Сыныптан тыс жұмыс технологиясы (оқу практикасы)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сыныптан тыс жұмыс технологиясы (оқу практикасы)

4 Тақырып: Сыныптағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырумен, жекеленген мұғалім жұмысымен танысу.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіні-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Мектеп өңірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесін қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелерін терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп.
Бастауыш саты - білім, дағды іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш сыныптың негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдістерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру, мұғалімнің басты міндеті. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жаңалықтың енуі қажеттілігі білім алуға мұқтаждықтан пайда болады.

Қазіргі кезде ұстаздарға зор талаптар қойылуда. Заман талаптарына сай болу үшін, өзгелерді үйретуі үшін ұстаздардың көп ізденуі, үйрене білуі қажет. Осы ұлағатты мақсатты көздей отырып, күнделікті қызыметіме пайдаланудамын. Осы орайда мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен байланысты.

Педагогикалық ғылыммен озық тәжірибені бүгінгі даму деңгейіндегі белгілі бір оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, ең тиімдісін таңдап алып, шығармашылықпен сабағымды сапалы жүргіземін.

Биылғы жылы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісіне ұйымдастырудың оқыту технологиялары» тақырыбында дәріс алдым. Сонымен бірге «Жылдың үздік жаңашыл сынып жетекшісі» байқауда оқушыларға білім мен тәрбие беруде озық иновациялық әдістерді қолдана білгені үшін «Шыңдалған шеберлік» аталымына ие болдым.

Бүгінгі таңда аудандық білім беру бөлімінің ұсынысымен «Ізденіс шеберлікке бастайды» атты тәжірибем аудан көлеміне таратылды. Жинақталған тәжірибеме сүйене отырып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-әдістемелік жұмысыма бүгінгі күн талабынан шығатындай өзгерістер енгізу керектігі жолында ізденудемін.

Бастауыш мектепте оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшіліктерінің кейбір түрлеріне тоқтала келіп мен оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын жұмысқа баса назар аударамын. Өзіндік жұмыс - бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда жол ашатын қолайлы кезең - бұл оқушылардың жасына сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені 7-10 жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, яғни шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Мұны тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның маңызы зор.

Шығармашылық жұмысқа баулып олардың білімін арттыру үшін төмендегі тәсілдерге назар аударайық.

  • Біз бастауышта кішкентай бүлдіршіндерге білім беріп жатқандықтан сабақта ойынды көп қолдануымыз керек. Ойын - баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті. Ол баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
  • Ойын баланың сабаққа ынтасын арттырып қабылдауын жақсартуға, білімді толық игеруге ықпал етеді. Оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде сыныптағы оқушыларды топқа бөліп жарыстырамын. Сол арқылы сабаққа деген ықыласын, еңбексүйгіштігін, жинақылығын қадағалаймын. Мысалы: математика сабағында есеп шығарғанда шапшаңдықты қажет етеін ойын түрлерін «Кім жылдам?», «Жалғастыр», «Фигураны ата», «Тездет, бірақ қателеспе!», «Орнын тап» ойындарын қолданамын. Бұл ойындар нәтижесі оқушылардың білімдерінен байқалады.
  • Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмаларға «Сөзжұмбақ», «Анаграммаларды» алуға болады.
  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлеріне тоқталсақ, кері есептерді құрастыру жатады. Есеп туралы білім ала бастағанда өнемі көрнекіліктерді пайдалануға тырысамын. Көбінесе суреттік көрнекіліктер бойынша есептерді өздері құрап, неше амалмен, қандай амалмен шығаратындығын сұрақтар қою арқылы жауаптарын күтемін. Бұдан шығатын қорытынды әр баланың көру, қабылдау сезімдері дамыса, өз ойларын жүйелі түрде жинақтай отырып, тіл байлығын қалыптастырады, әрі есепті дұрыс шығаруға жағдай жасайды, түгелдей оқушылардың қатысуына мүмкіншілік туады.
  • Сабақ үстінде математикалық диктант тест жұмыстары өтіп тұрады. Өз тәжірибемде оқушылардың білі сапасын көтері үшін жазба жұмыстарын көбірек пайдаланамын. Себебі, жазба жұмысы - сапа көрсеткіші. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарының артатыны байқалды.

Тіл сабақтарында өзіндік жұмысты жүргізу оқушының ойлау әрекетіне жол ашады. Сонда әрбір сабақта оқушылардың қабілеті көбірек дамып, оқуда белсенділігі артады. Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстардың түрлері көп. Мысалы диктант түрлерін алайық: ескерту диктанты, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, сөздік диктант т. с. с. Осының ішінде шығармашылық диктантты алсақ, мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет арқылы бір тақырыпқа сөйлемдер құрауға болады. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі, еске түсіріледі. Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс тұлғада тұрған - тұрмағанын байқайды, қажет болса өзгертеді. Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін өте қолайлы, өйткені оқушылар сөйлем құрауға белсенді қатысады, сөздерді де ойлап табады. Өздігінен жұмыс жүргізу үшін әр түрлі топшамаларды пайдалануға болады. Жаңа тақырыпты өткенде оқушылардың қалай қабылдағанын тексеру үшін, бірнеше балаға топшама таратылып беріліп, сабақтың соңында сол талдынып тексеріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орынындағы студенттердің педагогикалық практикасы
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы
Педагогиканың дәрістері
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері
Зерттеу нысаны - бастауыш мектеп оқушылары
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz