Бассүйексіздер тип тармағына қысқаша сипаттама


Тапсырмалар:
- Бассүйексіздер тип тармағына қысқаша сипаттама.
Бассүйексіздер (Acranіa) - төменгі сатыдағы желілілер (хордалылар) типінің бір тармағына жататын ұсақ жануарлар. Бассүйексіздер Жерорта теңізінде, Атлант мұхитының Еуропа және Африка жағалауында, сондай-ақ Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының экваторлық терең жерлерінде тіршілік етеді. Дене тұрқы 1, 5 - 8 см-дей. Арқа қанаты тұтас әрі жұқа болып тікелей құйрық қанатымен байланысқан. Оларда желілі жануарларға тән белгілер (арқа желісі, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары, т. б. ) өмір бойы сақталады. Терісінің сырты басқа желілілерде болмайтын жұқа кутикула қабатымен, желбезек саңылауларының сырты терілі қатпармен қапталған. Ішкі қаңқаның қызметін денесінде ұзына бойы орналасқан серпімді желі атқарады. Кейбір мүшелер жүйесі (бұлшық еттері, жыныс бездері, зәр шығару) бір-біріне ұқсас жеке бөліктерден, сезім мүшесі қарапайым жарық сезгіш клеткалар тобынан (гессе көзшелерінен) тұрады. Қан айналымы тұйық, бірақ жүрегі болмайды. Оның қызметін құрсақтағы қолқа қан тамыры атқарады. Дара жынысты, сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері денесіндегі кірпікшелері арқылы 3 айдай еркін жүзіп тіршілік етеді. 2 - 3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ересектері теңіздердің жағалауға жақын таяз әрі құмды жерлерінде 10 - 30 м тереңдікте құйрық бөлігі құмға батып, бір орында тіршілік етеді. Оларды жергілікті тұрғындар тағам ретінде пайдаланады
- Ланцетниктің сыртқы пішіні мен құрылысы.
Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан - ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.
Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары - цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.
- Қарапайым хордалылар ретінде ланцетниктің ұрықтық даму ерекшеліктерін оқу (оқулық
«Омыртқалылар зоологиясы» авт. С. П. Наумов, 1970, 3-сурет т. б. ) Осы тапсырма бойынша альбомдарыңызға ланцетниктің көбеюі, ұрығының дамуы және личинкасы туралы қысқаша деректерді жазып алыңыздар.
Ланцетниктің көбеюі және дамуы . Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А. О, Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады.
Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгіреді. Жұмыртқанын. бөлі-не бастаған мезгілшен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және ал-ғашқы желбезек саңылауы қалыптасады.
Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады. Сондықган да, онын, бөлінуі толық және біркелкі түрде жүреді. Әйткенмен, бластула пайда болғанда жұмыртқаның төменгі вегетативті бөлімінің клеткалары, оған сәйкес анимальды (құр-сақ) бөлімінің клеткаларынан едәуір ірі келеді. Бластуланың төменгі бөлімінің ішіне қарай ояздануынан гаструла пайда бо-лады. Сондықтан да гаструланың ішкі қабатындағы клеткалары ірі болады. Гаструла ұзаруына сәйкес гастропор біртіндеп тарылады. Осы мезгілде ұрықтың үстіңгі бетінде медуляр тақтасы пайда болып, оның жиектері жиырылып, ұштасуынан түтік түзіледі. Осылайша түзілген нерв түтігі алдыңғы ұшымен невропор арқылы, уақытша сыртқы ортамен қатысады да арткы ұшы гаструла қуысымен, яғни алғашқы ішекпен жалғасады. Ұрық бұдан әрі дамығанда, нервтік ішек қуысы мулдем жойылып, невропордың орнында иіс оязы қалады.
Осы мезгілде энтодерма да жіктеледі. Алғашқы ішектің арқа бөлімінде оның тұрқына сәйкес созылып жатқан өсінді пайда болады. Келешекте бұл өсіндіден жіп тәрізді тығыз хорда пай-да болады.
Дәл осы кезде, хорда нұсқасының екі бүйірінен екі қатар бо-лып симметриялы орналасқан ішек қатпарлары пайда болады. Олар өсе келе жіп тәрізденіп, одан бір пар мезодерманың ал-ғашқы нұсқасы - метамерлі орналасқан целом қапшықтары пайда болады. Ұрықтың келешек даму кезінде әрбір целом қапшығы екі бөлімге үстіңгісі - сомит, астыңғысы - бүйір тақтасынабөлінеді. Сомит қуыстары өз ара қосылмай, біртіндеп жойылып кетеді де, керісінше бүйір тақталарының қуыстары өз ара қосылып екінші дене қуысын, немесе целомды құрайды.
Сомитте мына төмендегі органдардың нұсқалары бар екендігі байқалды: сомиттің ішкі төменгі бөлімін- склеротом деп атайды. Ол хорданы, нерв түтігін, жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер қынаптарын құрайтын клеткаларды түзеді және одан миосепталар да қалыптасуы мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп атайды Бұдан тұлға еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері жапырақшасы деп аталады. Бұдан терінің дәнекер қа, баты - кутис пайда болады.
Бүйір тақтасынан шарбы, шажырқай (бұлардан ұзын канал тәрізді қан тамырлары пайда болады), ішек еттері, көлденең жолақты бұлшық еттер дамиды. Нефридиалық түтіктер саусақ тәрізді өсінділер түрінде дененің екінші куысының қабырғала-рынан пайда болады. Сомит және бүйір тақтасы екіге бөлінген жердің аралығынан гонадылары дамиды, мұны гонотом деп атайды.
Ауыз гастропорға қарама-қарсы жатқан алғашқы ішектің ұшының ілгері шығуымен эктодерманың оған қарсы түрілген жерінен пайда болады. Осылардың түйіскен жерінің жарылуы-нан ауыз тесігі пайда болады. Ұрықтың астыңғы сол жақ бетін-де ассиметриялы түрде ауыз тесігі және желбезек саңылаулары дамиды.
Атриальдық қуыс бас сүйексіздердің денесінің құрсақ жа-ғындағы бетінде алғаш науа түрінде пайда болады. Осы науа тәрізді қатпардың жиектері өсе келіп, бірімен-бірінің үштасуы-нан дене қуысы пайда болады. Дененің артқы бөліміне жеткенде бұл қатпарлардың беттеспеуінен тесік қалып, ол сырткд ашылады.
- Ланцетниктердің практикалық маңызына баяндама (прзентация) жасаңыз.
Бұл тип тармағына бас хордалылар (cephalochordata) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан - бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-қолдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі - (Branchiostoma Lanceolatum) .
Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан - ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.
Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары - цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.
Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет өсіресе арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі-миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлері бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ткандермен шектеліп (белініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінін оңай иілуіне жағдай туғызады.
Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуолдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұрады.
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінін бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен - невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында ояз қалады, оны иіс оязы деп атайды.
Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - гecce көзшелері орналасақан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі - жарық сезгіш клетка, ал екіншісі - пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі - құрсақ, екіншісі - арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне қарағанда аралас қозғалтқыш - сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады.
Сезім органдары - өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар денесіндс - эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
Ac қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинкер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді, соның нетижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек саңылаулары арқылы атриальдық қуысқа, одан атиопор арқылы сыртқы шығады.
Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндостильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың үстіңгі бөліміне қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай-созылып жатқан желбезек үсті оязына балып жалғасады. Эндостильдіқ шырын шығаратын бездерінін шырынына, су ағынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері жабысып қалады. Эндостильдік эпителий кірпікшелерінің қозғалуы шырынға оралған қоректік заттардың ауыз бөліміне, одан ары желбезек үсті өзек арқылы ішекке түсуін қамтамасыз етеді.
Ішегі жіктелмеген, бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық есінді шығады. Бұл жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні бауыр өсіндісі деп аталады. Бұл айтылғандардан ланцетниктер пассивті түрде қоректенеді және тыныс алады деген қорытынды шығады. Бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі - жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты.
Қан айналу системасы - карапайым бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады қаны түссіз, жүрегі болмайды.
Зәр шығару жүйесі - жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен - соленоцидтармен қапталған. Соленоцидтардың іші қуыс, оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінін көмегімен целомның ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп одан сыртқа шығарылады.
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен ажырату мүмкін смес. Олар көптеген (25 пар) шap тәрізді целом қуысынын желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп одан атриопор арқылы сыртқы суға шығарылады. Яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.
Көбеюі және дамуы. Ланцстниктредің кебеюін және дамуын бірінші peт А. О. Ковалевский зерттеген. Ланцетниктердің ұрықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кешке ұрықтанған жұмыртқа түн ортасында гастролалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек сақылауы қалыптасады
Әдістемелік нұсқау: №1 тақырыптың лекциялық тезистеріне, сонымен бірге 14-17 қосымша әдебиеттерді қарау.
2 тақырып. Дөңгелекауыздылар Тапсырмалар:Әдебиеттер: 1, 4, 5, 6, 14, 15, 17
- Дөңгелекауыздылар класына қысқаша сипаттама. Сурет; сызба нұсқа арқылы түсіндіріңіз.
Дөңгелекауыздылар немесе Қапшық желбезектілер (лат. Сyclostomata) - ертеден тіршілік етіп келе жатқан Жақсүйексіз балықтар тобының жалғыз класы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz