Қазақстан энергетикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1. Қазақстна энергетикасы: Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) Қазақстан Республикасының тұтынушыларына сенімді және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін, электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станциялардың үйлесімі болып табылады. Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станцияларына, өнеркәсіптік маңызы бар электр станцияларына және өңірлік маңызы бар электр станцияларына бөлінеді.

Ұлттық маңызы бар электр станцияларына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы тұтынушыларға электр энергиясын өндіру мен сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары кіреді:

  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;
  • «Екібастұз станциясы ГРЭС-2» АҚ;

Өнеркәсіптік маңызы бар электр станцияларына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын маңдағы елді мекендерді электрмен және жылумен қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін, электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісімен ЖЭО кіреді:

  • ЖЭО-3 «ҚарағандыЭнергоцентр» ЖШС;
  • ЖЭО БАҮС, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Темиртау» АҚ;

Алғашқы электростанциялар: Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1, 6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 - 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген.

Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды.

1925 - 26 ж. Доссорда мұнайдың 41, 2%-ы, Мақатта 87, 8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.

Даму кезеңі: Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.

ҚАзақстан республикасының энергетикасы бүгінгі күнде Қазақстанда электр энергиясын өндiрудi әртүрлi меншiк нысанындағы 181 электр станциясы жұмыс iстейдi. 2020 жылы қуат нарығы шеңберiнде электр энергиясын өндiру секторына тартылған инвестициялар көлемi 82 млрд. теңгеден асты. Бүгiнде Қазақстан Республикасының Бiртұтас электр энергетикалық жүйесi штаттық режимде жұмыс iстейдi.

«2020 жылы электр энергиясын өндiру көлемi 108 млрд. кВтсағ құрады. . Бұл ретте, 107, 3 млрд. кВтсағ электр энергиясы тұтынылды, бұл елдiң электр энергиясына деген қажеттiлiгiн толық жабылғанын көрсетiп отыр. Республикалық бюджеттiң есебiнен 31, 4 млрд. теңге сомасына 24 жоба жүзеге асырылуда, оның iшiнде 6 жоба аяқталды. 6 жобаның iске асырылуы шамамен 120 мың адамды сенiмдi және үздiксiз электрмен жабдықтауға; 18, 1 мың адамды және 10 әлеуметтiк нысанды жылумен жабдықтауға мүмкiндiк бердi», - дедi Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, құрылыс кезеңiнде 902 жұмыс орны құрылды, оның iшiнде уақытша - 718, тұрақты - 184 жұмыс орны құрылған. Салаға инвестициялар ағынын ұлғайту мақсатында Министрлiк электр станцияларын жаңарту, реконструкциялау және жаңарту үшiн шектi жол берiлетiн лимиттi жылына 10-нан 30 млрд. теңгеге дейiн ұлғайту жөнiнде шаралар қабылдаған. Сонымен қатар, маневрлiк қуаттар құрылысын ынталандыру үшiн қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамаға түзетулер енгiзiлген.

«Саладағы маңызды сәттердiң бiрi - нарықта ашықтықты жүзеге асыру үшiн Электр энергиясының орталықтандырылған сауда жүйесiн (КОРЭМ сауда алаңы) реформалауды атап өтуге болады. 2021 жылы 109 млрд кВтсағ электр энергиясын өндiру жоспарланған. Ағымдағы жылы «Электр энергетикасы туралы» Заңға сәйкес маневрлiк қуаттар салуды ынталандыру және гидроэнергетиканы дамыту жоспарын iске асыру жұмыстары жалғасатын болады», - дедi министр.

Сонымен қатар бүгiнгi таңда Министрлiк электр станциясының аймағын, түрiн, Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi аймағындағы маневрлiк қуаттардың қажеттi көлемiн айқындай отырып, генерациялаудың маневрлiк режимi бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзiрлеп, бекiткенiн еске салып өттi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергетикасы саласында мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Қазақстандағы мемлекеттік электр қуатын үнемдеуді дамытудың мәселелері
Отын ретінде сутекті пайдалану
Биомасса энергиясы
Баламалы энергия көздері - мемлекет байлығы
Жылуэнергетика және қоршаған орта
Энергияны таза экологиялық әдіспен алу
Салалық монополиялардың қызметін реттеуді жетілдіру
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы монополиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz