасындағы достықты сақтап қалу үшін көптеген шешімдер қабылдаған болатын.

Әлемнің белді 56 елі мүше болып отырған ұйымның әр саммитіне біздің ел аса жауапкершілікпен қарап, оның жұмысына белсене араласып отырды. Соның арқасында біздің елімізге 2010 жылы осы халықаралық ұйымға басшылық жасау тапсырылды. Осыдан кейін Қазақстан 2010 жылы 1-2 желтоқсанда кезекті басқосу ұйымдастыруды қолға алды. Кездесуге БҰҰ мен ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшыларымен қатар, 38 елдің мемлекет және үкімет басшылары мен мүшелері, сондай-ақ өңірлік ұйымдар өкілдері қатысып, үлкен пікірталас алаңы ретінде көптеген ойлар мен идеялар айтылды. Әлемде түрлі деңгейде болып жатқан қақтығыстарды реттеу және соғысушы елдерді бейбіт келіссөздерге шақыру сияқты үлкен мәселелер талқыланды. Азия құрлығында талай жылдардан бері жағдайы тұрақсыз болып келе жатқан Ауғанстан туралы да әңгімелер өрбіп, ұсыныстар айтылды.

Негізінде, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету - әлемдік маңызды мәселе. Осы орайда халықаралық және аймақтық қауіпсіздік шаралары тең дәрежеде қарастырылуы тиіс. Жалпы, ауқымы кең БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ секіл­ді бір­лес­тіктердің қызметінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, ядролық қар­у­ды жою және таратпау, кедей­шілікпен күрес, азық-түлік қауіпсіздігі, саяси-экономикалық ынтымақтастық, экологиялық проблемалар сынды басқа да өзекті мәселелерді қамтиды. Ал Қазакстанның осындай ұйымдарға мүше болып қана қоймай, белсенділік көрсетуі үлкен дәреже деп есептеймін. Осындай жасалынып жатқан істер мен қабылданған шешімдер арқасында Қазақстан әлем аренасында өзінің беделін көрсете білді. Және сыртқы жағдайды тұрақтап, халыққа бейбіт, қауіпсіз өмір сыйлай алды. Болашақта да осы жолымыздан тайынбасақ, дамыған отыз мемлекет қатарына кіретін күніміз алыс емес деген сенімдемін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Глобализацияның негізгі қасиеттері
Есірткі бизнесі Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің қатері ретінде
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz