. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 157 бет
Таңдаулыға:   

. 1. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері.
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
 студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
 проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
 Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
• бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5. ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
- Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
- Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
- Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
- Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
- Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
- Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
- Мерзімді басылым материалдары;
- Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.

2. Ұлттық тарихтың басымдықтары. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж. ) .
1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» қабылданып, онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялануы еліміздің тарихқа ден қойғанын көрсетеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың «табын» сезінгендігімде деп білемін» [2, 6-б. ] деп жаза отырып, «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» [2, 267-б. ] негіздейді.
Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтиды.
3. Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж. ) . Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру.
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғырытып пайдаланады.

4. Джадидтік - ресей мұсылмандарының ағартушылық идеологиясының кезеңі.
«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. 1920-1930 жылдар аралығында жарық көрген ғылыми зерттеулерде татар ағартушыларының, зиялыларының ғасыр басындағы азаттық қозғалысқа және 1917 жылғы қос революцияға қатысу барысы айқындалып, олардың қоғамдық-саяси қызметтеріне баға берілді.
Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары И. Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И. Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.

5. Жәдидтіктің ағартушылық ойларының
Қазақ Даласына ықпалы.
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді.
Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында “Садақ”атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп “Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”, “Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын” баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады.

6 . Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі . Иттифакәль-Муслимин одағының қоғамдық рөліне жалпы сипаттама беру.

1. ХХғ. басындағы патшалық Ресей көп ұлтты мемлекет еді. Империяда үстемдік етуші великоростар бүкіл халықтың 43, 3%-і болатын. Егерде оған украиндар мен белорустарды қоссақ 65, 5%-ке дейін жететін. Ал қалған халықты империяның шеткері аймақтарындағы ұлттар мен ұлыстар құрайтын. Олардың көпшілігі мұсылман дініндегілер еді. Мұсылман халықтары ғасыр басында 30 миллионға жуық болса, оның 5 миллионнан астамы қазақтар тұғын. Сан жылдар бойы татар, башқұрт, қазақ, өзбек, азербайжан т. б. түркі тілдес және өзге де мұсылман халықтары Ресей империясының қол астында орыс отарлаушыларының теперішін бірге бастан кешіп, тағдырдың ауыр тауқыметін бірге тартты. Мұсылмандардың ым-жымын білдірмей, мүмкіндігінше көзін құрта беру керек, - деген құйтырқы саясатты ұстаған патша үкіметі ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басына қарай озбыр отаршылдық саясатын онан әрі үдете түсіп, шеткері отар аймақтарды толық игеруді бұрыңғыдан да қарқынды жүргізді. Шеткері аймақтарға 1861ж. 18 ақпандағы реформадан кейінгі кезеңде жүргізілген қоныс аудару саясаты да соның бір көрінісі еді. Қоныс аудару саясаты, біріншіден, метрополиядағы аграрлық шиеленісті шешуге бағытталса, екіншіден қоныс аударушылар арқылы шеткері аймақтарда патшалық биліктің сенімді тірегін қалыптастыруды, сөйтіп ондағы отаршылдық билікке қарсы күштерді біржолата құртуды көздеді. Осылайша шаруалар жаңа жерлерге, соныңішінде қазақ жеріне де қоныс аудартыла бастады. Ресей империясының қол астындағы мұсылман халықтары рухани жағынан да қанауға ұшыраған болатын. Отарлаушылар олардың мемлекеттік рухын қалайда жою ниетінде, оянып келе жатқан ұлттық санасын тұмшалап, тілінен, дінінен, дәстүр-салтынан айыру бағытындағы ұйымдастырылған шараларды іске асыруға ұмтылды. Алдымен мұсылман халықтарын түгелдей шоқындырып, орыстармен кіріктіріп жіберу мәселесіне шешуші мән берілді.

ХІХғ. соңына қарай мұсылмандық оқу орындарын жоғарыдағы ережеге сәйкес қатаң бақылауға алу жөніндегі нұсқаулар барлық шет аймақтардағы әкімшілік орындарына жөнелтіле бастады. Мұсылмандар бұл ережеге мойынсұнғысы келмегенге ел арасында жазалаушы отрядтар жіберілді. Сол кезеңдегі үкімет орындарының осындай іс-әрекеті жөнінде Вакыт газеті 1906ж. 18 мамырдағы санында, былай деп жазды: Мұсылмандар үкіметтің бұл ұйғарымын орынсыз, әрі зорлық ретінде санап, оны орындаудан бас тартты. Сол мезетте-ақ дөрекі жарлық берілді. Қазан губернаторы Скарятин әскери күшпен губерниядағы мұсылман елді мекендерін аралап, жүздеген мұсылмандар тұтқындалды. Оның біразы жер аударылды, каторгалық жұмысқа жіберілді. Ақмолада болса, генерал-губернатор жергілікті архиреймен бірге Көкшетау қаласындағы шіркеу алаңына өңірдегі қазақтар мен татарлардың бір тобын жинады. Ол жиналған топқа православияны қабылдауды ұсынып: Осы күннен бастап шариғатпен емес, орыс заңымен өмір сүресіңдер - деп айтқан болатын.

Патша өкіметінің озбыр отаршылдық саясаты, қоғамдық өмірдің барлық салаларын орыстандыруға бағытталған әрекеті империядағы мұсылман халықтардың тұрмыс-тіршілігін тығырыққа тиеп, олардың өркениетке қарай даму процесін тежеді. Мұндай жағдай Ресей мұсылмандарының наразылығын туғызып, азаттық жолындағы күресіне алып келді. ХІХ ғасырдың соңына қарай азаматтық дамуда тоқырауға ұрынған Ресейдегі түркі мұсылман халықтарының саяси оянуына ықпал еткен орасан зор күштің бірі жәдидшіл қозғалыс болды. Жәдидшіл қозғалыстың көш басында мұсылман халықтарын өркениетке тартып, оларға европалық білім мен озық идеяларды тартуды көздеген И. Гаспринский тұрды. Оның 1881 жылы Ресей мұсылмандары арасында ұлт бостандығы туралы идеяның таралуына түрткі болған

7. Қазақтардың РесейдіңІ - ІІМемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы қазақ зиялыларының да саяси өсуіне ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Ресей парламентінің шақырылатындығынан көзі қарақты қазақ өкілдері де құлағдар болып әрі депутаттыққа қазақтардың сайлануға құқы жоқ дегені олардың наразылығы мен ашу-ызасын тудырды. Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене кіріседі. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті.
Ұлттық мәселеге қатысты жайттарды өткір талап ете білудің нәтижесінде І Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин - Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай Қалменұлы Қалменов - Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы Ноян - Тұндұтов - Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов - Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі; 5. Шаймерден Қосшығұлов - Ақмола облысы қазақтарының өкілі.
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы - Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов - Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов - Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы - Сырдария облысынан; Мұхамеджан Тынышбаев - Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев - Орал облысынан; Бақтыгерей Құлманов - Астрахан губерниясынан.

8. А. Ә. Бөкейханның қазақ тарихы туралы көзқарастары

Ə. Н. Бөкейхановтың қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жан-жақты білімді қазақ интеллигенциясының жарқын, беделді өкілдерінің бірі - Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Ол қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, мəдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, жалпы алғанда əлеуметтік- экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген энциклопедист-ғалым, зерттеуші. Əлихан Нұрмұхамедұлының еңбектерінен қазақ халқының экономикасына, тарихына, мəдениетіне, шаруашылығына қатысты түрлі деректерді, сандық мəліметтерді, кестелерді жəне тағы басқа көптеген материалдарды кездестіруге болады.

Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен бірге оның жазып қалдырған бай ғылыми мұрасын зерттеу Отан тарихындағы өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Себебі Ə. Н. Бөкейханов Қазақстан тарихын, мəдениетін, тұрмысын, шаруашылығын, табиғи байлықтарын іргелі түрде зерттеп, негіз салған ғалымдардың бірі болып табылады. Бұған оның ғылыми мұралары дəлел бола алады. Өкінішке орай, қазіргі кезде Əлихан Нұрмұхамедұлы сынды ғұлама ғалымның еңбектерін талдап, тарихи дерек ретіндегі маңызын ашып көрсететін жəне оның қазақ халқының тарихы үшін мəнін көрсететін зерттеулер жоқтың қасы. Қазіргі кездегі жарияланып жүрген зерттеулердің көпшілігі Ə. Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты зерттеулер. Осыған байланысты осы мақаланы жазудағы мақсат Ə. Бөкейхановтың қазақ тарихына қатысты еңбектеріне тоқтала отырып, оның маңызын жəне ғалымның тарихшы ретінде қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесін көрсету болып табылады. Ғалымның іргелі еңбектерінің көпшілігі орыс тілінде жарық көруіне байланысты еңбектерінен үзінділерді аудармасыз түпнұсқалық орыс тілінде беруді жөн көрдік.

Əлихан Бөкейханов əр түрлі экспедициялар, ғылыми топтар ішінде жүріп, түрлі бақылауды, сұрауды, есептеуді саралау негізінде көптеген қайнарлар материалдарына сүйеніп алынған тарихи, экономикалық, статистикалық, шаруашылық деректерін қорыту барысында орыс тілінде жазылып, патша өкіметінің басылымдарында шыққан еңбектерінде қазақтың атамекені, меншікті жерлері, олардың бірте-бірте отарланып, түрлі айла-тəсілдермен мұжықтарға, көпестерге, шенеуніктерге тартып əперілуін дəлелдермен көрсетіп берген болатын

9. М. Дулаттың қазақ тарихы туралы көзқарастары

Қазақ хандығының құрылуы жөнінде айтатын пікірлердің бәрі бір ғана дерек мәліметіне сүйенеді. Ол - Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалардың Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан атты мемлекеттің батыс жағындағы Шу бойы мен Қозыбасы аралығындағы жерге қоныстанып, жеке хандық құрғандығын баян­дайтын жазба дерек мәліметі. Бұл тарихи дерекке дейін ешбір ортағасырлық еңбектерде ол жөнінде айтылмайды. Ал одан кейін Қазақ хандығының құрылуын баяндайтын мәлімет XVII ғасырдың авторы Махмуд бен Уәлидің тарихи шығармасына енгізіледі.

Міне, осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда айтып өткен Қазақ хандығының құрылуын баяндайтын жазба дерек мәліметі - ең құнды, ең маңызды дерек болып саналады. Ол деректің авторы - 1499-1551 жылдары өмір сүрген Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Ол өзінің атақты Тарих-и Рашиди атты кітабында XIV-XVI ғасырлардағы Орталық Азия аумағында өмір сүрген халықтар мен олардың мемлекеттері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық сипатта мол мағлұматтар береді. Автор Тарих-и Рашидиде: Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Сөйтіп, тыныш өмір сүріп жатты

10. А. Байтұрсынның қазақ тарихы туралы көзқарастары

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі - қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме­тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми­нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды. ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы мен Алаш зиялыларының ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі туралы сөзді Ахмет Байтұрсынұлынан бастайтындығымыздың себептерін нақты тілдік-тарихи деректерге негіздей отырып айта алсақ қана біз ғалым мұрасының қадіріне жетіп, оның озық ойлары мен терминжасам тәжірибесін қажетімізге жарата аламыз. Ол бастаған жолды жалғастырып, ғылым тілін дамытудағы ол қалыптастырған лингвистикалық дәстүрді сабақтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Сол себептен де Ахаң мұрасына аса мұқият қарап, оған әр қырынан үңіліп, жан-жақты зерделеу - қазақ тіл білімінің кешегі тарихы үшін ғана емес, оның алдағы уақыттағы дамуы үшін де қажет іс. Біз ғалымның қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруда ұстанған бағыты, қалыптастырған қағидаттары, айтқан ойлары мен терминжасам тәжірибесі төңірегінде ой өрбітпекшіміз. Қазақ тілінің терминологиялық қорының қалыптасуына негіз болған басты көз ұлт тілінің өз байлығы екендігі сөзсіз. Оның бастауларын әріден, түркі тілдерінен, төл тіліміздің тармақталып дербес даму тарихымен байланыста қараған жөн. Бұл терминология тарихын диахронды зерттеу барысында зерделенетін мәселелер. Ал бүгінгі қолданыстағы арнаулы лексикамызды құрайтын жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезеңде басылып тұрған «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» газеттерінің беттерінен кездестіруге болады. Ал нақты ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуы­мен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі аяқталған ғасырдың бірінші онжылдығынан басталады. Яғни бұл дегеніміз, қазіргі қазақтың ғылыми терминологиясының тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастауы да дәл осы кезеңмен байланысты деген сөз.

11. Қ. Кемеңгерұлының қазақ тарихы туралы көзқарастары

Қ. Кемеңгерұлы Омбыдағы Қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бірлікке» (1914- 1918) мүше болып кіреді [2] . «Бірлік» ұйымы өзінің алдына қазақ халқының мəдениетін, өнерін, əдебиетін көтеру арқылы оның ұлттық санасы мен сезімін оятуды мақсат етіп қойды. Осы мақсатқа жету үшін ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, оларды бастырып шығаруды, ауыл мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді, қаражатқа мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыруды қолға алды. 1917 жылдың 1-4 қазан аралығында ұйымның кеңейтілген жиналысы өтіп, онда ұйым мүшелері Алаш партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдіріп, халық арасында оның бағдарламасын насихаттауды өз мойнына жүктеді

Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр. Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді.

12. Т. Рысқұловтың тарихи еңбектері және оның маңызы

Тұрар Рысқұловтың 1920-1937 жылдар аралығында өте маңызды, ірі кітаптар мен қатар 200-дей мақаласы, баяндамалары, 100-ге тарта хаттары мен тезистері жарық көрді. Бұл еңбектері Тұрардың саяси күресі мен идеяларын ұғуда еліміздің тарихының ол тікелей араласқан ірілі ұсақта оқиғаларын бағалауда маңызы үлкен.

Оның Қазақстан тарихын жан жақты талдап көрсететін еңбектерінің біріне 1927 жылы жарық көрген «Қазақстан» кітабы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Тіл мәдениетінің сипаты
Тарихты оқыту әдістемесі
Қазақ хандығының шығу тарихы
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz