Қазіргі прозадағы жерлеу ғұрпының бейнеленуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

Қазіргі прозадағы жерлеу ғұрпының бейнеленуі

Қабылдаған: ф.ғ.д акад. Сманов Б.
Орындаған: Каппар Ж.А.

2021
Қахіргі қазақ әңгімелеріндегі рухани құндылық көрінісі

Кейінгі жылдардағы қазақ прозасы адам руханилығы мәселесіне түрлі философиялық көзқарастар тұрғысынан келуге тырысты.
Адамдардың рухани мәдениетінің қалыптасуы -- аумалы-төкпелі заманымыздың ең маңызды мәселесі. Өйткені қоғамның рухани- жадаулығы-қауіпті дерт. Ол адамдардың, саяси моральдық азып-тозуына елдің әлеуметтік-экономикалық құлдырауына әкеледі.
Құндылықтарды бағалаудағы қателіктер көбіне өтпелі кезеңдерге тап келеді. Бір қоғамдық жүйе екіншісімен ауысқанда мұндай асыра сілтеушіліктер жиі кездеседі. Қазіргі уақытта етек жайып, белең алып бара жатқан тағылыққа, жан жадаулығына қарсы қоятын бірден-бір әлеуметтік күш - руханилық болып табылады. Рухани мәдениет және өркениет бірбіріне сай бола бермеуі де мүмкін. Ғылыми-техникалық жетістіктердің адамға ізгілік әкелуімен қатар бақытсыздық әкелуі де өмірде орын алып отырған шындық. Бүгінгі тіршілік етіп отырған қоғамымыздағы халықтың әлеуметтік тұрмысы, күн көріс қамы, олардың ел болашағы, ұлттық мүдде, азаматтық парыз бен қарыз деген келелі ұғымдар жайлы ойлауға, оған өз үлесін қосуға, ниет біілдіруге, талап қылуға мүмкіндік беріп отырған жоқ. Адам баласы терең ойлап, кең пішетін санадан, адами және рухани құндылықтардан күннен-күнге жатсынып бара жатқаны ғасыр трагедиясы. Адамзат баласының әлеуметтік жағдайының қиындығы оның бойына көптеген өзгерістер әкеледі. Ішкі жан дүниесінен бастап, сыртқы бетбейнесі, іс-әрекеті, айналасындағы адамдар мен қарым-қатынасына дейін белгілі бір өзгерістерге, құбылуларға ұшырайды. Бұның бәрі оның дүниетанымына да әсер етеді.
Бүгінгі қаламгерлер қоғамның рухани бейнесін көрсету, ұлттың рухын көтеру идеясын өз әңгімелеріне өзек ете отырып, өз шешімін күтіп жатқан сұрақтардың бірі халық пен өнерді әлеуметтік қолдауды бірінші кезекке шығарды. Себебі өтпелі кезеңнің әлеуметтік қиындығы ең бірінші халық пен оның өнеріне қатты тиген еді. Өзінің өнері арқылы ұлт басқа елге танылады. Сол өнердің ыстық-суығына күйіп жүрген өнер адамдарының тағдыры бүгінгі күні не болып жатыр деген сауал жазушылар қауымын ойлантқан. Осындай азаматтық, адамзаттық мәселелер бүгінгі қазақ әңгімелерінің тартысының синкретті сипат алуына негіз болды. Әлеуметтік, ішкі психологиялық тартыс бірінен-біріне ауыса отырып, кезең бейнесін характер болмысы арқылы танытуды көркемдікпен игере бастады.
Қуандық Түменбайдың Ақындар заңы, Нұрғали Ораздың Қайыршының жұлдызы әңгімелерінде өнер адамдарының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі мен ішкі психологиялық жағдайларының, сезімдерінің арпалысқа түсіп, қайсысының жеңіп, үстем тұруы асқан шыншылдықпен, сыншылдықпен бейнеленген.
Жазушы Қ.Түменбайдың Ақындар заңы әңгімесінің өзегінде ақын Саян тағдыры жатыр. Шығармада күрделі қат-қабат қалың оқиға жоқ. Автор кейіпкердің психологиясына, ішкі сезімдік арпалысына баса үңіліп, оларға талдау жасау арқылы шығарманың парасаттылық деңгейін ой мен идея тереңдігін жетілдіре түсуге күш салады. Әрине шағын әңгімеде оның бүкіл өмірі бейнеленген дей алмаймыз. Бірақ ақынның өмірлік мақсат мұраты көрінген.Қала өмірінен ішкі-жан дүниесі де сыртқы болмысы да шаршаған ақын туған ауыл төсінде дем алып жатыр. Ақын жаны дертті. Оның дертін емдейтін шипа тек қана өзінің ерік-жігері екенін ақын жақсы түсінеді. Сондықтан да ол Алматыдан шыққанда өз-өзіне серт берген: Өмірден отызында қыршын кеткен Шоқанның атымен ант етемін, енді қайтіп осымен аузымды былғамаймын Неге ақын аузына Шоқан есімі түсіп отыр.Тек қана Шоқан және өнер деген кітап шығарғандықтан ба? Кешегі Шоқан мен бүгінгі ақынның өмірі бір-біріне тіпті ұқсамайды, ал рухани жан дүниелері туыстас.
Бүгінгі ақын өз көңіліндегі толғаныс-тебіреністі, өз көңіліндегі мүддені кешегі Шоқанның мақсатымен байланыстырады. Ол өз басындағы бақыт пен қасіретті соған қарап таниды. Ол бүгінгінің жетістігі кешегінің көксеген жерінен қаншалықты шыға алғанымен өлшейді. Ақын ішкілікке салынса да көңіл түкпіріндегі туған елге, анаға, халыққа деген сезімін жоғалтпаған. Қаншама қаулаған сөзге қалып, кейбіреулер теріс айналып кетсе де, оның жан дүниесі таза табиғи қалпын сақтап қалған. Ол халқының рухани байлығының туын жоғары ұстайды. Сол үшін қызмет еткісі келеді. Бұл оның басты мақсаты. Кейіпкердің ұлт перзенті ретіндегі сәулелі мінезі осы тұста айқын. Ұлт мүддесін ортаның ісін, парызым өз ісім деп тануы, өзіне жүктелген аманатқа жанын салып оң көзімен қарауы, сол үшін қиналып, күйінуі осы сезімдердің арпалысы кейіпкерді оқырманымен табыстырады, таныстырады.
Әңгімеде: Туған жердің тұз-дәмін тату үшін тәуелсіздік алған ауылыма келгенде шешемнен басқа қабағы ашық біреуді көрмедім.Адамдар да, тал терегі де жүдеп кетіпті.Шыққан кітабым түстіме екен деп кітапхана барып едім, бұрынғы клуб ішіндегі бай кітапхананың орнында машина-трактор шеберханасы тұр. Кітапхана мен машинатрактор шеберханасы деген ұғымның арасы жер мен көктей алшақ. Рухани құндылықтың орнын материалдық игілік басқан.Бұл жағдай жалғыз ақын ауылында орын алып отырған жоқ, көптеген қазақ ауылдарының басындағы жағдай.
Небір жақсымен жайсаңды тудырған, өсіріп, тәрбиелеген халық перзенттерін берген ауыл тағдыры көкірегіне намысы барды ойлантары хақ. Бар кінәні қоғамға жаппай, сол қоғам үшін қызмет етіп жүрген өзіміз екенін ескерген дұрыс сияқты. Жалғыз Саян ақын ештеңе істей алмайтыны анық. Ол енді айналасынан өзін түсінетін адам іздейді. Көпшілікке көп дүниені ұғындырғысы келеді. Әсіресе жас жеткіншектер алдына шығып, Шоқан және оның өмірі мен өнері жайлы айтқысы келуі осының дәлелі. Бірақ ақынға қарайтын ауыл жоқ. Ақынын құдайындай сыйлайтын, қадірлеп төбесіне қоятын, оның бар еркелігін көтеретін, сөз өнерін құдіретім деп танитын ұлттың бүгінгі ұрпағына не болған?
Осындай қасіретті басынан өткеріп отырған бүгінгі қазақ ауылының бейнесі Думан Рамазанның Түсіме кірген ақ боз ат әңгімесінде көрінеді. Ауыл дегенде көркем табиғат, ақ шағаладай қатар түзелген үйлер, өрістен қайтқан мал, ақ жаулықты ана мен ақ сақалды қария, асау тай мінген бала, атпал азамат пен инабатты бойжеткен елесі көз алдымызға келетіні сөзсіз.
Адамдарының көңілі өзі сияқты жайылып жатқан ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі көпті ойлантып жүрсе де, қоғамдағы түбегейлі өзгерістер, заман ағымы оның оңды-солды ықпалы ештеңеге де қарайлайтын емес. Әңгіменің басты кейіпкері Нұрман ат басын туған ауылына тірегеннен-ақ ауыл адамдарының басына түскен көптеген қиыншылықтардың куәсі болады. Қазір таудың қасқырынан адамның қасқыры жаман болып кетті ғой, Тегінде, маған мына нарық деген пәле жақпады. ... Несін жасырайық, келген қонаққа бұрынғыдай мал сойып, мәзірет жасайтын күй жоқ., Дүние не боп барады.Қос өкпеден қысып, қусырып жіберді ғой, Әй, қайдам заманның сұтқынан қорқам! деген сөздер қос қарияның аузынан шығады. Бұлар Нұрманның апа-жездесі Тұрымтай тәте мен Жүнісбек ақсақал еді.
Ел ішін жайлаған ұрлық, жұмыссыздық, арақ ішуден басқамен ісі жоқ жалқау жастар, алыпсатарлық саудамен үй-күйсіз сенделген әйелдер, бала бағып үйде отырған ер адамдар, тозығы жеткен үй-күй бәрі-бәрі халықты сандалтқан өтпелі кезең қиыншылығы. Осының бәрі жиналып келіп адам болмысына көптеген өзгерістер енгізгені аян. Әсіресе елдің намысын қолдан бермейтін арыстай азаматтар қазан-ошақ жағалап қалғаны ұлт болмысына жат тіршілік. Әйелімнің сауда жасаймын деп қалаға кеткеніне ертең тура алты ай болады. Әйтеуір, баяғы соқыр үміт қой. Бір жерден арзанға алып, екінші жерге арқалап апарып, сәл үстеме ақша қосып сатады. Күндегі бар тірлігі осы. Одан түсіп жатқан пайда да шамалы көрінеді. Әйтеуір, аштан өліп, көштен қалмастың қамы. Мен отырмын екі баламен үйде омалып. Солардың тамағын дайындап, кірлерін жуумен-ақ күнім өтіп барады. деп Жүнісбек ақсақалдың баласы Қанат өз тірлігін Нұрманға жайып салады.
Жазушы ауылдағы оның тұрғындарының болмысындағы өзгерісті сол адамдардың өздеріне бағалатқызады. ...ауылдың берекесі кеткен, базары тарқаған, ажары тозған, адамдары азған.Бірінің қатынына бірі үйленіп , бірінің байын бірі тартып алып жатқан заман! деген ой Нұрман аузынан шыққан. Ал сол заманда өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Қазақстан қола дәуіріндегі ескерткіштері
Тас (жоғарғы-энеолит) ғасырларындағы антропо-мәдени және шаруашылық жүйесі
Алтайдағы сақ мәдениеті
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Сақ ескерткіштері
Энеолит дәуірі
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Пәндер