Спандияр Көбеев - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі
Спандияр Көбеев (1878, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.
Арғын тайпасының Саржетім руынан шыққан.[1]
1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады.
1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары Үлгiлi тәржiме деген атпен 1940 жылы және Үлгiлi бала (1912 жылы) кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.
С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған Қалың мал 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген
Балаларға арнап Үлгілі тәржімә, Үлгілі бала, Орындалған арман секілді асыл туындыларды дүниеге әкеледі. Осылардың ішіндегі 1951 жылы жарияланған Орындалған арман мемуарлық кітабының орны ерекше. Кітап өңделіп, 1954 жылы екінші рет басылды. Орындалған арман - педагог-жазушының өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы шығарма. Онда автор заман шындығын әр қилы оқиғалар мен адамдар тағдыры арқылы көрсетеді. Кітапты оқып отырып, ең алдымен, өз ғұмырын халқына арнаған, талай қилы кезеңдер, қалтарысы мол жылдардан өтіп, өз еңбегінің жемісіне ие болып, республиканың көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген қарт педагог-жазушының бейнесі көз алдыңнан өтеді. Кітапта сол адамның күрескерлікке толы ескі және жаңа өмірі нанымды суреттеледі. Айналасында болып жатқан өзгерістерге бақылаушы болып сырттан қарап тұрмай, біте араласып жүреді. Сондықтан оның қандай оқиғаға болмасын өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Ескі қазақ ауылындағы тап тартысы, байлар мен кедейлер арасындағы кейін саяси бағыт алған стихикалық соқтығысулар, жер дауы, жесір дауы, 1905 жылғы алғашқы орыс революциясының қазақтарға әсері, 1916 жылғы көтеріліс, орыс-қазақ достығының нығаюы жайын кейде кесек оқиғалар, кейде шағын эпизодтар арқылы айқын көрсетіп отырады. Шығарманың негізгі кейіпкері ел басындағы ауыртпашылықты бірге көтереді, қолынан келгенін халық мүддесі жолына жұмсайды. Қараңғылық пен надандықтан халқын құтқарып, ілімнің ұрығын себуге талаптанған ол бала оқытады, елді тәрбиелеуге көмектесерлік әдеби шығармалар жазады. Қазан революциясынан кейін ол халық арасында Кеңес өкіметінің мәнін, оның саясатын насихаттаушылардың алдыңғы қатарында жүреді. Кітапта Ыбырай Алтынсариннің халықтық қызметін көрсетуге бірсыпыра көңіл бөлінеді. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан, сол мектептердің біріне өзін оқуға орналастырған ағартушы-педагогтің образын жасайды, онымен кездесулерін әсерлі баяндайды. Қара бақсының хикаясы, Надандық құрбаны атты тарауларында ескі ауылда етек жайып, оны рухани жүдеткен қараңғылық пен надандықты әшкерелейді. Ауылдағы тап тартысы, кедейлердің егіндік, шабындық жерлерін тартып алған байларға қарсы бой көтеруі, байлардың олардан кек қайтару озбырлығы - кітаптың бірқатар тарауларының (Зорлық, Мұз үстіндегі айқас, т.б.) мазмұнын құрайды.
XX ғасыр басындағы революциялық оқиғалардың қазақ ауылына әсері, орыс большевиктерінің ісі, прогресшіл мақсаттағы оқытушылардың қызметтері кітапта нанымды баяндалады. Осы оқиғаларға ере автор өзі де өсе түседі. Кітаптың соңғы бөлімін Спандияр өзінің Кеңес өкіметі жылдарындағы қызметіне арнаған.
Спандияр Көбейұлы тек оқу-ағарту майданында ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихында да елеулі орын алады. Оның ағартушылық, педагогтік және жазушылық қызметі өзі өмір сүрген заманның талабынан туды, халықтың рухани тілегіне жауап берді.
Арыстан мен тышқан мысалында əлеуметтік астар айқын. Мұнда əлдінің əлсізді өзіне тең көрмеушілігі айтылады. Автор нашарды күшті кісі көңіліне алмас, теңгеріп өз бойына асыл жүрмес дейді. Арыстан кезі келгенде көмек берем деген тышқанды келеке қылады. Күндердің күнінде аңшы торына ілігіп, халі мүшкіл болады. Тісімен торды қиып, арыстанды босатқан тышқан былай дейді:
Бір ісім түсті менің мына сізге,
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.
Осыдан не жақсылық дегендей қылып,
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.
Мінекей, сізге ғибрат болсын бұл да,
Жаратты жанға не қып бізді құдай.
Сұраймын бұдан былай ұмытпаңыз
Жақсылық болатынын тышқаннан да
Тышқан өзін құдайдың тектен текке жаратпағанын ескертеді. Бұл жерде Алтынсарин ықпалы айқын сезіледі. Өйткені өлеңмен жазылған мысалдарының көпшілігінде ақын құдайды ауызға жиі алады. Тышқанды қоя бергеннен кейін автор Бұл дүние бірде олай, бірде бұлай, жаратқан ризық беріп жанды құдай дейді.
Құмырсқа мен көгершін мысалында болғанды баяндау ғана бар. Суда ағып бара жатқан құмырсқаны көгершін құтқарса, кейіннен сол құмырсқа көгершінді аңшының ауынан құтқарады. Мысал сюжеті жасы кіші балаға түсінікті. Жазушы қорытынды жасауды баланың өзіне қалдырады. Табиғаттағы тірлік суреттеледі. Түйіні: тіршілік көзі -- өзара көмек.
Ат пен есек мысалында жүгі ауыр есекке ат жəрдем етпейді. Иесі жолда зорығып өлген есектің барлық жүгін оның терісімен қоса аттың үстіне артады. Ат өз қателігін кеш түсінеді. Сөйтіп, автор қайырымсыздықтың соңы неге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz