Мейіргерлік істегі қауіпсіздік және сапа



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Пән: Мейіргерлік істегі қауіпсіздік және сапа
Сабақтың тақырыбы №3: Медициналық ұйымдағы санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, үй-жайларды күту және күтіп-ұстау заттарын өңдеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Сабақтың түрі: аудиториялық сабақ
Сұрақтар: Палаталық, функционалды бөлмелерде және кабинеттерде, операциялық блокта, тағу бөлмесінде, босанатын залда, егу бөлмесінде, манипуляциялық және залалсыздандыру бөлмелерінде қарқынды терапиялық палаталарда, асептикалық тәртібі бар бөлмелерде, жаңа және шала туған балалар, 1 жасқа дейінгі балалар палаталарында, жұқпалы аурулар бокстарында тазарту түрлерін жүргізу, олардың реттілігі.

Дезинфекциялық заттарды сақтау және қолдану ережелері.
Дезинфекциялаушы ерітінділерді арнайы бөлінген ғамараттарда, науқастардың қолдары жетпейтін орындарды сақтау қажет;
Дезинфекциялық ерітінділерге жауапты адам болуға тиіс.
Дезинфекциялаушы ерітінділерді сақтайтын жері салқын, күн түспейтін және желдеткіш болу керек.
Дезинфекциялаушы ерітінділерді сақтау мерзіміне сәйкес қолдану қажет.

Дезинфекциялық заттарды қолданғанда еңбекті қорғау ережелері.
Дезерітінділерді еріту үшін кию керек: халат, маска, арнайы резеңке қолғап, маркерленген ыдыс, өлшеуге арналған стакандар, тері немесе шырышты қабықтарына ерітінді тигенде дереу ағынды сумен жуу керек.

Жалпы қорытынды тазалық жүргізу
Аптасына 1 рет өткізіледі (7 күнде1 рет) журналда тіркеледі.
Жалпы тазалық айына 1 рет өткізіледі, басқа бөлімшелерде және санитарлық - эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, журнал бойынша тіркелінеді.
Оған арнайы киім: халат, перчатка, аяқ киім, респиратор, қорғаныш көзәйнек, фартук қорытынды тазалық үшін.
Керекті құралдар маркерленген және ветоштар (төбеге, қабырғаға және еденге).
Қорытынды тазалықты жүргізу үшін келесі ретпен тазалықты жүргіземіз: төбе, қабырға, терезе, терезенің алды, құрал - жабдықтар, еден.
Барлық заттарды бөлменің ортасына қойып, артық заттарды шағарамыз.
Тазалық жүргізу үшін ең алдымен дайындап аламыз 0,5% жуғыш ерітіндісі (50 гр ұнтақ + 9,950 мл су 180) есептеу бойынша1 мл2 500 мл және 0,015% люмакс хлор ерітіндісі (2,5 таблетка + 10 литр су 180) бөлменің ауданына байланысты дезерітінділерді қолданамыз.
Стерильді ветоштар.
Оден кейін стерильді ветоштар мен бөлменің құралдарын жуып шығады, одан кейін жуғыш ерітіндіні басқа стерильденген ветошпен таза сумен жуамыз.
Бөлмені 1 сағатқа жауып қоямыз.
15 минут желдетеміз.
Дезерітіндінің қалдықтарын стерилбденген ветоштармен сүртіп аламыз.
Жиһаздар мен құрал - жабдықтар 0,015% люмакс хлор ерітіндісімен немесе басқа басқа дезерітіндісімен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен дезинфекциялық ерітінділерді орын - орынына қоямыз.
Қолды өңдегеннен кейін мед қызметкер таза халат пен аяқ киім киеді.
Бөлмедегі ауаны заласыздандыру үшін ультракүлгін сәулелерімен 2 сағат қосады және оны арнайы журналға тіркейді.
15минутқа бөлмені қайтадан желдетеміз.
Қолданған құрал - жабдықтарды (шелектер, легендер және ветоштар) 0,3% люмакс хлорға 2 сағатқа салып қояды. Одан кейін таза сумен шайып, кептіреміз және арнайы жерде сақтаймыз.
Ветоштар келесі тазалыққа дейін арнайы ОЗБ - ға тапсырылады, арнайы қапшықта сақталынады.

Емдеу бөлімінің санитарлық - эпидемиологиялық тәртібі

Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртіледі. Осыған орай, бөлімнің жұмыс бөлмесінде дезерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады.
Палатаның күніне кем дегенде 4 рет ауасы тазартылу керек. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық науқастар және аурухана жұмыскерлері үшін қатаң қадағалану керек.
Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазаалу күніне 2 рет 2% ыстық сабынды - содалы ерітіндіні немесе 2% - дық ыстық синтетикалық жуу құралының ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді. Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін жеке пайдаланылады.

Егу бөлмесін тазарту жұмысын жүргізу, олардың реттілігі.

Егу бөлмесінде күнделікті тазарту 1% хлорамин ерітіндісін қолдануымен күніне 2 рет өткізіледі. Ультракүлгін сәулелендіру және желдету күніне 4 рет 15 - 20 минуттан өткізіледі.
Толық тазарту ( генеральная уборка) құрастырылған кестеге сәйкес аптасына 1 рет өткізіледі. Кестені аға медбике құрастырады және бөлім меңгеруші бекітеді. Кестеде тазалау жұмысының өткізілетін күні, тазалау жұмысын орындайтын медбикенің аты - жөні тіркеледі және медбикенің қолы қойылады.
Тазалау жұмысына залалсызданған шүперекті дайындайды, бөлмені аспаптардан, бикстардан, медикаменттерден, жиһаздан босатады немесе бөлменің бір жақ қабырғасына жылжытып қояды.
Медицина қызметшісі таза санитарлы киім киеді; халат, касынка, резеңке қолғап, бетперде, хлорамин ерітіндімен жұмыс істегенде респиратор киеді. Бөлменің қабырғасын, төбесін жуу үшін жеке заттар болуы керек: шелек, елеген, шүперек, швабра, осылардың бәрі таңбаланып, тағайындалуы бойынша қолданылады және бөлек бөлмелерде сақталады.
Толық тазарту жұмысы төбені, қабырғаларды, батареяларды, еденді зарарсызданудан басталады. Оларды дез.ерітідімен суланған шүпкһерекпен сүртеді. Мынадай дезинфектанттар қолданылады:
0,5% жуушы зат қосылған 6% сутегі тотығының ерітіндісі
5% хлорамин ерітіндісі
0,5% белсенді хлорамин ерітіндісі ( 50,0гр.хлорамин + 10 л суда араластырылған 16 мл 10% мүсәтір спирті).

Операциялық блокта тазарту түрлерін жүргізу, олардың реттілігі.
1.Күнделікті тазарту жұмысын операция үрдісі кезінде өткізіледі, бұл кезде кіші мед.персонал еденге түскен шариктерді, сүлгілерді жинайды, еденге тамған қан мен эксудатты сүртеді. Әр бір операциядан кейін ылғалды тазарту жұмысы міндетті түрде жүргізіледі. Еден және операциялық столдағы клеенка 1% хлормин ерітіндісінде немесе 0,2% сульфахлоратин ерітіндісінде немесе 2% дихлор - 1 ерітіндісінде суланған шүперекпен сүртеді. Егер операциялық блокта іріңді операция болса, мысалы перитонит немесе операциялық блок ішектің құрамындағы ластанса, мысалы ішек өтімсіздігі кезінде, онда жоспардан тыс толықтай тазарту жұмысы жүргізіледі. Анаэробты инфекциясы бар науқастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Дәлелді тәжірибенің дамуы
Ауруханада күндізгі стационарлар
Онкологиялық пациенттерге паллиативті көмек
Мейіргерлік қателіктердің пациенттердің денсаулығына кері әсерін анықтауда шетелдік зерттеулерді анализдеу
Мейіргерлердің пациенттерге сапалы күтімін арттырудағы бас мейіргердің рөлін анықтау
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Дәлелді медицина
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Пәндер