Көкөніс дақылдарының көшетін өсіру


Дәріс № 11-12
«Көкөніс дақылдарының көшетін өсіру»
1. Көкөністерді көшет әдісімен отырғызу.
2. Көшеттердің артықшылықтары.
3. Г. И. Тарақанов бойынша көшеттер;
4. Көшеттерді өсіру әдістері;
5. Көшеттерді қысқы жылыжайларда өсіру;
6. Қызанақтың, бұрыштың, баялдының көшеттері.
1. Көкөністерді көшет әдісімен отырғызу. Көшет деп, тығыз егістікте өсірілген, өнім беретін мүшелерін қалыптастыруға кіріспеген, ашық және қорғаулы грунтқа- тұрақты орынға отырғызуға арналған жас өсімдікті айтады.
Көшеттік әдіс өнімнің 20-30 тәулік ертерек пісуіне; тіршілік кезеңі ұзақ жылу сүйгіш дақылдарды солтүстік аудандарда өсіруге; өскіндер мен күш алмаған жас өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғауды жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, көшеттік әдісте тұқымның шығынын 5-6 есе кемітуге болады, өскіндерді сиретудің қажеттілігі тумайды, қабыршақ пен арамшөптермен күресу жеңілдейді.
Сонымен бірге, көшеттік әдіс, қымбат тұратын дақыл өсіретін құрылыстарды салуға қосымша шығынды талап етеді. Көшеттік әдіспен өсіру, сол уақытта тиімді, егер өндірістік шығындарды ерте алынатын өнім қайтара алса. Ашық жер көкөніс шаруашылығында егіс көлемінің жартысынан артығы көшетпен отырғызылады, ал жылыжайлар мен булыжайларда бұл әдістің үлесіне егіс көлемінің 90 % келеді.
2. Көшеттердің артықшылықтары . Көкөністерді көшет әдісімен отырғызу. Көшеттік өсімдік көшетсіз өсімдікпен салыстырғанда көшет кезеңінде өсуі мен дамуында «оздыру» (жеделдеу) дегенге ие болады. «Оздыру» өскін пайда болғаннан көшіріп отырғызғанға дейінгі уақыттағы күнтізбегінің санымен, ал кейіннен даму кезеңдерімен (жапырақ саны, гүл шоғырының қалыптасуы т. т. ) өлшенеді. Оздырудың шамасы әдетте көшеттің жасымен байланысты. «Оздыру» неғұрлым көшеттің жасына сәйкес келсе, соғұрлым ерте өнім жоғары болады.
Көшетті отырғызуға дайындағанда өсімдіктің ашық грунт жағдайына икемдеуге бағытталған агротехникалық шаралар кешенін шынықтыру дейді. Шынықтырудың мәні температураның мүмкін көтерілуі мен төмендеуіне, күшті күн радиациясына, ауа және топырақ құрғақшылығына өсімдіктің төзімділігінің жоғары болуына ықпал
Жылумен
(температурамен),
жарықпен
және
ауамен
шынықтыруды ажыратады. Жылумен шынықтырғанда көшетті өсіру кезеңінде температураның салыстырмалы түрде төмен болуын, әсіресе түн мезгілінде, фосфорлы-калийлы қоректік денгейінің жоғары болуын қадағалайды және орташа суландырады.
Жарықпен шынықтырғанда өсімдіктің жоғары сәулеленуіне жағдай жасайды, сонда олардың грунтқа отырғызғанда ультракөгілдір сәулелерге төзімділігі артады. Ауамен шынықтырғанда орташа суландыру арқылы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылатпай, орташа деңгейде ұстайды. Бұл өсімдіктің, әсіресе көшетті танапқа отырғызған кезде жиі байқалатын ауа құрғақшылығына төзімділігін арттырады.
Өсімдіктің шынығуына қоректік алаңның көлемі де ықпал жасайды. Жоғары сапалы көшетте жапырақ массасының сабақ массасына қатынасы 1, 5-2, орташасында - 1-1, 5, сапасызында 1-ден кем болады.
3. Г. И. Тарақанов бойынша көшеттер . Г. И. Тараканов және т. б. бойынша (1982) ашық грунтқа арналған көшеттерді технологиялық жағынан ерте, орташа және кеш деп бөледі.
Ерте көшет - ақ қауданды және түсті орамжапырактың, балдыркөктің, порей пиязының және пияздың тәтті сұрыптарының көшеттері. Оларды жылытылатын пленкалы немесе басқа да құрылыстарда ерте мерзімде өсіреді және ерте өнім алуға арналған.
Орташа көшет-кеш пісетін орамжапырақтың, қызанақтың,
Кеш көшет - ақ қауданды орамжапырақтың орташа мерзімде пісетін сұрыптарының, күзде пайдалануға түсті орамжапырақтың, қояншөптің, рауғаштың және т. б ашық грунтта, салқын көшетханаларда өсірілген көшеттері.
Көшеттерді өсірудің бірнеше тәсілі бар: құмырада және құмырасыз, көшіріп және көшірмей отырғызу.
Көшіріп отырғызу - жас өсімдіктерді қалыпты өсіру үшін молырақ қоректік алаң беріп қайтадан отырғызу. Көшіріп отырғызуға арналған
жас өсімдіктерді, жарнақ жапырақ немесе 1-3 кәдімгі жапырақ
сатысында сеппе көшет деп атайды. Тығыз себіліп, кейіннен көшірш отырғызылатынды сеппе көшет мектепшесі дейді.
Алаңның көшіріп отырғызғандағы өрістеу еселігі - бұл сан көшіріп отырғызғаннан кейін, өсімдіктің мектепшедегі алаңмен салыстырғанда неше есе артық алаң алатынын көрсетеді. Орамжапырақ үшін 5-7-ге тең, қьізанақ, бұрыш, баялды үшін - 8-10.
4. Көшеттерді өсіру әдістері Сеппе көшеттерді көшіріп отырғызу 3 тәсілмен жүргізіледі: саусақ астына, қазықша және жұқа тақтайша астына.
Саусақ немесе қазықша астына отырғызғанда грунтта немесе
оған сеппе көшетті
дейін
тәсіл -
қажет. Көшіріп отырғызуды қысқа мерзім аралығында жүргізетін болғандықтан, ол көп адам күшін қажет етеді. Сондықтан көшіріп отырғызу, тұқымды көшет алуға ерте сепкенде және көшетхана құрылыстары жеткіліксіз болғанда ғана тиімді.
Көшетті көшіріп отырғызусыз өсіргенде жұмысты өте қысқа мерзімде орындауға, еңбек шығынын азайтуға және үдерісті механикаландыруға мүмкіндік туады. Тұқымды көшет өсіруге ПРСМ-7, СОП-43, СПО-22 булыжай тұқымсепкіштерімен себеді.
Ең тиімдісі, көшетті құмырада өсіру тәсілі. Ол өнімнің жетілуін 12-14 тәулікке жеделдете отырып, өнімділікті 20-30 % арттырады. Құмыраларды шымтезек-қарашіріндіден әзірлеген қолайлы. Шымтезек жетіспейтін жерлерде қарашірінділі - топырақ қоспасын пайдалануға болады: қарашіріндінің 3 бөлігі, шым топырақтың 1 бөлігі және 1-2 % сиыр қиы. Қияр үшін басқа құрам дайындайды: шым топырақтың 10 бөлігі, жылқы қиының 9 бөлігі, ағаш үгіндісі - 1, және сиыр қиының бөлігі.
Кейбір жылыжай комбинаттарында көшеттерді көлемі 10х10 немесе 10х15 см полиэтиленді стақаншаларда өсіреді. Стақаншалар түпсіз, оларды мынадай қоректік қоспамен толтырады: шым топырақтың 1 бөлігі, қарашіріндінің 1 бөлігі және 30 % ағаш үгіндісі.
Көшетті құмырасыз өсіру тәсілінде тұқым себерден 2 апта бұрын жерге қалыңдығы 0, 07-0, 1 мм полиэтилен пленкасын төсейді. Оған қоректік қоспаны қалыңдығы 8-10 см етіп төгеді. Қоспаның құрамы: шым топырақтың 2 және қарашіріндінің 1 бөлігі.
Құмырасыз көшеттерді ағаш үгіндісінің төсенішіне, 2-3 см топырақ қоспасын төгіп өсіру тиімді. Көшетхананың тегістелген жеріне алдын ала минералды тыңайтқыштар араластырылған ағаш үгіндісін, қалыңдығын 5 см етіп төгеді. Көшетті үгінді қабатымен қоса қазып алу жеңілге түседі. Өcipy кезеңінде карантин, тазалық және алдын алу жұмыстары өте қатаң сақталады. Көшет өсіргенде егіс алқабын
тексергенде қосымша отырғызу (жөндеу) үшін қажет болар деген есеппен, 10-15 % артық саны ескеріледі.
5. Көшеттерді қысқы жылыжайларда өсіру
Қысқы жылыжайларда желтоқсан - қаңтарда көшетті қосымша жарық беріп және алшақ орналастырып өсіреді . Алшақ орналастыру - көшеттерді кеңірек орналастыру - жарықтану жағдайын жақсартады. Көшеттерді жазғы -күзгі айналым үшін табиғи жарықта өсіреді.
Қысқы айларда көшеттерді косымша жарыктандыру бірінші өнімді 15-20 тәулік бұрын жинауға мүмкіндік береді және жалпы түсімді 20-30 % арттырады.
Қияр көшеттері. Қияр көшетін 1 класты 2-3 жылғы тұқымнан алады, және әдетте көшіріп отырғызбай-ақ өсіреді. Себер алдында тұқымды 3 тәулік бойы термостатта қыздырады. Бірінші тәулікте температураны 50-55 о С ұстайды, екіншісінде - 55-60 о C, үшіншісінде - 60-65 о С. Осыдан кейін тұқымдарды ас тұзының немесе аммиак селитрасының 3-5 % ерітіндісіне салып, фракцияларға бөледі. Себуге ыдыстың түбіне тұнғандарын алып, суда мұқият жуып, құрғатып, сосын ТМТД-мен (гектарлық тұқым мөлшеріне 6-8г) өңдейді. Тұқымдықтарды құмыраларға, көшетті тұрақты орнына отырғызардан 25-30 тәулік бұрын себеді.
Көшет өсіруге арналған тұқымдарды шынықтыру тиімді. Ол үшін 24 сағат бойы суда болып, бөрткен тұқымды 2-3 күн бойы күндіз 18-20 о С, түнде 0-3 о С-да ұстайды.
Көшеттердің үшінші жапырақтары пайда болғаннан кейін олар бірімен-бірі қосылып көлеңкеленеді. Осы кезде құмыраларды бірінен-бірін 15-20 см алшақтатып (1 м 2 65-70 құмыра) орналастырады. Көшет өсіргенде өскін пайда болғанша ауа температурасы 25-30 о С болуы керек, өскін пайда болғаннан алғашқы 4 тәулікте -12 о С, одан әрі түнде - 18 о С, күндіз-25 о С. Ауаның ылғалдылығы - 80-85 %, топырақтікі - 70-80 %.
Көшіріп отырғызуға 10 тәулік қалғанда көшетті үстеп
немесе
іріктейді.
Таңдап
термостатта 50 о С ұстайды. Қыздырылғаннан кейін оларды 20 % тұз қышқылы құйылған ыдысқа 25-30 минутқа салады. Сонан соң ағынды сумен мұқият жуып, 24 сағатқа микроэлементтер ерітіндісіне салады: 1 л суға 0, 1 г күкірт қышқылды марганец, 15 г бор қышқылы, 0, 15 г күкірт қышқылды мыс қосылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz