Психологияның салалары және психологиялық кеңес беру, психотерапия мен психокоррекция


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Психологияның салалары; фундаменталды және қолданбалы. Психологиялық кеңес беру, психотерапия, психокоррекция

1: 1
Психология салалары: Психология салалары
Сипаттама: Сипаттама
:
1: 1
Психология салалары: Еңбек психологиясы
Сипаттама: Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады
:
1: 2
Психология салалары: Педагогикалық психология
Сипаттама: Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары:
1. Оқыту;
2. тәрбие;
3. Ұстаз.
:
1: 3
Психология салалары: Медициналық психология
Сипаттама: Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.
:
1: 4
Психология салалары: Инженерлік психология
Сипаттама: Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор
:
1: 5
Психология салалары: Жас ерекшелік психологиясы
Сипаттама:

Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары:
1. Балалар;
2. Жеткіншектер; 3. Жастар;
4. Ересектер (акмиология) ;

5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология) .

:
1: 6
Психология салалары: Арнаулы психология
Сипаттама:

Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары:

1. Олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі;

2. Сурдопсихология - саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді;
3. Тифлопсихология - нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.

:
1: 7
Психология салалары: Салыстырмалы психология
Сипаттама: Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
:
1: 8
Психология салалары: Әлеуметтік психология
Сипаттама: Тұлғаның әлеуметтік - психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
:
1: 9
Психология салалары: Әскери психология
Сипаттама: Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді
:
  • Психокоррекция
:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептік психологиялық қызметте жеткіншек жасындағы психокоррекция және психологиялық кеңес беру әдістемелері
Психологиялық кеңес беру: психолог қызметіндегі мақсаты, міндеттері мен қолданылу салалары
Оқушылардың мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары: кәсіби бағдар, кеңес беру және психокоррекция негіздері
Психологияның теориялық негіздері мен психотерапевтік кеңес беру: кеңес беру үдерісінде нейро-лингвистикалық бағдарламаны қолдану
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы, кеңес берудің теориялық аспектілері және кеңес беру қызметінің мақсаттары
Психологияның мақсат-міндеттері және кеңес беру: теориялық негіздер мен зерттеу әдістері
Психологияның салалары және арнайы психологияның пәні, міндеттері мен әдістері
Психологиялық кеңес беру: клиентпен жұмыс, әдістері мен техникалары, түрлері және деңгейлері
Мектепке даярлық тобының балаларымен жұмыс істейтін мектеп психологының қызметі: психодиагностика, психокоррекция және кеңес беру
Педагогикалық мамандықтарға арналған Практикалық психология: психотерапия және кеңес берудің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz